«bilimnur» баспа редакциясы «ЖАҢартылған білімге – жаңашыл ұстаз»



Pdf көрінісі
бет6/30
Дата23.01.2020
өлшемі10,09 Mb.
#56375
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
forum toptama2020 (1)


Some learners will be able to: 
 - Understand information about the films paying attention to the specific details without 
support.
Speak about the favorite films using the topical vocabulary without support.
Language objective:
To read and talk  about TV programmes  and film genres. Documentary, 
Thriller,Comedy,Soap opera ,Game, Quiz- show, show,Fantastic,Since fiction,Cartoon, 
Drama, melodrama, horror film.
Useful   classroom   language: Very good! Excellent! You are right!
Discussion points:
What is your favourite   TV   programme?
Who is your  favourite   actor or actress?
Writing prompts: pictures, smiles, cards.
Level of thinking.
Understanding,  Comprehension.
Value links
Responsibility, Global Citizenship.
Crosscurricular links
Art 
Previous learning
Reading for  pleasure
Assessment  criteria:
-recognize  factual details in a given argument related to the  curricular topics including 
text.
-Provide a point of  view in connected discourse. 
 - recognize general basic questions  without support.
Main    p art
Starts.
3min
10 min.
Middle.
Organization moment:
Greeting!
Group-division 
Divide learners into groups. Learners should take the cards with the names of the film genres and 
their   definition   of   the   genre   the   definition   of   the   genre   the   names  of   the   films   from   a 
group(genre,definition,films)
The main part of the lesson.
To guess the topic showing the picture.
To open the theme with the pictures.
What are your favourite films and TV-programmes?
How do you think what about todays new theme? 
  Vocabulary :
Repeat after me!
 Documentary- деректі филъм
Thriller- триллер
Comedy- комедия
Soap opera - опера
Game show- ойын шоу
Fantastic - ғажайып
Since fiction- ғылыми фантастика
Cartoon- мултъфилм
Drama- драма
Horror-қорқынышты филъм
News-жаңалықтар.
Weather forecast- ауа райы болжамы.
Strategy 1.
Brainstorming. (Whole group)
T: Pupils associate  words to the types of media and film genres
Feed back- finger. 
Strategy 2.“Just a minute”
Listening  and speaking (individually)
Task: listen to three people talking about the films.
Listen to three people talking about the films they like. Which types of film does each: like/ not 
like? Why?
Jane: likes comedy. They make her relax and laugh. She does not like fantasies because thinks they 
are not realistic.
Steve;  Likes since fiction films because he likes the  special effects. He does not like dramas 
39

because he thinks  they are to slow.
Susan:  Likes computer-animated films because she thinks they are funny and clever. She does not 
like science-fiction films and westerns  because she thinks they  are boring.
 Feed back: smiles
Read the text. (whole group)
    Task:
Tell your opinions about  these films and genres.
 Name the  words according according to our theme “TV-programmes and film genres”
Mark 7 sentences true or false T,F or DS(does not say) 
1.
WALL-E was directed by Andrew Stanton. (T)
2.
WALL-E lives on Earth. (T)
3.
WALL-E is very clever. ...(DS)...
4.
Terminator Genisys takes  place at several different  times. ...(T)
5.
The X-Men can travel through time  .(T)....
6.
Terminator Genisys  about robots and fighting people.  .....(DS)
7.
Apocalypse  is a friend of the X-Men. ..(F).... 
Discriptor:
-Name the words according to the theme
-Mark the sentences from the text. T or F.
- Tell opinions about these films
5 min.
End.

Reflection answer the questions.
What have you learnt today?
Could you write the structure of a film?
What was the most difficult during writing task?Do you have any questions on the theme “TV 
programmes and films”?
Then teacher gives some comments for better achievements.
1. Home task
Read different film or TV programmes in the internet and prepare for  the unit “Entertainment and 
Media”.
Additionalinformation
Differentiation – how do you plan to give 
more support? How do you plan to 
challenge the more able learners?
Assessment – how are you planning to 
check learners’ learning?
Cross curricular.
Art.
All learners read the text and answer true or 
false.
More learners to find new  words in this 
theme.
Some learners speak about types of film 
genres.
Brainstorming strategy: learners 
associate words to the types of  media 
and film. Finger.
“Just a minute”-
Teacher assess with smile.
Differentiation task:
Teacher assess to learners Descriptor.
Lesson   is   connected 
with Art.
Summary evaluation
What two things went really well (consider both teaching and learning)?
1: Brainstorming was  activity and  the learners’ activity and motivation.
2: For the whole-class activity it is better to start describing some older films or classic ones
What two things would have improved the lesson (consider both teaching and learning)?
1:strategy “just a minute”
2 :Reading .
What have I learned from the lesson about this class or individuals that will inform my next lesson?
40

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы № 2 Ленинград орта мектебі
қазақ тілі мен  әдебиеті пәні мұғалімі Онгарбай Жулдыз
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Астана – мәдениет пен өнер ордасы 
Сынып: 6
Қатысқан оқушылар саны: 
Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы
 «Хан шатыр» ойын-сауық орталығы 
Осы сабақта қол 
жеткізілетін оқу 
мақсаттары (оқу 
бағдарламасына сілтеме)
6.2.6.1 - оқылым стратегияларын қолдану: 
комментарий жасау,  іріктеп оқу,  рөлге бөліп оқу.
6.3.6.1 - мәтіндегі  орфографиялық және пунктуациялық қателерді сөздіктерге, 
емле ережелеріне сүйеніп, түзету, редакциялау;
Сабақтың мақсаттары
Барлық оқушылар орындай алады: мәтінді оқиды комментарий жасайды, 
іріктеп оқиды.
Мәтіндегі  орфографиялық және пунктуациялық қателерді  емле ережелеріне 
сүйеніп, түзетеді, редакциялайды;
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: комментарий жасайды, мәтіннен 
қажет ақпаратты іріктей алады;
Кейбір оқушылар орындай алады: түйінді ой айта алады;
Бағалау критерийі
- мәтіннен қажет ақпаратты іріктей алады;
- мәтінді оқуда комментарий жасап түйінді ой айта алады;
- емле ережелеріне сүйеніп мәтіндегі орфографиялық қателерді түзете алады, 
редакциялайды.
Тілдік мақсаттар 
Пәнге тән лексика мен терминология:
әйгілі сәулетші, Астана келбетіне айшықты көрініс беру, экоғимараттарының 
тізіміне ену, киіз үй пішіндес
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
Мен мынадай дәлелдер келтіремін... 
Оның себебін...    деп түсіндіремін. 
Біздің пікірімізше....
Олай ойлауға ... себептер бар.
Құндылықтарды игерту
оқушыларды   топтық,   жұптық   жұмыстар     кезінде   бір-біріне   деген   құрмет 
көрсете білуге тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс
география (пәндік терминдер)
Бастапқы білім
Бейбітшілік пен келісім сарайы  
Жоспар
Сабақтың 
жоспарланған 
кезеңдері
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер 
Сабақтың басы
0-5
Қызығушылығын  ояту
Мұғалім   сабақты  «Адасқан   әріптерден»   құралған   сөздерді   көрсетумен   бастайды. 
Оқушылар   «Адасқан   әріптерден»   сөз   құрайды   (р,ш,а,ы,т,н,х,а)   осылайша   сабақ 
тақырыбын анықтайды. Мұғалім сабақтың тақырыбын хабарлайды.
 Сабақ мақсатымен таныстырады. 
Оқушылар мен мұғалім бірлесе отырып, сабақтың бағалау критерийлерін әзірлейді. 
Сынып оқушыларын  бірнеше топқа бөледі. 
Сабақтың ортасы
5 минут
 Жеке жұмыс.
 «Ханшатыр» туралы  видеоролик көреді https://youtu.be/qNgLkaVzYnw
 Көргендері бойынша оқушылар  комментарий білдіреді.
Дескриптор:
-
роликті көреді ;
-
ролик бойынша комментарий білдіре алады;
-
 өз ойын жүйелі айта алады.
Әлемді аузына қаратқан «Хан шатыр»
Астана қаласының сол жағалауында орналасқан әлемдік сәулет өнерінің кестесінен 
орын алған тамаша өнер туындысы -"Хан шатыр" ойын-сауық орталығы. Есімі әлемге 
кеңінен   танылған   әйгілі   сәулетші     ЛордНорман   Фостердің   қиялынан   туғанбұл 
баламасыз   архитектуралық   өнер   туындысы   сәні   мен   салтанатын   жарастырып   келе 
41

7 минут
8  минут
10 минут
жатқан   Астана   келбетіне   айшықты   көрініс   беріп   тұр.   Орталықтың   өзіндік 
архитектурасы — ғимарат алып мөлдір шыныдан жасалған шатыр.Ғимарат президент 
Резиденциясы   мен   үкіметтік   ғимараттар   кешенінен   бастау   алатын   қаланың   басты 
орталық белдеуін аяқтап тұр.
"Хан   шатырды"   британдық   Foster   &   Partners   фирмасы   жобалаған   болатын.   Оның 
биіктігі 150 метрді құрайды, аумағы - 127 мың шаршы метр.
Тағы бір атап өтетін жайт, "Хан шатыр" -Forbes Style журналының нұсқасы бойынша 
әлемнің   ең   үздік   он   экоғимараттарының   тізіміне   енді.   Мұндай   құрметке   ТМД 
елдерінен Қазақстан ғана лайықты болып отыр.
20 метр цемент іргетасқа орнатылған қаладағы ең биік және әлемдегі киіз үй пішіндес 
ең үлкен ғимараттың құрылысы кезіндепайдаланылған көптеген технологиялар мен 
материалдар   теңдесі   жоқ   болып   табылады,   олардың   кейбірі   әлемдік   тәжірибеде 
тұңғыш рет қолданылып отыр.
Шатырдың ерекше қабаты оны Астана халқына үйреншікті болып кеткен боран мен 
аяздан   қорғап,   іште   қысы-жазы   қолайлы   климат   ұстап   тұруға   мүмкіндік   береді. 
Әрдайым жайдары ауа-райы мен күн нұрының төгілуі – «Хан Шатырға» тән белгі 
болмақ. Түрлі климаттық белдеулерде өсетін жасыл-желектерді кездестіруге болады.
Ғимараттың орталығындағы кең алаң көрме және ойын-сауық шараларына арналған. 
Ғимараттың орталығында орналасқан  "Тілек ағашындағы"  жетім балалардың  тілегі 
жазылған конвертті ашқан адам оны міндетті түрде орындау керек. 
Тропикалық су бағы мен алыс Мальдив аралдарынан арнайы әкелінген жұмсақ құм 
төселген керемет жағажай - орталықтың ең қызықты орындарының бірі.Хауыздардың 
бірінде орналасқан  жасанды толқын  әсерлі  көрініс береді. Осы жерде жылдың кез 
келген мезгілінде тура Жерорта теңізінде демалып жатқандай сезімге бөленіп, рахат 
алуға болады.  Айгерім Сматуллаева
ТЖ. Оқылым тапсырмасы:
1-топ: Комментарий жасаушылар
Топ мүшелері  Ханшатыр туралы мақаламен танысып, комментарий жасайды. 
2-топ: Зерттеушілер
Мәтіннен ең қажетті ақпараттарды жазып алып, сыныпқа таныстырады.
3-топ: Тілшілер
Берілген мақала негізінде оқушылардан сұхбат алады.
Дескриптор:
 -мәтінді түсініп оқиды;
-мәтіннен қажет ақпаратты іріктей алады;
- мәтінді оқуда комментарий жасайды;
-түйінді ой айта алады.
ҚБ Топтар бір-бірін бағалайды.  «Менің ойымша.....»
Оқылымнан кейінгі тапсырма
 Топпен жұмыс. «Еркін микрафон» әдісі 
-  1- топ оқушысы қолына микрофон ұстап, сабақ мазмұнына (Әлемді аузына 
қаратқан «Хан шатыр») байланысты сұрақ қояды, екінші топтан  оқушы жауап 
береді.
Ықтимал сұрақтар:
- «Хан шатыр» деп аталу себебі неде?
- «Хан шатыр» орталығының өзіндік ерекшелігі неде?
- «Тілек ағашында» не болады?
- Орталықтың ең қызықты жері қайсы?
Дескриптор:
-сұрақ қоя алады;
-сұраққа толық еркін жауап береді.
ҚБ.Мұғалім топта жауап берген оқушыларды ауызша бағалайды.
Жұппен  жұмыс.Жазылым тапсырмасы
 «Қазына іздеу» әдісі
Әр оқушыға Әлемді аузына қаратқан «Хан шатыр» тақырыбындағы мәтіннен 
қосымшаның жалғануынан, тыныс белгілерден жіберілген қателері бар үзінді 
жазылған таратпа беріледі.
42

5 минут
Тапсырманың шарты: 
«Қазына іздеу» жаттығуын жүргізу үшін оқушыларға мәтін
мазмұны   бойынша   олардың   іздейтін   қазыналарының   сипаттамалары   беріледі. 
Қазыналар ретінде мәтінде жіберілген емлелік және тыныс белгі қателер есептеледі. 
Оқушылар   мәтіндегі   жіберілген   қателерді   түзетіп,   талдап   болған   соң,   мұғалім 
тұпнұсқаны   береді,   оқушылар   салыстырады.   Ережені   оқушылармен   бірлесіп 
талдайды.
Дескриптор:
-мәтіндегі орфографиялық, пунктуациялық қателерді табады;            -емле ережелеріне 
сүйеніп түзетеді, редакциялайды;
 -емле ережелеріне сүйеніп, жауаптарын дәлелдейді.
ҚБ « Карусель» әдісі арқылы бағалайды
Сабақтың соңы
5 минут
Рефлексия  . «Аяқталмаған сөйлем» әдісі
Мен  бүгін ................білдім.
Мен үшін .............. қызық болды. 
Маған ..............  тапсырмаларды орындау оңай болды.
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ БОЙЫНША
 ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
Алматы қаласы Наурызбай ауданы №157 жалпы білім беретін КММ
Бастауыш сынып мұғалімі Әбдірайым Балнұр Мәмбетқұлқызы
«Жаңартылған   білім   мазмұны   бұл-   мүлде   жаңа   бағдарлама,   оқулықтар,   стандарттар   және   кадрлар» 
( Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы 
дамудың жаңа мүмкіндігі атты Қазақстан халқына жолдауынан)
Білім мен ақпарат үстемдік құрған қоғамда Білім беру жүйесі инновациялық экономиканың негізгі бөлігі 
болып  табылады.  Қатаң талаптары қалыптасып келе жатқан инновациялық  экономика қай салада болса да, 
бүгінгі   маманның   құзыреттілігін,   яғни   өз   саласы   бойынша   ой-пікірінің   қалыптасуын,   кәсібилігін,   өмірдің 
өзгермелі жағдайына бейімділігін, оған сай өз білімін пайдалану ғана емес, оны қажеттілікке қарай толықтырып 
отыруды талап етеді. Осындай қоғамда келешек ұрпақты қалай оқытқан тиімді?
Бұл   сұрақ   әрбір   педагогті   толғандырары   сөзсіз.Баланың   білім   алуына   мұғалім   маңызды   роль   атқарып 
келді.Дегенмен де білім беруде балаға не білу керектігін түсінсек те оны қолдана алуды қалай үйрету керектігін 
білмей   қиналып   жүрген   шақтарымыз   болды.Заман   ағымына   ілесе   алатын   ,мол   ақпаратты   меңгерте   білетін 
әлеуметтік қарым қатынасқа түсе алатын оқушыларды даярлау ұшін мұғалімнің кәсіби құзіреттілігін дамыту –
басты міндет болып табылады.Яғни Ұстаз «үйретуші мен білім көзі» емес, «үйрену процесін ұйымдастырушы», 
«менеджер», «үйренуге жағдай жасаушы». Бұл ұстанымнан «Шәкірт өздігімен үйрену керек » ,-деген түсінік 
қалыптасады.   Бұл   дегеніміз   Ұстаз   еңбегінің   маңызын   төмендетпейді.   Мұнда   мәселе   –ұстаз   міндеттерінің 
түбегейлі өзгеруінде. Педагог –білім тасушыдан-Білім әлеміне жол көрсетушіге айналуы тиіс.Сонымен Жаңаша 
білім беру жағдайында ұстаз қандай болуы тиіс - педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген,
- тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған,
- рухани дамыған,
- толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.
Ұстаздарға   қойылатын   талаптар:   бәсекеге   қабілеттілігі,   білім   беру   сапасының   жоғары   болуы,   кәсіби 
шеберлігі,   әдістемелік   жұмыстағы   шеберлігі.   Осы   айтылғандарды   жинақтай   келіп,   ұстаз   —   рефлекцияға 
қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық-әдістемелік, әлеуметтік 
тұлғалы, коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құзыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын 
рухани-адамгершілікті,   азаматтық   жауапты,   белсенді,   сауатты,   шығармашыл   тұлға   болу   керек   деп 
тұжырымдауға болады.Бұл бағытта мектеп ұстаздарының біліктілігін арттыру -басты мақсат болып табылады.
Қазақ баласының бойында Абай атамыз айтқандай, «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек болуы - өмір 
сүрудің басты заңдылығы болса, ол үш қасиетті шәкірттердің бойына сіңіру- ұстаздардың міндеті екені даусыз.
Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру үдерісінің құрылымы 
мен мазмұнына елеулі өзгерістер енгізілуіне байланысты үш апталық курс бағдарламасын және« Тәжірибедегі 
рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы бойынша 
мектеп тренері курсын аяқтап былтырғы оқу жылынан жаңа білім беру бағдарламасы бойынша оқытудамын.
Еліміздің   ертеңгі   болашағы   жас   ұрпақ   болғандықтан   оларға   терең   де,   сапалы   білім   берудің   жаңа   әдіс-
тәсілдерін құрастыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр. Елімізде орта білім беру мазмұнын жаңарту 
шеңберінде білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына өзгерістер енгізілуде. Жаһандану заманында жас 
ұрпақтың   жаңаша   ойлау   қабілетін,   белсенділігін   арттыру,   білімге   деген   құштарлығын   ояту,   өмірінде   оны 
қолдана білу, отансүйгіштік қасиетін одан әрі дамытуға бағыттау – ұстаздың басты міндеті деп білемін.
43

Бастауыш   сынып   оқушылары   жалпы   алғыр,шапшаң,   сезімтал,ештеңені   жасырмай   еркін   айтады.Мақтау 
сүйгіш,   мұғалімнің   жетегіне   тез   ілескіш,   үлкендердің   ой-пікіріне   сүйенеді.   Сондықтан   баланың 
шығармашылығын   дамытуда   ұстаз   көп   еңбек   сіңіруге   тура   келеді.   Баланың   қиялын   дамытып,   ойын   ілгері 
жетектеуде   мұғалім   оқушыға   үнемі   шығармашылық   қабілетін   дамыту   жолдарын   нұсқап   көрсетсе,онда 
балалардың өздері де ізденіске түседі. Ал, дамудың негізі білім мен ғылымға келіп тіреледі. Сондықтан да,  
әлемдегі дамыған елдер сияқты Тәуелсіз елімізде білім жүйесі сапасын жетілдіру ең негізгі өзекті мәселелердің 
бірі   болып   отырғаны   белгілі.   Осыған   орай,   білім   беру   жүйесінде   жастарға   сапалы   білім   беріп,   олардың 
үйлесімді дамуы мен тұлға ретінде қалыптасуында ұстаздың кәсіби шеберлік көрсеткіштерінің бірі - жалпы 
педагогикалық, ғылыми- теориялық, әдістемелік жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік меңгерудің маңызы 
зор. Нағыз өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге ие бола алады. Ал білікті маман болу үшін көп ізденіс 
керек екені даусыз.Мен де өз әріптестеріммен қатар бала оқыту мен тәрбиелеу ісіне өз үлесімді қосып келемін. 
Бастауыш сыныптарға сабақ беруде әр оқушының жүрегіне жол таба білу, оны қызықтыра білу, ойландырып 
сөйлете білу менің міндетім деп түсінемін. Оқушының ойлау қабілетін артыру, сол қабілетін белсенді ету -  
басты мақсатым. Ойланып, толғанған оқушы, әрине, сөйлей де біледі, тыңдай да біледі, тұжырымдап пікір де  
айта алады.
Өзім осы бағыттағы тәжірибемде оқыту әдістерінің тиімділерін іріктеп жиі пайдалануым көп нәтиже беруде. 
Әсіресе, мен баланың білімге деген қызығуын арттыратын жүйелі іс-әрекеттер ұйымдастыруға талпынамын. 
Әлем елдері соның ішінде Латвия мемлекетінің тәжірибесінде орын алған топтық жұмыс XXI ғасыр оқушысын 
өмірден өз орнын таба білетіндей тәрбиелеу және білім беруде, өзгермелі өмірге бейімдеп оқытуда маңызды 
болуға   тиіс   деп   ойлаймын.   Топтардағы   бірлескен   жұмыс   сыныпта   пайдаланылатын   әдіс   қана   емес,   жеке 
философия   екендігі   бізге   мәлім.   Адамдарды   бірлікке   шақыратын   нәрсенің   бәріне   ашық   болуымыз   керек. 
Топтардағы бірлесу топтың жекелеген мүшелерінің қабілеті мен іске қосқан үлесі құрметттелетін, ескерілетін, 
билік пен жауапкершілік топ мүшелері арасында бөлінетін,ұжымдасу арқылы бітімге,келісімге қол жеткізуге 
негізделетін   оқыту   мен   оқу   тәсілі   ғой.   Жаңашылдық,   өзгеріс   керек   екені   деңгейлік,   тренер,   жаңартылған 
бағдарлама бойынша өткен курстардан маған түсінікті болды десем, осы тәжірибені өзімнің мектебімде іс-
тәжірибемде қолдануға толық негіз бар деп ойлаймын.
Қазір топтық жұмыс тәжірибемізден түспейтін әдіс- тәсіл болып табылады. 
Бүкіләлемдік тәжірибеде білім беру саласында білімнің де дағдының да маңыздылығы кең. Заманауи тәсілдің 
басты   ерекшелігі-   білімді   алып   қана   қоймай   ,   оны   орынды   жерде   қолдану.   Осы   ғасырда   талап   етілетін 
дағдылардың мәні осында . Топтық жұмыс барысында оқушының бойында оқушылық кезеңіне ғана емес, кейін  
де пайдасын тигізетін әлеуметтік өзара әрекет ету дағдысы, қарым- қатынас дағдысы, проблемаларды шешу 
дағдысы   қалыптасады.   Қазір   осы   мәселе   төңірегінде   әріптестеріммен   іс-   тәжірибе   алмасып,   оқушылармен 
жұмыс жүргізіп жатырмын. Оқу үдерісінде топпен жұмыс жүргізуге оқушылар қалыптасып, дағдыланып қалды. 
Тапсырма топқа беріледі. Тапсырма орындау барысында топтың әрбір мүшесінің жеке үлесі ескеріледі. Топпен 
жұмыста күшті оқитын оқушы әлсіз оқушыға көмектеседі де, басқаларды тыңдағанда ол білімін арттыра түседі, 
бір сөзбен айтқанда ынталанады. Мектептегі сабақ беру әдістемесіндегі диалогтік оқытудың маңызы үлкен. 
Диалогты оқытуды таңдаудағы себебім –баланың сөйлеу тіліне көп көңіл бөлу және баланы сыни тұрғыдан 
ойлауға үйретудің бірден-бір тиімді тәсілі деп ойлаймын.
Бұрынғы дәстүрлі әдістерде диалог көбіне мұғалім мен оқушы арасында өтіледі және бірнеше ғана оқушы 
арасында диалог өтілетін, онда да диалогқа оқушыларды таңдап шығарылатын, сондықтан оқушылар ашылып 
ойындағысын нақты сұрай алмай, тұйықталып қалатын. Ал курстан кейін сабақтарымда жұптық жұмыс ретінде 
алынған   диалог   топ   ішіндегі   барлық   оқушы   мен   оқушы   арасында   өтіп,   оны   топ   ішінде   талқылап   отыру 
оқушының ойын кеңейтіп, тілін дамытып отырды. Сонымен қатар сыни тұрғыда еркін ойлау қабілетін кеңейте 
отырып, еркін сөйлеуге ықпал етеді. Атақты педагогтардың зерттеу жұмыстарына сүйене келе, сабақ жоспарын 
құру   барысында   диалогтық   оқыту   бағытын   кеңінен   қолдануға   тырыстым.   Яғни,   сабақтың   басынан   бастап 
аяғына   дейін   сауалдар   арқылы   оқушылардың   тілдік   барьерін   азайтуға   жұмыс   жасадым.   Сыныптың   білім 
деңгейін   анықтауда,   алдыңғы   сабақтарды   қайталауда   және   негізгі   бөлімде   диалогтық   оқыту   бағыты 
пайдаланылды. Осы жерде сөйлеу мәдениеті туралы айтып кеткім келеді. Диалогтың ары қарай жалғасын табуы 
немесе   таппауы   сөйлеушілердің   әңгімелесу   барысында   «егер   де,   ойлаймын,   мен   есептеймін,   бірақ   сіз 
ойламайсыз ба, сонымен сіз айтасыз ба, иә, бірақ, сіз қайдан білесіз және мүмкін» деген сияқты және де басқа 
осы   тәрізді   мәдени   лингвистикалық   сөз   мәнерлерін   қолдануына   көп   байланысты   деп   ойлаймын.   Мұғалім 
оқушыларға   тек   теориялық   немесе   практикалық   білім   беріп   қана   қоймай,   олардың   мәдениетті   сөйлеу 
нақыштарына да назар аударулары керек сияқты. Осы әрекеттер үрдіске айналғанда барып сыныптағы өзара 
әрекеттесу процесі толық ынтымақтастықта дамиды деп санаймын.
Өткізген сабақтарымның топтамасына сүйене отырып, диалогтік оқыту әдісі қолданылған сабақтарымның 
талдауын жасау арқылы, дұрыс құрастырылған сұрақ оқушының білімін тексеріп қана қоймай, оның ойлау, 
жүйелі сөйлеу, пікірін білдіру дағдысын да жаттықтыратынын, яғни әлеуметтік ортада өзін ұстай білу дағдысын 
қалыптастыратынын түсініп, келешек тәжірибемде диалогтік оқытуды жүйелі пайдалануды көздедім.
Мұғалімге  өз тәжірибесінің негізінде шешім қабылдау үшін өз іс- тәжірибесін сыни бағалау да қажет. Кез- 
келген жүріп өткен қадамыңды жоспарлау оны орындау үшін іс- әрекет жасау , ал сол жасалған іс- әрекетіңе 
рефлексия жасау маңызды болып табылады. Бұл өз ісіңе есеп беру, өз әрекетіңді сыни талдау және бағалау 
44

барысында   мұқият   ойлану   үдерісі   екенін   мен   осы   жаңартылған   бағдарламаны   оқу   барысында   түсініп 
жатырмын. Білім беру жүйесіндегі әлемдік өзгерістер әсіресе мұғалімдерге өзгерістің қажеттігін дәлелдейді. 
Себебі мұғалімдер болашақты дайындайды, ал болашақ -қазіргі мектеп оқушылары болып табылады. « Балаңды 
өзің өмір сүріп отырған кезеңге емес, болашаққа қарай тәрбиеле» деген екен мұсылман ғұламалары. Сондықтан 
бала тәрбиешісі ретінде мұғалімге өзгеріссіз қалу қауіпті деп ойлаймын.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет