Білім және ғылым министрлігі алматы энергетика және байланыс институты Г. Х. Хожин электр станциялардың жабдықтарын пайдалану, монтаждау және реттеу оқу қҧралы Алматы 2005



Pdf көрінісі
бет4/15
Дата07.02.2022
өлшемі0,69 Mb.
#92155
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
3 ХОЖИН ОҚУ ҚҰРАЛЫ монтаждау
1523 lesson19, лекция 1-15, лекция 1-15
Монтаждық бөлімшелерден алынатын жұмыс жинағын алуды іске 
асыратын өндірістің маусымдық дайындау тобы 
(ӚМДТ), бҧйымдарды және 
блоктарды (объектіде монтаждық жҧмыс басталмай тҧрып) жасалуын іске 


асыратын жҧмыс жоспарын қҧрайды; бҧл ҥшін, тораптар мен блоктарға 
арналған эскиздер мен сызбалар жасайды, тапсырыста кӛрсетілген бҧйымға 
калькуляциясы бар сәйкес тапсырыстарды дайындайды және олардың орындалу 
сапасын қадағалауды іске асырады; объектілер және жҧмыс циклдері бойынша 
монтаждық бӛлім ҥшін материалдар мен қҧрылғылар лимитті карталар және 
комплектілеуші тізімдер жасайды; қабылдап алу-ӛткізу (ӛткізу) қҧжаттарын 
дайындайды; қҧрылыс объектілерінде авторлық қадағалауды іске асырады
эскиздер мен сызбаларды жасау орындарында қажетті ӛлшеулер мен шешулерді 
жҥргізеді. 
Сметалық-келісім шарттық бөлімі 
(СКБ) генподряд ҧйымымен, субподряд 
ҧйымымен және монтаждық басқару жҧмысының жоспарына енгізілген 
объектілермен субпорядттылық жоспары рәсімдеуді орындайды; сметалық 
қҧжаттардың, олардыңсатыларға және жҧмыс кешендеріне бӛлінуімен сәйкес 
келуін тексереді; орындалған жҧмыстар ҥшін тапсырыс берушілермен есеп 
айырысуды қадағалайды; аванстардың кӛлемін анықтайды; тапсырыс 
берушілермен 
сметада анықталған 
есеп 
айырысуды 
саты 
бойынша 
дайындайды. 
СКБ тапсырыс берушілермен және генподряд ҧйымымен бірге келісілген 
міндеттерді бҧзған жағдайда және орындалған жҧмыстардың бақылаушы 
ӛлшеулерін жҥргізу кезінде презентациялық жҧмысқа қатысады. 
Электр монтаждық дайындау шеберханасы (ЭДШ) біріктірілген жоспарлық-
графиктік жҧмысымен келісімді тҥрде, берілген калькуляцияларға сәйкес 
эскиздер мен сызбалар бойынша ӚМДТ тапсырыстарын орындайды; ЭДШ 
(МЭЗ) тапсырыстарын орындауға қажетті материалдар мен қҧрылғылар 
лимитті-комплектілеуші тізімдерге сәйкес ЖҚТБ-дан алынады. Дайын 
бҧйымдардың монтаждау зонасына жеткізілуі ҥшін ЖҚТБ-ға ӛткізеді. 
Жинақтаушы, қоймаландырушы және тасымалдаушы бөлімі 
(ЖҚТБ) 
материалдар мен қҧрылғыларды тапсырысшылардан және генподрядчиктен, 
зауыттардан және қолданыс ҧйымдарынан алады. Ол қҧралдарды және 
икемделулерді, монтаждық басқаруды қамтамасыз етеді, қоймалық және 
контейнерлік шаруащылықты, материалдық қҧндылықтардың тізімделуін 
жҥргізеді, материалдар мен қҧрылғыларды пакеттейді және оларды 
контейнерлермен монтаждау алаңдарына жеткізеді. 
 Жұмысты ұйымдастыру жобасы 
(ЖҦЖ) қҧрылыс обьектілерініңтізімі 
кӛрсетілген қағаздан, жҧмыстың физикалық кӛлемдерінен, олардың сметалық 
қҧнынан, 
жҧмыс 
сиымдылығын 
есептеуден, 
адам 
ресурстарын 
пайдаланылуының 
есептелулерінен, 
ірілендірілген 
жҧмыс 
графигінен, 
материалдық және қҧрылғылардың келіп тҥсуінен және обьектілерді 
монтаждауға жіберуден, монтаждық және қҧрылыс ҧйымдарының ӛндірістік 
және тҧрмыстық мекемелердің орналасу жоспарынан, сметалық-қаржылық 
есептеулерден, қҧрылыс алаңы ішіндегі жҥк ағындары схемасынан, қауіпсіздік 


техникасы және еңбекті қорғау бойынша ҧсыныстардан, алаңды сумен 
қамтамасыздандырудан және басқа да ҧсыныстардан тҧрады. 
Жұмыс өндірісінің жобасы 
(ЖӚЖ) монтажды басқару есебінен монтаждық 
басқарудың 
желілік 
персоналының 
немесе 
жобалаушы 
ҧйымның 
қатысуымен қҧрылады. Ол желінің инженер-техникалық персонал басқаратын 
ӛндірістің инженерлік дайындықтың негізгі бӛлімі болып табылады. ЖӚЖ-ға: 
электрқҧрылғының, электрӛткізгіштің тораптарының және екінші ретті тізбектің 
монтажына арналған технологиялық картасы; қажетті еңбек шығындары 
кӛрсетілген, жҧмыс сызбаларымен нақтыланған жҧмысының физикалық 
кӛлемдері бар іске қосу кешенінің жеке обьектілері бойынша ӛндірістің 
электрмонтаждық жҧмыстарының кҥнтізбелік жоспары; электрмонтаждық 
басқармалар зауытында тапсырыс беруге және дайындауға жататын электр 
қондырғылық бҧйымдардың, электр қҧрылымдардың және басқа монтаждық 
бҧйымдардың тізімі; электр монтаждық дайындаулар зауытында жасалынатын 
стандартты емес және типтік емес электр қҧрылымдардың және бӛлшектердің 
тізімі; ЖӚЖ-да алдын-ала блоктарға және тҥйіндерге ірілендіріп бекітулік 
жинауды талап ететін қҧрылғының элементтерінің, электр қҧрылымдардың, 
электр ӛткізгіштердің және монтаждық бӛлгіштердің тізімі; барлық жҧмысты 
орындауға қажетті электр техникалық қҧрылғылар мен кӛмекші материалдар 
тізімі және қҧрылғылар мен материалдар жинақтарының тізімі; монтажды 
басқарудан, 
генподрядчиктен 
және 
тапсырыс 
берушіден 
алынатын 
материалдардың және монтаждық бҧйымдардың әкеліну ретінің графигі; 
қажетті 
монтаждық 
машиналардың, 
механизмдердің, 
аппараттардың, 
икемделулер мен қҧралдардың тізімі; алдыңғы қатарлы монтаждық 
технологияны енгізу туралы ҧсыныстар; қозғалмалы және алынып-салынатын 
қҧралдардың және инвентарлық қҧрылғылар мен икемделулердің тізімі; 
жҧмысшылардың санының жетіспеуінің орнын жабу туралы ақпараттар 
кӛрсетілген мамандық және мамандандыру бойынша жҧмыс кҥшінің 
қозғалысының кҥнтізбелік жоспар-графигі; ЖӚЖ-дың негізгі шешімдерінің 
қажетті негіздемелері және келесідей техника-экономикалық кӛрсеткіштері бар 
монтаждық машиналардың және икемделулердің тҥсіндірме жазбасы, электр 
монтаждық жҧмыстардың орындалу ҧзақтығы; бір жҧмысшының электр 
монтаждық жҧмыстарының негізгі тҥрлері бойынша физиқалық тҥрде орташа 
кҥндік ӛндірісі (жҧмысы) және электр монтаждық бӛлім бойынша қаржылай 
тҥрдегі орташа ӛндірісі; объектінің сатыға бӛлінген бірінші реті ҥшін 
орындалуға тиіс электр монтаждық жҧмыстардың қаржылай кӛлемі; қауіпсіздік 
техникасы нҧсқаулары енеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет