«Биология» пәнінен оқу бағдарламасы Түсінік хат


Оқу пәнінің 11-сыныптағы базалық білім мазмұны



бет4/10
Дата20.11.2016
өлшемі1,99 Mb.
#2128
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

3. Оқу пәнінің 11-сыныптағы базалық білім мазмұны
16. 11 –сыныпқа арналған биология пәнінің базалық білім мазмұны келесі бөлімдер мен тараулардан тұрады.

17. «Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы және дамуы» (4 сағат):



  1. «Жер бетінде тіршіліктіңпайда болуы туралы алғашқы көзқарастар» (2 сағат). Тіршіліктіңпайда болу процесін және мәніін түсіндіретін алғашқы ғылыми талпыныстар. Ф. Редидің тәжірибелері, В.Гарвейдің ой-пікірлері, Л.Пастердің тәжірибелері. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы туралы материалистік көзқарастар. Жер бетінде тіршілік пайда болуының алғышарттары: Жер дамуының ерте кезеңдеріндегі алғашқы атмосфера және химиялық элементтердің,бейорганикалық және органикалық молекулалардың эволюциясы. Көрсетілім: Л.Пастер тәжірибелерінің сызбанұсқасы; ғаламшарлық жүйелердің қалыптасу кезеңдерінің сызбанұсқасы;

  2. «Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы туралы қазіргі көзқарастар» (2 сағат). Тіршіліктің пайда болуы туралы қазіргі көзқарастар; А.И.Опариннің теориясы, С. Миллердің тәжірибелері. Протобиополимерлердің пайда болу теориясы. Биологиялық эволюцияның бастапқы кезеңдері:фотосинтездің эукариоттардың,жынысты көбеюдің және көпжасушалылықтың пайда болуы. Көрсетілім: біржасушалы эукариоттардың, көпжасушалы организмдердің пайда болуы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі дамуының сызбанұсқасы.

18. «Эволюциялық ілім» (10 сағат):

  1. «Тірі табиғаттың эволюциясы туралы көзқарастардың Дарвинге дейінгі дамуы» (2 сағат). Биология дамуының Дарвинге дейінгі кезеңі. Ғылымда «әуелбастан мақсатқасәйкестілік» және тірі табиғаттың өзгермейтіндігі туралы көзқарастардың үстемдігі.Өсімдіктер мен жануарларды жіктеп жүйелеу бойынша К.Линнейдің жұмыстары.Ж.Б.Ламарктың эволюциялық теориясы.Алғашқы эволюционисттер. Көрсетілім: эволюциялық идеялардың дамуына үлес қосқан ғалымдардың портреттері мен өмірбаяндары;

  2. «Дарвинизм» (3 сағат). Ч.Дарвин ілімі қалыптасуының алғышарттары:жаратылыстану ғылымдары саласындағы жетістіктер, Ч.Дарвиннің экспедициялық материалдары. Ч.Дарвиннің қолдан сұрыптау туралы ілімі.Ч.Дарвиннің табиғи сұрыпталу туралы ілімі. Түр - эволюциялық бірлік. Жалпыға бірдей жеке дара өзгергіштік және ұрпақтар сан мөлшерінің артықтылығы. Тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыпталу. Көрсетілім . Ч.Дарвиннің «Бигль» кемесімен саяхаты кезіндегі жүрген жолдары және жинаған материалдары.Зертханалық жұмыс. .Мәдени өсімдіктердің іріктемелерінен өзгергіштікті, қолдан сұрыптаудың нәтижесін,түр критерийлерін зерттеу;

  3. «Микроэволюция» (2 сағат). Мутациялардың эволюциялық рөлі..Табиғи сұрыпталудың формалары. Организмдердің тіршілік ортасына бейімділігі табиғи сұрыпталудың нәтижесі екендігі.Микроэволюция. Түртүзілу туралы қазіргі көзқарастар(С.С.Ч етвериков,И.И.Шмальгаузен).Географиялық және экологиялық түртүзілу. Көрсетілім: географиялық түртүзілу процесін бейнелейтін сызбанұсқалар;тірі өсімдіктер мен жануарлар,кеппешөптер мен жинақтамалар,жеке дара өзгергіштік пен өсімдіктердің әртүрлі іріктемелерінің және жануарлардың қолтұқымдарының сонымен қатар организмдердің тіршілік ортасына бейімделуі және түртүзілудің нәтижелерін бейнелейтін сызбанұсқалар. Зертханалық жұмыс .Организмдердің тіршілік ортасына бейімділігін зерттеп білу;

  4. «Эволюцияның негізгі заңдылықтары. Макроэвлюция» (3 сағат). Эволюциялық процестің негізгі бағыттары.Биологиялық прогресс және биологиялық регресс (А.Н.Северцов). Биологиялық прогреске жетудің жолдары. Эволюция нәтижелері:тірі табиғат құрылымы деңгейінің күрделенуі, түрлердің көптүрлілігі,бейімділіктің салыстырмалы сипаты(органикалық мақсатқасәйкестілік). Көрсетілім: гомологтық және аналогтық мүшелердің мысалдары,олардың құрылысы, онтогенезде пайда болуы,прогрессивті эволюция жолдарының арақатынасы, Қызыл кітапқа енгізілген және мемлекеттік қорғауға алынған өсімдіктер мен жануарлардың өкілдерін сипаттайтын мысалдар.

19. «Жердегі органикалық дүниенің дамуы» (8 сағат):

  1. «Өсімдіктер және жануарлар эволюциясының негізгі келбеті» (5 сағат). Архей және протерозой замандарында тіршіліктің дамуы. Жердегі тіршіліктің алғашқы іздері.Қазіргі барлық омыртқасыздар типтерінің шығуы. Алғашқы желілілер. Су өсімдіктерінің дамуы. Палеозой заманында тіршіліктің дамуы. Өсімдіктер эволюциясы; Алғашқы төменгі сатыдағы өсімдіктердің,қырықжапырақтардың тұқымды қырықжапырақтардың,ашық тұқымды өсімдіктердің шығуы. Омыртқалылардың (балықтардың, қосмекенділердің,жорғалаушылардың) шығуы. Мезозой заманында тіршіліктің дамуы. Жабық тұқымды өсімдіктердің шығуы және таралуы. Құстар мен сүтқоректілердің шығуы. Ертедегі ашық тұымды өсімдіктер мен жорғалаушылардың жойылуы. Кайнозой заманында тіршіліктің дамуы. Гүлді өсімдіктердің қарқынды дамуы,бунақденелілердің көптүрлілігі(параллельді эволюция). Ұрықжолдасты сүқоректілердің дамуы,аңдардың шығуы. Маймылдардың пайда болуы. Адам тұқымдасының алғашқы өкілдерінің шығуы. Төрттік кезең:сүтқоректілердің эволюциясы. Маймылдардың дамуы;адам эволюциясының бағыттары. Адам мен адамтәрізді маймылдардың жалпы ататектері .Көрсетілім З.Бурианның түрлі замандар мен кезеңдердегі флора мен фаунаны бейнелейтін қолдан салған суреттері;тірі табиғат өкілдері дамуының сызбанұсқасы;өсімдіктер мен жануарлардың тасқа айналған қалдықтары,өсімдіктердің ертедегі тау жыныстарында қалған іздері мен таңбалары.

  2. «Адамның шығу тегі» (3 сағат). Адамның тірі табиғаттағы орны. Homo sapiens-түрінің жануарлар дүниесіндегі жүйелік орны. Адам эволюциясының кезеңдері: ежелгі адамдар, ертедегі адамдар ,осы заманғы алғашқы адамдар. Биологиялық түр ретінде адамның қасиеттері. Homo sapiens-түрініңпопуляциялық құрылымы;адам нәсілдері. Адамның биоәлеуметтік қасиеттері.Антропогенездің қозғаушы күштері. Ф.Энгельс маймылдың адамға айналуындағы еңбектің рөлі туралы. Адамның қалыптасуында сөздің,ақыл-ойдың және қоғамдық қатынастардың рөлі. Адам эволюциясында әлеуметтік және биологиялық бағыттардың өзара қарым-қатынасы.’’Әлеуметтік дарвинизм ‘’және нәсілшілдіктің кертартпалық мәні. Адамның әлеуметтік дамуындағы қоғамдық тіршілік заңдарының жетекші рөлі. Көрсетілім: адамның және омыртқалы жануарлардың қаңқаларының модельдері.

20. «Организм және ортаның өзара қарым-қатынастары Экология негіздері» (11 сағат):

  1. «Биосфера туралы түсінік» (3 сағат.) Биосфера-жердің тірі қабығы. Биосфераның құрылымы : литосфера,гидросфера, атмосфера.Биосфераның құрам бөліктері:тірі зат, түрлік құрамы, әртүрлілігі және биомассаға қосқан үлесі, биожанама (енжар,биоенжар)заттар (В.И.Вернадский). Табиғатта заттардың айналымы. Көрсетілім:биосфераның құрылымын және оның құрам бөліктерін сипаттайтын сызбанұсқалар, биосферадағы тірі организмдер әртүрлілігі мен түрлік құрамының кестелері, табиғаттағы заттар айналымының сызбанұсқасы;

  2. «Организм және ортаның өзара қарым-қатынастары» (5 сағат.) Тірі организмдердің табиғи бірлестіктері.Биогеоценоздар .Биогеоценоздардың құрамдас бөліктері: тпродуценттер,консументтер,редуценттер.Биоценоздар, олардың түрлік әртүрлілігі,популяциялар тығыздығы, биомассасы. Ортаның абиотикалық факторы.Температураның жарықтың, ылғалдылықтың және басқа факторлардың бірлестіктер тіршілігіндегі рөлі. Орта факторларыны әсер ету қарқындылығы,шектеуші фактор. Орта факторларының өзара әсері, төзімділік шегі. Ортаның биотикалық факторлары.Қоректік тізбектер және жүйелер. Экологиялық пирамидалар: сандық, биомассалық, энергиялық. Биогеоценоздардың алмасуы, оның себептері, жаңа. Антропогендік факторлар, олардың биоценоздарға әсері (адамның табиғаттағы рөлі). Табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, табиғатты ластанудан қорғау, табиғат эталондары мен ескерткіштерін сақтау, ғаламшар тұрғындарын табиғат ресурстарымен қамтамасыз ету,табиғи кешендер, экологиялық білім, тәрбие, мәдениет қалыптастыру. Жер ғаламшарының экологиялық апаттары. Қазақстанның экологиялық апаттық аймақтары. Көрсетілім. «Биосфера, Қазақстан Республикасының экологиялық апаттық айақтары» тақырыптары бойынша электрондық оқулықтардан үзінділер оқу және талқылау;

  3. «Организмдер арасындағы қарым-қатынастар» (3 сағат). Организмдер арасындағы қарым-қатынастың формалары. Жағымды қатынастар: симбиоз, кооперация, мутуализм, комменсализм. Антибиотикалы қ қатынастар: жыртқыштық, паразитизм, бәсеке. Бейтарап қатынастар-нейтрализм. Көрсетілім:тірі табиғат дүниелері өкілдерінің симбиоздық(селбесіп) тіршілігінің мысалдары.

21. «Бионика» (1 сағат). Өсімдіктер мен жануарлардың құрылымдық принциптерін адамның щаруашылық әрекетінде пайдалану. Табиғаттағы тірі тіршілік иелерінің формалары және олардың өнеркәсіптік аналогтары (құрылыстық ғимараттар, машиналар, механизмдер қондырғылар). Көрсетілім: тірі организмдер құрылымына ұқсас өнеркәсіптік аналогтардан мысалдар.

4. 10-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

22. 10-сынып оқушылары:



  1. тірі табиғаттың негізгі құрылым деңгейлерін;

  2. жасушалық теорияның негізгі қағидаларын;

  3. жасушаның химиялық құрамын;

  4. нәруыздардың нуклеин қышқылдарының ликидтердің, АТФ және бейорганикалық заттардың жасуша және организм тіршілігіндегі рөлін;

  5. генетикалық код, геннің құрылысы мен қызметін;

  6. прокариоттар және эукариоттар, автотрофтар мен гетеротрофтар жасушаларының құрылысы мен қызметін;

  7. пластикалық және энергиялық алмасумен олардың маңызын, өсімдіктердегі пластикалық алмасу ерекшеліктеріне және ғарыштық рөлін;

  8. зат алмасудағы ферменттердің рөлін;

  9. хромосомалар, олардың тұқым қуалау ақпаратын сақтау және ұрпақтарға берудегі рөлін:

  10. хромосомалар санының, пішіні мен мөлшерінің әр түр өкіцлдеріне тән тұрақтылығын;

  11. митоз, мейоз, ұрықтану, олардың маңызын;

  12. генетикалық әдістерді, адам генетикасын зерттеу ерекшеліктерін;

  13. тұқымқуалаушылықтың фзаңдылықтарын, модификациялық және үйлесімдік өзгергіштіктерді, олардың себептерін;

  14. фенготип қалыптасуда генотип пен орта жағдайларының маңызын;

  15. мутациялардың эволюциядағы, генетиканың селекция мен денсаулық сақтаудағы рөлін білуі тиіс.

23. 10-сынып оқушыларында:

  1. автотрофтар мен гетеротрофтар, прокариоттар мен эукариоттар жасушаларын салыстыру;

  2. митоз бен мейозды анықтау;

  3. организмдердің көбею әдістерін ажырата білу;

  4. фенотип пен генотипті, гомо және гетеро зиготаны салыстыру;

  5. организмдердің мутациялық және модификациялық өзгергіштіктерін анықтау;

  6. эволюция үүшін мутацияның маңызын түсіндіру;

  7. селекция үшін генетика заңдарын негіздеу біліктігі болуы тиіс.



5. 11-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

24. 11-сынып оқушылары:



  1. тірі табиғаттың эволюциясы туралы түсінік;

  2. Ч.Дарвин ілімі қалыптасуының алғышарттары;

  3. Ч.Дарвиннің қолдан және табиғи сұрыпталу туралы ілімі;

  4. тіршілік үшін күрестің формалары;

  5. мутациялардың эволюциялық рөлі ;

  6. Табиғи сұрыпталудың формалары;

  7. түр түзілу туралы қазіргі көзқарастар;

  8. эволюциялық процестің негізгі бағыттары,

  9. биологиялық прогреске жету жолдары;

  10. эволюцияның негізгі заңдылықтары: дивергенция, конвергенция, -параллелизм;

  11. архей,протерозой ,палеозой,мезозой кайнозой замандарында жерде тіршіліктің дамуы;

  12. биологиялық түр ретінде адамның қасиеттері;

  13. адамның биоәлеуметтік қасиеттері;

  14. әлеуметтік дарвинизмнің,, кертартпалық рөлі;

  15. организм және ортаның қарым-қатынастары;

  16. биосфераның құрылымы және оның құрам бөліктері;

  17. ортаның биотикалық, абиотикалық және антропогендік факторлары;

  18. орта факторлары әрекетінің қарқындылығы, шектеуші фактор;

  19. организмдер арасындағы қарым-қатнастардың формалары;

  20. антропогендік факторлардың биоценоздарға әсері;

  21. экологиялық кешендер түзудің шараларын туралы білуі тиіс.

25. 11-сынып оқушылары:

  1. жер бетінде тіршіліктің пайда болу процесін материяның эволюциялық түрөзгерістері тізбегіндегі табиғи оқиға ретінде материалистік тұрғыда түсіндіру;

  2. алуантүрлі организм түрлері шығуының және олардың тіршілік ортасына бейімділігінің себептерін эволюцияның қозғаушы күштері мен олардың мәні туралы білімге сүйеніп түсіндіру;

  3. экологиялық жүйелерде түрлердің бірлесіп тіршілік етуге бейімділік белгілерін анықтап түсіндіру;

  4. өнеркәсіп пен ауылшаруашылығындағы экологиялық заңдылықтар туралы мәліметтерді іс-тәжірибеде қолдану;

  5. биоценоздың түрлік құрамына талдау жүргізу;

  6. биоценоздардағы кейбір өзара қарым-қатынас формаларын айқындау;

  7. нақты орта жағдайларындағы қоректік тізбектерді сипаттау;

  8. орман шаруашылығы, балық шаруашылығы тағы басқа ұйымдастыру үшін экологиялық білімді дұрыс пайдалану;

  9. табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау міндеттерін шешу;

  10. зертханалық және практикалық жұмыстарды орындауда техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау біліктігі болуы тиіс.



6. 10-11 сыныптары оқушыларының деңгейінің тұлғалық нәтижелері
26. Оқушылар:

  1. ғылыми және көпшілікке арналған әдебиеттермен жұмыс істеуде пәндік және атаулық көрсеткіштерді пайдалану;

  2. мәтін тезистерін конспектілерді, рефераттар т.б. дайындауда кеңейтілген жоспар құрып дағдылану;

  3. электрондық материалды интернетті пайдалану;

  4. оқулықпен жұмыс істеу барысында мәтіндерінің мазмұнына сай кестелер сызбанұсқалар құрастыру;

  5. жер бетінде тіршіліктің дамуы мен адам эволюциясының кезеңдерін бейнелейтін кестелер құрастыруда оқулықтың және басқа оқу құралдарының мәтіндерін пайдалану;

  6. биологиялық нысандармен жұмыс істеу үшін оқулықтың мәтінін пайдалану;

  7. «әлеуметтік дарвинизм» және нәсілшілдікке дәйекті сын айта білу;

  8. практикалық және зертханалық жұмыстарды орындауда техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау даярлығын көрсете білуі тиіс.



7. 10-11 сыныптары оқушыларының деңгейінің жүйелі-әрекеттік нәтижелері
27. Оқушылар:

  1. органикалық дүниенің бірлігін дәлелдеу үшін жасушалық теорияны қолдану;

  2. будандастыру сызбанұсқасын құрастыруда,зат және энергия алмасуға есептер шығаруда, генетикалық және молекулалық биологияға есептер шығаруда генетикалық терминдерді және белгілерді(символдарды )қолдану;

  3. ғылыми және көпшілікке арналған әдебиеттермен жұмыс істеуде пәндік және атау көрсеткіштерін пайдалану;

  4. мәтін тезистеріне, конспектілеріне кеңейтілген жоспар құрып,рефераттар презентациялар даярлау;

  5. эпектрондық ресурстарды, интернетті жұмыс барысында қолдану;

  6. оқулық мәтінімен жұмыс істеуде тисті кестелер мен сызбанұсқаларды құрастыру;

  7. органикалық дүниенің бірлігін дәлелдеу үшін жасушалық туралы білімін пайдалану дағдыларын көрсете білу тиіс.



«Биология» пәнінен оқу бағдарламасы

(жаратылыстану-математикалық бағыт)

1. Түсінік хат
1. Бұл бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес заттар, химиялық реакциялар мен олардың заңдылықтары, сондай-ақ қоршаған әлемнің материалдық бірлігі туралы жаратылыстану-ғылыми кіріктірілген білімдерін қалыптастыруға арналған.

2. Оқу пәнінің білім мазмұны теориялық және қолданбалы негіздер мен «Жалпы биологияны» оқытуға бағытталған бөлімдер мен тақырыптырды, практикалық дағдыларды меңгеру мақсатында, қоршаған орта мен адам денсаулығын сақтау мәселелері, зертханалық жұмыстарда берілген.

3. Оқытудың мақсаты:

1) тірі материя, оның биологиялық құрылым деңгейлері туралы негізге алынатын түсініктерді қалыптастыру;

2) тірі және өлі материяның жалпы белгілерін оқушыларға ұғындыру;

3) жасушалық теорияның негізгі қағидалары туралы білім қалыптастыру;

4) өсімдік және жануар жасушаларының құрылысы туралы түсінік қалыптастыру;

5) органикалық және бейорганикалық заттардың рөлі туралы білім қалыптастыру;

6) организмнің жеке даму заңдылықтары туралы түсінік қалыптастыру;

7) органикалық дүние дамуының негізгі ретінде генетикалық заңдылықтар туралы түсінік қалыптастыр

8) адамның тұқымқуалаушылығына қоршаған ортаның қолайсыз факторларының зиянды әсері туралы түсінік қалыптастыру;

4. Оқытудың міндеттері:

1) түр және оның критерий туралы түсініктің мәнін ашып көрсету;

2) эволюциялық ілімнің негіздері туралы білім қалыптастыру;

3) экологиялық факторлар және пәннің ролін ашу;

4) экологиялық міндеттерін ашу;

5) экосистема, биоценоз, биосфера ұғымдарының маңызын ашу;

6) экологиялық жүйелерге адамның іс-әрекетінің әсерін ашып көрсету;

7) табиғатты қорғау бойынша қазақ халқының салт-дәстүрлерінің мәнін ашып көрсету;

8) Қазакстанның табиғатын қорғау туралы Қазақстан Республикасыеың заңдарын негіздеу;

9) цитологияның міндеттерін игеру;

10) жасушалық теорияның негізгі қағидаларын меңгеріп алу;

11) энергия алмасудың кезеңдерін және оның жасушадағы рөлін сипаттау;

12) органикалық дүниедегі көбею әдістері мен жасушалардың бөліну типтерін игеру;

13) организмнің дамуын және орта жағдайларын сипаттау;

14) тұқымқуалаушылықтың негізгі заңдылықтарын ашып көрсету;

15) өзгергіштіктің негізгі заңдылықтарын ашып көрсету;

16) селекция және биотехнология негіздерін сипаттау.

5. «Биология» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

10-сыныпта оқу жылына 68 сағат, аптасына 2 сағат;

11-сыныпта оқу жылына 68 сағат, аптасына 2 сағат.

6. Биологияны оқып білу барысында мына төмендегі оқу пәндерімен пәнаралық байланыстар жүзеге асырылады:

7.Пәнаралық байланыс «Қазақ тілі және әдебиетімен»:

1) сөздік қордың биологиялық терминдермен одан әрі байытылуы;

2) органикалық дүниенің құрылысы мен эволюциясының ерекшеліктері бойынша оқу материалын қабылдау арқылы ауызша сөздің дамуы;

3) қысқаша шығармалар-сипаттамалар, ойбөлісу түрінде материалды баяндау, баяндаманы дұрыс көркемдеу, Эссе,хабарлама, биологиялық диктанттар жазу, шығармашылық тапсырмалар орындау арқылы жазбаша сөздің дамуы.

8. Пәнаралық байланыс математикамен:

1) биологиялық эксперименттердің тәжірибелердің, бақылаудың, зертханалық жұмыстардың қорытындысын шығаруда математикалық білімді пайдалану;

2) биологиялық өлшеулер жүргізу және математикалық талдау жасау.

9. Пәнаралық байланыс тарихпен:

тарихтың бірінші кезеңінің мәдениетін оқып білу, ашылған ұлы географиялық жаңалықтарды білу;

10. Пәнаралық байланыс физикалық география:

1) географиялық аймақтылықты ескере отырыпжер бетінде органикалық дүниенің таралу ерекшеліктерін оқып білу барысындагеографиялық білімге сүйену;

2) орта факторларының адам организмінің жағдайы мен қасиеттеріне және жалпы органикалық табиғатқа әсерін білу;

3) континенттер тарихының білімін пайдалану.

11. Пәнаралық байланыс экономиялық географиямен:

1) бүкіл әлем халықтарын оқып, зерттеп білу;

2) әлем халықтарының географиялық аймақтарға таралуын білу.

12. Пәнаралық байланыс «Химиямен»:

1) бейоргникалық химия.Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесінің элементтері, олардың негізгі қасиеттері;

2) тірі жүйенің құрамына кіретін негізгі химиялық қосылыстар;

3) жасушаның химиялық құрылымын оқып білу;

4) органикалық ортада жүретін биохимиялық процестерді (зат және энергия алмасу - бұл органикалық заттардың биосинтезі және ыдырауы) оқып білу.

13. Пәнаралық байланыс физикамен:

1) биологиялық жүйелердегі өзгерістердің динамикасы;

2) тірі организдердің жағдайы мен қасиеттеріне атмосфералық қысым ауытқуының әсері.

14. Пәнаралық байланыс ақпараттық мәдениет:

1) жалпы биологияның тақырыптары бойынша электрондық көрсетілім құрастыру;

2) жұмыс барысында электрондық материалдарды пайдалану.

15. Пәнаралық байланыс «Музыка»:

1) «Адам генетикасы» тақырыбын оқытуда музыкалық шығармаларды пайдалану;

2) «Адамның шығу тегі» сабағын оқыту барысында музыкалық шығармаларды пайдалану.

16. Пәнаралық байланыс «Бейнелеу өнері»:

1) зертханалық,практикалық және шығармашылық жұмыстарды кестелермен, суреттермен және сызбанұсқалармен безендіру.



2. Оқу пәнінің 10 сынып оқу пәнінің базалық мазмұны
17. «Кіріспе (1 сағат)»:

1) биология ғылымы, ғылымдар жүйесіндегі биологияның орны, әлемнің ғылыми бейнесін түсініп білуде биологияның маңызы, биологияның басқа ғылымдармен (химия, физика, математика, география, астраномия және басқалары) байланысты, жаратылыстану ғылыми пәндер жүйесіндегі «Жалпы биология» курсының алатын орны, мақсаты мен міндеттері;

2) көрсетілім: биолог-ғалымдардың суреттері, “Биологияның басқа ғалымдармен байланысы” — сызбанұсқа.

18. «Цитология. Цитологияның міндеттері (1 сағат)»:

1) заманауи цитология пәні, міндеттері және зерттеу әдістері. Цитологиялық зерттеулердің басқа биологиялық ғылымдар мен медицина және ауыл шаруашылығы үшін маңызы.

19. «Жасушалық теория (19 сағат)»:

1) «Жасушаның химиялық құрамы» (9 сағат):

жасушаның ашылуы және зерттеу тарихы, жасушалық теорияның негізгі қағидалары, оның биология ғылымының дамуындағы маңызы;

жасуша тірі тіршілік иесі дамуының, құрылымы мен қызметінің бірлігі.

жасушаның химиялық құрамы;

су және басқа бейорганикалық заттар, олардың жасуша тіршілігіндегі рөлі. Органикалық заттар: көмірсулар, нәруыздар, липидтер, нуклеин қышқылдары, АТФ, олардың құрылысы және жасушадағы рөлі;

ферменттер, олардың тіршілік әрекеттерін реттеудегі рөлі;

2) «Прокариоттық жасушаның құрылысы мен қызметі» (2 сағат):

прокариоттық жасушаның құрылысы, бактериялық жасуша, оның құрылысы мен қызметінің ерекшеліктері.Бактериялар тіршілігінің алуантүрлілігі;

3) «Эукариоттық жасушаның құрылымдық-функциялық құрылыс ерелкшеліктері» (8 сағат):

жасушаның негізгі құрам бөліктері, түрлі жасушалық құрылымдар мембранасының құрылысы мен функциялық ерекшеліктері;

цитоплазма және оның органоидтері,олардың құрылысы және қызметі: цитоплазма, (эндоплазмалық тор, Гольджи жиынтығы және лизосомалар, митохондриялар, пластидтер,жасуша орталығы,рибосома), итоқаңқа.

қозғалу органоидтері, жасушалық қосындылар.

ядро, оның құрылысы мен қызметі, хромосомалардың химиялық құрамы мен құрылысы, саңырауқұлақтар, жануарлар мен өсімдік жасушаларының құрылысындағы ерекшеліктер.

20. «Тіршіліктің жасушалық емес формалары (2 сағат)»:

1) вирустар және фагтар. ЖИТС-тің (жүре пайда болған иммундық тапшылық синдромы) вирусы, оның құрылысы мен тіршілігінің ерекшеліктері, вирустық аурулардың алдын алу.

21. «Жасушадағы зат және энергия алмасу (метаболизм) (9 сағат)»:

1) жасушадағы зат және энергия алмасу, зат алмасу реакцияларының катализдік сипаты, пластикалық және энергиялық алмасулар, энергиялық алмасудың негізгі кезеңдері, жасушалық тыныс алу процесінің ерекшеліктері, органикалық заттарды түзу және қабылдау әдістері: автотрофтар және гетеротрофтар;

2) фотосинтез, оның сатылары, биосферадағы ғарыштық рөлі;

3) хемосинтез, оның биосферадағы рөлі.

4) нәруыз биосинтезі, генетикалық ақпараттың негізі — ген туралы түсінік, генетиткалық код, нәруыз синтезіндегі матрицалық принцип. ДНҚ-лық матрицаға сәйкес а-РНҚ-ның түзілуі, биосинтездің реттелуі;

5) гомеостаз туралы түсінік, жасушадағы зат және энергия алмасу процестерінің реттелуі.

6) көрсетілім:

өсімдік және жануар жасушаларының микропрепараттары; фотосинтез процесін бейнелейтін тәжірибелер; жасуша модельдері; ДНҚ мен РНҚ-ның және түрлі молекулалар мен вирустық бөлшектердің моделдері; жасушадағы метаболизм жолдарының сызбанұсқалары, “Нәруыз биосинтезінің” аппликациялық — моделі;

7) зертханалық жұмыстар №1 «Эукариоттық (өсімдік, жануар, саңырауқұлақ) және прокариоттық (бактериялар)жасушалардың құрылысы»;

№ 2 «Пияз эпидермисінің жасушаларындағы плазмолиз және деплазмолиз құбылыстарын бақылау», № 3 «Өсімдік жасушаларындағы цитоплазманың қозғалысын бақылау».

22. «Организмдердің көбеюі және жеке дамуы (онтогенез) (10 сағат)»:

1) «Өсімдіктер мен жануарлардың жыныссыз көбеюі (2 сағат)»:

өзін-өзі ұдайы өндіру — тіріге тән жалпылама қасиет;

митоз жыныссыз көбеюдің және көпжасушалы организмдер өсуінің негізі, оның фазалары және биологиялық маңызы;

организмдердің жыныссыз көбею формалары:

қарапайымдар жасушаларының митоздық бөлінуі, споратүзуі;

біржасушалы және көпжасушалы организмдердегі бүршіктену;

вегетативтік көбею;

жыныссыз көбеюдің эволюциялық маңызы.

2) «Жынысты көбею (3 сағат)»:

жынысты көбею;

мейоз, оның биологиялық маңызы;

сперматогенез, овогенез, ұрықтану, гүлді өсімдіктердегі ұрықтанудың ерекшеліктері, ұрықтанудың биологиялық маңызы;

3) «Жеке даму (онтогенез) (3 сағат)»:

организмдердің жеке дамуы (онтогенез) түсінігі;

бөліну, өсу, жасушалардың жіктелуі, органогенез, көбею, картаю, организмнің өлуі;

Э. Мюллер және Э. Геккельдің биогенетикалық заңы. Өсімдіктердің онтогенезі. Жануарлардың онтогенезі. Дамып келе жатқан ұрықтағы дене бөліктерінің өзара әсері.

4) «Организмнің дамуы және қоршаған орта (2 сағат)»

организмнің эмбриондық және постэмбриондық дамуындағы қоршаған орта факторларының рөлі, улы заттардың (токсиндік): темекі түтіні, алкоголь, есірткі, түрлі-түсті, ауыр металлдар және радиоактивті заттардың эмбриондық және постэмбриондық даму барысына әсері (туа біткен кемтарлықтар);

организмнің өсуі және дамуы, орта жағдайларының өзгерістеріне организмнің бейімделу деңгейлері, организмнің қартаюы және өлуі, жыныссыз көбеюдегі онтогенез өзгешелігі;

көрсетілім: жыныссыз, жынысты көбеюді, жоғары сатыдағы өсімдіктердің эмбриондық және постэмбриондық дамуын бейнелейтін кестелер, сызбанұсқалар; омыртқалы жануарлар ұрықтарының ұқсастығы, митоз және мейоздың сызбанұсқалары.

23. «Генетика негіздері (12 сағат)»:

1) «Тұқымқуалаушылықтың негізгі заңдылықтары (7 сағат)»:

генетиканық даму тарихы;

белгілердің Мендель ашқан тұқым қуалау заңдылықтары;

тұқым қуалаушылықтың гибридологиялық әдісі; моногибридтік будандастыру; басымдылық көрсету заңдылығы; ажырау заңдылығы; толық және толық емес доминанттылық; гаметалар тазалығының заңы, оның цитологиялық негіздемесі, көптік аллельдер, талдаушы шағылыстыру, дигибридтік және полигибридтік шағылыстыру, тәуелсіз үйлесімділік заңы, фенотип және генотип, тұқым қуалаудың генетикалық заңдарының цитологиялық негіздері, жыныстың генетикалық анықталуы. Жыныс хромосомаларының генетикалық құрылымы, гомогаметалы және гетерогаметалы жыныс. Жыныспен тіркес тұқым қуалайтын белгілер, тұқымқуалаушылықтың хромосомалық теориясы, гендердің тіркесу топтары, белгілердің тіркес тұқым қуалауы, Т. Морган заңы, гендердің толық және толық емес тіркесулері, хромосомалардың генетикалық картасы, генотип — біртұтас жүйе, хромосомалық (ядролық) және цитоплазмалық тұқымқуалаушылық, белгілердің анықталуында аллельді гендердің өзара әрекеттесулері (доминанттылық, толық емес доминанттылық, кодоминанттылық және аса жоғары доминанттылық) және аллельді емес гендердің өзара әрекеттесулері ( комплементарлық, эпистаз және полимерия);

сарамандық жұмыс, генетикалық есептер шығару;

24. «Өзгергіштің негізгі заңдылықтары (5 сағат)»:

1) згергіштіктің негізгі формалары. Генотиптік өзгергіштік: Мутациялар.

2) гендік, хромосомалық және геномдық мутациялар, сомалық және генеративтік мутациялар, жартылай летальды және летальді мутациялар.

3) мутациялардың себептері мен жиілігі, мутагендік факторлар, мутациялардың эволюциялық рөлі;

4) үйлесімдік өзгергіштік, гендердің түрлі үйлесімдерінің пайда болуы және олардың генетикалық алуантүрлілікті (түрдің шегінде) қалыптастырудағы рөлі, үйлесімдік өзгергіштіктің эволюциялық маңызы, тұқым қуалайтын өзгергіштіктегі гомологтік қатарлар заңы;

5) фенотиптік немесе модификациялық өзгергіштік, белгілер мен қасиеттердің дамуы және олардың жарыққа шығуында сыртқы орта жағдайларының рөлі, модификациялық өзгергіштіктің статистикалық заңдылықтары, доминанттылықты басқару;

6) көрсетілім:

тұқымқуалаушылық заңдылықтарын, хромосомалардың айқасуын бейнелейтін модель — аппликациялар;

қоршаған орта жағдайларының организм өзгергіштігіне әсерін көрсететін тәжірибе нәтижелері;

кеппешөп материалдары, будандық, полиплоидтық өсімдіктердің жинақтамалары, нақпішіндері.

7) зертханалық жұмыстар:

№ 1 «Өсімдіктер мен жануарлардағы өзгергіштікті зерттеу, вариациялық қатар және қисық құрастыру».

№ 2 «Өсімдік фенотиптерін зерттеу»

25. «Адам генетикасы (5 сағат»):

1) адамның тұқым қуалаушылығын зерттеу әдістері, адамның генетикалық әртүрлілігі, адамның және адам нәсілдерінің шығу тегі туралы генетикалық мәліметтер, адам белгілерінің тұқым қуалау сипаты, денсаулықтың генетикалық негіздері, адамның генетикалық денсаулығына ортаның әсері, генетикалық аурулар, генотип және адамның денсаулығы, популяция генофонды.

2) биологиялық және әлеуметтік тұқым қуалаудың арақатынасы, генетиканың әлеуметтік проблемалары, гендік инженерияның этикалық проблемалары;

3) генетикалық болжау және медициналық-генетикалық кеңес беру, оның практикалық маңызы, міндеттері және болашағы.

4) көрсетілім:

адамның хромосомалық аурулары және олардың фенотиптік көрініс беруі.

зертханалық жұмыс № 6. Шежіре құру.

26. Селекция және биотехнология негіздері (9 сағат):

1) селекцияның міндеттері және әдістері, генетика — организмдер селекциясының ғылыми негізі, селекция үшін бастапқы материал. Н.И.Вавиловтың мәдени өсімдіктердің шығу орталықтары туралы ілімі, қолтұқым, іріктеме, штамм, өсімдіктер және жануарлар селекциясы, селекциядағы қолдан сұрыптау, будандастыру — селекциялық әдіс ретінде, шағылыстыру типтері, өсімдіктер селекциясындағы полиплоидия, заманауи селекцияның жетістіктері;

2) микроорганизмдер, саңырауқұлақтар, прокариоттар-биотехнологлиялық нысандар;

3) микроорганизмдер селекциясы және оның микробиологиялық өнеркәсіп үшін маңызы;

4) тамақ өнімдерін, дәрумендерді, ферменттер мен дәрілерді микробиологиялық өндіру;

5) биотехнологияның проблемалары және болашағы.

6) гендік инженерия, оның жетістіктері және болашағы.

7) көрсетілім:

тірі өсімдіктерді, кеппешөптерді нақпішіндерді, кестелер, суреттер мен сызбанұсқаларды, селекциялық жұмыстардың нәтижелерін бейнелейтін басқа да материалдарды пайдалану;

белгілі ғалым селекционерлердің фотосуреттерін, өсімдіктердің жаңа іріктемелерін;

жануарлардың жаңа қолтұқымдарын алудың әдістерін бейнелейтін сызбанұсқаларды, кестелерді;

микробиологиялық өндірістің сызбанұсқаларын, микробиологиялық синтез өнімдерін көрнекілеу.



Каталог: download -> version
version -> БАҒдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
version -> Өмірбаяны Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Үлкен Қоскөлдің маңы 1913 жылы, сонда) ақын, әнші, композитор. Әкесінің есімі Қорамса, шешесі Жаңыл
version -> Абылай хан
version -> Бағдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
version -> Ғалымдардың ең ежелгі адамды атауы
version -> Өмірбаяны Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Үлкен Қоскөлдің маңы 913 жылы, сонда) ақын, әнші, композитор. Әкесінің есімі Қорамса, шешесі Жаңыл
version -> Mұхтар Омарханұлы Әуезов
version -> ТҮркістан қаласы
version -> Абай Құнанбайұлы
version -> Міржақып Дұлатұлы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет