Биология пәні бойынша 9сыныптарға мемлекеттік емтихан тапсырмалары



бет1/4
Дата11.09.2023
өлшемі467,92 Kb.
#180702
  1   2   3   4
Байланысты:
9-қорытынды емтихан
«Физика» п нінен 4-то сан а арнал ан жиынты ба алауды тапсырма, 01.09.2023 1 ауысым сабақ кестесі 02.09, 5 вариант

Биология пәні бойынша 9сыныптарға мемлекеттік емтихан
тапсырмалары

1.Жануарлардың ішінде алғаш рет ішкі мүшелері орналасқан дене қуысы пайда болды


А) жалпақ құрттарда
В) ұлуларда
С )бунақденелілерде
D )жұмыр құрттарда [1]
2.ХХ ғасырдың 40-70 жылдарында кең қолданылған пестицид
А)инсектицид
В)фунгицид
С)гербицид
Д) арамшөптерге арналған пестицидтер [1]
3.Протистердің сипаттамасын көрсет.
А) қарапайым біржасушалы эукариоттар
В )хлорофилл көмегімен жарықтан энергия алады
С )жарықтан энергия алуға қабілетсіз ағзалар
D)едәуір жетілген ядролық ағзалар [1]
4. Гаметадағы хромосома жиынын не деп атайды
А) зигота
В) дара
С) ұрықтану
Д) гамета [1]
5. Мүктердің аласа бойлы және ылғалды жерде өсуінің себебі.
А)өткізгіш ұлпасының болмауы
В) тірек ұлпасының болмауы
С) өткізгіш және тірек ұлпасының қалыптаспауы
D)тамырының болуы [1]
6. Көптеген өсімдіктердің сүректі сабағының сыртында тіннің сұрғылттау не қоңырқай түсті түзілімінің атауы.
А) тоз
В) қабық
С) жасымықша
D )камбий [1]
7.Әр түрге жататын ағзалардың бір-бірінен бөлек тіршілік ете алмай, өзара қолайлы жағдай туғыза отырып селбесіп тіршілік етуі.
А) нақты селбестік
В) мутуализм
С)комменсализм
D)пәтерлестік [1]
8.Жауабы қате берілген қоректік тізбекті көрсетіңіз.
А) өсімдік-қоян-түлкі
В) өсімдік-тышқан-бүркіт
С) өсімдік-тышқан-үкі
D) өсімдік-қоян-торғай [1]
9.Нәруыздардың аминқышқылдық емес бөлігін қалай атаймыз?
А) простетикалық топ
В) ферменттің белсенді орталығы
С) каталитиздік
D)реагенттер [1]
10. Сүйек ұлпасында қалыптаспаған, жас жасушалар атауы:
А) остеобластар
В)остеокластар
С)остеоциттер
D) оссеин [1]
11. Дезоксирибозадағы көміртек және фосфор қышқылындағы оттек атомдары арасында қандай байланыс болады?
А) азотты негіз
В) комплементарлы байланыс
С) гаплоидты жиынтық
D )фосфодиэфирлі байланыс [1]
12.Тыныс алу және тыныс шығару механизмдері қандай жолмен реттеледі?
А) гуморальдық
В) диффузиялық
С) нейрогуморалдық
D )рефлекстік [1]
13.Бактериялардың жасуша қабырғасы қандай заттардан тұрады?
А) муреин
В)хитин
С) целлюлоза
Д) жасуша қабырғасы [1]
14.Қандай да бір зат молекулаларының белгілі бір «шекарада»жиналуы
А) реабсорбция
В) капсула
С )ультрасүзілу
D )абсорбция [1]
15.Жасушаға қажет заттарды сіңіру және қажет емес заттарды шығару қасиеті
А) жиырылғыштық
В) бөліну
С) іріктемелі өткізгіштік
D) плазмалық [1]



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет