Білім мазмұнын анықтайтын қҰжаттар топ: мт-19-1 Жоспар: стандарт туралы ұҒЫМ



бет4/6
Дата08.02.2022
өлшемі244,58 Kb.
#121712
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Педогогика слайд 1 (1)
ДМ-18-1 емтихан, ДМ-18-1 емтихан

3. Оқу бағдарламасы

  • Оқу бағдарламалары оқу жоспарының негізінде жасалады. Жалпы білім беретін мектептегі оқу пәнінің бағдарламасы – оқушылар меңгеруі тиіс негізгі білім, іскерлік, дағдылардың көлемі белгіленген мемлекеттік құжат. Бағдарламанық түрлері: типтік, жұмыс, авторлық оқу.

БАҒДАРЛАМАНЫҢ
ТҮРЛЕРІ
ТИПТІК
ЖҰМЫС
АВТОРЛЫҚ
  • Типтік оқу бағдарламалары мемлекеттік білімдік стандарт талаптарына сай жасалып, оны Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекітеді.
  • Жұмыс істеуге керекті бағдарламалар типтік бағдарламаға сүйеніп, аймақтық ерекшелігі, әдістемелік, ақпараттық құралдар, оқушылардың дайындық деңгейлерін ескеріп құрастырылады.
  • Авторлық оқу бағдарламалары мемлекеттік стандарт талаптарын ескеріп жасалады. Қандай да бір пәнді оқу үшін бағдарлама авторы өз тұжырымдамасын ұсынады. Авторлық бағдарламанық сол пән саласында еңбек етіп жатқан ғалымдардан, педагогтардан, психологтардан, әдіскерлерден алған сын-пікірі болу керек. Сонда ғана бағдарламаны мектептің педагогикалық кеңесі бекітеді. Авторлық оқу бағдарламалары көбіне оқушылардың таңдауы бойынша жүретін курстар, факультативтер үшін жасалады.

Оқушыларды білім, іскерлік, дағдылармен қаруландырумен қатар, оқу бағдарламасының өте маңызды екі қызметі бар:
1. Тәрбиелік: пәндік бағдарламалардың бір-бірімен байланысы, біріктірілген бағдарламалар дүние туралы барлық ғылыми білімдерді зерделеуге, баланың болмыс құбылыстары туралы көзқарасының қалыптасуына көмектеседі.
2. Ұйымдастырушылық: мұғалімнің жұмысын ұйымдастырып, оған әдістемелік көмек беруі. Жалпы орта білім жүйесінде негізгі оқу іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Сондықтан жаңа оқу бағдарламаларына әрбір пән қалыптастыруға тиісті білім, біліктілік, дағдылар енгізілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет