Білім саласы:Әлеуметтік орта Бөлім: Экология негіздері Тақырыбы



бет1/3
Дата24.05.2017
өлшемі492,23 Kb.
#17023
  1   2   3
Мектепке дейінгі мекеме МҚКК «№ 120 сәбилер бақшасы»

Аты-жөні, тегі: Валиева Әлия Талғатқызы

Қызметі: Тәрбиеші

Еңбек өтілі: 4 жыл

Санаты: 2

Тақырып: Табиғат бұрышындағы бөлме өсімдіктері

Топ: Ересек
Білім саласы:Әлеуметтік орта

Бөлім:Экология негіздері

Тақырыбы:Табиғат бұрышындағы бөлме өсімдіктері

Мақсаты: Табиғат бұрышындағы бөлме өсімдіктері туралы түсінік беру. Өсіру жолдары жөнінде балаларға білім беру. Өсімдіктердің келтіретін пайдасы және олардың қорғау жөніндегі білімдерін кеңейту. Табиғат бұрышындағы өсімдіктерді күтіп өсіруге, оларға қамқорлық жасауға баулу.

Көрнекіліктер: Алдын ала топырақ салып дайындаған гүл отырғызатын ыдыстар, кішкене күрекшелер, таяқшалар, суы бар ыдыс, шүбіректер және өсімдіктердің бұтақтар.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, көрнектілік, түсіндіру.

Биллигвалдық компонент: гүл-flоwer

Іс-әрекет кезендері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық.

Қозғаушылық.

Жылулық шеңберін ұйымдастыру. Қолдарындағы әдемі гүл ойыншықты бір-біріне беріп тұрып, тілектерін айтады.

Жылы сөздер айту арқылы тілектерін білдіреді.

Ұйымдастыру.

Ізденістер.

-Біздің топта қандай өсімдіктер бар?
-Бөлме өсімдіктері өсу үшін не керек?

-Бөлме өсімдіктерін қалай күтеміз?


Балалар, бөлме өсімдіктері екі топқа бөлінеді олар: күн саулесін жақсы көретін бұл өсімдіктердің жапырақтары ашық түсті, күн саулесі жақсы түсетін жерде жақсы өседі олар:колеус, герань, хлорофитум, балзамин. Көленкеге төзімді бұл өсімдіктердің жапырақтары қалын, күн саулесі аз түсетін, көленке жерде жақсы өседі олар:Трандесканция, папоротник, бегония, кливия.

Дидактикалық ойын: «Күн, бұлт»

Мақсаты:өсімдіктерді ажырату дағдыланады.
Белгілер арқылы балалар екі орталықа бөлінеді.

1-ші орталық «Зерттеу» табиғат бұрышында зертеу жұмыстарын жүргізеді.

2-ші орталық «Шығармашылық»

Жырту әдісі арқылы алоэ өсімдігін суретің бейнелеу.

Өсімдік мүшелерімен танысамыз. Өсімдіктің жер астындағы мүшесі не балалар?

-Тамыр арқылы өсімдіктер топырақтан өсу үшін көректі заттар алады. Тамырдың жалғасы сабақ. Сабақ арқылы су, көректі заттар жапыраққа, гүлге барады. Сабақта жапырақтар орналасқан. Күн саулесі жапыраққа түседі, жарық арқылы өсімдіктер тыныс алады.

Гүл арқылы өсімдіктер көбиеді, тұқым таратады.

Бөлме өсімдіктерің қалай күтіп өсіреміз?Қалай суару керек?Топырақты тексеру керек.Құмды таяқшамен созу, егер құм құрғақ болса дыбыс қаты шығады, ал дыбыс ақырын шықса топырақ ылғалды. Су бөлме температурасы болу керек. Суды алдын ала тыңдыру керек.

Қопсыту- бөлме өсімдіктердің тамырлары тыныс алу үшін істелінеді.

Бүркеу-бөлме өсімдіктердің төменгі жағын жауып, тамырды зақымдамау үшін.

Алоэ өсімдігі туралы түсінік беру.

Алоэ-асфоделдер тұқымдасына жатады. Туысында 350-ге жуық түрі бар. Африканың тропикалық аймақтары мен Мадагаскар аралында таралған. Отанында бұл өсімдік жылда гүлдейді. Ал Қазақстанда бөлме гүлі ретінде өсірілетіндіктен, үй жағдайында өте сирек гүлдейді. Жүзжылдық деп аталуы, жүзжылда бір гүлдейді дегеннен шыққан. Күтімі өте жеңіл. Жапырақтары шырынында бактерицидтік қасиеті өте жоғары болғандықтан, медицинада үлкен қолданыста. Басқа өсімдіктерге қарағанда фитонцидтерді көп бөледі. Фитонцидтер-ауадағы бактерияларды жояды. Жарық сүйгіш. Жазда жиі, қыста сирек суарады. Қалемше арқылы көбейтіледі.

Алоэ қалемшесін отырғызу.

Айналым жасау



-Бөлме өсімдіктер. Себебі олар бөлмеде өседі.

-Топырақ, жарық, жылу және су.

-Суарамыз, қопсытамыз, шан сүртеміз.

Тыңдайды.

Гүлдерге белгілерді қояды күн саулесін жақсы көретін гүлдерге «күн» белгісін, көленкеге төзімді өсімдіктерге «бұлт» белгісі.

-Тамыр.


Балалар іс-жүзінде жасайды. Суды гүлдің түбіне қимаймыз, ыдыстын жиегіне қиямыз. Гүлдерді суару.

Гүлдердің түбін қопсытады.

Алоэ қалемшесін тәрбиешінің көмегімен ыдысқа отырғызу.


Рефлексивтік-түзетушілік

Дидактикалық ойын: «Гүл құрастыр» Мақсаты: алған білімдерін тексеру.

1.Тамыр дегеніміз не?

2.Қандай бөлме өсімдіктерін білесін?

3.Бөлме өсімдіктердің қандай пайдасы бар?

4.Алоэ туралы не білесін?

5.Өсімдіктерді қалай күту керек?



Сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:Табиғат бұрышындағы өсімдіктерді күтіп-баптау.

Білуі тиіс: өсімдіктерге қамқорлық жасау.

Түсінігі:өсімдіктердің пайдасы.

Көрсете білуі:сабақ барысында тапсырмаларды орындай білуі.






Каталог: files -> caf
caf -> Сабақтың тақырыбы: Қазақфильм киностудиясы. Сабақтың мақсаты: Білімділік: а кино өнері туралы мәлімет беру
caf -> Сабақтың тақырыбы:
caf -> Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин әңгімелері «Әке мен бала», «Жаман жолдас» Сабақтың мақсаты
caf -> Сабақтың тақырыбы С. Торайғыров «Шілде» өлеңі Сілтеме
caf -> Мақсаты: Балаларды шығарманы мазмұндауға үйрету. Міндеттері
caf -> «Көңілді қыс» Возрастная группа дайындық топ Білім беру бөлімінің №1 сәбилер бақшасы Мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорын Ашық сабақ Тақырыбы: «Көңілді қыс» Дайындық
caf -> Тақырыбы: «Қысқы орманға саяхат»
caf -> Сабақтың барысы. Тәрбиешінің алдында үстел үстінде телефон тұр, біреу қоңырау шалады. Балалар тәрбиешінің қарама- қарсы отырады
caf -> Бөлімі: Тіл дамыту Тақырыбы: «Қыстайтын құстар» Мақсаты: Білімділік


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет