Білім және ғылым министрлігі


²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð ò



бет4/5
Дата01.04.2017
өлшемі1,45 Mb.
#13161
1   2   3   4   5


²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi

Íåãiçãi :

  1. °óåçîâ Ì.Î. °äåáèåò òàðèõû (1927) æî¹àð¹û îºó – îðûíäàðûíû» ñòóäåíòòåðiíå àðíàë¹àí. - À. 1991.

  2. Áàéò½ðñûíîâ À. °äåáèåò òàíûòºûø (1926) - À. 1991.

  3. ƽìàëèåâ ². XVIII – XIX ¹. ºàçຠ¸äåáèåòi. - À. 1907.

  4. ²àáäîëîâ Ç. Ñ¼ç ¼íåði. - À. 1983.

  5. ²î»ûðàòáàåâ °. ²àçຠ¸äåáåèåòiíi» òàðèõû. - À. 1994.

  6. Ѿéiíø¸ëèåâ Õ. XIX ¹àñûð ¸äåáèåòi. - À. 1992.

  7. Ѿéiíø¸ëèåâ Õ. ²àçຠ¸äåáèåòiíi» òàðèõû. - À. 1997.

  8. Ñûçäûºîâà Ð. ²àçຠ¸äåáè òiëiíi» òàðèõû (XV – XIX ¹àñûðëàð) - À. 1993.

²îñûìøà ¸äåáèåòòåð :

  1. Àáàé òà¹ëûìû. °äåáè – ñûí ìàºàëàëàð ìåí çåðòòåóëåð. (²½ðàñòûð¹àí Í. ±àáäóëëèí). - À. 1986.

  2. Àáàéäû îºû, òà»ûðºà…. - À. 1993.

  3. Àáàé òiëi ñ¼çäiãi. - À. 1968.

  4. Àºûí-æûðàóëàð (ºûñºàøà ¼ìiðáàÿíäûº ì¸ëiìåòòåð ìåí áèáëèîãðàôèÿëûº äåðåêòåð). - À.,1979

  5. Àëòûíñàðèí Û.̽ñûëìàíøûëûºòû» ò½òºàñû. - À.,1991

  6. Àõìåòîâ Ç.´ëå» ñ¼çäi» òåîðèÿñû. - À.,1973

  7. °äåáè ì½ðà æ¸íå îíû çåðòòåó. - À.,1961

  8. °ëi캽ëîâ Ò.ƽìáຠæàí. - À.,1993

  9. °óåçîâ Ì.Î. XVIII-XIX ¹. àºûíäàðû. - À.,1985 ,16 – ò

  10. Áåëüãåð Ãåðîëüä. ¶íäåñòiê.Ãåòå,Ëåðìîíòîâ,Àáàé. - À.,1932

  11. Àáàé Áåñ ¹àñûð æûðëàéäû.2-òîìäûº. - À.,1989

  12. ±àáäóëëèí Ì.Àáàéäû» í¸çèðà ¾ëãiñi (ƽëäûç) 1991,№ 1.

  13. Äîñì½õàìåä½ëû Õ. Àëàìàí. - À.,1991

  14. Äåðáiñ¸ëèí °.Ûáûðàé Àëòûíñàðèí. - À.,1965

  15. Äåðáiñ¸ëèí °.°äåáèåò òóðàëû òîë¹àíûñòàð. - À.,1990

  16. Åñiìîâ ±.Õàêiì Àáàé. - À.,1994

  17. ƽáàíîâ À. Çàìàíà á½ëá½ëäàðû. - À.,1975

  18. ƽìàëèåâ ². ²àçຠ¸äåáèåòi òàðèõûíû» ì¸ñåëåëåði ê¸íå Àáàé ïîýçèÿñûíû» òiëi. - À.,1960 2-ò

  19. Ûñìàéûëîâ Å. Àºûíäàð. - À.,1956

  20. Êåíæåáàåâ Á. °äåáèåò áåëåñòåði. - À.,1965



«ХІХ ғасыр әдебиеті»пәнінен

СӨЖ орындау және тапсыру

КЕСТЕСІ




Ð/ñ

Ñ´Æ òàºûðûáû

Бақылау түрі


Қабылдау уақыты

Аудитория

1

XIX ¹àñûð ¸äåáèåòií õàòºà ò¾ñiðiï,æ¾éåëåãåí ¹àëûìäàð å»áåêòåði.

Реферат

1 апта

105

2

Ø.Ó¸ëèõàíîâ

Баяндау

1 апта

8

3

Û.Àëòûíñàðèí

Материал жинау

2 апта

105

4

Ì.°óåçîâ

Топтау

2 апта

105

5

Ì.ʼïååâ


Материал жинау

3 апта

105

6

Ñ.̽ºàíîâ

Топтау, салыстыру

3 апта

8

7

Å.Ûñìàéûëîâ

Әңгімелесу

4 апта

105

8

À.ƽáàíîâ

Жатқа айту

4 апта

105

9

XIX ¹àñûðäà¹û àéòûñ ¼íåði,


Сұрақ-жауап

5 апта

105

10

Шортанбай айтыстары


Коллоквиум

5 апта

8

11

Сүйінбайдың айтыстары:

Реферат

6апта

105

12

Майлықожа айтыстары


Пікірлесу

6апта

105

13

Шөже Қаржаубайұлы (1808-1895)


Сұхбаттасу

7апта

105

14

Орынбай Бертағыұлы (1813-1895)


Материал жинау

7апта

8

15

Мәделі Жүсіпқожаұлы (1816-1888)


Конспектілеу

8апта

105

16

Нұрым Шыршығұлұлы (1831-1908)


Нұсқаларын салыстыру

8апта

105

17

Áiðæàí ñàë ìåí Ñàðà ºûçäû» àéòûñû

Реферат

9апта

8

18

XIX ¹àñûðäà¹û ñàë-ñåði,¸íøi-ëèðèê àºûíäàð ïîýçèÿñû

Баяндау

9апта

105

19

Сары Батақұлы (1863-1895)

Материал жинау

10апта

8

20

Жаяу Мұса Байжанұлы (1835-1829)

Топтау

10апта

105

21

Балуан Шолақ Баймырзаұлы (1894-1919)

Материал жинау

11апта

8

22

XIX ғасыр әдебиетін танытатын көркем туындылар:

Топтау, салыстыру

11апта

105

23

Махамбет творчествосының танылуы

Әңгімелесу

12апта

8

24

Шоқан бейнесінің әдебиетте сомдалуы

Жатқа айту

12апта

105

25

Абай бейнесінің көркем әдебиетте сомдалуы

Сұрақ-жауап

13 апта

8

26

“Абай жолы” эпопеясының бірінші кітабы

Коллоквиум

13апта

105

27

“Абай жолы” эпопеясының екінші кітабы

Реферат

14апта

8

28

“Абай жолы” эпопеясының үшінші кітабы

Реферат

14апта

105

29

“Абай жолы” эпопеясының төртінші кітабы

Баяндау

15апта

8

30

XIX ғ. әдебиетіне жалпы шолу

Материал жинау

15 апта

105

Ескерту:

Студенттердің білімін бақылау, бағалау: СӨЖ, тестілік бақылау (Т), рефераттар (Р), коллоквиум (К), глоссарий (Г) т.б. оқытушыға тапсыру кестесі әр аптаның


Дүйсенбі– 1000 – 1200 – 42 ауд.

Жұма - 1030 – 1230 – 42ауд

күндері жүргізіледі.

БІРІНШІ АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ





Тақырыптар

Апталар

реті

Ұпайлар

Бақылау

түрі

1


XIX ¹асырдың бiðiíøi,åêiíøi æàðòûñûíäà¹û ²àçàºñòàíäà¹û òàðèõè æà¹äàé.

1 апта

2

конспект


2

Äóëàò Áàáàòàé½ëû

2 апта

3

Реферат

3


Махамбет туралы жазылған көркем туындылар


3 апта

2

Семинар

4

Øîðòàíáàé ²àíàé½ëû.

4 апта

2

Семинар

5

Ìàéëûºîæàíû» òîë¹àó-òåðìåëåðiíi» æ¸íå


àéòûñòàðûíû» ò¸ðáèåëiê ì¸íi

5 апта

2

Дөңгелек үстел

6


̽ðàòòû» æûðøû-àºûíäû¹û.


6 апта

2

Коллоквиум

7


Áiðæàí ñàë ²îæ๽ë½ëû.

7 апта

2

Тест

ОБСӨЖ 15 ұпай

1



Тақырыбы: ХІХ ғасырдың бірінші, екінші жартысындағы

Қазақстандағы тарихы жағдай

Жоспары:

1. Қазақстан жерін отарлау жұмыстары

2. Зар заман ақындары, оның әдеби дамудағы реалистік маңызы

3. Халық ағарту ісі
ХІХ ғасырда Қазақстан жерін отарлау жұмыстары төмендегідей бағытта жүргізілді: барлық аймақтарда әскери қамалдар мен бекіністердің салынуы, ресми қазақ хандықтарының жойылуы, аға сұлтандық (округтық), болыстық, старшындық, ауылдық отарлық басқару жүйесінің енгізілуі т.б . Ресей империясының қазақ елін отарлау саясатына бағытталған ресми құжаттары жасалды: “Сібір қазақтарының Уставы” (1822), “Орынбор қазақтарының Уставы” (1824).

ХҮІІІ ғ. аяғында Сырым Датұлы бастаған халық қозғалысы /1787-1797/ болды, ол ХҮІІІ – ХІХ ғ.ғ. әдеби, фольклорлық шығармашылық мұраларда көрініс тапты.

ХІХ ғасырдың бірінші жартысында отарлық езгіге қарсы Қазақстанда болған қарулы көтерілістер: Қаратай сұлтан /1797-1814/, Арынғазы сұлтан /1816-1821/, Исатай-Махамбет /1936-1838/ бастаған көтерілістер, олар әдебиет шығармаларда бейнеленді. Бұған дәлдел сол кезеңде шыққан тарихи жырлар.

Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс /1824-1847/ осы жылдар арасында жүргізілді,бұл қозғалыста әдебиеттекөрініс тапты. Кенесары, Наурызбай және олар бастаған қозғалысқа қатысқан батырлар туралы тарихи жырлар дүниеге келді. Нысанбай жыраудың “Кенесары-Наурызбай”, Доскей Әлімбаевтің “Кенесары”, Жүсіпбекқожа Шайхисламұлының “Қисса Наурызбай төре” дастандары, Досқожа ақынның “Кенесары қоныстан ауғанда айтқаны” өлеңі, “Кенесарының өлеңі”, “Кенесары жырының бірнеше ауызы” атты халық өлеңдері, т.б.

Қазақстан жеріндегі Ресей патшалығының отаршылдығы ХІХ ғ. екінші жартысында күшейе түсті. Ресейдің отарлық саясатына және Хиуа, Қоқан хандықтарының басқыншылық соғыстарына қарсы көтерілістер туындады: Есет батыр /1853-1859/, Жанқожа батыр Нұрмұхамедұлы бастаған Сырдария бойындағы, 1867, 1868, 1870 жылдары Орал, Торғай, Маңғыстау облыстары халқының көтерілістері туралы тарихи жырлар дүниеге келді.

Зар заман әдебиеті.

Күні бүгінгі шейін зар заман ақындары төңірегінде айтылып жатқан жайлар аз емес.1932жылы С.Сейфуллин қазақ әдебиетінің төңкеріске дейінгі тарихын екі дәуірге бөлді. 1. «Билер дәуірі», 2. «Орыс патшасына бағынған дәуір ». Сәбит Мұқанов Шортанбай дәуірін « зар заман әдебиеті» деп, ғылыми негізде баға берді. Былайғы уақытта бұл дәуір қазақ әдебиетінің тарихын дәуірлеу мәселесіне қатысты пікір айтқан Е. Ысмайылов, Қ. Жұмалиев, Ә. Қоңыратбаев, Ы. Дүйсенбаев сияқты ғалымдарымыздың да арнайы тоқтап, айрықша мән беріп өткен дәуірі болды.

Соңғы жылдары ғалым Мекемтас Мырзахметов зар заман әдебиетін орыс отаршылығына қарсы туған сипатына қарап: «Отаршылдық дәуірдегі әдебиет» деп атауды ұсынды.

Мұхтар Әуезов 1927 жылға «Әдебиет тарихы» оқулығына енген «Зар заман ақындары» атты зерттеуінде зар заман ақыны кім, дәуірі қандай еді, көтерген мәселелері қандай дегенді нақты да дәлелді қозғаған-ды. Ол зар заман ақындары деген терминге бірнеше теориялық тұжырымды негіз етеді. М.Әуезов жүйелеуіндегі «зар заман әдеби ағымы» мынандай мәселелерді ажыратудан барып айғақталады:

Зар заман ақындары деп кімді айтамыз?

Бұл дәуірдің алғашқы ақындары кімдер?

Барлығының басын қосатын күй қайсы?

Көпшілігі қандай жайды тақырып еткен, нені толғаған?

Бұл еңбекте М.Әуезов заман сарына терең үңіледі. Барша ерекшелік, өзгешелігін қамти айтады. Біздің, зар заман ақындары дегенде, жалпы қазақтың атам заманнан бергі өмір тарихындағы зарды емес, дәл осы М.Әуезов атап беріп отырған, орыспен арадағы саяси ахуалға байланысты туған мұң мен зарды нысанада ұстауымыз қажет. Отаршылдық саясаттың зардаптары мен мақсаттары саяси жүйе ретінде , тарихтың белгілі бір беті ретінде көрінген тұсты бар сипат-өзгешелігімен тұтас қабылдап, оның әдебиетке түскен көлеңкесін көрсету.

Зар заман ағымына :М . Әуезов ХІХ ғасырда жасаған ақындардың бәрін кіргізеді:

«Бұқар жыраудан соң ХІХ ғасырдағы зар заман ақындарының басы-Махамбет. Одан кейінгілері Шортанбай, Мұрат, Алтынсарыұлы, бұлардан соңғы бір буын Абаймен тұстас ақындар». Нарманбет, Шернияз, Досқожа, Күдері-қожа, Ығылмандардың заманы Абылай заманы емес, енді іс қана қалған, алыстан толғап, ойға тартамын деп отыруға болмай қалған заман екенін ұғындырады.М. Әуезов жүз жылдық әдебиетті үш кезеңге бөліп, әр уақыттың өзіндік ерекшелігін, ортақ сарын аясындағы өзгерістерін атап-атап көрсетіп отыр.



  1. Әлеуметшілдік, ойшылдық сарыны-Бұхар заманы.

  2. Ісшілдік- Махамбет.

  3. Дін мен мәдениет-Ыбырай.

Ресейдегі капиталистік қарым – қатынастардың дамуы Қазақстандағы табиғи байлық шикізаттарының көздерін игеруге ықпалын тигізді. Сауда-саттық кеңінен дами түсті. Ақмола, Атбасар, Қарқаралы, Қарқара, Талды-Қоянды, т.б. жәрмеңкелер ашылып, олар қазақ өнерінің кең танылуына өзіндік септігін тигізді.

ХІХ ғасырдың бас кезіндегі оқыту түрлері. Бұқара, Самарқанд, Хиуа, Ташкент, Қазан, Өфе, Түркістан, Ақмешіт қалаларындағы медреселерден білім алған қазақ оқығандары ағартушылық қызмет жасады.

Отарлау саясатының мақсаттары үшін әртүрлі басқышты оқу орындары /4-5 кластық қалалық училищелер, орыс – қазақ мектептері, гимназиялар/ Омбыда, Семейде, Өскеменде, Верныйда, Торғайда, Қостанайда, Ырғызда және т.б. жерлерде ашылды.

Орыс зиялыларының қазақ халқының тарихын, тілін, фольклорын, этнографиясын зерттеу жұмыстарының екі жақты сипаты болды: ең бастысы – патшалық өкіметтің отарлау саясатының мақсатын орындау, екіншісі – ғылымдық ізгі ниет.

Қазақ халқының рухани мәдениетін, этнографиясын, фольклорын патшалық империяның отарлау пиғылына орай игеруді негізгі мақсат еткендер: А.И.Левшин, П.П.Семенов-Тянь-Шаньский, В.В.Григорьев, А.П.Рычков, П.С.Паллас, Н.И.Ильминский, А.И.Алекторов, т.б. Бұлардың еңбектерінің отаршылық ниетке негізделгенімен, қазақтың ұлттық мұраларын әлемдік өркениетке таныстырудағы ғылыми маңызы бар.

Ғылымдық ізгі мақсатта, адал ниетпен халық мұрасын жинап зерттегендер: В.В.Радлов, И.А.Березин, Г.Н.Потанин, Ә.Диваев, т.б.

Бақылау сұрақтары:
1. 19 ғасырдағы ұлттық сөз өнері дамуының ерекшеліктері.

2. Қазақстан жерін отарлау жұмыстары.

3. Халық қозғалысы.

4. Қазақстанда халық ағарту ісі нің жағдайы.

5. Ғылымды ізгі мақсатта, халық мұрасын жинап, зерттегендер.

6. Зар – заман ақындарының поэзиясы және оның әдеби дамуындағы реалистік

бағыттар

7. Сырым Датұлы бастаған халық қозғалысы

8. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысы

9. Отарлау саясатының мақсаты

10. Мұхтар Әуезовтің 1927 жылғы «Әдебиет тарихы» оқулығына енген «Зар

заман ақындары» атты зерттеуі.


Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмалары

  1. Ауызша және жазба ақындық дәстүр табиғаты.

  2. Ежелгі түркілік шығыстық жазба әдеби дәстүрлік сабақтастық.

  3. Фольклордағы синкретизм.

  4. Украин ақыны Т.Шевченконың шығармашылығындағы қазақ халқы тақырыбы.

  5. Шетелдік ізгі ойлы зиялылардың қазақ халқы, оның әдет- ғұрпы, өнері туралы этнографиялық – публицистикалық еңбектері


Студенттердің үйде орындайтын тапсырмалары

  1. Тест

  2. Сұрақ -жауап

  3. конспект

2 Сабақтан тыс.



Тақырыбы: ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің дамуы.

Реферат тақырыптары:

1. ХІХ ғасыр ақын жыраулары шығармашылығындағы Шығыстың классикалық

әдебиет дәстүрімен сабақтастығы

2. Абай, Ыбырай, Шоқан шығармашылығының ұлттық әдебиет деңгейін

биіктетудегі маңызы

3. ХІХ ғасырдағы ақын жыраулар шығармашылығындағы ортақ өзекті мәселелер

4. ХІХ ғасырдағы ұлттық сөз өнері даму ерекшеліктері

3



Тақырыбы: Дулат Бабатайұлы.

Жоспары:

  1. Өмірі туралы мәлімет

  2. Дулат шығармашылығының зерттелу жайы.

  3. Шығармаларының тақырыбы, көтерген мәселелері.

  4. Дулат шығармаларының жанры және көркемдік ерекшеліктері.

Дулат Бабатайұлы – туған елінің тарихи бір кезеңін жырлап өткен қайталанбас ақын. Ол патшалық Россияның қазақ өлкесін күшпен отарлау кезеңін, одан туған зобалаңдарды өз көзімен көріп, соған барынша наразылық білдірген ел басы адамдарының бірі.

Отарлау саясаты іске асуына байланысты қазақ елі бұрынғы дәстүрлі басшылықтан (хандық биліктен) , ата-баба жайлаған жер-судан , ұлттық меншіктерден айрылып, салт-сана бұзылып, үйреншікті ғадет-ғұрып, наным-сенім өзгеріп жатқаны ауыр қасірет ретінде танылады. Қоғамның заңды өзгеруі жолынан тыс, күшпен, зорлықпен еніп жатқан жаңа қарым-қатынас, сауда-саттық , ақшалы алаяқтар әрекеттері қазақ шаруаларына қаншалықты ұнамаса, ақынға да соншалық жат құбылыс ретінде көрінеді. Сондықтан да, Дулат - өзі жасаған заманға , отаршылар зорлығына , ол қауымға қызмет еткен әкімдерге , аға сұлтандық билікке түбегейлі қарсы шыққан , халқының тәуелсіздігін көксеген әрі күрескер, әрі реалист ақын.

Дулат Балқаш пен Аякөз маңын жайлаған Найман-Сыбан елінен шыққан. Бізге жеткен өлеңдерінде кездесетін кейбір деректерге қарағанда, Дулат ескіше оқыған, сауатты ақын болған. Ол өз өлеңдерін кейініректе қолжазба кітап етіп тізіп жүрген.

Дулат-қазақтың көп жеріне мәлім ақын. Ол өзі туған өлкеде тұрып қоймай, Шығыс, оңтүстік Қазақстан жерлерін және Арқаны түгел аралаған. Ертедегі ақындар үлгісінде тәрбиеленіп өскен. Әуелі ақын айтыс, әзіл-оспақ ретіндегі өлеңдер шығарып айтып жүрген. Бірақ кейін ол ел арасы, ауыл іші, жергілікті тақырыпты жырлаудан гөрі саяси әлеуметтік, қоғамдық мәселелерді жырлауға ойысқан.

Дулаттың өмірі туралы деректер және оның өлеңдері Кеңес дәуірінде жиналып, зерттеле бастады. Мәселен, ақынның кейбір өлеңдері мен өмірбаяны туралы деректі біз ең алғаш орта мектептің сегізінші класына арналған С.Мұқанов пен К.Бекхожиннің 1939 жылғы хрестоматиясынан ұшыратамыз. Онан кейін профессор Қ.Жұмалиев өзінің 1940-1941 жылдары мектеп оқушыларына арнап жазған қазақ әдебиеті оқулығында Дулаттың өмірі мен кейбір шығармаларын талдап, ақын туралы өз қорытындысын жасады.

Біраз жылдар зерттеушілердің Дулатты нағыз кертартпа әдебиет өкілі санап келгені мәлім. Өз заманына орай ақын көзқарасына тән тарихи шындық сырын таныттық.

Қазіргі уақытта ақын туралы ғылыми жаңа түсініктер орнығып келеді.

Дулат өлеңдерінің қазіргі мөлшері оның басқа замандастарының өлеңдерімен салыстырғанда әлдеқайда мол. Олардың ішінде ұзақ арнау өлеңдер, нақыл-өсиет ретінде айтылатын дидактикалық терме, ертек-аңыз сюжетінде жазылған толғау және бірнеше мысал сөздер бар. Шығармаларының идеялық мазмұны да әр алуан. Олар негізінен қазақ қоғамындағы белгілі кезеңнің тарихи шындығын қамтиды.

Дулат “Бірінші сөз” деп аталатын өлеңінде туған өлкесінің сұлу табиғатын ардақтап, өзін соны қорғаған қызғышқы теңейді.

Дулат өзінің “Бесінші сөз” немесе “Ата қоныс Арқада” деп аталатын өлеңінде Арқаны жайлаған қазақтардың бір кездегі тарихын баян етеді. Ол қазақ халқының жоңғарларға қарсы ерлік күрес жүргізу арқылы.елдігін сақтап келгенін, туған жерін қалмақтардан қорғай білгенін айтып, сол кездегі ерлікті, дербестікті мадақтайды.

Ақын шығармаларынан орын алатын маңызды мәселенің бірі-оқу, өнер-білім. Дулат та басқа ақындар сияқты надандыққа, әдепсіздікке қарсы шығып, қазақ қоғамындағы адамгершілікке жат қылықтардың өріс алу себебі-осы надандық індетінің салдары деп түсінген. Сондықтан оқып білім алған адамдардың қоғам өмірінен алатын орындары өзгеше деп бағалаған. Адам бойындағы даналық пен жақсылық-бәрі тәрбиенің, оқудың нәтижесі. Елді оқыған, тәрбиелі6 білімді адам басқарса, зұлымдық пен озбырлық дегендерге жол берілмес еді,-деп түйген.Жалпы адамның “жақсы” , “жаман” болып бөлінуі де сол парасаттылығында; Ойлы, ұстамды, білімді, өнерлі болуы, ақылының өсуі-бәрі оның ізденіп тапқанына, содан соң бойына дарытқанына байланысты демекші.

Дулат өлеңдері ойлы, нәрлі, образды. Нысанасына дәл тиерлік өткір. Ақынның шығармаларын оқығанда көз алдыңнан қазақ қауымының сан алуан жағымсыз тобы тізбектеліп өтіп жатады. Кердең-кербез құркеуде ұлықтары, малын жанына балап, жалаң-жадағай жылмаңдаған, сүмеңдеген сараңдары, ойлағаны-сұмдық, істегені-қулық, алаяқ би-болыстары, дөң-дөкір, ұры-қары, қу-сұмдары өздеріне ғана тән мінездірімен ерекшеленеді. Ұлық алдында ұяңсып, жуасып, қылықтана қалатын, ал ұлық кетсе, елген қасқырша шабатын Сүлеймен болыстың екіжүзді мінезін дәл басып, шебер бейнелейді.

Ақындық сөздің рухани күшіне мән бере білген Дулаттың өз өлеңіне қояр мақсаттары да айқын. Ол сусағандарға сусын боп, таңдайын жібітер сөзді, шаршағанды тынықтырар, күш-қуат берер жырды шығаруға талаптанған. Өлеңнің мақсаты ел-жұрттың жүрегіне жылы тиіп, олардың көңіліне дем, қайғысына ем болу,-деп ұғады. Яғни, өлеңді еріккеннің ермегі емес, рухани керегі деп біледі.

Асылы, Дулат шығармаларының басым бөлігі-дидактика. Әсіресе, ақынның “Өсиет нама” жинағына енген шығармалары осындай.

Дулат өлеңдерінің мазмұны, тілі халық ауыз әдебиетімен ғана үндесіп жатпайды. Соған қоса Абай, Ыбырай, Махамбет, Шортанбай, Мұрат сияқты кейінгі ақындарға жалғасып, пікірлесіп жатады.

Дулаттың “Он бес деген жас қайда” деген жыры адам өмірі жайлы айтылатын, Бұқар, Шал,Шортанбай, Сүйінбай толғауларымен үндесетін тақырыптас өлең.

Дулат шығармалары қазақ жазба әдебиетінің қалыптасуына өз үлесін қосты. Ол поэзиямыздың мазмұнын байытты, оның көркемдік түрі жағынан да жетіле түсуіне көмектесті. Сын-сықақты жиі қолданып, өлеңдердің бұл саласының дамуына да өз үлесін тигізді. Әдебиетіміздің реалистік бағытын нығайтты, образдылық, көркемдік бояуын күшейтті.

Дулат шығармасынан елеулі орын алатын «Еспембет» атты толғау. Бұл өзінің көлемі, құрылысы жағынан халық жырлары үлгісіндегі ерлік дастан тәрізді. Ақын бұл шығармасында да жетім бала тағдырын сөз қылады. Дастан халық аузында жүрген Еспембет батыр туралы аңыз сюжеті бойынша жазылған.

Дастанның негізгі қаһарманы – жетім бала, Еспембет. Ол өз елінен жырақта, нағашы жұрты Қарасайдың қолында жылқы бағып жүреді. Ер жете келе Қарасай елінде, тамағы тойған жерінде жата беруді ар санап, жас жігіт өзі туған Арқаға кері оралмақ болады. Қарасай оның басына үй, алдына мал салып, қалыңдық әперіп, ырғап-жырғап аттандыруды ойлайды. Бірақ Еспембет оны қостамайды, Қарасай ұсынған дүние-мүліктің бәрін де алмай, тек жалғыз Ақбөрте деген тайды қалайды. Ақыры сол таймен елге оралады. Ел-жұрты әуелі баланы елемей, жалғыз ғана тай мінгізіп қайтарғаны не қылғаны деп Қарасай байды да кінәлай өсекке таңады. Бірақ Еспембет оның бәріне де мән бермейді. Ақбөртені баптап бағумен болады. Ақбөрте жақсы ат боп өседі. Еліндегі Сәтімқұл бидің ас берген тойында Ақбөрте бәйгеден жалғыз келеді. Бас бәйгеге келген жүз тайлақты Еспембет түгелімен бес арыс Сыбанға бөліп береді.

Дулат осы Еспембет ерлігін кейінгілерге үлгі етеді. Аталмыш дастан өзінің құрылысы жағынан да ерекшеленеді. Оқиғаның желісі жинақты, мазмұны тартымды.

Дастанда Еспембет бас кейіпкер ретінде, ерлік қимылдар үстінде танылады. Ол жауға аттанғанда тегін олжаға, опасыз дүние-мүлікке қызықпайды, елінің жауын жеңуді, дұшпанын мұқатуды армандайды. Сол асқақ арманына жетпей тынбайды:

Қалмақтың басы белінде,

Бақ құсы қонып басына,

Еспембет келді еліне.

Дулаттың «Еспембет» дастаны - өз кезіндегі әдебиетте елеулі орны бар, батырлар жыры үлгісіндегі патриоттық мәні зор шығарма.

Дулат қазақ әдебиеті тарихында алғаш мысал жазған ақын болып саналады. Оның бізге жеткен қызғылықты төрт, бес мысалы бар. Бұл жағынан оны әдебиетке жаңа бір форма әкелуші, жаңалық енгізуші деп қараған жөн.

Дулаттың мысал ретінде жазған шығармалары үлгі, өнеге беру, ақыл айту ретінде келіп отырады. Онда кіші пейілділік, бірлік, әділеттік жақталып, мақтаншақтық, мен-мендік, бейшаралық, орынсыз пысықтық саналады.

Нысапсыз патша туралы шығарған «Бір патшаның бір кезде» деп басталатын аңыз мысал өлеңінде ақын дүниеқор, баққұмар патшаның пайдақорлық жолында өз түбіне жеткенін мысқылдайды.

Дулаттың «Шымшық пен бөдене» туралы өлеңі де осындай мысал сөз ретіндегі шығарма. Ақын мұнда орынсыз мақтан, желбауыздыққа қарсы шығады. Кішіпейіл, адал болуға баулиды.

Мысал стилінде жазылған тағы бір шығармасы – «Шаштараз». Бұл да қысқаша сюжетке құрылған өнегелі, өрнекті туынды. Оның да оқушысына тәлім берерлік мәні бар. Мысалдың мазмұнына халық арасына кең тараған Ескендір патша туралы бір аңыз негіз болған.

Аңыз бойынша Ескендірдің басында қос мүйізі болыпты – мыс. Патша оны жасырып жүріпті. Шашын қиып, тарап, күтіп тұру үшін сыр шашпайтын, аузына берік шаштараз таптырып, одан ант алып, сұрағанын беріп, шашын алдырып жүреді. Шаштараз уәдесін біраз күн ұстап жүргенмен күндердің күнінде уәдені бұзып алады. Қанша айтпайын деп жүрсе де, ол ішін кернеген сырды жасыра алмай, ақыры далаға оңаша шығып, жерге етпеттеп жатып: «Патшаның басында мүйізі бар» - деп қалады. Аузынан құпияның шығуы мұң екен, жел естіп, желден ел естіп тарап кетеді. Бейшара шаштараз аузына ие бола алмай басынан айрылады.

Ақынның бұл мысалы да адамгершілік тәлім береді. Уағдаға берік, ұстамды болуға үндейді. Бұл тұста Дулаттың аталмыш шығармасына ұқсас Мағжан Жұмабаевтың «Ескендірдің екі мүйізі» - атты мысал өлеңі бар екенін ескертеміз. Бұлардың екеуі сарындас. Сондықтан бұрынғы түсінік үстем кезінде біз аталмыш шығарма туралы аузымызды аша алмадық. Мағжанның қадірлі есімін атауға жағдай туған соң ғана біз «Шаштаразды» сөз ете бастадық.

Осылайша, Дулат өзінің мысал өлеңдерімен де халықты жұғымды мінезге тәрбиелеп, ақыл-кеңестер берген. Мысал жанрының алғашқы үлгісін жазып, қазақ әдебиетінде бұл жанрдың қалыптасуына септігін тигізген.

Бақылау сұрақтары:

«Еспембет» дастанының әдеби-фольклорлық сиапты.

Дулаттың мысал өлеңдері .

«Шаштараз» дастанындағы дидактикалық сарын.

Дулат Бабатайұлы – туған елінің тарихи бір кезеңін жырлап өткен қайталанбас ақын.

«Шаштаразды» әңгімесі.


Ст уденттердің үйде орындайтын тапсырмалары

  1. «Еспембет» атты толғау.

  2. Дулат Балқаш пен Аякөз маңын жайлаған Найман-Сыбан елінен шыққан.

  3. Дулаттың әңгімелері.

Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмалары

  1. Тест

  2. Сұрақ -жауап

4. Сабақтан тыс

Тақырыбы: Махамбет –қазақ әдебиетіндегі сыншыл реалистік романтикалық толғау ақыны.
Сөж тапсырмалары:


  1. «Исатай-Махамбет» жыры.

  2. Өмірі туралы мәлімет

  3. Дулат шығармашылығының зерттелу жайы.

  4. Шығармаларының тақырыбы, көтерген мәселелері.

  5. Дулат шығармаларының жанры және көркемдік ерекшеліктері.

  6. Махамбет-суырып салма ақпа ақын.

  7. Лирикалық өлеңдеріндегі ақынның өз бейнесінің сомдалуы.

  8. Махамбет өлеңдеріндегі жыраулық, ақындық дәстүр.

5



Тақырыбы:Махамбет туралы жазылған көркем туындылар.

Жоспары:

Өмірі туралы мәлімет.

Ақын шығармаларын жариялау, зерттеу жұмыстары.

Махамбет – қазақ әдебиетіндегі сыншыл, реалистік, романтикалық толғау ақыны.
Бұқарашылдық идеясын айқын танытып, қазақ қауымындағы таптық қайшылықтың шиеленіскен кезін, хан-феодалдар мен еңбекші халық арасындағы кескілескен күресті нағыз шындық тұрғысында жырлап өткен ақын Махамбет еді.Ол-езілген елдің жоғын жоқтап, ар-намысын қорғаған күрескер ақын, Исатай Тайманов бастаған шаруалар қозғалысына бастан-аяқ қатынасқан, сол қозғалыстың ең бір табанды сарбазы, жалынды үгітшісі, өз кезеңінің ірі қоғам қайраткері.

Махамбет Өтемісұлы 1803 жылы, қазіргі Гурьев пен Орал облыстарына қарасты Нарын құмында туған. Махамбеттің шыққан ортасы-шағын шаруа. Бірақ бір ағасы-Бекмұхамбет хан сарайына жақын, Жәңгір ханның сенімді биі болған. Ол жағында болып көтеріліске қарсы күрескен. Ал Махамбеттің басқа ағайындылары көтеріліс жағын жақтап, жау қолынан қаза тапқан. Ер жетіп, ат жалын тартып мінгеннен бастап Махамбет өмірдің жай-жапсарына ой жіберіп, сын көзімен болжай білген озық ойлы албырт жас ретінде көзге түседі. Қалың еңбекші қауымның ортасында өскен ол бұқара халықтың зары мен мұңын жақсы білді, жігіт шағында хан ордасы маңында болып, өзгеше өктем ортаға кездесіп, ондағы сән-салтанат, байлықтың сырын терең түсінді. Байлық пен салтанатқа, сарайдың жалтырауық сыртқы сәніне қызыққан жоқ. Махамбет халық қозғалысы тұсында өсіп, күрес-тартыста шынығып, әдебиет майданына келген өршіл идеяны алып күшті, өрен ақыны болатын.

Махамбет ұл болып туған жастың масаты: ”Ереуіл атқа ер салу, егеулі найза қолға алу, алты малтаны ас қылып, ат үстінде күн көріп, ашаршылық шөл көріп” жүріп, жаудан кек алу, халықтың арын, жерін қорғай білу деп түсінеді. Махамбет XIX ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүріп, сол кезеңнің зор дүбірлі тарихи оқиғасының жалынды жаршысы, насихатшысы болды. Махамбет ел тарыққан заманда одан шығар жолда батыл күрестен тауып, жауына қарсы қол бастаған қамқоршы, әрі батыр, әрі ақын болды.



1925 жылы Халел Досмұхамедұлы жариялаған “Исатай-Махамбет” атты кітаптағы пікірлер бойынша, “Махамбеттің өзі де жас кезінде Жәңгірдің нөкерінде болған екен. Исатай ханға қарсы бола бастағанда – ақ Исатайға еріп кеткен. Махамбеттің өзі әрі батыр, әрі жырау, әрі домбырашы; өте қызулы адам екен...”-делінген.

Сондай-ақ Махамбеттің орысша, мұсылманша сауатты адам болғаны туралы деректі материалдар бар екені мәлім. Олардың бірі тарихшы А.Ф.Рязанов тауып мәлімдеген Махамбеттің 1939 жылғы елде қалған жолдастарына жазған хаты; екіншісі , 1845 жылғы Орынбор шекара комиссиясына баласы Нұрсұлтанды оқуға алуын сұрап, өз қолымен жазып жолдаған арызы.

Махамбет өз кезінің алдыңғы қатарлы, көзі ашық, білімді адамы болған.Хан сарайы айналасында жүрген Махамбет жас кезінен оқуға мүмкіндік алған.

Исатай мен Махамбет бастаған шаруалар қозғалысы туралы соңғы жылдары жаңа деректер табылып, олар баспа бетін көре бастады.Сол деректердің ең ұстамдысы деп біз Никита Савичев (1821-1855) қалдырған еңбекті атамақпыз. Никита Федорович Савичев XIX ғасырдың екінші жартысында Орал қаласында әскеи қызмет атқарған, тарихшы-этнограф, архив ісімен шұғылданушы, сурет өнерімен, жазушылықпен әуес, жан-жақты талапкер адам болған.Исатай мен Махамбет көтерілісі туралы алғаш тарихи шынайы пікір түйіндеген прогресшіл зерттеуші.

Исатай қозғалысын біз бұрын батыр өлген 1838 жылмен аяқтап жүрдік. Ал Савичев материалдары бойынша көтерілістің жалғасы 1842 жылы Аббас Кучиев және Муса Айбулатовтар басшылығымен хан Жәңгірдің қатал жауыздығына қарсы болыпты.Бірақ сәтсіз аяқталған.

Савичевтің мәліметі бойынша, Исатай Тайманов 1838 жылы 12 шілде күні Ақбұлақты оқиға үстінде “өз ерлігінің құрбаны ретінде қаза тапты” деп, Исатай Таймановты ол аққан жұлдызға (метеорға) балайды, “Дауылпаз батыр” санайды.

Н.Савичев Исатайдың серіктері ішінде Махамбетті ерекше еске алады. Ол көп жерде екеуін қатар атап, нағыз пікірлес, мақсаттас, қайтпас қайсар батырлар санайды.”Көтеріліс тәмамдалғаннан соң,-дейді Савичев, -Исатай нөкерінің аман қалған қазақтары Қиылға қарай жол тартты. Бұлардың ішінде Таймановтың бірден-бір жанашыр жолдасы, әрі жолын қуушы шәкірті ретіндегі ақын інісі Махамбет Өтемісов те бар еді”. Исатай қазасынан кейін Махамбеттің жауына берілмей, батыр ісін қайта бастап, көтеріліс туын жықпау жолында жан аямай күресіп, ат арқасынан түспегенін, ақыры қатыгез жаулары оны да құтқармағанына аяныш білдіреді.”Ықылас бастаған Б.Айшуақовтың жендеттері оны 1846 жылы 16 қазан күні (Қаройда) сатқындықпен өлтіреді”,-деп батырдың өлімін де өкінішпен аяқтайды.

Махамбет-суырып салма ақпа ақын. Өлеңдері ауызша тарап келген. Сөйтсе де ақынның кейбір өлеңдері өзінің мазмұны жағынан да, түр өзгешелігі жағынан да бұрынғы ауыз әдебиеті шеңберінен жоғары, жазба әдебиетке біртабан жақын тұр.

Махамбет өлеңдері баспа бетін кейін көрді.Кейбір өлеңдері XX ғасыр басында, Қазан төңкерілісі алдында шыққан қазақ ақындарының жинақтарына енеді. 1908 жылы қазанда басылып шыққан “Мұрат ақынның Ғұмар қажыға айтқаны” деген жинаққа Махамбеттің жүз жолдан астам екі толғауы енген.Бұл басылымдағы өлең “Борайда-борай қар жауса” деп басталады. “Беріш батырының сұлтанға айтқаны” деген атпен қазір бөлек басылып жүрген бірнеше өлеңі осы жинақта біріктіріліп беріледі.Бұлардың Мұрат ақынның айтуы бойынша басылғаны ескертіледі. Жалпы мазмұнында ерекше өзгешелік жоқ... Тек кейбір жолдары ғана қазіргі басылуынан біраз бөлегірек.

Махамбет толғауларының кейбір үзінділері 1910 жылдары Орынборда шыққан “Шайыр” жинағында да басылған.Осы жинақта “Исатайдың әндесі Махамбет жыраудың сөзі” деген атпен ақынның “Ереуіл атқа ер салмай”, “Мен, мен едім, мен едім” толғаулары берілген.

Махамбет өлеңдерінің тиянақты жиналып бастырылуы, оның өмірі мен шщығармашылығын зерттеу революциядан кейін ғана құнттап қолға алынды.Атап айтсақ , Халел Досмұхамбетұлы құрастырған “Исатай, Махамбет” кітабында 1925 жылы, “Аламан” жинақтарында 1926 жылы Ташкентте басылды және осы тұста жарық көрген “Жаңа мектеп” , “Сәуле” журналдарында Махамбет өлеңдері түгелге жақын жарияланып, Исатай көтерілісі туралы мәліметтер, Ғылман ақын поэмасы және басқалары шықты.

1927 жылы шыққан М.Әуезовтің “Әдебиет тарихы” атты еңбегінде Махамбет шығармасына бірінші рет талдау жасалды. Кейінірек, Махамбеттің өмірі мен шығармашылығына М.О.Әуезов, Ә.Қоңыратбаев,И .Жолдыбаевтар оқулықтарында да (1933-1934) біршама орын берілді.

Жазушы С.Мұқанов Махамбет творчествосын өзінің “XVIII-XIX ғ. әдебиет тарихының очеркінде” кең талдады.

1939 жылы Махамбет өлеңдерінің жинағы жеке кітап болып басылды.

Махамбет заман шындығынан бірден-бір дұрыс қорытынды жасай білген реалист ақын болды. Оның шыншылдығын әрбір өлеңінен көреміз. Халық бақыты, ел мүддесі үшін күрескен Махамбеттей жалынды ақын өлеңі өмір шындығынан аулақ болуы мүмкін де емес еді.

Ақын өзі бастаған қозғалысты бастан аяқ жырлау арқылы сол тарихи оқиғаның шындық көрінісін түп-түгел көз алдыңнан өткізеді. Мысалы, өзінің “Соғыс” деген өлеңінде ақын Бекетай құмына ту тіккен көтерілісшілердің дүбірін, алғаш бас қосып, жауға қарсы аттанған сәттерін жырлайды.

Әскер жиып аттандық, Жау қарасы көрінді,

Бекетай еді тұрағым. Жиылған әскер бүлінді.

Айқайлап жауға тигенде, Исатай-басшы,мен-қосшы...

“Ағатай беріш” ұраным...


Махамбет-қазақ әдебиетінде ең бірінші болып хан-сұлтандарға қарсы халық қозғалысын батыл да ашық айтқан ақын. Оларды халыққа жармасқан албасты, аяусыз талап жатқан қасқыр, шағып жатқан қара шұбар жылан, айыр құйрық шаян бейнесінде суреттеді.

Ол Исатайдың ерлік тұлғасын бейнелеп, сол арқылы күреске аттанған барлық халықтың алып күшін көз алдыңа елестетеді.”Мінген ер”,”Тарланым”,”Тайманның ұлы Исатай”,”Біз неткен ер”,”Ұл туса”,”Туған ұлдан не пайда”,”Исатай деген ағам бар”,т.б. өлеңдерінде ақын халықтың ерлік тұлғасын толық таныта алады.

Махамбет өлеңдері жігерлі де асқақ романтикаға толы. Ақын қиялы алыс қияға самғап, өмір өрін кезеді. Оның халықтық беті де айқын. Ол – халық үшін бар өмірін сарп еткен, ел үшін туған ер ақын. Махамбат поэзиясының реализмі оның халықтығымен ұштасып жатады.Оның поэзиясы-нағыз халықтық-реалистік поэзия.

Махамбет-ақындық мақсатын ел мүддесімен ұщтастыра білген азамат ақын.Халық қамы үшін атқа мініп, жауға қарсы өзінің жалынды сөзін жай оғымен қатар жұмсады.Ақынның өжет сөздері батырдың беліндегі ақ семсер , алмас қылыштай қиып түсер өткір қарудан кем емес еді.

Махамбет өлеңдеріне, оның жыр үлгілеріне Шернияз, Мұрат, Ақтан, Базар, Нұрым,Қашаған, Ғылман сияқты ақындар еліктеген , оның творчествосын жақсы біліп, әдеби үлгі алған.

Махамбет поэзиясы-хан сарайы маңындағы озбыршылыққа қарсы жырланды, ол озық идеялы, халықтық күресшіл поэзияның өріс алуына елеулі үлес қосты.Өз кезіндегі және кейінгі дәуірлердегі жазба әдебиетіміздің қалыптаса беруіне мықты ықпал етті, өміршең, реалистік әдебиетті нығайта түсті.

Махамбет поэзиясы XIX ғасыр әдебиеті қорына өзіндік жаңа леп пен тың идея қосқан жаңашылдығымен құнды.

Махамбет поэзиясына тән өжеттік, өрлік, өткір сын әр кезде де кейінгі жастарға үлгі. Ақынның бітім тұлғасы, ісі, сөзі-бәрі ерліктің мәңгі символы деуге боларлық.



Бақылау сұрақтары:

1. Ақын өлеңдерінде Исатай батыр бейнесінің жырлануы.

2. Лирикалық өлеңдеріндегі ақынның өз бейнесінің сомдалуы.

3. Махамбет өлеңдеріндегі жыраулық, ақындық дәстүр.

4. Махамбет – тілге шебер ақын.

5. Махамбет поэзиясына тән өжеттік.



Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмалары

  1. Ақын шығармашылығының негізі-суырып салма ақындық.

  2. Ақынның толғау-термелеріндегі өмір қайшылықтары.

  3. Шернияз – Исатай, Махамбет бастаған халық көтерілісінің жыршысы.

Студенттердің үйде орындайтын тапсырмалары

1. Тест


2. Сұрақ -жауап

6Сабақтан тыс



Тақрыбы:19 ғасырдағы айтыс ақындары.

Сөж тақырыптары.

    1. Ақынның Біржан салмен айтысы.

    2. Сара қазақ әйелінің арманын, мұң шенрін, поэзия тілімен өрнектеген ақын.

    3. Ақын шығармаларындағы көркемдік , бейнелік кестелері.

    4. Әлеуметтік, теңсіздік, заман зары тақырыбындағы лирикалық өлеңдері.

    5. Сараның өмірі , ақындық шығармашылығы.

    6. Біржанның өмірі , ақындық шығармашылығы.

    7. Арнау өлеңдеріндегі лирикалық кейіпкер тағдыры хақындағы зар, мұң және оның әлеуметтік мәні.

    8. Өмірді сүю өлімді мойындау жырлары.

9. Біржан поэзиясы.

10. Біржан халық поэзиясы үлгісін, қара өлең формасын қолданған.

11. Біржан мен Сара айтысының мазмұны.

12. Біржан – ақын, лирик.

7

Тақырыбы:Шортанбай Қанайұлы(1818-1861).

Жоспары:

1.Шортанбай Қанайұлының өмірі мен шығармашылық жолы.

2. Шортанбай- патшалық отарлау саясатын әшерлеуде реалистікпен жырлаған ақын.

3. Ақынның адамгершілік, тәрбие қағидаларын уағыздаған толғаулары.

Шортанбай – XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті тарихынан елеулі орын алатын өзіндік сөз өрнегі бар өнерпаз.

Шортанбай Түркістан жерінде Қаратауды жайлаған шаруа Қанайдың семясында дүниеге келген. Жас шағынан мұсылманша оқып замандастары қатарлы білім алған. Өзі туған топырағында оқып білім алған зерделі жас өнерлі, өнегелі өлке мәдениетін жете игеруге талаптанып, парасатты ақыл иелеріне жақын жүріп, жақсылар қатарына ерте ілескен. Қазақтың әрі астанасы , әрі әулиелік орны ретінде танылған Түркістанның берер тәлімі де, әсері де мол еді. Көкірегі ояу, көркемдікке әуес, сезімтал жас естіген есті сөздерін құлағына құйып, көрген ғажайыптарын ойына орнықтырып, шама-шарқынша ақылға салып, санамен салмақтайды.

Мұсылманшылдық жолындағы оқудың нәтижесі оның қолын ишандық дәрежеге жеткізді. Бұл жолда қызмет атқару үшін Түркістаннан Арқаға, Қарақаралыға қарасты Бесата жайлаған Жамантай төренің мекеніне қоныс аударуға тура келеді. Одан кейін Аюлы-Ақсу бойын қоныстанған Жанғұтты бидің қарамағынан шағын мешіт салдырып, медресе ашады. Ер жетіп, еркінше еңбек етуге бел буған талабы зор, талғамы қалыптасқан Шортанбай жаңа ортаға, өзге өлке жағдайына кезігеді. Адамдары шетінен ділмар, сауыққой, әнші, жыршы, өлеңші келетін. Сонау Қаздауысты Қазыбектің ізін басып жалғасып жатқан билер тобының өнерлерінің өзі қандай?! Бұл өлкеде Ақан мен Біржанның, Мәди мен Ыбырайдың әндерін салмайтын қыз бен жігітті кездестіру де қиын. Тәттімбет пен Қазанғаптың күйлері қандай ойлы, сырлы? Жанақ, Шөже, Орынбай, Кемпірбайлардың ақтарылған ақпа жырлары ше? Ғажап дүние! Не деген байлық? Өмірдің қызығы, мән-мағынасы деген осы емес пе?!

Жас ишан үшін бұл – ерекше өмір болатын. Жігіт жасындағы Шортанбай мешіт ашып, діни жұмыс атқара бастағанмен, оған мүлде беріле алмайды. Жастық шақтың қызығы оны ойын-сауыққа жетелейді. Ел толған төкпе ақындардың айтыстары, жыршы-жыраулардың тамаша толғау, жырлары өнерге әуес, сөзге жүйрік, тілге шешен Шортанбайдың жанына жағады. Енді ел-жұрт Шортанбайды ишан деуден көрі төкпе ақын атап кетеді.

Қазақтың бір өлкесі бір Шортанбайды тақуа ишан етіп тәрбиелесе, екінші өлкесі оны тамаша ақын етіп шығарды. Асылы, адамды – жасаған ортасы тәрбиелейді, - дейтін қағида дұрыс. Оған Шортанбайдың өсу, жетілу жолы бірден-бір куә.

Шортанбай - өз заманының жалынды ақыны, ақылгөй шешен жырауы. Өзі өмір кешкен замана шындығын барлық көрінісімен айқын да дәл бейнелеп, әлеуметтік маңызы зор шығармалар жазды. Шортанбай шығармашылығы XIX ғасырдағы қазақ өмірінің айнасы, әсіресе, кедей-кепшік, момын шаруаларының тұрмыс тіршілігінің шынайы куәгері.

Шортанбай ақындығының дәуірлеген тұсы қазақ елі дағдарысқа душар болған аса ауыр кезең болатын. Ең алдымен, туған ел Россия патшалығына отар, тәуелді, бұратана өлке боп, өзінің иелігімен мүлде айрылған-ды. Отаршылар өктемдігі күн санап өршіп, ел еңсесін зар мен шерге толы мұң басты. Қазақ ең әуелі ел билігінен айрылды, одан соң жер-су, қоныс қысымына ұшырады. Мал-жан есепке алынып, оған да қауіп – қатер көбейді. Халық басына ауыр күн туды. XIX ғасырдағы тарихи ұлттық қозғалыстардың қандай қасіреттерге ұшырағаны мәлім. Исатай мен Махамбет, Кенесары мен Наурызбай, Есет пен Бекет, Жанқожа мен Құлбарақ, Науша мен Сүйінқара, Саурық пен Сұраншы, т.б. батырлардың қанжығалары қандады. Жоңғар шапқыншыларынан жадап-жүдеп, бірлігі мен тірлігін қалыптастыра алмай, ыдырап жатқан әлсіз өлкені патша өз қарамағына оп-оңай көндірмек болған еді.

Тап осындай әлеуметтік жағдайда өмір сүрген жазушының халқына берер кеңесі қандай болуға тиіс еді және оны Шортанбай дұрыс танып, тап басты, еліне-жұртына қамқор болады. Шортанбай - өз заманының шындығын ақтара ашып, оған өткір сын айта білген көреген суреткер. Бізге жеткен шығармаларының жалпы сарыны бұған толық куә бола алады.

Шортанбайдың шығармалары өткен ғасырдың соңғы ширегіне кейбір жинақтарда баспа бетін көре бастады. 1882 жылдардан бастап, өлең, толғаулары жинақталып, бөлек кітап көлемінде жарық көреді. Көрсетілген жинақтарға ақынның «Тар заман», «Опасыз жалған», «Байды құдай атқаны», «Атамыз Адам пайғамбар», «Өсиет-насихат сөздер», «Айттым сәлем», «Асан қожаға», т.б. енген. Қазан қаласының өзінен Шортанбай шығармалары әр түрлі атпен жарық көріп жатты. Оның шығармаларын, әсіресе, патша отаршылығына қарсы қауым, ұлттық тәуелсіздікті жақтаушылар, мұсылманшылықтың сойылшылары құшағын жая қарсы алды. Шортанбай кітаптарының негізгі сарыны олардың көкейіне бірден ұялады. Қаналып, тоналып, қорлық көріп жатқан басқа тәуелсіз халықтар да Шортанбай шығармаларына құлақтарын түрді. Өздерінің ойынан шыққан ақын сөздері жатталып, елге жайыла түсті.

Шортанбай шығармалары жиі-жиі қайталанып, баспа бетін көргенімен, жалпы көлемі көп емес. С. Мұқановтың есебі бойынша, бар болғаны 1500 жолдай.

Шортанбай шығармаларының лейтмотиві – заман, қоғам, халық тұрмысы, ел өмірі, жер, қоныс қысымы, отаршылар мен жергілікті әкімдердің озбырлығы, жаңа қарым-қатынастан туындаған тонаудың жаңа түрлері, сатқын ел билеушілер, бұзақы топтар, т.б.

Ең алдымен, Шортанбай - өз дәуірінің шынайы сыншысы. Қазақ қоғамын билеп төстеушілерге, отаршылар билеген заманның бет алысына наразы ақын. Ақынның бағалауынша, ол жасаған заман бұзылған, зарлы-шерлі тар заман

Мынау заман қай заман –

Азусызға тар заман.

Азулыға бар заман... –

Шортанбай өз тұстастарын оларда иман жоқ, ұятсыз, арсыздар, құдайға да күнәкерлер деп сынайды. Патша үкіметіне берілген қазақтың опасыз би-болыстарын, елубасы старшындарын, дүниеқоңыз қайырсыз байларын, ақшаның құлы жылпостарды өткір сөзімен түйрейді.

Елді қанаушылардың жаңа тобының ақшалы байлар, алыпсатар, саудагерлер екенін ақын айқын суреттейді, оларды нағыз ел ырысын еміп, сездірмей сорып жатқан араны толмас алпауыттар деп бейнелейді. Ақшаға байланысты елдегі қайғы-қасіреттің де шынайы суреті жасалады.

Арам арсыз жан шықты, Мініп көрер күші жоқ,

Қайыры жоқ бай шықты. Ақша деген мал шықты

Сауып ішер сүті жоқ,

Шортанбай туралы пікір айтқан кейбір зерттеушілер оны өмірден түңілген жігерсіз, қайғы мен зардың ақыны деп келді. Жоғарыда келтірілген өлең жолдары ақынның бойындағы басым күш – түңілу емес, жігерлілік, үмітсіздік емес, батыл күреске үндеу, оптимистік, патриоттық сезім екенін көрсетеді. Шортанбай жасаған заманда бұдан артық елі мен халқының қамы үшін адал қызмет көрсету екіталай. Біздіңше, халқының тағдырын ойлаған ақынның жарғақ құлағы жастыққа тиген жоқ. Ел-жұртының қасіретін арқалап, бойындағы бар күшін сол үшін сарп етті. Сол тұстағы қоғамның жай-жапсарына қарай әрекет етіп, жатпай-тұрмай халқын үгіттеп, ілгері жетеледі.

Ақынның түсінігі бойынша адам ең алдымен өзінің үй іші, бала-шағасы қамын қарастырмақ. Сол үшін ол кәсіп етеді, мал өсіреді, дала кезеді. Ұрпағын адалдыққа тәрбиелейді:

Елін, жерін аман боп, ұрпағың халал (адал) өссе, ол азамат үшін ғанибет, үлкен жақсылық. Ол үшін жағдай, құнарлы өлке, төзімді орта, ел-жұрт тыныштығы, береке-бірлігі қажет-ақ. Қазақтың бұрын-соңды ел боп, жауларын бетіне қаратпай, тәуелсіздігін сақтап келгені де осыдан еді, - дейді.

Шортанбайдың шығармаларының негізгі арқауы деп, оның жырларының ақылгөй, өсиетшіл келетінін айтқан жөн. Адамгершіл ақыл айтып, халықты түзу жолға салуды өзінің зор мақсаты санағандықтан болу керек. Ақын әр тұста терең толғап, өрнекті де, өнерлі сөз термелейді. Ақылдар айтады, нақылдар қалдырады. Шортанбайдың өлерде айтып кеткен өсиет сөздері де бар. Ол өсиеттерін қалың қазаққа, оның басшы адамдарына, ұл-қызына, кәрі-жасына арнайды. Өз атынан барлық қауымға сәлем жолдап, бақұлдасқандай болады. Бір мысал:

Сәлем айттым бәріне Бауырлас туған ініме,

Қызмет етіп жүріңдер Жұрт тамаша болушы еді,

Басшы, біткен кәріңе... Жалғыз ауыз сөзіме,

Дүние ыстық көрінді,

Құрғыр менің көзіме...

Ақын 1881 жылы қазіргі Қарағанды мен Жезқазған облыстарына қарасты Шет ауданы жерінде қайтыс болды. Ол - өлерде үстіне ескерткіш орнатпауды, үлкен ас бермеуді тапсырып, оған шыққан шығындарды елдегі жоқ-жітік, кемтарларға үлестіруді өсиет еткен. Ақын көз жұмғалы ғасырдан астам уақыт өтсе де, оны халық қастерлеп, шығармаларын жадында ұстап, қымбат мұра ретінде қадірлеп келеді.
Бақылау сұрақтары:


  1. Шортанбайдың шығармаларының негізгі арқауы.

  2. Шортанбай шығармаларының лейтмотиві.

  3. Шортанбай - өз заманының жалынды ақыны.

  4. Шортанбайдың шығармалары жинақтарда баспа бетін көруі.

5. Шортанбай – XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті тарихынан елеулі орын алыуы.

Ст уденттердің үйде орындайтын тапсырмалары

  1. Шортанбайдың шығармалары.

  2. Шортанбайдың шығармаларының негізгі арқауы.

  3. Шортанбай шығармаларындағы адам мәселесі.

Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмалары

1. Тест


2. Сұрақ -жауап


ЕКІНШІ АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ





Тақырыптар

Апталар

реті

Ұпайлар

Бақылау

түрі


1

Àºàí ñåði ²îðàìñà½ëû

1 апта

2



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет