Биология тест тапсырмалары жинағы



бет3/20
Дата23.11.2022
өлшемі464 Kb.
#159538
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
3138 test bio ent
00073a84-5a6f65a2
Вариант 3

1. Өсімдікке жасыл түс беретін және органикалық зат түзуге қатысатын пластидтер:


А) Хлоропластар D) Вакуоль
В) Хромопластар Е) Лейкопластар
С) Митохондриялар
2. Бүлдіргеннің түрі өзгерген жер асты өркені – тамыр сабағы:
А) Жатаған D) Қысқарған
В) Шырынды Е) Түйнек тәріздес
С) Бұршақ тәріздес
3. Пияз, сарымсақ, қызғалдақ көбейеді:
А) Түйнек арқылы D) Пиязшықтары арқылы
В) Тамырсабақ арқылы Е) Қалемше арқылы
С) Мұртшалары арқылы
4. Су мен ақуыздан тұратын қанның сұйық бөлігі:
А) Цитоплазма D) Кариоплазма
В) Плазма Е) Сұйықтық
С) Жасуша шырыны
5. Жасушалары төрт-төрттен орналасқан бактериялар:
А) Коккалар D) Спирилдер
В) Диплококкалар Е) Тетракоккалар
С) Стафилококкалар
6. Даражарнақтылар класына жатады:
А) Бұршақ тұқымдасы D) Алқалылар тұқымдасы
В) Раушангүлділер тұқымдасы Е) Құртқашаштар тұқымдасы
С) Алаботалылар тұқымдасы
7. Жапырағы үшқұлақты күрделі жапырақ:
А) Таңқурай D) Итмұрын
В) Қазтабан Е) Шетен
С) Шие
8. Ағзаның қайта қалпына келуіне қатысатын ішекқуыстылардың жасушалары:
А) Жүйке D) Ас қорыту
В) Тері-бұлшық ет Е) Аралық
С) Атпа
9. Ағаштан жасалған құрылыстар мен кеме түбін тесетін қосжақтаулы былқылдақдене:
А) Устрица D) Мидия
В) Жалақаш шырыш Е) Кемеқұрт
С) Сегізаяқ
10. Омыртқасы жоқ желілі жануар:
А) Қандауыршалар D) Балықтар
В) Қосмекенділер Е) Бауырымен жорғалаушылар
С) Құстар
11. Қазақстанның Қызыл Кітабына енген сүтқоректі кемірушілер отрядының өкілі:
А) Көксуыр D) Құмқоян
В) Жұпар тышқан Е) Қара кірпі
С) Жертесер
12. Жүйке ұлпасының жасушасы:
А) Нейрон D) Миоцит
В) Нейроглия Е) Нефрон
С) Эритроцит
13. Бас миы торлы қабықшасының қабынуы:
А) Холецистит D) Отин
В) Арахноидит Е) Бронхит
С) Панкреатит
14. Жақыннанкөргіштік кезінде кескін түседі:
А) Торлы қабықтың артына D) Соқыр даққа
В) Торлы қабыққа Е) Сары даққа
С) Торлы қабықтың алдына
15. Сүйектің өсуі мына ұлпа жасушаларының бөлінуіне байланысты:
А) Сүйек ұлпасының D) Сүйек кемігінің
В) Шеміршек ұлпасының Е) Бұлшық ет ұлпасының
С) Борпылдақ ұлпаның
16. Жарадан аққан ірің – ол:
А) Клетка аралық заттар D) Өлген эритроциттер, ұлпалар
В) Ұлпа сұйықтығы Е) Өлген тромбоциттер, ұлпалар, клеткалар
С) Өлген лейкоциттер, ұлпалар, клеткалар
17. Организмде калий иондары жүрекке мына жүйе тәріздес әсер етеді – ол:
А) Жұлын D) Мишық
В) Симпатикалық жүйе Е) Варолиев көпірі
С) Парасимпатикалық жүйе
18. Адамға ақыл тіс пайда болады:
А) 18 жаста D) 30 жаста
В) 20-22 жаста Е) 35 жаста
С) 26 жаста
19. Несепағар қан тамырлары мен жүйкелер орналасқан бүйректің ішкі қуысы:
А) Бүйрек астаушасы D) Капсула
В) Камера Е) Қатпар
С) Нефрон
20. Егер денені күйдірсе, күйген жерді жуу керек:
А) Бор қышқылымен D) Формалинмен
В) Ас тұзының ерітіндісімен Е) Кез-келген химиялық зат ерітіндісімен
С) Ас содасы ерітіндісімен
21. ДНК молекуласы тұрады:
А) Бір қатар спиральдан D) Төрт қатар спиральдан
В) Екі қатар спиральдан Е) Бес қатар спиральдан
С) Үш қатар спиральдан
22. Екі моносахаридтің қосылысы:
А) Глюкоза D) Дисахарид
В) Фруктоза Е) Полисахарид
С) Галактоза
23. Ұрық жапырақшаларының аралық қабаты:
А) Эктодерма D) Зигота
В) Мезодерма Е) Бластула
С) Энтодерма
24. Тіршілік ету орта жағдайларына бейімдеушілік деңгейінің төмендеуі, түр санының азаюы, түр ареалының тарылуы байқалады:
А) Макроэволюция D) Биологиялық прогресс
В) Микроэволюция Е) Биологиялық регресс
С) Морфологиялық критерий
25. Организмнің сыртқы және ішкі белгілерінің жиынтығы:
А) Хромосомалар D) Генотип
В) Гаметалар Е) Гетерозигота
С) Фенотип
26. Ер адамдарда кездесетін артық жыныс Х-хромосоманың болуы кезінде пайда болатын ауру түрі:
А) Даун ауруы (синдромы) D) Альбинизм ауруы
В) Клайнфельтер ауруы Е) Дальтонизм ауруы
С) Шершевский ауруы
27. Белгілі бір аймақта немесе территорияда тіршілік ететін особьтардың (даралардың) мөлшері:
А) Туылым D) Популяция құрылымы
В) Тығыздығы Е) Өсім
С) Саны
28. Өсімдіктер тұқымдастарының жануарлар арқылы таралу құбылысы:
А) Симбиоз D) Зоохория
В) Комменсализм Е) Аллелопатия
С) Мутуализм
29. Экожүйеде уақыттың белгілі бір аралығында жалпы құрғақ салмақты анықтайды:
А) Сандық пирамида D) Өнімділік
В) Биомаса пирамидасы Е) Сукцессия
С) Энергия пирамидасы
30. Биосфераның ауа қабаты:
А) Гидросфера D) Батиаль
В) Литосфера Е) Абиссаль
С) Атмосфера




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет