Білім және ғылым министрлігі алматы энергетика және байланыс институты Г. Х. Хожин электр станциялардың жабдықтарын пайдалану, монтаждау және реттеу оқу қҧралы Алматы 2005


Электр монтаждық жұмыстарды ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет7/15
Дата07.02.2022
өлшемі0,69 Mb.
#92155
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Байланысты:
3 ХОЖИН ОҚУ ҚҰРАЛЫ монтаждау
1523 lesson19, лекция 1-15, лекция 1-15
1.3

Электр монтаждық жұмыстарды ұйымдастыру
Электр ӛткізгіштердің монтажын, ӛзге электр монтаждық жҧмыстардың 
тҥрлері тәрізді екі сатыда орындайды. Бірінші сатыда электр монтаждық 
дайындаулар шеберханасындағы дайындау және міндетті тҥрде монтаждық 
обьектілердегі дайындық жҧмыстары іске асырылады. Шеберханаларда 
(зонадан тыс және монтаждалушы обьектінің қҧрылысқа дайындығынан 
тәуелсіз) – шиналық, трубалық, жерге қосқыш қҧрылғысын, электр ӛткізгіштер, 
кабельдік желілер және т.с.с., ірілендірілген блоктарды дайындайды және 
жинайды. Тікелей монтаждау алаңында, қҧрылыс жҧмыстарының белгілі 
дайындығында, келесі жҧмыстарды атқарады: электр тораптарының және жерге 
қосқыш қҧрылғыларының жолдарының белгіленуін және дайындығын; бір 
мекемеден екіншісіне ӛту және сытқа шығу орындарында қҧбырларды ірге 
тасқа 
орналастыру 
және 
басқа 
да 
қҧрылыс 
негіздерін 
жҥргізу; 
қҧрылысшылардың қондырғыларды бақылап тҧруын ҧйымдастырады; қҧрылыс 
ҥрдісінде электр жабдықтарды орнату және электр ӛткізгіштерді монтаждау 


ҥшін қажетті ойықтардың, кішкене тетіктердің, ҧяшықтардың, бороздалардың 
жасалынуын қадағалауды іске асырады. 
Екінші сатысында монтаждық обьектінің ӛзіндегі монтаждау жҧмыстарын 
орындайды. Бҧл жҧмыстарға дайындалған орындарға электр жабдықтарды және 
электр қҧрылыстарды орнату, дайындалған жолдарға электр ӛткізгіштің дайын 
элементтерін орналастыру, электр тораптарын электр жабдықтарға орнатылған 
аппараттар мен қҧралдарға қосу енеді. 
 Электр жабдықтарды монтаждауға қабылдайтын мекемедегі құрылыс 
жұмыстары:
электр монтаждық жҧмыстарды, монтаждалушы қҧрылғыларды, 
кабельдік бҧйымдарды және электрлік материалдардың атмосфералық жауын-
шашыннан, тау сулары мен тӛмен температуралардан және шектес ҧйымдармен 
жҧмысты әрі қарай жалғастыру барысындағы кездейсоқ зақымданулар мен 
ластанулардан қорғауы, қалыпты және қалыпсыз жҥргізілуін қамтамасыз ете 
алатындай болуы тиіс. 
Екінші 
сатыдағы жҧмыстар басталмас бҧрын электр техникалық 
мекемелердегі жинақтық-тарату қондырғыларындағы, қалқандардардағы, 
басқару станцияларындағы, трансформаторлардың камераларындағы, машина 
залдары және олардың тӛменгі бӛлмелеріндегі қҧрылыс және ӛлдеу жҧмыстары 
аяқталуы тиіс. 
Қҧрылыс обьектілерінде, кҥштік электр жабдықтарын монтаждау мерзімін 
қысқарту, еңбек ӛнімділігін ӛсіру, материалды-техникалық ресурстардың 
ҥнемді шығындалуы, электр монтаждау жҧмыстарының сапасын ӛсіру және 
ӛзіндік қҧндылығын тӛмендету мақсатымен шаруашылық есептерін енгізеді. 
Мҧндай есептерді бригадалық тәртіп әдісімен жҧмыс жасайтын шаруашылық 
есептеуші 
бригадалар 
енгізеді. 
Бригадалық 
тәртіп 
материалдардың, 
қҧрылымдардың және шеберхана бҧйымдарының кешендік алып келуін іске 
асыратын типтік обьектілер немесе ӛндірістік қҧрылыстың типтік обьектілердің 
электр жабдықтарының монтаждалуында қолданылады. 
Бригадаларды шаруашылық есептеулерге кӛшіру алдында, жҧмыс ӛндірісінің 
инженерлік 
дайындығы, 
материалдар, 
кҥнтізбелік 
жҥктелу 
графигі, 
қҧрылымдық және шеберхана бҧйымдарының әкелінуі, т.с.с. сияқты жҧмыстар 
атқарылады. 
Еңбек ӛнімділігінің артуының, монтаждаудың ӛзіндік қҧнының тӛмендеуі, 
жҧмыстардың сапасының жоғарылауы және олардың орындалу мерзімдерінің 
қысқаруының негізгі кӛзі жҧмысты индустрализациялау болып табылады. 
Электр монтаждық индустрализациясы деп, ӛндірістік немесе монтаждық 
ҧйымдардың зауыттарында сондай-ақ, монтаждық-дайындау бӛлімдерінің 
шеберханаларында қҧрылыс жҧмыстары алаңынан тыс жҧмыстардың мҥмкін 
болатын кӛлемін орындауды қамтамасыз ететін ҧйымдастырушылық және 
техникалық шаралардың бірлестігін тҥсінеді. Электр монтаждық ӛндірістің 


қажетті механизациялану деңгейі және еңбек механизация қҧралдарының дҧрыс 
қолданылуы ЖӚЖ-дың қҧрамына кіретін жҧмыс механизациясының кӛмегімен 
анықталады. 
Жҧмыс ӛндірісі барысында ірі машиналар және механизмдермен қатар 
әсіресе тікелей қҧрылыс алаңында және шеберханаларда іске асырылатын майда 
қолмен жасалынатын жҧмыстар ҥшін шағын механизациялау қҧралдары, 
сонымен қатар, әртҥрлі, оның ішінде рационализаторлар жасаған икемделулер 
қолданылады. 
Қазіргі 
уақытта 
электр 
монтаждық 
жҧмыстардың 
кӛлемдік 
механизациялануын, тәжірибелі тҥрде шеберханада сҧрыптық болат шиналар, 
болат қҧбырларды, ӛңдеу бойынша технологиялық желілерде, электр 
ӛткізгіштер мен кабельді желілерді, қауырсын қҧбырларды ажыратушыларды 
дайындау қалқандарында сондай-ақ, жоғары механизацияланған саптарды 
(колонналарды) 
ҧйымдастыру 
жолымен 
электр 
жеткізу 
желілерінің 
қҧрылысында іске асырады. 
Монтаждау бӛлімшелерінің орталық базадан айтарлықтай қашықтықта 
екенін ескере отырып және жҧмысты басқаруды сондай-ақ, ірі механизмді 
(крандар, гидрокӛтергіштер, шҧңқыр ойғыштар және т.б.) жақсы басқаруды 
оперативтендіру 
мақсатымен, 
бӛлімшелері, 
арнайы 
механизмдері, 
механизациялау базалары т.с.с., радиобайланыс жҥйелері кеңінен қолданылады. 
Әрине, қазіргі нарықтық электр энергетика жағдайында, электр жабдықтарын 
немесе электр қондырғыларын монтаждау жҧмыстарын біркелкі ӛзгеше болуы 
мҥмкін. Ол туралы керекті материалдар жиналуда. Ол материалдар, осы оқу 
қҧралының келесі басылымында ескеріліп, ескеріліп толық жазылатын болады. 


 2
Кҥштік трансформаторларды монтаждау туралы қысқаша тҥсініктеме 
2.1 Трансформаторларды монтаждау орнына жеткізу 
Қуаты аз трансформаторларды мантаждау орнына тҥгелдей жинақталған 
тҥрде, ал орташа қуатты трансформаторларды тҥгелдей жинақталған немесе 
кейбір бӛлшектерін бӛлек тҥрде (май кеңейткіштері, тҥтін мҧржаларын және 
т.б.) жеткізеді. 
Тҥйін А 
Аралық скоба 
Тҥйін А 
Тҥйін А 
Аралық скоба 
Тҥйін А 
1-темір жол платформасы, 2-трансформатор, 3-тіректік брусья, 4-кӛтергіш астындағы 
қапсырма, 5-аралық қапсыпма, 6-гидравликалық кӛтергіш, 7-болат тақта, 8-темір жол 
шпалы, 9-ағаш брус.
2.1-сурет. Кҥштік трансформаторын темір жол платформасына орнату 
сҧлбасы 
Кернеуі 110 кВ-тан жоғары трансформатордың барлығы әдетте жартылай 
бӛшектелген тҥрде жеткізіледі. Бҧл жерде радиаторлар, жоғарғы вольтты 
кірістер (вводы), май кеңейткіштері, газды шығару мҧржалары, ҥрлеу жҥйесі 
жеке-жеке қораптарға салынады. Кіші және орташа трансформаторлар 
қондырылатын орынға автомобильдермен немесе басқа кӛліктермен, ал ҥлкен 
трансформаторларды арнайы әзірленген темір жол платформаларымен жеткізеді 
(2.1-сурет). 
Трансформаторларды кӛтергіш крандармен тҥсіру ыңғайлы және оңай. Жеңіл 
кӛліктерді, транспортерлерді немесе темір жол платформаларын кӛтергіш кран 
ілгегінің астына ыңғайлап қояды. Бҧрын тасымалдауда пайдаланылған трос


сым темір қалдықтарын алып тастайды, одан кейін трансформаторды троспен 
белдеулеп, кранмен кӛтеріп, арнайы дайындалған тҥсіру алаңына қояды. 
Егер автомобль немесе транспорттардың биіктігі платформамен бірдей 
болған жағдайда, трансформаторды лебедтка арқылы троспен тартып тҥсіруге 
болады. Ал кӛліктердің биіктігі әртҥрлі болған жағдайда трансформаторды 
арнайы темір жол шпалдарынан жасалған қапсырмамен бекітілген кӛлбеу 
сырғыш арқылы тҥсіруге болады. 
Тракторға немесе электр лебедткаға 
1-транспортер, 2-трансформатор, 3-тақтаның қиындысы, 4-кӛтергіш астындағы қапсыма, 
5-шпалдар торы, 6-темір жол рельсі, 7-блок, 8-болат трос, 9-болат строп, 10-анкер, 11-
темір жол шпалдары, 12-рельстер.
2.2-сурет. Трансформаторды тҥсіру сҧлбасы 
Трансформаторларды лебедткамен трос арқылы тартып орнын ауыстырған 
кезде, оның сырғымаларының астына темір жол рельстері не болмаса жалпақ 
болат табақшалары қойылуы керек. 
Трансформаторларды тордан сырғытып тҥсіру ҥшін темір жол шпалдарынан, 
бӛренелерден немесе қалың тақтайлардан жасалынған кӛлбеу жазықтықтар 
пайдаланылады. Бәрінен оңайы, трансформаторды ӛз арбашасымен темір жол 
арқылы жеткізу. 
2.2
Трансформаторлардың жекеленген бӛлшектерін монтаждау 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет