Сөж тақырыбы: Майда еритін витаминдер. А,D,E,K витаминдері



Дата27.10.2023
өлшемі1,42 Mb.
#188558
Байланысты:
Назерке фарма-2
Алкодиендер
  • СӨЖ
  • Орындаған: Аманкелді Назерке
  • Вс-21-10 топ
  • Тексерген: Даниял.А.Қ
  • Алматы-2023

  • ЖОСПАР
  • Кіріспе.
  • Витаминдер туралы ұғым
  • Негізгі бөлім.
  • 1.Витаминдер,олардың жіктелуі.
  • 2.Тағамдық қайнар көздері
  • Қорытынды.

Дәруменадам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың ағзасындағы зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті биологиялық активті органикалық қоспалар.

  • Дәруменадам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың ағзасындағы зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті биологиялық активті органикалық қоспалар.
  • Витаминдер
  • Майда еритін
  • Суда еритін
  • Майда еритін

Майда еритін дәрумендер.

  • Майда еритін дәрумендер.
  • А дәрумені-ретинол. Майда еритін дәрумендерге жатады.Ретинол циклды бір атомды қанықпаған спирттерге жатады.
  • А дәруменінің авитаминозы кезінде ксерофтальмия,көздің тұнық пердесінің құрғауы байқалады. А витаминінің 2 түрі бар А1 және А2

А дәрумені (ретинол) ағзаның өсуіне, дамуына әсер етіп, түрлі ауруларға қарсы тұра алу әрекетін арттырады. Іңірде, түнде көруді жақсартады. А дәрумені шаштың, тырнақтың өсуі мен терідегі жасушалардың мүйізденуіне әсер етеді. Ол жетіспегенде тері құрғап жарылып, түсі күңгірттенеді. Май бездерінің құрамы өзгереді, көздің қасаң қабығы бұзылады. Адам іңірде, түнде нашар көреді. Бұл ауруды ақшам соқыр (куриная слепота) деп атайды. А дәрумені бауырда, сүтте, жұмыртканың сарысында көп болады. Өсімдіктердің қызыл, сары жемістерінде, сәбізде, қызанақта, өрікте, асқабақта кездеседі. А дәруменінің ағзаға қажет тәуліктік мөлшері 2,5-10,5 мг.

  • А дәрумені (ретинол) ағзаның өсуіне, дамуына әсер етіп, түрлі ауруларға қарсы тұра алу әрекетін арттырады. Іңірде, түнде көруді жақсартады. А дәрумені шаштың, тырнақтың өсуі мен терідегі жасушалардың мүйізденуіне әсер етеді. Ол жетіспегенде тері құрғап жарылып, түсі күңгірттенеді. Май бездерінің құрамы өзгереді, көздің қасаң қабығы бұзылады. Адам іңірде, түнде нашар көреді. Бұл ауруды ақшам соқыр (куриная слепота) деп атайды. А дәрумені бауырда, сүтте, жұмыртканың сарысында көп болады. Өсімдіктердің қызыл, сары жемістерінде, сәбізде, қызанақта, өрікте, асқабақта кездеседі. А дәруменінің ағзаға қажет тәуліктік мөлшері 2,5-10,5 мг.

Д витамині

  • Д витамині ( кальциферолдар).
  • Кальциферолдар- антирахиттік витаминдер. Химиялық табиғаты бойынша олар стериндер тобына жататын циклды қанықпаған бір атомды екіншілік спирттер болып табылады. Бұл заттар жіңішке ішекте өт қышқылдарының көмегімен сіңіріледі және хиломикрондардың құрамында лимфада, сонон соң қанға түсіп, бауырға жеткізіледі. Балалар үшін Д витаминнің тәуліктік қажеттілігі 12-25 мкг, ересектер үшін ондаған есе аз. Д вит. көптеген жануар текетес тағамдарда (бауырда, сары май, сүт), өсімдік майларында, ашытқыда кездеседі. Балықтың бауырында Д витамні өте көп. Балаларда Д витамині жетіспеген кезде Д гиповитаминозы- рахит дамиды. Бұл аурудың негізгі белгісі- сәйкес симптондар арқылы көрінетін сүйек тканнің кальцификация пройестерінің зақымдалуы б.т.. Рахит кезінде қанда кальций деңгейінің өзгеруіне байланысты жүйкелік- бұлшық еттік қозудың зақымдалуы орын алады.
  • Д витаминін мөлшерден тыс пайдаланған кезде витаминдік интокскация дамуы мүмкін, ол нәрестелерде сүйек тканінің жылдам кальцификациясы, краниостеноз белгілерінің дамуы, ал ересектерде- сүйек тканінің деминерализациясы белгілірімен және сынғыштығымен және қанда кальций мен фосфаттардың деігейінің артуымен және соның салдарынан ішкі мүшелерде кальцинаттардың түзілуімен сипатталады.

К дәрумені-К дәруменінің 3 түрі:К1,К2,және К3 дәрумені болады.К1 дәруменін жоңышқадан,К2 д-н шіріген балық ұнынан бөліп алынған.

  • К дәрумені-К дәруменінің 3 түрі:К1,К2,және К3 дәрумені болады.К1 дәруменін жоңышқадан,К2 д-н шіріген балық ұнынан бөліп алынған.
  • К дәруменінің адәруменозы кезінде паренхиматозды,капиллярлы қан кету пайда болады.Қаштан жапырағы қалақай,асқабақ,жаңғақ майы К дәруменіне бай.
  • Е дәрумені-токоферол.Көбею дәрумені.1963ж синтезделген.Е дәруменінің биологиялық белсенділігі бар 8 табиғи қосылысы бар.
  • Е дәруменінің гиподәруменозы адамдарда тіпті байқалмайды,тек қана жетілмей туылған балаларда гемолиттік анемияға әкеліп соқтыратын гиподәруменоздың белгілері кездеседі.
  • Тәуліктік мөлшері ересек адамдарға 20-50мг.Өсімдік текті өнімдер:күнбағыс,жүгері,мақта,оливка майы токоферолдың негізгі көзі болып табылады.

Қорыта келе, дәрумендер дегеніміз-азық-түлік өнімдерінде,жем-шөпте шағын мөлшерде ғана кездесетін, ал адам мен жануарлар организімінде бірқалыпты тіршілік үшін өте қажет төменгі молекулалы заттар.

  • Қорыта келе, дәрумендер дегеніміз-азық-түлік өнімдерінде,жем-шөпте шағын мөлшерде ғана кездесетін, ал адам мен жануарлар организімінде бірқалыпты тіршілік үшін өте қажет төменгі молекулалы заттар.

Пайдаланған әдебиеттер:

  • С.О. Тапбергенов “Медицинская биохимия” 2007ж. 119-126 бет.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет