Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы «Жоғарғы және тқменгі сатыдағы өсімдіктер»


Қылшалар қатары (эфедровые) – Ephedrales



бет89/132
Дата09.02.2022
өлшемі193,02 Kb.
#131284
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   132
Байланысты:
Лекция жиынтығы 1-15 дәріс жиынтығы-2

Қылшалар қатары (эфедровые) – Ephedrales. Бұл қатарға бір тұқымдас және бір ғана қылша (Ephedra) туысы жатады. Туыста 40-тай түр бар. Олар Жеррорта теңізі жағалауында, Алдынғы және Орта Азияда, Индияда, Қытайда, Солтүстік және Оңтүстік Америкада кең таралған өсімдіктер. Негізінен шөлді, жартылай шөлді аймақтарда және таудың тасты жоталарында өседі. Биіктігі 5-8 м. болатын кішігірім ағаштар, көбіне бұталар немесе лианалар. Жапырақтары майда, әдетте қабыршақ тәрізді, ерте түсіп қалады. Бұтақтары қырлы- қырлы, жасыл түсті, онда фотосинтез процесі жүреді. Екі үйлі өсімдік. Аталық бүршіктері (шишки) 3-4-тен және оданда көптен сабақтың буындарында топтасып орналасады. Аталық бүршік (стробил) бағанадан тұрады, оның ұшында екіден сегізге дейін 2-4 ұялы микроспорангилері болады. Аналық бүршіктердің екіден төртке дейін, сабақтың буынында орналасады. Аналық бүршік (шишки) қалың қабықшамен қоршалған бір ғана тұқымбүрінен тұрады. Тозаң желмен, кейде насекомдармен тұқымбүріне жеткізіледі. Дән пісіп жетілгенде аналық бүршіктің сыртқы қабықшалары көп жағдайда қатайып ағаштанады, ал қабыршақ тәрізді жабындық жапырақтары етженді түрге келіп, ашық түске боялады.
Бұрынғы одақтас республикардың флорасында 10 түрі, ал Қазақстанда 6 түрі өседі. Олардың ең маңыздысы екі масақты қылша (эфедра двухколосковая - E.dіstachya). Бұл түр бұрынғы одақтас республикардың европалық бөлігінің оңтүстік- шығысында, Сібірде, Орта Азияда кеңінен таралған. Биіктігі 40 см. Болатын кішілеу бұта. Қылшаның практикалық маңызы, оның бұтақтарында эфидрин алколоидының болуымен есептелінеді. Эфидриннен аса құнды дәрі алынады.


Пысықтау сұрақтары:

  1. Ашық тұқымдылардың тұқымбүрінің құрылысы қандай? Оның қандай бөлігі мегаспорангияның гомологі болып табылады?

  2. Ашық тұқымдылардың аталық және аналық гаметофиттері қалай пайда болады? Олардың құрылыстары қандай?

  3. Ашық тұқымдылардың ұрықтануы мен тұқымының пайда болуы қалай жүреді: Тұқым қалай орналасқан? Ашық тұқымдылардың дәндерінің құрылысы қандай?

  4. Өсімдіктерде тұқымның пайда болуының эволюциялық тұрғыдан маңызы қандай?

  5. Ашық тұқымдылардың жоғарғы сатыдағы споралы өсімдіктерден принциптік айырмашылығы неде?

  6. Саговниктердің қылқан жапырақтылармен салыстырғанда құрылысының ерекшелігі неде ?

  7. Қылқан жапырақтылардың таралуының табиғаттағы және халық шаруашылығындағы маңызы қандай?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   132




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет