«bilimnur» баспа редакциясы «ЖАҢартылған білімге – жаңашыл ұстаз»


Математикалық сауаттылықты енгізудегі негізгі мақсат



Pdf көрінісі
бет23/30
Дата23.01.2020
өлшемі10,09 Mb.
#56375
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   30
Байланысты:
forum toptama2020 (1)


Математикалық сауаттылықты енгізудегі негізгі мақсат:
Оқушылардың  математикалық   сауаттылығын  нығайту  арқылы  құзіреттілік  деңгейлерін  көтеру  және 
танымдық-шығармашылық қабілеттерін арттыру, яғни мәтінді есептер шығару, сандық салыстыруға арналған 
тапсырмалар орындау арқылы  оқушылардың математикалық іс-әрекетке қабілеттерін нығайту, есептер шығару 
арқылы   оқушылардың   өмірлік   тәжірибелерін   байыту,   алған   білімдерін   өмірде   тиімді   пайдалану,   логикалық 
ойлау   қабілеттерін   дамыту.   Оқушылардың   функционалдық   математикалық   сауаттылығын   қалыптастыра 
отырып, логикалық тапсырмаларды өз бетімен шығара алатын қабілеттерін қалыптастыру қажет.
Математикалық   сауаттылық   функционалдық   сауаттылықтың   бір   бөлігі   болып   табылады.  Тұңғыш 
Президентіміз   Н.Назарбаев   Қазақстан   халқына   Жолдауында   мектеп   оқушыларының   функционалдық 
сауаттылығын дамыту бойынша бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойған еді. 
Оқушылардың   функционалдық   сауаттылығын   дамытудың   жалпы   бағдары   ҚР   білім   беруді   дамытудың 
Мемлекеттік Бағдарламасында және ұлттық жоспарында анық көрсетілген. Ондағы басты мақсат – жалпы білім 
беретін мектептерде зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматты қалыптастыру, оның әлемде 
әлеуметтік   бейімделуін   қамтамасыз   ететін   білім   алудағы   қажеттіліктерін   қанағаттандыру   .   Бұл   үлкен 
жауапкершілік   артатын   үлкен   мақсат.   Оны   шешу   үшін   ең   алдымен   оқыту   мазмұны   жаңартылып,   ол   әрбір 
оқушының   жеке   басының   қасиеттері   мен   қабілеттерін   дамытып,   шығармашылығын   ұштайтындай   болып 
ұйымдастыруды   қажет   етеді.   Ұлттық   жоспарда   Қазақстан   мектеп   оқушыларының   функционалдық 
157

сауаттылығын дамыту тетіктері айқындалды. Ұлттық жоспарды орындаудың нәтижесінде қазақстандық мектеп 
оқушыларының     функционалдық сауаттылығын дамыту үшін білім беру мазмұнын жаңарту, оқу-әдістемелік 
қамтамасыз   ету,   мектеп   оқушыларының   білім   сапасын   бағалау   және   оған   мониторинг   жүйесінің   жасалуы, 
материалдық-техникалық базаның жақсартылуы сияқты жағдайлар жасалды.
Ендеше, бүгінгі күні ұстаз алдындағы басты міндет – оқушылардың шығармашылығын, ізденушілігін дамытып, 
әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімін, білімге ынтасын арттыру. Ол үшін 
мұғалім   білім   алушының   бойына   алған   білімін   практикалық   жағдайда   тиімді   және   әлеуметтік   бейімделу 
үдерісінде пайдалана алатындай негізгі қабілеттіліктерді сіңіруі керек. 
Математикалық сауаттылық деген ұғымға оқушылардың келесі қабілеттіліктері жатады:

қоршаған ортада пайда болатын, математика арқылы шешуге болатын мәселелерді тани білу

бұл мәселелерді математика тілінде құрастыру;

бұл мәселелерді математикалық айғақтар мен әдістерді қолдана отырып шешу;

есеп шешуде қолданылған әдістерді талдау

қойылған мәселелерді ескере отырып, нәтижелерді түсіндіру;

шешімдердің нәтижелерін құрастырып жазу
Математика пәнінің басты мақсаты – оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, яғни математикалық 
сауаттылығын дамыту деген сөз. Логикалық ойлау қабілетін арттыруда есептің атқаратын ролі зор. Себебі, есеп 
шығару – мидың «гимнастикасы». Математика сабағы басқа пәндердің сабақтарынан күрделі, оны түсіну үшін 
ерінбей еңбек етіп, төзімді болып, талмай оқу қажет. Ал бұл көп оқушының шамасы келе беретін қасиет емес. 
Сондықтан әр мұғалім оқушының қызығушылығын арттырып, сабақты түрлендіре жүргізсе жақсы нәтижеге 
қол жеткізуге болады. Оқыту үдерісіндегі басты мақсат – оқушыға дайын білімді беру ғана емес, оларды дербес 
ойлауға   да   үйрету.   Мұғалім   оқушыларға   олардың   математикалық   білімдерінің   сабақтас   оқу   пәндеріндегі, 
практикадағы   қолданбалылығын   әрдайым   көрсетіп   отыруы   керек.   Мұғалім   оқушыларды   есептеуге 
жаттықтырғанмен, көптеген дербес жағдайларды негізінен жалпысын көру біліктілігін жаттықтырғаны керек. 
Мұғалім  жаңа  математикалық   ұғымдарды  енгізу барысында  олардың  өмірдегі,  басқа  пәндердегі   қолдануын 
көрсетіп отыруы қажет. Оқушылар іс жүзінде кездесетін есептерді шеше білулері тиіс, ал мұғалім ол үшін осы 
заманғы   ғылыми   білімді   математикаландыру   жетістіктерін   сабақта   пайдаланып   отыру   керек.   Себебі 
математикада   оқытылатын   теңдеулер,   теңсіздіктер,   олардың   жүйелері,   функциялар   әртүрлі   процестердің 
математикалық   моделі   болып   табылатыны   анық.   Сонымен   қатар   модель   жасауда   әртүрлі   математикалық 
объектілер: сандық таблицалар, әріпті формулалар, қатарлар, геометриялық фигуралар, әртүрлі схемалар, Венн 
диаграммалары, графтар және т.б. қолданылады. Мектепте мазмұнды есептің шарты бойынша құрылған теңдеу 
әдетте оның алгебралық моделі болып табылады. Геометриялық есептегі фигураның берілген және белгісіз 
мәндеріне сүйеніп салынған суреті, геометриялық моделі болып табылады.
   Американдық  педагог-математик Д.Пойа былай  деген  екен: «Математиканы білу деген не? Бұл есептерді 
шығара   білу,   онда   стандарттық   есептерді   ғана   емес,   ойлаудың   еркіндігін,   сананың   сауаттылығын,   өзіндік 
болмысты, тапқырлықты керек ететін есептерді шығару». Әрбір есептің өзіндік әдістемелік мақсаты да бар. 
Есеп шығарғанда, оны шығармашылықпен шешуге, шешімінен тиісті қорытынды жасай білуге тырысу қажет».
Қорытынды:  Оқушылардың математикалық сауаттылығының қалыптасуы «математикалық құзыреттiлiктiң» 
даму деңгейлерімен сипатталады, яғни   білу, қолдану және ойлау Математикалық құзыреттілік – нәтижелерді 
түсіндіру, талдау және түрлендіру, математикалық модель құрастыру, қатынастарды анықтау, шынайы өмірде 
пайда болған мәселелерді шешу үшін математиканы дәлме-дәл қолдану қабілеттілігі.
Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар: 
-алған білімдері мен біліктерін  күнделікті өмірде тиімді қолдану;
-қажеттілігіне   қарай   анықтамалық   материалдарды   және   қарапайым   есептеуіш   құралдарды   пайдаланып, 
формулалар бойынша тәжірибелік есептеулер жүргізу;
- ең қарапайым математикалық моделдерді құрастыру және зерттеу;
-нақты   байланыстарды   функцияның   көмегімен   суреттеу   және   зерттеу,   оларды   график   түрінде   беру;   нақты 
үдерістердің графиктерін түсіндіру;
- геометриялық, физикалық, экономикалық және т.б. мазмұнды қолданбалы есептерді шешу;
- диаграмма, графиктер, статистикалық сипаттағы ақпараттарды, мәліметтерді танып білу, 
-   оқып   игерілген   формулалар   мен   фигуралардың   қасиеттері   негізінде   қарапайым   тәжірибелік   жағдайларды 
зерттеу (моделдеу);
- шынайы объектілердің ұзындықтарын, аудандарын және көлемдерін есептеу.
Біздің заманымыз ғылым мен техниканың ғарыштап дамыған кезеңі, біз ұстаздар сол заманмен бірдей қадам 
басуға   міндеттіміз,   себебі   біз   адам   тағдырына,   бала   тағдырына   жауаптымыз.   Сондықтан   оқушылардың 
функционалдық математикалық сауаттылығын арттыру үшін мынадай жұмыстар жүргізуіміз керек:
1)   Сабақ   берудің  жаңа   технологиясы  негізінде  құрастырылған  осы   бағдарламаның  әр   бөлімі,  әр   тақырыбы 
бойынша “білу-түсіну-қолдану-тұжырымдау” деңгейлік тапсырмаларымен жүйелі жұмыс жасауды күшейту;
2)   Сабақта   практикалық   мазмұнды   есептерді,   әртүрлі   форматтағы   тест   тапсырмаларын,   стандартты   емес 
жағдайларда білімді қолдануға арналған қызықты есептер шығарту;
Математика пәні сабақтарында, таңдау курстарында алған білімдерін өмірмен ұштастыруға, логикалық есептер 
158

шығаруға,   оны   практикада   қолдануға   үйрету   керекпіз   деп   ойлаймын.  Өз   іс-тәжірибеме   тоқталсам,  сабақ 
басталар   алдында   міндетті   түрде   оқушылардың   қызығушылығын   ояту   үшін     ауызша   логикалық   есептер 
ұсынамын. Бұл тәжірибемді әсіресе жас мұғалімдер әрі қарай қолданса  деймін.
Мысалы: 1)  Мұраттың 7, Мақсаттың 8 алмасы бар, ал Асанның алмасы жоқ. Алмаларды үшеуі бес бестен 
теңдей қылып бөліп жейді. Кейін Асан үйінен 30 жаңғақ алып келеді. Мұрат пен Мақсатқа берген алмаларының  
мөлшеріне тең келетіндей етіп бөлістіріп береді. Екеуіне қанша қаншадан түседі?      
 Жауабы:   Мұратқа 12 жаңғақ, Мақсатқа 18 жаңғақ 
2-мысал:  Барлық жылқының үштен бірі және екеуі бөлініп алынды. Бұдан соң қалған жылқының жартысы 
айдалып кетті. Сонда өрісте 9 жылқы қалды. Басында неше жылқы болды?          Жауабы:  30 жылқы
3-мысал:  Атасы немерелеріне сақтап қойған асығын бергісі келді.Оларға жетеуден берсе, асықтың екеуі артық 
қалады. Ал сегізден берсе, асықтың біреуі жетпей қалады. Атаның неше немересі бар? Асығы нешеу?            
Жауабы:  23 асық, 3 немере
4-есеп: Торда 12 құс отыр. Оның 11-нен басқасы ұшып кетті? Торда қанша құс қалды?    Жауабы:  12 құс    
(Тордан ұша алмайды)
Жұптық жұмыс жасатамын: мұнда мәтін есептер шығаруға болады. 
1) Әкесі 34 жаста, баласы 11 жаста. Неше жылдан кейін әкесінің жасы баласының жасынан 2 есе артық болады? 
Теңдеу арқылы шеш.
Шешуі:  34+х=2(11+х) ;  34+x=22+2x  ;  -2x+x=22-34 ;  -1x=-12 ;   x=12
2) Үш тауық үш күнде үш жұмыртқа табады. Он екі тауық он екі күнде неше жұмыртқа табады?
Шешуі: Үш тауық 3 күнде 3 жұмыртқа тапса, онда 3 тауық 12 күнде 4 есе артық жұмыртқа табады, ал 12 күнде 
тағы да 4 есе, яғни 48 жұмыртқа табады. Есепті кесте көмегімен шешуге де болады:
Тауықтар саны
Күндер саны
Жұмыртқа саны
3
3
3
3
12
3 * 4=12
12
12
12 * 4=48
3) Қосындыcын тап: 5+10+15+20+25+...+100
Шешуі:  Гаусс   әдісін   қолданғанда   қосындының   мәні   105   болатын   сандардың   10   жұбы   пайда   болады. 
5+10+15+20+25+...+100=(5+100)+(10+95)+(15+90)+...+ (50+55)=105*10 =1050 
Оқушылар бір-біріне есептің шығару жолын түсіндіреді, өз білімдерін сынайды, рефлексия жасайды. 
Қосымша тапсырмалар үлгілерін ұсынамын:
І. Белгілі бір заңдылық бойынша жазылған сандарды табу.
1-мысал. 200; 100; 300; 75...  келесі санлы табыңыз.
Шешуі: Алғашқы екі санды қоссақ үшінші сан шығады, ал үшінші мен төртінші санды қоссақ біз іздеген сан  
шығады, сонда   300+75=375
2-мысал. Шеңбер ішіндегі сандар белгілі бір заңдылықпен орналасқан. Сұрақ белгісінің орнына сәйкес келетін 
санды табыңыз.
 Шешуі: Берілген шеңбердегі заңдылық мынадай:   2+3-1=4, 3+4-1=6, 6+9-1=14     22+14-1=35 
ІІ. Цифрлар және сандар туралы есептерді шешу.
1-мысал:  200-ден 401-ге дейінгі натурал сандар арасында толық квадрат бола алатын қанша сан бар екенін 
анықтаңыз
Шешуі:                      Жауабы: 6
2-мысал: Кітаптың беттерін нөмірлеу үшін 2322 цифр қолданылды. Нөмірлеу 1-ден басталса кітапта қанша бет 
болғанын анықтаңыз.
Шешуі: Берілген цифрлардың алғашқы 1-ден 9-ға дейінгі цифрлары 9 бет, ал 10-нан 99-ға дейінгі цифрлары 90 
бет, 100-ден 2322-ге дейінгі цифрлары  бет құрады. Мынадай теңдеу құрамыз:     9+180+3=2322      =711 
Сонда, 9+90+711=810 бет
Жауабы: 810 бет
3-мысал:  саны қандай цифрмен аяқталады?
Шешуі:  екендігі белгілі. 7-ні дәрежелегенде сандардың соңғы цифрлары 7, 9, 3, 1, 7... заңдылығы бойынша 
құралады. Сонда 4 саннан кейін қайталанады: 100  ,   =1 цифрымен аяқталады.      Жауабы: 1
         Қолданылған әдебиеттер:

Бекболат Қ., Сердалы А Математикалық сауаттылық. Астана, 2017 ж.

Түсіпжан Қ. Математикалық сауаттылық ҰБТ-ға дайындық материалы. Астана 2017 ж

Рамазан Б., Базаров Е. Логикалық сұрақтар. Алматы, 2015

Рамазан Б. Логикалық сұрақтар. Шың. Алматы, 2012

Берікұлы А. Математика логика. Астана,2015 г.

 Мусабеков Е., Абдиев А. Математика логика. Тест жинағы. Достық. Алматы,2015

Ахметов Ғ., Ильясов М. Математикадан олимпиадалық есептер жинағы. 
* * * * * * * * *
159

БЕРЕКЕЛІ АЛТЫН КҮЗ 
Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Төлеп ауылы "Ә.Махутов атындағы 
мектеп-балабақша кешені" КММ тәрбиешісі Еділова Ғайша Кушербаевна 
         Жүргізуші: Сары жібек көйлегін желбіретіп 
                  Жапырағын ағаштың селдіретіп, 
                  Тойға бөлеп елімді күзім келді 
                  Нұр тамшысын аспанның мөлдіретіп. 
Бүгінгі  «Құлыншақ» тобы дайындаған   «Берекелі алтын күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер. 
Мінеки алуан түрлі жапырақтармен айналаны сары алтынға бөлеп күз де келді. 
Ел байлығын арттырған мерекелі де,берекелі күз мереесі құтты болсын! 
Құттықтау сөз кезегін балабақша әдіскері: Ертүгелова Зухраға береміз. 
Топ бүлдіршіндерін музыка әуенімен ортаға шақыру. 
Хор: «Алтын күз» 
Балалар тақпақтары: 
Біреу астық түсіріп, 
Біреу астық ұшырып               Болат Айназ 
Жатқан мезгіл күз екен 
Алдым соны түсініп 
Қыстың жақын қалғанын 
Жапырқтар білгендей 
Желмен ұшып барады              Әмина 
Жерге қонып үлгермей. 
 Алқаптан бидайды 
Қоймаға жинайды.                  Жаннұр 
Тырнасы тізілген 
Ұнатам күзді мен. 
   Күздің қазан айында 
   Алма, алмұрт піседі 
   Жапырақтар сарғайып         Бексұлтан 
   Желмен бірге түседі. 
Біз кішкентай балдырған 
Қорықпаймыз жаңбырдан       Ясмина 
Төбемізде қолшатыр 
Алдымызда жол жатыр. 
     Сары ала тон жамылған 
    Күз атамыз секілді 
    Қойны толған дәмді нан        Альберт 
    Тәттісі көп не түрлі. 
Берекесін сыйлауға 
Өлкемізге күз келді 
Жемістерін жинауға                   Досымжан 
Шақырады біздерді 
     Күзім, күзім, күзім ау 
    Мінезің бұзық ау 
    Жаңбырың сіркіреп,             Айжұлдыз 
    Келгенің қызық ау. 
Жүргізуші: Балалар бізге сонау алыстан «Күз ханшайымы»келіпті. 
Қошеметпен ханшайымды қарсы алайық. 
-Сәлеметсіңбе «Күз ханшайымы». 
Күз ханшайымының қолында достарына арналған хаты бар екен.Хатта былай жазылыпты: «Менің 
тапсырмаларымды орындасаңдар, мерекені сендермен бірге өткіземін»,-деп тұр. 
Орындаймыз ба? 
Олай болса хатты ашып тапсырмаларын орындайық. 
Жұмбақ: Ағайынды бәрі 
               Шықса жасыл, 
              Түссе сары. 
2.Күзде неше ай болады? 
3.Күз мезгілінің ай аттарын атаңдар? 
Жүргізуші:Ән салыңдар күліңдер 
                   Жайнап гүлдей жүріңдер, 
                  Күздің тойын тойлайық 
                    Би билейік, ойнайық. 
Би: «Мамбо» Наурыз Әмина 
Жүргізуші: Ендігі кезекті ата-аналар арасында өткізілген күзгі өнімдерден жасалған «Күзгі қиял» атты сайысқа 
береміз. 
Би: «Чунга чанга»               Ойын: Ата анамен 
Би: «Мысықтар»                  Ән:  «Алтын күз»  Болат Айназ 
Ән: «Күзгі вальс»  Наурыз Әмина 
Марапаттау кезеңі 
Кешімізді қортындыламас бұрын сөз кезегі ата анаға беріледі. 
Осымен  «Құлыншақ» тобы дайындаған  «Берекелі алтын күз»атты ертеңгілігіміз аяқталды. 
Біздің балапандарымызды қолдап, қолпаштап келген ата ана,қ онақтарға көп рахметімізді айтамыз.
* * * * * * * * *
160

БАЛА - АДАМЗАТ БОЛАШАҒЫ
Солтүстік Қазақстан облысы,  Ақжар ауданы
Қарашілік орта мектебінің педагог-психологы
Темиргалиева Қарлығаш  Имангалиевна 
Қоғам  бізден жан-жақты жетілген, рухани бай, білімді, жаңа заман  адамдардын тәрбиелеуді талап етеді. Бала 
адамзат баласының болашағы, сондықтан балаға жасынан өнегелі тәлім- тәрбие беруімізбен     бірге оларды 
түрлі   келеңсіз   жағдайлардан   қорғап,   қамқор   боп     жүруіміз   де     керек.   Отбасы   –баланың   тұлға   болып 
қалыптасуына әсер ететін маңызды фактор. Отбасындағы  бала  тәрбиесінде  ата-аналардың жауапкершілігінің 
төмендеуінің  салдарынан,  өкінішке қарай, көше кезіп қателіктерге  бой алдырып, жағымсыз істерге әуес  боп 
жүрген балалар саны көбейе түсуде. Сондай жағдайларды болдырмау үшін мектеп пен отбасы үнемі бірлікте 
болған дұрыс.
Бала өзінің отбасында  өмірдің  алғашқы сабақтарын алады, бірақ мектеп пен қоршаған ортасы  үлкен қоғам 
екенін естен шығармауымыз керек. Ал сол қоғамда болатын түрлі жағдайлар баланы дұрыс немесе бұрыс жаққа 
бағыттауы   мүмкін.   Міне,   осындай   кезде   бала   қасында   мектеп   психологының   көмегі   керек.   Осындай 
жағдайларға байланысты өз мектебімізде түрлі іс-шаралар өткізіп отырамыз.
Атап айтар болсам, мектебімізде 1-11 сынып ата-аналарының қатысуымен  «Өз баламызды қорғайық»  атты 
ата-аналар   жиналысы   өтті.   Жиналыс   барысында       ата   –аналар   бала   тәрбиесі   жөнінде   өз   тәжірибелерімен  
бөлісті. Кей отбасыларда ата-аналар тіршілік қамымен жүріп, бала тәрбиесін ұмытып кететін де жағдайлар 
орын алып жатады. Соның салдарынан өкінішті жайттар орын алып жатады.
Баланы тәрбиелеуде маңызды факторлардың бірі - құқықтық сауаттылық. Құқықтық сауаттылық жайында 
мектебімізде   өтетін  жиналысқа     аудандық   ішкі   істер   басқармасының   учаскелік   полициясын   да   шақырып, 
құқықтық сауаттылық жөнінде ата-аналарға  мәлімет беріп қана қоймай,  сұрақтарына  да жауап беріп  отырады. 
Мұндай кездесулер оқушылармен де өтіп тұрады.
  Сонымен қатар қазіргі таңда бәрімізді  алаңдатып отырған проблемалардың бірі -ерте жүктілік  мәселелері 
өзекті болып келеді. Мектебіміздің  медбикесі де осыған байланысты оқушылармен  кездесіп өз кеңесін беріп, 
арнайы лекциялар оқып тұрады. 
Баламен әртүрлі сұрақтарды талқылау маңызды ғана емес, сонымен қатар қажетті ақпаратты   дұрыс білу 
керек.   Оқушылардың мінез-құлқы, отбасылық жағдайлары, тәрбиесі әр түрлі. Сондықтан да олар кездескен 
қиындықтарды әрқалай қабылдайды. Кейі күйзеліске де түсуі мүмкін. Осы кезде мектеп психологының көмегі 
ауадай   қажет.   Оқушының     жақын   досымен,   өзімен   жеке   сөйлесіп,   ата-анасымен   кездесу   сияқты   жұмыстар 
жүргізіледі.
Оқушылардың бірінші сыныпқа бейімделуі, бастауыштан орта буынға өткен кездерінде де оқушылармен 
тиісті жұмыстар өткіземін. Пән мұғалімдерімен де пікірлесіп отырамын. 
Осындай тренингтер оқушылардың бірін-бірі тыңдауға, түсіне білуге, достық қарым- қатынасын жақсартып, 
өтпелі кезеңдегі қорқыныштарынан сәтті өтулеріне көмектеседі.
Еліміздің болашағы-балалар. Ендеше, ертеңіміз мықты да жарқын, кемел де кең болуы үшін бала тәрбиесін 
бір сәт те естен шығармаған дұрыс. Сол үшін бала, ата-ана, ұстаздың одағы бірлікте, дұрыс қатынаста болғаны 
жөн. Балаларға тек «олай істеме!», «былай істе!» деген құр сөздер дұрыс емес,  кері әсер беретінін ата-ана 
түсінуі үшін де әр жиналыста түрлі-түрлі интерактивті іс-шаралар өткізіп отырамын. Бұл ретте мен  ата-
аналардың өз тәжірибелеріне сүйенемін. 
Оқушылардың өзіндік танымын жетілдірсек, тек ақылды ғана емес, сонымен қатар  өз іс-әрекетін сарапатап, 
жан жүрегімен  сезіне алатын  жоғары білімді ұрпақ тәрбиелей аламыз  деген сенімдемін. Сондықтан үш одақ 
оқушы, мектеп, ата-ана жұмысындағы сабақтастық және ынтымақтастық өз үйлесімін таып бірлікте болса 
ұтарымыз көп болатыны анық.
* * * * * * * * 
161

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 
5.4.С Ежелгі Қазақстан тарихына шолу
Мектеп: №50 Абай атындағы орта мектебі 
Күні:
Мұғалімнің аты-жөні: 
Жүсіпова Шара Келдіғұлқызы 
СЫНЫП:5
Қатысқандар :   
Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы: 
Ежелгі Қазақстанға саяхат 
Осы сабақта қол жеткізілетін   оқу 
мақсаттары (оқу бағдарламасына 
сілтеме) 
5.4.2.1.Еңбек құралдары мен қару-жарақ түрлерін сипаттау
Сабақ мақсаттары  Барлық оқушылар:

Алғашқы адамдардың еңбек құралдары  мен қару-жарақтарының атауларын 
біледі, түрлерін ажыратады.

Ежелгі адамдардың құралдары мен қаруларының табылған аумағын картадан 
көрсетеді; 
Оқушылардың  басым бөлігі: Алғашқы адамдардың еңбек құралдары  мен қару-
жарақтарының  өзгерістерін сипаттайды.
Кейбір оқушылар:  Алғашқы адамдардың еңбек құралдары  мен қару-жарақтарының  
қазіргі заманда қолданылатын түрлерін анықтайды.
Бағалау критерийі

Ежелгі адамдардың еңбек құралдарын және қару-жарақ түрлерін біледі.

Еңбек құралдары мен қарау-жарақ түрлерінің пайда болу себебін айтады.

Ерекшеліктерін  анықтайды.
Тілдік мақсаттар
Оқушылар:  
Еңбек құралдарын сәйкестендіру үшін кестемен жұмыс жасайды.
«Тас дәуірінің кезеңдері» тақырыбына топтық талдау жасайды.
Мәтінді оқып, түсінігін бөліседі.
«Тас құралдары мен қарау-жарақ түрлері» тақырыбында бейнежазба тыңдалады.
Негізгі  сөздер  мен  тіркестер:
Палеолит, мезолит, неолит, чоппер, өңдеу тәсілі, болас, нефрит, кварцит, яшма, тақтатас
обсидиан, бумеранг, дротик, гарпун
Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Тас құралдары неше кезеңнен тұрады?
Тас дәуірі ұзақ уақытқа созылды, себебі еңбек құралдары түгелге......... 
Мен тас құралдары мен қару жарақтарын  ауыр  және  өте берік  болады деп 
ойлаймын, себебі .............
Еңбек құралдарын жасауға .....................тастарды пайдаланады
Құндылықтарға 
баулу
Сын тұрғысынан ойлау, ынтымақтастық,жауапкершілікті сезіну.
Пәнаралық 
байланыс
Жаратылыстану -Алғашқы адамдар өмірі(5.4)
Ежелгі дүние тарихы -Мәдениеттің дамуы (6.1)
Алдыңғы білім
Ежелгі тас дәуірі және оның  кезеңдері, археология , заттай деректер , этнография  
туралы түсініктері бар.
Сабақ барысы
Сабақтың 
жоспарланған 
кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
Сабақтың басы
5 мин
Ұйымдастыру кезеңі
Ұжымдық жұмыс – «Ой қозғау» әдісі
Адамзаттың дамуындағы ұзақ кезеңді ата. Неліктен олай ойлайсың?
-Археология және этнография ғылымдарының байланысы неде?
-Тастан жасалған қандай еңбек құралдарын білесің?
Бағалау:  Мадақтау арқылы 
«Тас құралдары мен қарау-жарақ түрлері» тақырыбында бейнежазба тыңдалады.
 Бейнежазбадан, алғашқы адамдардың   тұрмыста қолданатын  тас құралдары және қарау-
162

жарақ түрлерімен танысады.
Сабақтың ортасы
32 мин
Тапсырма 1.   Жұптық жұмыс –«Кестемен жұмыс» әдісі 
Шарты:Қазақстан аумағындағы тас дәуірінің кезеңдерін атаңыз.
Палеолит (көне тас)
Мезолит (орта тас) Неолит (жаңа тас)
Б.з.б  2,6 млн-12 мың   Ерте палеолит
Б.з.б. 2,6 млн -140мыңжыл Орта палеолит
Б.з.б. 140  - 40мың жыл Кейінгі палеолит
Б.з.б.40-12 мың жыл 
Б.з.б.12 мың-5 мың 
жыл
Б.з.б. 5 мың-3 мың 
жыл 
Бағалау:   өзара бағалау - дайын үлгі жауап арқылы 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   30




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет