Биологиядан тақырыптық piza тапсырмасы Өсімдіктер



Дата10.10.2022
өлшемі0,63 Mb.
#152532
Байланысты:
Өсімдік ПИЗА


Биологиядан тақырыптық PIZA тапсырмасы
Өсімдіктер
Өсімдік жайлы ғылымның негізін қалаған және оның жеке ғылым ретінде дамуына үлес қосқан –Теофраст (б.з.д 370-286жж.) Гректің көне табиғат зерттеушісі Теофраст ойшыл ғалым Аристотельдің шәкірті болған. Өсімдіктер әлемі-бізді қоршап тұрған жасыл әлем. Өсімдіктер барлық жерде кездеседі. Тіпті Антрактиданың мұз баспаған ашық жерлерінде мүктер мен қыналар өседі. Өсімдіктерге-балдырлар,мүктер,қыналар, ашық тұқымдылар мен гүлді өсімдіктер жатады. Өсімдікте күн сәулесі, көмірқышқыл газы, судың әсерінен органикалық заттар түзіліп, ауаға бос оттек бөлінеді. Органикалық заттарды барлық тірі ағзалар қорек ретінде пайдаланады. Сонымен, тірі ағзалардың тыныс алуын, қоректенуін өсімдіктер қамтамасыз етеді. Өсімдіктер –төменгі және жоғарғы сатыдағылар деп үлкен 2топқа жіктеледі.

1-сұрақ: Өсімдікте мүше бола ма?
_________________________________________________________________________________
Толық жауабы: Иә, тек жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің мүшелері болады. Төменгі сатыдағы өсімдіктердің мүшелері болмайды.
2-сұрақ: Өсімдіктен адам күнделікті тұрмыста керегіне жарататын......,.....,....... сияқты заттар алады.
А)темір, мыс
Ә)алюминий, хлор
Б) жиһаз,отын
В)хлор, отын
С)темір,алюминий
Толық жауабы: Б)
3-сұрақ: Жер бетінің сәнін келтірер сәулеті мен бағалы басты байлық дәулеті саналатын – жасыл желектер. Осы жасыл желектеріміз бізге не береді? Жауабын «Иә» немесе «Жоқ» деп төмендегі кестедегі сұрақтарға жауап беріңдер.



Сұрақтар

«Иә»

«Жоқ»

1

Өсімдік-жер бетінің ажарын аша түседі







2

Өсімдік-улы заттар береді







3

Өсімдік-жер бетінің сәнін келтіреді







4

Өсімдік –ауаны ластайды







5

Өсімдік-денсаулыққа қажетті дәрі-дәрімек







Толық жауабы: 1-иә, 2-жоқ,3-иә,4-жоқ,5-иә.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет