Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы


Оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар



бет9/24
Дата20.06.2018
өлшемі262,81 Kb.
#43403
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24
4. Оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар


      РҚАО-ның ескертпесі!

      57-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Үкіметінің 15.08.2017 № 485 қаулысымен (01.09.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).


      57. Жалпы орта білім беру деңгейіндегі білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі әр сыныпта аптасына 37 сағаттан аспайды.


      58. Білім алушылардың инвариантты және вариативті компоненттерден тұратын оқу жүктемесінің жалпы көлемі, сондай-ақ сыныптар бойынша апталық және жылдық оқу жүктемесі үлгілік оқу жоспарында белгіленеді.


      59. Апталық оқу жүктемесі үлгілік оқу жоспарымен (инвариантты және вариативті компоненттер) анықталған оқу жұмыстарының барлық түрлерін қамтиды. Арнайы (түзеу) білім беру ұйымдарының оқу жоспарларында даму бұзушылығын ескере отырып, міндетті түзету компоненті қарастырылған. Арнайы (түзеу) білім беру ұйымдарының оқу жоспарларындағы инвариантты, түзету және вариативті компоненттер ерекше оқытуды қажет ететін білім алушыларды ескерумен белгіленеді.


      60. Меншік нысандарына және ведомостволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарында оқу жылының басталу және аяқталу мерзімін Қазақстан Республикасының білім саласындағы уәкілетті органы анықтайды.


      РҚАО-ның ескертпесі!

      61-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Үкіметінің 15.08.2017 № 485 қаулысымен (01.09.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).



      61. Сыныпты екі топқа бөлу қалалық білім беру ұйымдарында сыныптарда білім алушылар 24-ке немесе одан артық, ауылдық жерлерде білім алушылар 20-ға немесе одан артық, шағын жинақты мектептерде кемінде 10-ға толған жағдайда:


      7) оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптарда "Қазақ тілі мен әдебиеті";


      8) оқыту орыс тілінде жүргізілмейтін сыныптарда "Орыс тілі мен әдебиеті";


      9) шет тілі;


      10) информатика;


      11) гендерлік қағидат бойынша дене шынықтыру (қалалық жерде – әрбір топта 8-ден кем емес ұлдар (немесе қыздар), ал ауылдық жерде – 5-тен кем емес ұлдар (немесе қыздар) болғанда) сабақтарын жүргізу кезінде жүзеге асырылады.

 

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 23 тамыздағы
№ 1080 қаулысымен
бекітілген

Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты


      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.05.2016 № 292 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1. Жалпы ережелер


      1. Осы техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – стандарт) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және техникалық және кәсіптік білім беруге қойылатын жалпы талаптарды белгілейді.


      Осы стандартты меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары, оның ішінде әскери, арнаулы оқу орындары (бұдан әрі – ӘАОО) және білім беру бағдарламаларын әзірлеушілер қолданады.


      2. Осы стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:


      1) базалық құзырет – өзін-өзі және жеке қызметін басқару қабілеттілігі, өзін-өзі ынталандыруға және өзін-өзі ұйымдастыруға бейімділігі;


      2) біліктілік – алынған мамандық бойынша қызметтің белгілі бір түрін құзыретті орындауға даярлық деңгейі;


      3) оқу жоспарының моделі – техникалық және кәсіптік білім беру мазмұнының негізгі инварианттық құрылымдық компоненттерін сипаттайтын оқу жоспарын ұсынудың нысаны;


      4) модуль – білім беру бағдарламасының тәуелсіз, өзіндік жеткілікті және толық бөлімі немесе оқыту кезеңі;


      5) модульдік оқыту – модульдік білім беру бағдарламаларын меңгеру негізінде оқу процесін ұйымдастыру тәсілі;


      6) оқытудың нормативтік мерзімі – нақты оқыту нысаны (күндізгі, кешкі, сырттай) бойынша білім беру бағдарламасын меңгеру мерзімі;


      7) кәсіптер мен мамандықтардың тізбесі – оқытудың неғұрлым жалпылама параметрлерін (мамандықтың бейіні, кәсіптік біліктілік деңгейі, базалық білім беруге байланысты оқыту мерзімі) айқындайтын кәсіптер мен мамандықтардың жүйеленген тізілімі;


      8) білім беру бағдарламасы – оқыту мақсаттарын, нәтижелерін және мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалаудың өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының бірыңғай кешені;


      9) кәсіптік құзырет – білім, іскерлік пен дағдылар, сондай-ақ кәсіптік қызметті тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жеке қасиеттер негізінде маманның кәсіптік міндеттер жиынтығын шешу қабілеттілігі;


      10) кәсіптік практика – болашақ кәсіптік қызметпен байланысты белгілі бір жұмыстың түрлерін орындау процесінде теориялық білімдерді, дағдыларды бекітуге, практикалық дағдылар мен құзыреттерді игеруге және дамытуға бағытталған оқу қызметінің түрі;


      11) оқу жұмыс жоспары – білім беру ұйымының басшысы бекітетін оқу пәндерінің (модульдерінің) тізбесі мен көлемін, бірізділігін, қарқындылығын және оқытуды ұйымдастырудың негізгі нысандарын, білім алушының білімі мен іскерлігін бақылауды және кәсіптік даярлығын бағалауды регламенттейтін үлгілік оқу жоспарының негізінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы әзірлейтін құжат;


      12) оқу жұмыс бағдарламасы – білім беру ұйымының басшысы бекітетін үлгілік оқу бағдарламасы негізінде оқу жұмыс жоспарының нақты пәні (модулі) үшін техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары әзірлейтін құжат, әскери, арнаулы оқу орындарында жұмыс оқу бағдарламасы силлабус деп аталады;


      13) үлгілік оқу жоспары – техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мамандықтар мен біліктіліктерге, оқыту мерзіміне қатысты оқу пәндерінің (модульдерінің) тізбесі мен көлемін белгілейтін, оқу жоспарының моделі негізінде әзірленетін құжат;


      14) үлгілік оқу бағдарламасы – үлгілік оқу жоспарының нақты пәні (модулі) бойынша меңгерілуге тиіс білім, іскерлік және дағдының мазмұны мен көлемін айқындайтын құжат;


      15) цикл – білім берудің бір бағытындағы оқу пәндерінің (модульдерінің) жиынтығы;


      16) кредиттік оқыту технологиясы – кредитті білім алушы мен оқытушының оқу жұмысының көлемін сәйкестендірілген өлшеу бірлігі ретінде пайдалана отырып, білім алушылардың пәндерді (модульдерді) таңдауы және өз бетінше жоспарлауы негізіндегі оқыту;


      17) дуальді оқыту – кәсіпорынның, оқу орнының және білім алушының жауапкершіліктері тең болған кезде білім беру ұйымындағы оқытуды кәсіпорында білім алушыларға жұмыс орындарын ұсына отырып және өтемақы төлемін төлей отырып оқыту мен практиканың міндетті кезеңдерімен ұштастыратын кадрлар даярлау нысаны;


      18) эксперименттік білім беру бағдарламалары – оқытудың жаңа технологияларын сынақтан өткізуге, білім берудің жаңа мазмұнын енгізуге бағытталған бағдарламалар;


      19) кәсіптік білім – білім алушылардың белгілі бір салада кәсіптік қызметті жүргізуіне және (немесе) нақты кәсіп немесе мамандық бойынша жұмысты орындауына мүмкіндік беретін білімді, іскерлікті, дағдыларды және құзыреттерді алуына бағытталған білім беру түрі;


      20) кәсіптік даярлау – техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын даярлау бойынша қысқартылған мерзіммен оқытатын білім беру бағдарламаларын іске асыруды көздейтін бөлігі;


      21) ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар (балалар) – денсаулығына байланысты білім алуда ұдайы немесе уақытша қиындық көріп жүрген, арнайы, жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын қажет ететін адамдар;


      22) инклюзивті білім беру – ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылардың білім алуына тең қол жеткізуін қамтамасыз ететін процесс;


      23) техникалық және кәсіптік білім беру – білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын даярлауға бағытталған білім беру;


      24) эксперименттік алаң – жаңа педагогикалық технологиялар мен білім берудің жаңа мазмұнын сынақтан өткізуге арналған эксперимент режимінде білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы;


      25) әскери тағылымдама – болашақ кәсіби қызметпен байланысты функционалдық міндеттерді орындау процесінде теориялық білімді, іскерлікті бекітуге, практикалық дағдылар мен құзыреттерді игеруге және дамытуға бағытталған әскери, арнаулы оқу орындарындағы оқу қызметінің түрі;


      26) біліктілік сипаттамасы – маманның жеке басына және кәсіби біліктілігіне қойылатын жалпылама талаптарды айқындайтын құжат. Бұл модель кәсіптік даярлықты талап ететін белгілі бір еңбекті орындау бойынша қызметкердің тұлғалық әлеуетінің моделі;


      27) базалық модуль – білім алушылардың өзін-өзі және өз қызметін басқаруға, өзін-өзі ынталандыру және өзін-өзі ұйымдастыру қабілеттілігін игеруге бағытталған білім беру бағдарламасының немесе оқу кезеңінің тәуелсіз, өзіне-өзі жеткілікті және толық тарауы;


      28) кәсіби модуль – білім алушылардың құзыреттілік негізінде кәсіби міндеттердің жиынтығын шешу қабілеттілігін игеруге бағытталған білім беру бағдарламасының немесе оқу кезеңінің тәуелсіз, өзіне-өзі жеткілікті және толық тарауы.


      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 15.08.2017 № 484 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).



      3. "Білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын талаптар" деген бөлімде техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларына, базалық, кәсіптік құзыреттерге және білім беру ұйымдарында білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын талаптар көрсетілген.


      4. "Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар" деген бөлімде техникалық және кәсіптік білімнің беру бағдарламаларының мақсаты, құндылығы, мазмұны, іске асырылуы мен құрылымы және оларды меңгерудің нормативтік мерзімдері айқындалған.


      5. "Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар" деген бөлімде кешкі және сырттай оқыту нысандары үшін апталық оқу жүктемесі, оқу жылының ұзақтығы, бақылау нысандары, міндетті оқу уақытының көлемі көрсетілген.


      6. Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау осы стандартқа, сондай-ақ:


      1) оқу-бағдарламалық құжаттамаларға – оқу жоспарының моделіне, үлгілік және оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларына, жеке оқу жоспарларына, сондай-ақ оқу процесін оқу-әдістемелік сүйемелдеу кешеніне;


      2) білім беру бағдарламаларына;


      3) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы уәкілетті органы бекіткен басқа да нормативтік құқықтық және құқықтық актілерге:


      4) ӘАОО ведомстволық бағынысты тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың басқа да нормативтік құқықтық және құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.

2. Білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын талаптар


      7. Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары мазмұнына және білім алушылар даярлығының біліктілік деңгейіне қарай Ұлттық біліктілік шеңберіне сәйкес мыналарды:


      1) өз бетінше жоспарлауды, міндеттерді айқындауды, технологиялық процесс учаскесі және алға қойылған міндеттерді орындауға жауапкершілік пен соңғы нәтижеге қол жеткізуді болжайтын кәсіпорын қызметінің стратегиясы шеңберінде бағынысты қызметкерлердің нормаларды іске асыруын ұйымдастыру мен бақылауды көздейтін атқарушылық, басқарушылық қызметті басшылықпен іске асыру жөніндегі құзыреттерді;


      2) белгіленген норманы орындау тәсілін өз бетінше айқындай білу, еңбек заттары мен құралдарын қолдану, қарапайым міндеттерді орындау жөнінде шешімдер қабылдау, оларды іске асыру үшін жағдайлар жасау, алған тапсырмаларды нақтылау іскерлігін;


      3) заттың өзгеру технологиялары, еңбекті жоспарлау және ұйымдастыру, тапсырманы өз бетінше орындау туралы, қарамағындағыларға міндеттер жүктеу, олардың қызмет нәтижелерін бағалау және талдау, кәсіптік қызметтің типтік жағдайларында қарамағындағы қызметкерлердің кәсіби шеберлігін арттыруын ынталандыру, кәсіби міндеттерді қою және оларды шешу тәсілдері, қағидаттары және әдістері, қарым-қатынастар этикасы мен психологиясы, ойлау және қызмет рефлексиясы, еңбекті уәждеу және ынталандыру тәсілдері, кәсіптік жағдайларды жүйелі талдау тәсілдері және жобалау әдіснамасы, басқарушылық шешімдер қабылдау тәсілдері туралы білімдерді меңгеруге бағытталуы тиіс.


      ӘАОО-да техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың талаптарын орындауға бағытталған.


      8. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын талаптар:


      1) нақты мамандық бойынша белгіленген үлгідегі құжатты (куәлікті) бере отырып кәсіптік біліктіліктің жоғары деңгейін (разряд, сынып, санат), біліктіліктің жоғары деңгейінің бағдарламасын толық аяқтаған кезде қорытынды аттестаттау нәтижелері бойынша мемлекеттік үлгідегі құжат беру;


      2) білім алушылар оқытудың даярлық деңгейін аяқтағаннан және қорытынды аттестаттаудан өткеннен кейін, әскери мамандықтар үшін ӘАОО-да оқуды аяқтағаннан және қорытынды аттестаттаудан өткеннен кейін орта буын маманының біліктілігін беру;


      3) білім алушылар жоғары колледжде оқуын аяқтаған және қорытынды аттестаттаудан өткен соң қолданбалы бакалавр біліктілігі деңгейін беру, әскери мамандықтар үшін АӘОО-ны білім алушылардың оқуын аяқтағаннан кейін және қорытынды аттестаттаудан өткен соң қолданбалы бакалавр біліктілігі деңгейін беру мүмкіндігін көздейді.


      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.08.2017 № 484 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).



      9. Үлгілік оқу жоспарлары оқу жоспарының моделіне сәйкес болуы қажет және мынадай:


      1) ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар қатарынан мамандар даярлау;


      2) әскери, медицина мамандықтары және мәдениет пен өнер мамандықтары (хореографиялық оқу орындарына қабылдау 4 (5) сыныптан бастап жүзеге асырылады) бойынша мамандар даярлау.


      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 15.08.2017 № 484 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).



      10. Білім беру ұйымдарының оқу жұмыс жоспарлары мен оқу бағдарламалары үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларынан мынадай:


      1) эксперименттік режимдегі жұмыс;


      2) кәсіптік білім беру базасында біліктілігі жоғары деңгейдегі орта буын мамандарын даярлау;


      3) ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар қатарынан мамандар даярлау;


      4) әскери мамандықтар бойынша мамандар даярлау;


      5) мамандарды өңірдің және оқу орнының ерекшелігін ескере отырып, жұмыс берушілердің қажеттіліктеріне сәйкес даярлау жағдайларында ерекшеленуі мүмкін.


      Оқу процесін жоспарлау кезінде техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарларын әзірлеушілер осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік білім беретін оқу жоспарының моделін басшылыққа алады.


      Оқу процесін оқытудың модульдік технологиясы бойынша жоспарлау кезінде техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарларын әзірлеушілер осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру оқу жоспарының моделін басшылыққа алады.


      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.08.2017 № 484 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


3. Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар


      11. Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларының мазмұны мыналарды:


      1) жалпы кәсіптік және арнайы пәндерді меңгеру үшін бейіндеуші болып табылатын жалпы білім беретін пәндер бойынша интеграцияланған курстарды зерделеуді, кәсіптік дағдыларды меңгеру бойынша өндірістік оқудан және кәсіптік практикадан өтуді;


      2) жалпы білім беретін, жалпы гуманитарлық, экономикалық, жалпы кәсіптік, арнайы пәндерді зерделеуді, кәсіптік дағдыларды игеру және бекіту бойынша өндірістік оқудан және кәсіптік практикадан өтуді;


      3) жоғары оқу орындарының 1-2-курстарының білім беру бағдарламаларымен интеграцияланған техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын зерделеуді көздейді;


      4) ӘАОО-да техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларының мазмұны жалпы гуманитарлық, жалпы кәсіптік, арнайы пәндерді оқуды және әскери тағылымдамадан өтуді көздейді.


      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 15.08.2017 № 484 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).



      12.Техникалық және кәсіптік білім берудің мақсаты:


      1) нақты біліктілік алуға және біліктілік деңгейін арттыруға қажетті құзыреттерді қалыптастыру;


      2) біліктілік деңгейлерінің төменнен жоғарыға қарай дамуының үздіксіздігі және сабақтастығы;


      3) білім алушылардың маманның біліктілік деңгейіне сәйкес келетін, жалпы оқу-тәрбие процесінің барысында қалыптастырылатын базалық құзыреттерді игеруі;


      4) білім алушылардың кәсіптік қызметтің негізгі түрлеріне сәйкес келетін кәсіптік құзыреттерді игеруі.


      13. Техникалық және кәсіптік білім берудің құндылықтары:


      1) кәсіби қызметтегі шығармашылыққа, басқарудағы бастамашылыққа қабілеттілік, кәсіптік білімді дамытуға және кәсіптік қызмет нәтижелері үшін жауапкершілікті қабылдау;


      2) кәсіптік ұтқырлықты, бәсекеге қабілеттілікті және қазіргі қоғамда әлеуметтік қорғалуды қамтамасыз ететін білім, іскерлік және дағдылар, қасиеттер мен қабілеттер;


      3) маманның кәсіптік қызметті өз бетінше орындауға, өз еңбегінің нәтижелерін бағалауға, қызметтің негізгі міндеттерін, сондай-ақ білімнің, іскерліктің, дағдылардың белгілі көлемін шешуге дайындығы.


      14. Білім беру бағдарламаларын әзірлеу мен іске асыру кезінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары:


      1) циклдер (модульдер) үшін оқу материалын меңгеруге бөлінетін оқу уақытының көлемін 50 %-ға дейін және міндетті оқытуға жалпы сағат санын сақтай отырып, әрбір пән (модуль) бойынша 50 %-ға дейін және өндірістік оқыту үшін 60 %-ға дейін (дуальды оқыту кезінде 80 %-ға дейін) өзгертуі. Әрбір модульдің пәндері қажет болған жағдайда басқа модульдерге біріктіріледі.


      2) оқытудың әртүрлі технологияларын, оқу процесін ұйымдастыру мен бақылау нысандарын, әдістерін таңдауы;


      3) жұмыс берушілердің сұраныстарына сәйкес оқу бағдарламаларының мазмұнын әр пән, өндірістік оқыту және кәсіптік практика, оның ішінде модульдерге біріктірілген (енгізілген) пәндер бойынша 50%-ға дейін (дуальды оқыту жағдайында 80 %-ға) және кәсіби модуль бойынша 60%-ға дейін (дуальды оқыту жағдайында 80 %-ға дейін) өзгерту. Міндетті оқытуға арналған жалпы сағат санын сақтай отырып, жұмыс берушілердің талаптары бойынша қосымша пәндер (кәсіби модульдер) енгізу. Әрбір модульдің пәндері және жеке пәндер қажет болған жағдайда басқа модульдерге біріктіріледі.


      4) білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау жүргізу және білім алушыларды аралық аттестаттау нысанын, тәртібін және кезеңділігін таңдауы мүмкін.


      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 15.08.2017 № 484 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).



      15. Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары міндетті пәндермен (модульдермен) қатар, білім беру ұйымдары айқындайтын пәндерді (модульдерді), факультативтік сабақтар мен консультацияларды қамтиды.


      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.08.2017 № 484 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).



      16. Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыруды базалық жоғары, техникалық және кәсіптік білімі бар, оқытылатын пән бейініне сәйкес келетін әрі педагогикалық және әдістемелік қызметпен жүйелі түрде айналысатын инженерлік-педагогикалық кадрлар, сондай-ақ қажет болған жағдайда базалық жоғары немесе техникалық, кәсіптік білімі бар, оқытылатын пән бейініне сай келетін өндірістен келген білікті мамандар қамтамасыз етеді.


      17. Кәсіптік даярлыққа бағытталған білім беру бағдарламалары:


      1) жалпы кәсіптік және арнайы пәндерді оқытуды;



      2) жалпы кәсіптік және арнайы пәндер бойынша зертханалық-практикалық сабақтарды орындауды;



      3) өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканы өтуді;



      4) курстық және дипломдық жобалауды (жұмысты) орындауды;



      5) ӘАОО-да әскери тағылымдамадан өтуді;



      6) модульдік оқыту технологиясы кезінде модульдерге біріктірілген жалпы гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық, жалпы кәсіптік және кәсіптік модульдердің арнайы пәндерін меңгеру, модульдерге біріктірілген жалпы гуманитарлық, жалпы кәсіптік және арнайы пәндер бойынша зертханалық-практикалық сабақтарды орындауды қамтиды.



      Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы оқу процесі теориялық сабақтарды және оқу-өндірістік шеберханаларда, оқу шаруашылықтары мен оқу полигондарында өндірістік оқыту шеберінің жетекшілігімен орындалатын, сондай-ақ тікелей өндірістегі және тиісті бейіндегі ұйымдардағы өндірістік оқытуды қамтиды.



      Оқу практикасы оқу-өндірістік шеберханаларда, зертханаларда, оқу шаруашылықтарында, оқу полигондарында және өндірісте өндірістік оқыту шеберінің, арнайы пән оқытушысының, өндірістен келген білікті маманның жетекшілігімен жүзеге асырылады.



      Кәсіптік практика тиісті ұйымдарда, шарт негізінде жұмыс берушілер ұсынатын жұмыс орындарында өткізіледі және кәсіптік құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған.



      ӘАОО-да кәсіптік практика жауынгерлік даярлықты айқындайтын пәндер бойынша практикалық және әдістемелік сабақтарды қамтиды. Сабақтарды сыныптарда, зертханаларда, оқу-жаттығуда өткізу жоспарланады, далалық жорықтар кезінде теориялық оқу процесінде алынған білімдерді бекітуге бағытталған. Аталған сабақтар берілетін біліктілікке сәйкес практикалық дағдылар мен кәсіби құзыреттерді игеруге бағытталған. Практикалық сабақтардың мерзімдері мен мазмұны жұмыс оқу жоспарларында, оқу процесінің жұмыс кестесінде және жұмыс оқу бағдарламаларында айқындалады.



      Кәсіптік практиканың мерзімдері мен мазмұны оқу жұмыс жоспарлары мен оқу жұмыс бағдарламаларында айқындалады.



      Практикалық даярлық – (зертханалық-практикалық сабақтар, өндірістік оқыту, кәсіптік практика, курстық және дипломдық жобалау) модуль (біліктілік) бойынша оқу уақыты көлемінің кемінде 40 %-ын құрауы тиіс.



      ӘАОО-да кәсіби практикаға, әскери тағылымдамаға, жалпы гуманитарлық, жалпы кәсіптік, әлеуметтік пәндерді оқуға бөлінетін уақыт санын тиісті уәкілетті орган айқындайды.



      Дуальді оқыту пайдаланылатын техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары білім беру ұйымдарындағы теориялық оқытуды және кемінде алпыс пайыз (60%) кәсіпорын базасында өндірістік оқытуды, практиканы көздейді. Оқытудың модульді технологиясы кезінде дуальді оқыту білікті жұмысшы және/немесе орта буын маманын даярлауда қолданылады.



      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.08.2017 № 484 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).



      18. Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыру оқу әдебиеттері мен оқу-әдістемелік құралдардың кітапханалық қорының, оның ішінде: электрондық оқу құралдарының, аудио және бейне материалдардың, әдістемелік көрнекі құралдардың және пәндер, оның ішінде модульдерге біріктірілген пәндер, кәсіптік практикалар, жазбаша-біліктілік жұмыстары, дипломдық жобалар бойынша ұсынымдардың болуымен қамтамасыз етіледі.


      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.08.2017 № 484 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).



      19. Оқу процесін материалдық-техникалық және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген нормативтік талаптарға, ӘАОО-да ӘАОО ведомстволық бағынысты тиісті уәкілетті орган белгілеген нормативтік талаптарға сәйкес болуы тиіс.


      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.08.2017 № 484 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).



      20. Білім беру бағдарламаларының тәрбиелік компоненттері білім алушылардың бойында ұлттық құндылықтарды дарытуға, патриотизм мен азаматтылықты қалыптастыруға, жан-жақты қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытуға бағытталған.


      21. Техникалық және кәсіптік білім беру деңгейінде оқыту мазмұны мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары негізінде әзірленетін білім беру бағдарламаларымен айқындалады.


      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.08.2017 № 484 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).



      22. Мамандықтар бойынша үлгілік оқу жоспарында көрсетілетін техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын меңгерудің нормативтік мерзімі күтілетін белгіленген біліктілік деңгейінің күрделілігіне және білім алушылардың базалық білім деңгейіне қарай белгіленеді және күндізгі оқу нысаны кезінде:


      1) негізгі орта білім базасында – жалпы орта білім алмай 1 жыл 10 ай оқу мерзімін;


      2) негізгі орта білім базасында – жалпы орта білім алумен 1 жыл 10 ай, 2 жыл 6 ай, 2 жыл 10 ай, 3 жыл 6 ай, 3 жыл 10 ай оқу мерзімін;


      3) жалпы орта білім базасында – 10 ай, 1 жыл 6 ай, 1 жыл 10 ай, 2 жыл 6 ай, 2 жыл 10 ай оқу мерзімін;


      4) техникалық және кәсіптік білім базасында – 10 ай, 1 жыл 6 ай, 1 жыл 10 ай оқу мерзімін;


      5) орта білімнен кейінгі білім, жоғары білім базасында – 10 ай, 1 жыл 6 ай оқу мерзімін;


      6) ӘАОО үшін жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім базасында берілетін біліктіліктің күрделілігіне байланысты 10 айды, 1 жыл 6 айды, 1 жыл 10 ай оқу мерзімін құрайды.


      7) модульдік оқыту технологиясы кезінде негізгі орта білім базасында жалпы орта білім алусыз – 10 айды;


      8) негізгі орта білім базасында модульдік оқыту технологиясы кезінде жалпы орта білім алумен, жоғары деңгейдегі біліктілікті берумен – 1 жыл 10 ай (бір біліктілік);


      9) негізгі орта білім базасында модульдік оқыту технологиясы кезінде жалпы орта білім алумен, орта буын маманы біліктілігін және жоғары деңгейдегі біліктілікті берумен – 2 жыл 10 ай, 3 жыл 10 ай (4 біліктілікке дейін);


      10) жалпы орта білім базасында модульдік оқыту технологиясы кезінде жоғары деңгейдегі біліктілікті берумен – 10 ай (бір біліктілік);


      11) жалпы орта білім базасында модульдік оқыту технологиясы кезінде орта буын маманы біліктілігін және жоғары деңгейдегі біліктілікті берумен – 1 жыл 10 ай (екі біліктілікке дейін), 2 жыл 10 ай (төрт біліктілікке дейін);


      12) орта білімнен кейінгі білім, жоғары білім базасында модульдік оқыту технологиясы кезінде, тиісті мамандық бойынша – 10 ай;


      13) мамандығы сәйкес келмейтін орта білімнен кейінгі білім, жоғары білім базасында модульдік оқыту технологиясы кезінде мерзімдер жалпы орта білім базасындағы мерзімдерге сәйкес белгіленеді;


      14) техникалық және кәсіптік білім базасында модульдік оқыту технологиясы кезінде, тиісті мамандық бойынша – 10 ай;


      15) мамандықтардың ерекшеліктеріне байланысты мынадай жекелеген мамандықтар үшін өзге оқу мерзімі айқындалуы мүмкін: өнер, геология, су көлігін пайдалану, медицина, әскери мамандықтар.


      Ескерту. 22-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 15.08.2017 № 484 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).



      23. Кешкі және сырттай оқыту нысандары үшін міндетті оқу сабақтарының оқу уақытының көлемі тиісінше 70 %-ды және күндізгі оқыту нысаны үшін көзделген оқу сағатының тиісті көлемінің 30 %-ын құрайды.


Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет