«bilimnur» баспа редакциясы «ЖАҢартылған білімге – жаңашыл ұстаз»



Pdf көрінісі
бет8/30
Дата23.01.2020
өлшемі10,09 Mb.
#56375
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30
Байланысты:
forum toptama2020 (1)


Ұзақ мерзімді 
жоспардың тарауы: 
Мектеп: №18 М.Ғабдуллин атындағы орта мектебі.
Күні:21.11.2018ж
Мұғалімнің аты-жөні: Байжанова Жанар Амангельдиевна 
Сынып: 5
Қатысқандар: 
Сабақтың 
тақырыбы:
Аралас сандарды қосу
Осы сабақта қол 
жеткізілетін оқу 
мақсаттары (оқу 
бағдарламасына 
сілтеме)
5.1.2.19
натурал саннан жай бөлшекті азайтуды орындау;
5.1.2.20
аралас сандарды қосу және азайтуды орындау
 Сабақтың мақсаты   Тақырып аясында берілген есептерді шығара алады, яғни теориялық алған білімін 
практикада қолдана алады.
Бағалау критерийі
-Оқушылар  осы тақырып бойынша білу, түсіну, талдау, қолдану, анализ, синтез ойлау 
дағдыларын қалыптастыруы тиіс.
Тілдік мақсаттар
Дәрежесі бар өрнектерді түрлендіруді мысалдар  арқылы қарастырамыз.
Натурал көрсеткішті дәрежелерді салыстырғанда оларды бірдей  негіздерге немесе 
бірдей көрсеткішке келтіреді. Бірінші жағдайда негізі үлкен дәреже үлкен ,екінші 
жағдайда көрсеткіші үлкен  дәреже  үлкен  болады. 
Құндылықтарға 
баулу
1)
«Мәңгілік Ел » жалпыұлттық идеясының 4  құндылығы. Индустрияландыру 
мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу
 Пәнаралық 
байланыс
Геометрия, тұрмыста қолдана алу
Алдыңғы білім
Жай бөлшектерді қосу және азайту
Сабақ барысы
Сабақтың 
жоспарланған 
кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
Ресурстар
Сабақтың басы
Кіріспе
Білу
(5мин)
Психологиялық   ахуал   тудыру:   «Менің   көршім»   психологиялық 
ахуал     тудыру.Оқушылар     шеңбер     бойымен   тұрады,бір-біріне 
сәттілік   тілейді. Сол   тұрған   бойымен   1-3 –ке   саналып   топқа 
бөлінеді.топ  басшысын  сайлайды.
Үй   тапсырмасын   сұрау (ауызша   сұрақтарға   жауап беру,есептер 
шығару,
үш топқа  кеспе  қағаз  тарату)
  Математикалық   шолу:Өткен   тақырып   пен   бүгінгі   тақырыпты 
байланыстыр.
1.
354+1239+646+761
2.
358+625+1642+375
3.
  102+1112+898+888
Дескриптор: -амалдарды ретімен орындай алады;
                       -қосу амалын есептей алады
                       - өрнектін мәнін таба алады. 
Бағалау: «Өзара» бағалау
Геометриялық 
фигуралар,
суреттер, 
маркер,
стикерлер
Сабақтың ортасы
Түсіну (10-мин)
Бүтін және бөлшек бөлігі бар сан аралас сан деп аталады.
Демек, аралас сандарды қосу үшін:
1) бөлшек бөліктері ең кіші ортақ бөлімге келтіріледі;
2) бүтін бөліктерін бөлек, бөлшек бөліктерін бөлек қосып, 
қосындысы аралас сан түрінде жазылады;
3) егер қосындыдағы аралас санның бөлшек бөлігі бұрыс бөлшек 
болса, оның бүтіні аралас санның бүтін бөлігіне қосылады.
52

Қолдану 
 25-минут
«Ойлан –Жұптас-Бөліс» әдісі: Кеспе тарататылады 3-топқа.
  I топ                         II топ                            III  топ 
Дескриптор: Білім алушы:

Аралас сандарды ажырата біледі;

Көбейту және қосу амалын қолднады, біледі;

Өрнектің  мәнін  таба  алады.
«Конверт» әдісі конвертің ішінде әр топқа 4-есептен беріледі.
Дескриптор: Білім алушы:

Есепті есептей алады.

Өрнектің  мәнін  таба  алады.
     Бағалау «Өзара бағалау». 
Сергіту сәті 
«Альфабит   желісі»   әдісі     Оқушыларға   мақал-мәтел   сұрақ 
қойылады,   жоқ   сөздін   орнына   табылған   сөзге   қазақша, 
ағылшын,орыс тілінде жауап қайтарады.
Мақал-мәтел, жұмбақ шешсең үш тілде
Осы ойынның сізге деген сыйы бар.
1. Бір тал кессең, ........... тал ек /он ,  десять,   ten/
2. Жігіт бір сырлы,  ..............қырлы . /сегіз, восемь,  eight/
3. Ер бір рет өледі, қорқақ........рет өледі. / мың, тысяча, one 
thousand /
4. Ел іші -   ......... бесік. /алтын,  золото, gold/
5. Сыйлап берген ....................да тәтті. /су, вода,   water /
6. Өшпейтін өмір жоқ, сынбайтын..............жоқ. /темір, железо,    iron  
/
7. Қызға ............ үйден тыю. /қырық, сорок, fourty/
8. ...........қайнауда шынығады, батыр майданда шынығады. 
/болат,сталь,   steel/
9. 
« Жіпке ілдім мен өзім,
Кіп-кішкентай күн көзін»
/шам, лампочка, Iamp/
10.
«Өзі затты құрайды, 
Теңесуге таразыны сұрайды.  /масса,  масса,    weight/
«Ой   қозғау»   әдісі.   Оқулықпен   жұмыс   3-топтан   оқулықтан 
тақтаға есеп шығарады.
         № 461       № 462         № 463                                
Дескриптор: Білім алушы:

Аралас сандарды ажырата біледі;

Көбейту және қосу амалын қолднады, біледі;

Өрнектің  мәнін  таба  алады.
Бағалау  парағы: «Бағдаршам»
Мұғалім кезең бойынша оқушылардың бір – бірін, өзін 
бағалауын ескере отырып, ортақ бағаны шығарады.
       Бағалау: «Басбармақ, жоғары, төмен»
                         Смайлик арқылы бағалау.
Сабақтың соңы
Бағалау
Кері байланыс беріледі. 
«Сабақ не туралы болды» әдісі
Үй тапсырмасы № 464
Интербелсенді 
тақта, кеспе 
қағаздар
Кеспе қағаздар, 
смайликтер
Саралау – Сіз 
қандай тәсілмен 
көбірек қолдау 
көрсетпексіз? 
Сіз басқаларға 
қарағанда 
қабілетті 
оқушыларға қандай 
тапсырмалар 
бересіз? 
Бағалау – Сіз 
оқушылардың
 материалды игеру 
деңгейін қалай тексеруді 
жоспарлап отырсыз?
Денсаулық және 
қауіпсіздік 
техникасын 
сақтау
53

«Менің көршім» 
әдісі,
«Сұрақ-жауап» әдісі,
«Ой қозғау»әдісі,
«Тарсия» әдісі
«Өзара» бағалау
«Оқушылар арқылы» бағалау
«Смайликтер» арқылы бағалау
«Ойлан-жұптас-бөліс» бағалау
Интербелсенді  
тақтаны тиімді, 
уақытпен 
пайдалану
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?
Барлық оқушылар оқу мақсатына қолжеткізді ме?Егер оқушылар оқу 
мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс  
жүргізілді ме?
Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? 
Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?
Бұл тарауды сабақ туралы  
рефлексия  үшін 
пайдаланыңыз. 
Сол бағандағы өзіңіз маңызды 
деп санайтын сұрақтарға 
жауап беріңіз. 
Жалпы бағалау
Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?
1:                                                                      2:
Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?
1:                                                                      2:
Осы   сабақтың   барысында   мен   сынып   туралы   немесе   жекелеген   оқушылардың 
жетістіктері/қиыншылықтары   туралы   нені   анықтадым,   келесі   сабақтарда   не   нәрсеге   назар   аудару 
қажет ?
* * * * * * * *
Пән: Сауат ашу
Сынып: 1«Б» сынып
 Түркістан  облысы  Отырар  ауданы
Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназия
Күні:
Мұғалімнің аты-жөні:  Дуйсебаева Мейрамкул
Сабақтың тақырыбы: 
Менің  мектебіме   баратын  жолым  Т  дыбысы  мен  әрпі
Ұзақ мерзімдегі 
оқу мақсаты
 1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) 
қолдану
1.8 Берілген тақырыпқа  әңгіме құрап айту
1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар орындай алады:
Буындап  оқиды
Көптеген оқушылар орындай алады:
Берілген  тақырыпқа  әңгіме  құрайды.
 Кейбір оқушылар орындай алады: 
Түсініп  оқумен  қатар  сөздерді,  дыбыстарды  орфоэпиялық  нормаларға  сәйкес  
дұрыс  айтып  оқи  алады.
Бағалау 
критерилері
 Ойлау 
дағдыларның 
деңгейі
(Білу,түсіну)

Жиі  кездесетін  сөздерді  тұтас  оқи  алады. 

Өтілген әріптердің жазбаша  тапсырмалар   түрлерін орындайды.

Сөздерді  буынға  бөліп  айтады,буын  санын  анықтай  алады.
Тілдік мақсат 
Оқушылар істей алады:   
 Т  дыбысы  мен әрпін  ауызша  таниды, жазбаша  жаза  алады.
Пәндік лексика және терминология:
  Шартты  белгілер  суреттерін  түсіндіруде
Диалог пен жазуға пайдалы сөз тіркестері:
Жазылым дағдысы бойынша ұсыныстар:  Каллиграфиялық  нормаларды  сақтайды.
Айтылым дағдысы бойынша ұсыныстар: 
1.Айтылған  сөздер  мен  сөйлемдерді  қайталай  алады.
2.Т дыбысы  мен  әрпінен  келетін сөздерді  атай  алады.
54

Құндылықтарды  
дарыту
Мәңгілік ел, Экономикалык өсу - бұл біздің маңызды міндетіміз, Қазақстанның 
өңірлік және жақандық бәсекеге қабілеттілігі осыған тікелей байланысты болып 
келеді, біздің басты міндетіміз-өндірісті, білім мен ғылымды біріктіру екендігін 
ұғындыру.
Пәнаралық 
байланыс
Дүниетану,  дене тәрбиесі,математика
Денсаулық және 
қауіпсіздік 
техникасының 
сақталуы
Сабақ барысында  денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуын, сыныпта 
дұрыс отыру ережелерін  ескертіп отырамын. 
АКТ қолдану 
дағдысы (сабақта 
қолданылатын 
болса көрсетіңіз)
Интербелсенді  тақтада  «Learning apps.org» , «Тarsia» интернет қосымшалары,  
Bilim land сайты
Алдыңғы 
меңгерілген білім 
Әріптерді  қайталап  оқиды
Сабақ барысы 
Сабақтың 
жоспарланған 
кезеңдері
Сабақта жоспарланған іс-әрекет.
Сабақтың басы 
3  мин
       Ұйымдастыру кезеңі
 (Ұ) Шаттық шеңбері: «Ыстық лебіз».
              Балалар бір-біріміздің қолымыздан ұстап,алақан арқылы -жүректің жылуын 
сезініп,үйренген қандай тамаша,қандай қуаныш!
              Күлкімізбен  жақсылықпен бөлісуді  үйренейік!
Біздің күлкіміз көңілді,
Жеткізсін жылу мен шаттықты.
Бөліскен жақсы ғой өмірде,
Қуаныш, мейірім, бақытты.
           Оқушыларды есептердің жауабы арқылы топтарға бөлемін. 
1.Тапқырлар
2. Алғырлар
3.Жүйріктер
Сабақ ортасы  
20 минут
 
8 мин
           (Ұ) Тақырыпты ашамын.
Ширату жаттығулары
Аудио  жазбадан  құстардың  дыбысы  естіледі.
Шиқ-шиқ  еткен  торғайдың  дауысын  таниды.  Тоқ-тоқ  еткен  тоқылдақтың  
дауысын  айтады.
-Бұл  құстарды  қалай  атаймыз?
-Тоқылдақ,  Торғай
Бұл  құстар  қандай  дыбыстан  басталып  айтылып  тұр.
-Балалар  Т  дыбысынан басталады,-деп  жауап  береді.
Жарайсыңдар, олай  болса  бүгінгі  сабағымыздың  тақырыбы  қалай  аталады  екен?
-Т  дыбысы  мен  әрпі
Оқушыларға сабақтың оқу мақсатын хабарлаймын.
 Білім алушының белсенділігін арттыра отырып,
 Күлегештермен  бағалаймын.
(Т) № 1тапсырма « Үштік »  әдісі бойынша үштік  жарыс тапсырма беру.
-Сөздерді  жылдам  оқиды.
-Әр  сөзді  нақты,анық  дұрыс  оқиды.
- Үш  топ  оқылған  кез –келген  сөз  мағынасына  түсіндірме  беріп  өтеді.
Дескриптор:
-Сөздерді жылдам оқиды.
-Сөз  мағынасын  түсіндіре  алады..
-Сөздегі  буындар  санын  анықтай  алады.
Білім алушының қажеттілігіне қарай «Күлекештер» арқылы бағалаймын.
      № 2 тапсырма (Т)
55

5 мин
3минут
«Bilim land»  сайтының тапсырмаларымен жұмыс
1.Суреттер арқылы сұрақтарға жауап береді.
2.Бейнедегі тапсырмаларды  орындайды  .
3. Дауысты, дауыссыз  дыбыстарды  өз  ұяшықтарына  орналастырады.
Дескриптор:
-Дыбыс  түрлерін  ажыратады.
 -Дыбыстарды  өз  үйіне  орналастырады.
-Т  дыбысынан  келетін  дыбыстарды  даусына  қарай  ажыратады .
 Білім алушының белсенділігін арттыра отырып,екі жұлдыз бір тілек арқылы бағалаймын.
  Білім алушының қажеттіліктерін ескере отырып, сергіту сәтінде:
 дене қимылдарымен 10-ға дейінгі сандарды  жазып шығады.
1.Мұрынмен бірді жазамыз.
2.Көзімізбен екіні жазамыз.
3. Иегімізбен үшті жазамыз.
4.Оң иығымызбен төртті жазамыз.
5.Сол иығымызбен бесті жазамыз.
6.Басымызбен алтыны жазамыз.
7.Оң шынтағымызбен жетіні жазамыз.
8.Белімізбен сегізді жазамыз.
9.Сол шынтағымызбен тоғызды жазамыз.
10.Бірді оң аяғымызбен ,нөлін сол аяғымызбен жазамыз.
№3 тапсырма (МКЖ)
 Learning apps.org  сайтындағы «Миллион кімге бұйырады?» 
қосымшасы арқылы сабақты қорытындылау.
1. Сөздерге  дыбыстық  талдау  жасату.
2.  Деңгейлік тапсырмаларды орындау.
3. Интербелсенді тақтада көрсетілген  сөздерді  оқу, буынға  бөліп  оқу.
Дескриптор: 
-Сөздерді  анық,жылдам  оқиды.
- Шартты  белгілерді  танып, атай  алады.
-Интербелсенді тақтадағы  тапсырмаларды  оқиды.
 Білім алушының қажеттілігін арттыра отырып, Күлегештер арқылы бағалаймын.
Үш тілдік білім беруде 
Торғай- sparrow-воробей
Тоқылдақ-cuckoo-кукушка
Тауық- курица-chiсken
Сабақтың соңы
4минут
    « Білім теңізіне кеме жіберіңіз»  Тақырыпты жақсы меңгердім деген оқушылар 
кемелерін теңізге  орналастырады, өзіне сенімсіздер жағаның шетінде 
қалады.Өз ойларын нақты түйіндеп, тақырып бойынша  түсінгенін зерделей алады. 
Мектеп-кеме, білім-теңіз.
Өзара бағалау (дескриптор бойынша)
Бағалау
Топтар бойынша  керемет,  жарайсың,  тамаша  сөздерімен  бағалаймын.
Саралау – оқушыларға көбірек қолдау 
көрсетуді қалай жоспарлайсыз? 
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін 
тексеру жоспарыңыз? 
Атырау қаласы. № 24 орта мектебінің бастауыш сынып
мұғалімі  Есмағамбетова Зайтуна Туралиевна
Күні:
Сынып: 1
Пәні: Сауат ашу
Қатысқандар саны: 
Қатыспағандар саны:
Мұғалім: Есмағамбетова Зайтуна Туралиена
Сабақтың тақырыбы:
Спорт-денсаулық кепілі 
Заттың қимылын білдіретін сөздер
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу 
мақсаттары (оқу 
бағдарламасына сілтеме)
1.1.1.1 Тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз, сөйлем, 
мәтін) ажырату, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну
1.1.2.1 Мұғалімнің көмегімен мәтінді кім (не) туралы айтылғанын 
56

анықтау
1.2.5.1 Мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе 
оқығаны бойынша қойылған сұраққа жауап береді
1.3.8.1 Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғары және 
төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық 
талаптарға сай жазу.
1.3.10.1 Заттың қимылын білдіретін сөздерді ажырата алу және 
орынды қолдана білу
Сабақтың мақсаттары
Барлық оқушылар: Тілдік бірліктерді ажыратады. Мәтінде кім (не) 
туралы айтылғанын анықтайды. Мәтін иллюстрациясы бойынша 
сұрақтар қоя біледі. Каллиграфиялық талаптарға сай жазуды 
үйренеді. Заттың қимылын білдіретін сөздерді ажыратады, орынды 
қолдана біледі
Көпшілік оқушылар: Мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя 
біледі немесе оқиғаны бойынша сұрақтарға жауап береді. 
каллиграфиялық талаптарға сай жазады. қимылды білдіретін 
сөздерді ажыратады.
Кейбір оқушылар: Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді, 
болжайды. қимылды білдіретін сөздерді орынды қолдана біледі.
Бағалау критерийлері
Тілдік бірліктерді ажыратады. Мәтінде кім (не) туралы айтылғанын 
анықтайды. Мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қояды. 
Каллиграфиялық талаптарға сай жазады
Құндылықтарды дарыту
Құрмет, ынтымақтастық,ашықтық
Пәнаралық байланыс
Дүниетану,өзін-өзі тану,дене шынықтыру 
АКТ қолдану дағдылары
Интерактивті тақта, видео
Тілдік құзыреттілік
Денсаулық,спорт,ертеңгілік жаттығулар
Сабақ барысыБұрынғы білімдерін белсендіру,сүйену
Сабақтың 
жоспарланған 
кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
2 мин
Ширату «Ой қозғау» әдісі
Мақал
Бірінші байлық-денсаулық
Топқа бөлу
Сабақтың ортасы
28 мин
Тапсырма:Мәтінді түсініп оқы. Қарамен берілген сөздерге 
сұрақ қой. 
Ұ ТА «Еркін ой» әдісі 5 минут
Дескриптор:Мәтінді оқиды. Сұрақ қою арқылы заттың 
қимылын білдіретін сөздерді анықтайды
Кері байланыс:Есіңе сақта!
Мадақтау:Жарайсыздар!
Тапсырма: Балалардың қайда бара жатқанын айт және өз 
ойыңды дәлелде.
Т «Сәйкестендір» әдісі 8 минут
Дескриптор: Суреттерді сәйкестендіре отырып, талдайды
Кері байланыс: : Ойыңды дүйелі жеткіз
Мадақтау: Тамаша!
Тапсырма: Сөйлемдерді көшіріп жаз.Заттың қимылын 
білдіретін сөздерді тап 
Т ОЖ 5 минут « Ойлан,Топтас,Талқыла» әдісі
Дескриптор: Мәтінді түсініп оқиды, қимылға қатысты 
сөздерді табады.
Кері байланыс: Ойыңды жүйелі жеткіз. Ойыңды дүйелі жеткіз 
Мадақтау: Жақсы
57

ІІІ топ. Түрлі суреттердің ішінен спортқа қатысты 
суреттерді тап. 2 минут
Тапсырма: Ө. Көркем жаз. 4-жаттығу 5 минут
Дескриптор:Каллиграфиялық талаптарға сай жазады.
Кері байланыс: Әдемі жаз!
Мадақтау:Өте жақсы!
Сергіту сәті: «Шынықсаң шымыр боласың» 3 минут
САРАЛАУ 10 минут
Қолдауды қажет ететін оқушы:
Тапсырма: Суреттен іс-қимылды білдіретін сөздерді тап
Кері байланыс:Ережені пысықта!
Мадақтау: Жақсы
Қолдауды қажет етпейтін оқушы: Берілген сөздерді 
пайдаланып мәтін құра. (келді,отырды,оқыды,тыңдады,жазды)
Дескриптор:Берілген сөздерді қатыстырып шағын мәтін құрай 
алады
Кері байланыс:Берілген сөздерді орынды қолдан
Мадақтау: Жарайсың!
Сабақтың соңы
5 мин
Рефлексия «Бағдаршам» әдісі
Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Борсы ауылы
Ғ.Қараш атындағы орта жалпы білім беретін мектеп КММ
Искакова Айсулу Аблахатовна
«Тағдырың өз қолыңда»  (ашық тәрбие сағаты) 9 сынып
Мерзімі: 19.12.2019
Эпиграф: «Адам боп туу –анадан, Айуан боп кету –өзіңнен.»
Ресурстар: әуен, бейнежазба дискісі, қызыл, жасыл түсті ленталар, түрлі түсті бояулар, плакат,май шам;
Пәнаралық байланыс: өзін –өзі тану, технология.
Сабақ мақсаты: Оқушылардың адами құндылықтар туралы түсініктерін тереңдету, өмірде адамгершілік, 
құштарлық, төзімділік, шынайылық қасиеттерді өз бойына дарыту арқылы кемелдендіруге талпындыру. 
қоршаған ортаға, онда өмір сүріп жатқан адамдарға,олардың өмірде болып жатқан түрлі оқиғалар мен 
жағдайларға жаңаша қарауын, әсемдікті түсіне білуге тәрбиелеу;
Сабақ барысы:  Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу
І.Тыныштық сәті :(баяу музыка) 
Тыныштық сәті. Жай әуен қойып тыңдаймыз.Денемізді тік ,бос ұстап еркін ,көзімізді жұмып 
отырамыз.Ғажайып  елге саяхат.Міне керемет айналамызға қарайықшы,күн сәулесі бұлт арасынан сығалай 
шашырап ,жарқырап тұр.Табиғатты айтсаңшы,ертегі еліндегі бақыт шахарына енгендеймін.Кенеттен бір 
көгершін жанымда қанаттарын себелеп-себелеп шыр көбелек айналып  ұшып жүр екен,мен де  онымен бірге 
қолымызды жоғары көтере шыр айналып ұшып жүрмін. Менімен бірге менің жанымыздағы барлық тіршілік 
иелері тіпті,адамдарда шыр айналып бақыт құшағында жүр.
Міне ғажап. Осы кезде көгершін тілге келіп «Сен қандай жан болсаңда, бақытты болуға лайықсың мына 
өмірдің кереметтілігін қарашы сенде  осы өмірдегі жандардай керемет бақытты бола аласың. Егер сенің  
жан дүниең жақсылық нұрына  толы болса,барлық айналамыздағы әлемге өзіңнің мейірім шапағыңды төге 
отырып,сен өзіңді бақытты сезінесің, сен бақыттысың.»Қарашы ,бақыт шахарда жүрген жандардың 
барлығы бақытты,ал мен сол жаны таза адамдардың бойынан бақыт нәрін сезінемін.Бүгін сенің бойыңнан 
сүйіспеншлікке толы адамды көремін, жақсылық нәрін айналамыздағы адамдармен бірге сенде 
бақыттысың»,-деп қанаттарын сермеп –сермеп ұшып кете барды.Мен аң-таңмын.Жүрегім қуанышқа толы. 
Мен айналамыздағы адамдарға мейіріммен ,сүйіспеншілікпен қараймында, бақытқа кенеліп айғайлаймын
Алақай !Мен бақыттымын , менің бақытымда шек жоқ.Мен әлемдегі ең бақытты адаммын! Енді көзімізді 
ашып,жанымыздаы адамдарға сүйіспеншілікпен,өмірге құштарлықпен қарайық.
Топқа бөлу. (жасыл, қызыл түстер бойынша)
Жасыл түс – адамгершілік тобы
Қызыл түс – адалдық тобы
58

ІІ.
Бейнежазба (Тамара Асар. «Өмірге құштарлық» )көрсетіледі, оқушылардың түсініктерін 
шығармашылық жұмыстарымен анықтаймыз.
Шығармашылық жұмыс. (7 мин)
 І топ «Өмірің өз қолыңда» эссе жазу
ІІтоп «Ғажап өмір» сурет салу
ІІІ. Әңгімелеу :
«Өмір туралы»  Ә.Қайдар
Өмір туралы ойланбайтын жұмыр басты пенде жоқ. Бірақ ешкімде сол ойының түбіне жеткен емес, бір 
пікірге келген емес. Әр кім өмірді өзінше түсінеді, өзінше бағалайды, өзінше оған ғибрат алады. Біре оған риза,  
біреу одан мүлдем түңілген. Біреу өмірді мәңгі күрес, айтыс-тартыс деп бағаласа, енді біреу сыры мол, мәні 
терең құбылыс деп сезінеді. 
Қысқасы, «өмір» деген ұғым барда, өмір сүретін адамда бар, ол туралы ортақ пікір жоқ, әр алуан қоз қарас, 
әр түрлі түсінік. Бірақ қалай болғанда да, өмір адамның жарық дүниеде, жер бетінде көрер аз күндік қызығы 
мен рақаты, не азабы мен қасіреті, жақсы-жаманға үйрететін мектебі, алар тәлім-тәрбиесінің көзі болып 
саналады. Демек, өмірден үйрегенің мен үлгі еткендерің де, үйрене алмай, қасірет шеккенің де, жақсылығың 
мен істеген жамандығың да игі істерің мен көрсеткен ездік қасиеттерің де – бәрі-бәрі сайып келгенде, 
өмірдің өзіндік тағылымдары. Адам баласының бойына тән, болмысына біткен парасаттылық пен пендешілік,  
даналық пен надандық, биіктік пен пәстік, өрлік, өжеттік пен ынжықтық, дарындылық пен дарынсыздық, 
жомарттық пен сарандық, азаматтық пен тоғышарлық сияқты екі ұдай қасиеттердің бәрі де біреуде мол, 
біреуде кем, сол өмір бізбеніндегі мен қасиеттерді әркім  шамасы жеткенше қолданады.
 Ой-талқы:
Өмірдің мәні неде деп ойлайсындар?
Өмір тек бақытты кездерден тұрады ма?
Жақсы өмір сүру үшін адамға не қажет?
Өмірдің қысқалығы мен ұзақтығы немен өлшенеді?
Түйін:
Адамның жаман мен жақсыны ажырата білім, жаманан бойын 
аулақ ұстап, бойына жақсы қасиеттерді дарыта алғанда ғана өзінің өмірлік мұратын таба алады.
ІV.«Ойын: «Өмір шамы» Шамды жеткізерде қандай күйде болдыңыздар.
Сезімдерін сипаттап жеткізу
 V. Топтастыру
Түйін: Өмір ащысы мен тұщысы,қуанышы мен қайғысы ,қадірі мен қасиеті қатар тоғысатын жол
Топпен ән айту.
«Өміріңе немқұрайлы қарама»
Сөзі: С. Сейтман
Әні: С. Дәрібаев
Тыңда досым, мен айтайын от тілек, 
Дүниеден кетті бай да, өтті бек. 
Өміріңе немқұрайлы қарама, 
Дәулетіңмен тұрсаң дағы көк тіреп.
Әр күн сайын тек сен үшін атып таң, 
Зерлі шапан киінсең де жақұттан. 
Өміріңе немқұрайлы қарама, 
Шақша басың айналса да бақыттан 
қайырмасы: 
Бақ құсыңды қонған кезде бағала. 
Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала. 
Кенелсең де досым қанша шаттыққа 
Өміріңе немқұрайлы қарама,
Бақ құсыңды қонған кезде бағала. 
Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала. 
Қанша азап көрсең дағы,бауырым, 
Өміріңе немқұрайлы қарама,
Тұсау салып бастатқызбай көш дара, 
Етсе дағы дұшпан күлкі,дос таба. 
Өміріңе немқұрайлы қарама, 
Тағдыр желі қарсы алдыңнан соқса да.
Сын сағатта сақтау үшін өз басын, 
Сатып кетіп сеніп жүрген жолдасың. 
Өміріңе немқұрайлы қарама, 
Айдын көлге айналса да көз жасың.
Үйге тапсырма:  Ш.Сариевтің «Өмір деген тұрмайды қап-қарадан» өлеңін мәнерлеп оқып келу
Соңғы тыныштық сәті.
Жайланып отырып, көзімзді жұмайық. Әрқайсымыз өз қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз 
жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналаға жеткізу үшін іштей оларға 
жақсы тілектер тілейк, жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған 
жақсы әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар! Рахмет! Кездеріңізді ашуға болады.
* * * * * * * *
59


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет