Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру


Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар



бет3/22
Дата25.12.2016
өлшемі4,7 Mb.
#5018
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
3. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар

 

35. 1-сыныптағы оқу жылының ұзақтығы 33 оқу аптасын, 2-11 сыныптарда 34 оқу аптасын құрайды.

36. Білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі сыныптағы және сыныптан тыс (факультативті, жеке және үйірме сабақтары) оқу жұмыстарының барлық түрлерін қоса алғанда, 1-сыныпта - 24 сағаттан, 2-сыныпта - 25 сағаттан, 3-сыныпта - 29 сағаттан, 4-сыныпта - 29 сағаттан, 5-сыныпта - 32 сағаттан, 6-сыныпта - 33 сағаттан, 7-сыныпта - 34 сағаттан, 8-сыныпта - 36 сағаттан, 9-сыныпта - 38 сағаттан, 10-сыныпта - 39 сағаттан, 11-сыныпта - 39 сағаттан аспауы тиіс.

37. Оқу жылында 1-11 сыныптардағы каникул күндері кемінде 30 күнді құрайды. Оқу жылы ішінде 3 рет каникул беріледі: күзде, қыста және көктемде. 1-сынып оқушылары үшін үшінші тоқсанда 1 апта қосымша демалыс беріледі. Каникулдың нақты мерзімін Қазақстан Республикасы білім саласының уәкілетті органы белгілейді.

38. Үлгілік және оқу жұмыс жоспарларында пәнді меңгеруге бөлінетін оқу уақыты тиісті міндетті және вариативтік оқу бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнын әзірлеу кезінде ескеріледі.

39. Инварианттық және вариативтік компоненттерді құрайтын пәндер бойынша білім алушылардың оқу жүктемелерінің жалпы көлемі ҮОЖ-да белгіленеді.

40. Білім алушылардың пәндер бойынша міндетті оқу жүктемесінің көлемі оқытудың бағыты ескеріліп, ҮОЖ-да белгіленеді.

41. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі олардың қажеттіліктері ескеріліп, жалпы білім беретін ұйымдардың оқу жұмыс жоспарында белгіленеді.

  

4. Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

 

42. Білім алушылардың дайындық деңгейі үш аспект бойынша бағаланады:

1) тұлғалық нәтижелер;

2) жүйелік-әрекеттік нәтижелер;

3) пәндік нәтижелер.

43. Тұлғалық нәтижелер:

1) Қазақстан Республикасы Конституциясына, тәртіп сақтау ережелері мен заңдарына құрмет көрсетуінен;



2) белсенді азаматтық ұстанымын, жоғары патриоттық сезімін көрсете білуінен, өз Отанына қызмет етуге және оның мүддесін қорғауға дайын болуынан;

3) мемлекеттік тілді және өз ана тілін білуінен, қазақ халқының және Қазақстан аумағында өмір сүріп жатқан басқа да ұлыстардың тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне және басқа құндылықтарына құрметпен қарауынан;

4) өз елінің, туған өлкесінің табиғатын сақтауға және көркейтуге ұмтылуынан, қоршаған ортаны қорғауда белсенділік танытуынан;

5) салауатты өмір салтын ұстануынан, өз қауіпсіздігі мен айналасындағы адамдардың қауіпсіздігін сақтауға үйренуінен;

6) адамдармен қарым-қатынаста жоғары мәдениеттілік танытуынан, этикалық нормаларды сақтай білуінен;

7) өздігінен білім алуға, өмірден өз орнын табуға және жасампаз еңбекке ынта-ықыласы мен қабілеттілігінен;

8) үлкендерге құрметпен, кішілерге қамқорлықпен қарап, айналасына мейірімді, кішіпейілді бола білуінен;

9) әлеуметтік ортаның ерекшеліктерін дұрыс бағалай алуынан, қоғамға жат құбылыстарға, идеологиялық, діни ағымдарға және заңды бұзушылық әрекетке қарсы тұра білуінен көрініс табады.

44. Тұлғалық нәтижелер білім алушының тәрбиелілігі, әлеуметтенуі, рухани-адамгершілік, шығармашылық және дене дамуы деңгейінің психологиялық-педагогикалық мониторингісі түрінде бағаланып, оның портфолиосына жинақталады.

45. Жүйелік-әрекеттік нәтижелер:

1) адамзат қоғамының өркендеуі үшін ғылыми жетістіктерді пайдалану аясы мен ғылым негіздері бойынша жүйелі білімін меңгеруінен;

2) ғылыми ақпаратты талдай, өңдей, жинақтай және қолдана білуінен;

3) таным, жобалау, құрастыру, зерттеу және шығармашылықпен қолдану әдістерін меңгеруінен;

4) заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеруінен;

5) жоғары деңгейдегі коммуникативтік қабілеттілігі мен көптілді мәдениеттілігінен көрініс табады.

46. Жүйелік-әрекеттік нәтижелер білім алушының пәндік олимпиадалар, таңдау курстары, шығармашылық оқу жобалары, сондай-ақ зерттеу жұмыстарының басқа да түрлері бойынша қол жеткізген жетістіктерімен анықталады, оның портфолиосына жинақталады.

47. Пәндік нәтижелер білім алушылардың білімнің базалық мазмұнын меңгеруі барысында білімдік және іс-әрекеттік дайындығынан көрінеді.

48. Пәндік нәтижелер 1-4 сыныптарда базалық деңгейде, кейінгі сыныптарда үш деңгейде: базалық (міндетті) деңгейде, жетік мүмкіндік деңгейінде (5-11 сыныптарда - белгілі бір пәнді таңдау кезінде 1 сағат көлемінде вариативтік компонентті игеру үшін) және жетік бейіналды деңгейде 8-9 сыныптарда/жетік бейіндік деңгейде 10-11 сыныптарда (жалпы орта білім беретін ұйымдардың таңдауы бойынша пәндерді тереңдетіп оқытуға арналған үлгілік оқу жоспарларының нұсқаларын игеру үшін) белгіленеді.

49. Білім алушылардың оқу пәндерін игеруінің базалық деңгейі білімнің міндетті төменгі шекті көлемі мен олардың шеберлігі мен дағдыларын қамтиды.

50. Оқу пәндерін меңгертудің жетік (жетік мүмкіндік және жетік бейіналды/жетік бейіндік) деңгейлері білім алушылардың білімінің кеңейтілген және тереңдетілген көлемін, олардың шеберлігі мен дағдыларын қамтиды. Оқу пәндерін меңгертудің мүмкін деңгейі 5-11 сыныптар үшін вариативтік оқу бағдарламасы негізінде жалпы білім беретін ұйымдардың таңдауы бойынша жүзеге асырылады. Оқу пәндерін меңгертудің жетік бейіналды (8-9 сыныптар) және бейіндік (10-11 сыныптар) деңгейлері тереңдетіп оқытуға арналған үлгілік оқу бағдарламалары негізінде жүзеге асырылады.

51. Орта білім берудің барлық деңгейлерінде білім алушылардың базалық (міндетті) деңгейді меңгеруін және оқу жүктемесінің көлемін білім саласындағы уәкілетті орган бақылайды.

52. Жалпы орта білім беретін ұйым ұсынатын білім мазмұнын (тереңдетілген, кеңейтілген) меңгеруін жергілікті білім беру органдары бақылайды.

53. Орта білім мазмұнын меңгерудің пәндік нәтижелері бес балдық бағалау жүйесімен бағаланады.

54. Бақылау нысандары ауызша, жазбаша және шығармашылық емтихандар, тест тапсырмаларының ашық және жабық нысандары, бақылау жұмыстары, ауызша сұрақ-жауап, әңгімелесу түрінде болуы мүмкін.

 

5. Білім беру процесін ұйымдастыру жағдайларына қойылатын талаптар

 

55. Жалпы орта білім беретін ұйымдарды қаржылық қамтамасыз ету:

1) жалпыға қолжетімді кепілді ақысыз орта білім беру үшін;

2) жалпы орта білім беретін ұйымдарда қажетті материалдық-техникалық база құру үшін;

3) білім алушылардың өмірінің қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етуге жағдай жасау үшін жеткілікті болуы тиіс.

56. Білім алушылардың денсаулығын нығайту және олардың қозғалыс белсенділігін жетілдіру мақсатында сыныптан тыс жұмыс нысанындағы спорт секцияларының сабақтарын ұйымдастыруды жергілікті атқарушы органдар қамтамасыз етеді.

57. Мемлекеттік білім беру ұйымдарында қызмет ететін қызметкерлерге еңбекақы «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 52-бабында белгіленген тәртіп бойынша төленеді.



58. Денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы жалпы орта білім беретін ұйымда оқи алмайтын оқушылар үшін үйінде немесе емделу орындарында ақысыз жеке оқыту қамтамасыз етіледі.

59. Даму мүмкіндігі шектеулі білім алушылардың білім алуы, даму бұзушылықтарының түзетілуі және әлеуметтік бейімделуі үшін жағдай жасалады.

60. Жалпы орта білім беретін ұйымдар санитарлық-гигиеналық ережелер мен нормаларға сай келетін материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етілуі тиіс.

61. Жалпы орта білім беретін ұйымдардың материалдық-техникалық базасына:

1) сабақ өткізуге, сыныптан тыс іс-шараларға, демалуға, тамақтануға, медициналық қызмет көрсетуге, спортпен шұғылдануға, мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастыруға және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға қауіпсіз және жайлы жағдайды қамтамасыз ететін және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай келетін тиісті инфрақұрылымы бар ғимарат;

2) заманауи құралдармен жабдықталған (байланыс және коммуникация құралдары, желілік өзара байланыс, кеңжолақты интернет, мультимедиялық кабинеттер, интерактивті тақта, аудио-бейне техникалар, цехтар, шеберханалар) оқыту пән кабинеттері;

3) оқу бөлмелеріндегі қажетті жарық және жылу жабдықтары, киім шешетін орындар, санитарлық-гигиеналық талаптарға сай жасалған тазалық бөлмелері;

4) мүмкіндіктері шектеулі білім алушылар үшін ғимарат ішінде арнайы жасақталған жағдайлар;

5) мектеп-интернат жағдайында білім алушылардың тұруы, тамақтануы және демалуы үшін салынған ғимарат, мектеп жанындағы телім енеді.

62. Жергілікті атқарушы органдар және жалпы білім беретін ұйымдар білім алушылардың өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау үшін:

1) салауатты өмір салтын насихаттау;

2) әлеуметтік және психологиялық қызметті күшейту;

3) ғимаратты күзетуді қамтамасыз ету;

4) жергілікті тұрғындар мен ата-аналар қауымдастығы арасында тығыз байланыс орнату;

5) білім алушылардың бейресми ортасын зерделеу;

6) алдын алу іс-шараларын (әлеуметтік сұрақ-жауап, психологиялық қолдау, құқық қорғау және медицина мекемелері қызметкерлерімен кездесулер) өткізу;

7) профилактикалық медициналық тексеруді уақытылы ұйымдастыру;

8) техника қауіпсіздігін, өрттің алдын алу ережелерін сақтау;

9) үй-жайларындағы жарық пен әуелік жылу режимін сақтау;

10) компьютерлік техникамен жұмыс істеу тәртібін сақтау;

11) жолда жүру қауіпсіздігі ережелерін сақтауды насихаттау;

12) балаларды тасымалдауда техника қауіпсіздігін сақтау жолдары арқылы жағдай жасайды.

63. Жалпы орта білім беретін, оның ішінде жеке меншік ұйымдарда білім беру процесі ҮОЖ негізінде дайындалатын оқу жұмыс жоспары аясында жүзеге асырылады және білім саласындағы жергілікті атқарушы органдармен келісіліп, жалпы орта білім беретін ұйымдардың өзінде бекітіледі.

64. Жалпы орта білім беретін республикалық мамандандырылған мектеп-интернаттардың білім беру процесі ҮОЖ негізінде дайындалатын оқу жұмыс жоспары шеңберінде жүзеге асырылады және Қазақстан Республикасының білім саласындағы уәкілетті органымен бекітіледі.

65. Қалалық жалпы орта білім беретін ұйымдарда сынып толымдылығы 24-ке жеткенде немесе одан асқанда, ауылдық жерлерде - 20-ға жеткен кезде немесе одан асқанда шағын жинақты мектептерде - білім алушылар 10-нан кем болмаған жағдайда:

1) оқыту қазақ тілді емес 1-11 сыныптардағы қазақ тілі;

2) оқыту қазақ тілді емес 5-11 сыныптардағы қазақ әдебиеті;

3) оқыту қазақ, ұйғыр, тәжік және өзбек тілдерінде жүретін 3-11 сыныптардағы орыс тілі;

4) 1-11 сыныптардағы шетел тілі;

5) 5-11 сыныптардағы информатика;

6) бейінді пәндер;

7) 5-11 сыныптардағы технология (сынып толымдылығына қарамастан ұл және қыз балалар топтары);

8) 5-11 сыныптардағы дене шынықтыру сабақтарын өткізуде сыныпты екі топқа бөліп оқыту жүзеге асырылады.

66. Сыныпта мүмкіндігі шектеулі балалар болған жағдайда сыныпты топтарға бөлу осындай әр балаға барлық оқушының санын үшке кеміту есебінен жүзеге асырылады.

67. Үлгілік оқу жоспарының оқушы компонентіндегі оқу жүктемесі көлемінде қоғамдық пайдалы еңбекті ұйымдастыру, еңбек тәжірибесін өткізу қамқоршылық кеңестің немесе ата-аналар комитетінің қатысуымен жүзеге асырылады.

 

 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080

қаулысымен бекітілген



  

Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі - стандарт) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді, техникалық және кәсіптік білім беруге қойылатын жалпы талаптарды белгілейді.

Осы стандартты меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, техникалық және кәсіптік білім берудің бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары және білім беру бағдарламаларын әзірлеушілер қолданады.

2. Осы стандартта мынадай терминдер мен олардың анықтамалары пайдаланылады:

1) базалық құзырет - өзін-өзі және жеке қызметін басқару қабілеті, өзін-өзі жігерлендіру және өзіндік ұйымдастыруға бейімділігі;

2) біліктілік - алынған кәсіп пен мамандық бойынша қызметтің белгілі бір түрін құзыретті орындау дайындығының деңгейі;

3) құзырет - білім, шеберлік, дағды, кәсіптік тәжірибенің бірлігі негізінде маманның әрекет ету және белгілі бір кәсіптік міндеттер жиынтығын шешу қабілеттілігі;

4) оқу жоспарының моделі - техникалық және кәсіптік білім беру мазмұнының негізгі инварианттық құрылымдық компоненттерін сипаттайтын оқу жоспарын ұсынудың нысаны;

5) модуль - білім беру бағдарламасының тәуелсіз, өзіндік жеткілікті және толық бөлімі немесе оқыту кезеңі;

6) модульдік оқыту - нақты кәсіптік құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған жекелеген өзара байланысты блоктар түріндегі материалдарды оқытуды құрылымдап, болжайтын оқыту жүйесі;

7) оқытудың нормативтік мерзімі - нақты оқыту нысаны (күндізгі, кешкі, сырттай) бойынша кәсіптік оқу бағдарламасын меңгеру мерзімі;

8) кәсіптер мен мамандықтардың тізбесі - оқытудың неғұрлым жалпы параметрлерін айқындайтын кәсіптер мен мамандықтардың жүйеленген тізілімі (мамандықтың бейіні, кәсіптік біліктілік деңгейі, базалық білім беруге байланысты оқыту мерзімі);

9) білім беру бағдарламасы - пәндер тізімі, оқу жұмысының түрлері арқылы білім беру жүйесінің белгілі бір сатысының білім беру мазмұнын және мақсатын, оларды меңгеру үшін оқу уақытының көлемін айқындайтын құжат;

10) кәсіптік құзіреттілік - білім, шеберлік пен дағды, сондай-ақ кәсіптік қызметті тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жеке қасиеттер негізінде маманның кәсіптік міндеттер жиынтығын шешу қабілеттілігі;

11) кәсіптік практика - кәсіптік білім берудің оқу процесінің ажырамайтын бөлігі және білікті техникалық және қызмет көрсету еңбегі жұмыскерлерін еңбек қызметіне кәсіптік даярлаудың тиімді нысаны;

12) оқу жұмыс жоспары - білім беру ұйымдарының басшылары бекітетін, оқу пәндерінің тізбесі мен көлемін, бірізділігін, қарқындылығын және оқытуды ұйымдастырудың негізгі нысандарын, білім алушының білімі мен шеберлігін бақылауды және кәсіптік даярлығын бағалауды регламенттейтін, үлгілік оқу жоспарының негізінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы әзірлейтін құжат;

13) оқу жұмыс бағдарламасы - білім беру ұйымдарының басшыларымен бекітілетін үлгілік оқу бағдарламасы негізінде оқу жұмыс жоспарының нақты пәні үшін техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары әзірлейтін құжат;

14) үлгілік оқу жоспары - техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында кәсіп пен мамандыққа оқыту мерзіміне қатысты оқу пәндерінің тізбесі мен көлемін белгілейтін, оқу жоспарының моделі негізінде әзірленетін құжат;

15) үлгілік оқу бағдарламасы - үлгілік оқу жоспарының нақты бір пән бойынша меңгерілуге тиіс білім, шеберлік пен дағдының мазмұны мен көлемін айқындайтын құжат;

16) цикл - білім берудің бір бағытындағы оқу пәндерінің жиынтығы.

3. Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау осы стандартқа, сондай-ақ:

1) оқу-бағдарламалық құжаттамаға - оқу жоспарының моделіне, үлгілік және оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларына, жеке оқу жоспарларына;

2) білім беру бағдарламаларына;

3) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы уәкілетті органдары бекіткен нормативтік құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.

  

2. Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар

 

4. Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларының мазмұны:

1) жалпы білім беретін пәндер бойынша интеграцияланған курстарды зерделеуді;

2) жалпы гуманитарлық, экономикалық, жалпы кәсіптік, арнайы пәндерді зерделеуді;

3) жоғары оқу орындарының 1-2 курстарының білім беру бағдарламаларымен қоса техникалық және кәсіптік білім берудің интеграцияланған білім беру бағдарламаларын зерделеуді көздейді.

5. Білім беру бағдарламаларын әзірлеу мен іске асыруда техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары:

1) кәсіптік оқу бағдарламасын меңгеруге бөлінген оқу уақытының жиынтық көлемін сақтаған кезде циклдар мен пәндер үшін оқу уақыты көлемін 25% дейін өзгертуге;

2) оқыту процесінің әртүрлі технологияларын, оқу процесін ұйымдастыру мен бақылаудың нысандарын, әдістерін таңдауға құқылы.

6. Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары міндетті пәндермен қатар, білім беру ұйымы айқындайтын пәндерді, факультативтік сабақтар мен консультацияларды қамтиды.

Консультациялар мен факультативтік сабақтар білім алушылардың жеке қабілеттері мен сұраныстарын қамтамасыз етуге бағытталған.

7. Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыру базалық жоғары, техникалық және кәсіптік білімі бар, оқытылатын пән бейініне сәйкес және педагогикалық және әдістемелік қызметпен жүйелі түрде айналысатын инженерлік-педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етіледі.

8. Өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканы ұйымдастыру:

1) кәсіптік дағдыларды игеру бойынша оқу-өндірістік жұмысты (оқу практикасы мен өндірістік оқыту);

2) кәсіптік дағдыларды (жұмысшы мамандығын алуға, өндірісте оқытуға арналған) игеру және бекіту бойынша оқу-өндірістік жұмысты;

3) кәсіптік практиканы (технологиялық, дипломалды) қамтиды.

Практиканың әрбір түрінің ұзақтығы маманның біліктілігіне байланысты маманның біліктілік сипаттамасына қойылатын талаптарға сәйкес анықталады.

Өндірістік оқыту оқу-өндірістік шеберханаларда, оқу шаруашылықтарында және оқу полигондарында өндірістік оқыту шеберінің басшылығымен жүзеге асырылады.

Кәсіптік практиканың мерзімі және мазмұны оқу жұмыс бағдарламаларымен және оқу жұмыс жоспарларымен айқындалады.

Практикадан өту кезінде білім алушыға разряд, санат беріле отырып, жұмысшы біліктілігінің бір немесе бірнеше жақын мамандықтарды меңгеру көзделеді.

Кәсіптік даярлық (жалпы кәсіптік және арнайы пәндер бойынша зертханалық-практикалық сабақтар, курстық және дипломдық жобалау, өндірістік оқыту, кәсіптік практика).

Кәсіптік практика міндетті оқытудың жалпы оқу уақыты көлемінің кемінде 40%-ын құрауы тиіс.

Кәсіптік практика тиісті ұйымдарда шарт негізінде жұмыс берушілермен берілетін жұмыс орындарында өткізіледі және оқыту процесінде алынған білімді бекітуге, практикалық дағдылар мен кәсіптік құзыреттерді меңгеруге бағытталған.

9. Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыруда оқу әдебиеттері мен оқу-әдістемелік құралдардың кітапханалық қорының, оның ішінде: электрондық оқу құралдары, аудио және бейне материалдар, әдістемелік көрнекі құралдар және пәндер, кәсіптік практикалар, жазбаша-біліктілік жұмыстары, дипломдық жобалар бойынша ұсынымдардың болуымен қамтамасыз етіледі.

10. Оқыту процесін материалдық-техникалық, оқу-әдістемелік қамтамасыз ету білім беру саласындағы уәкілетті органмен белгіленген нормативтік талаптарға сәйкес болуы тиіс.

11. Білім беру бағдарламаларының тәрбиелік компоненттері білім алушылардың бойында ұлттық құндылықтарды дарытуға, патриоттық пен азаматтылықты қалыптастыруға, жан-жақты қызығушылығы мен қабілеттерін дамытуға бағытталған.

12. Оқыту процесін жоспарлау кезінде техникалық және кәсіптік білім беруді әзірлеушілер осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік білім берудің оқу жоспарының моделін басшылыққа алады.



  


Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет