Биотехнологияда пайдаланылатын қоректік орталар



Дата13.12.2021
өлшемі0,65 Mb.
#125216
Байланысты:
Микр Биотех СРСП 12 апта. Мамбтбаева С хб308
1 орыс ктп, 1 орыс ктп, 10-га дейін санау 2, БҰЛ НЕ, домино

Биотехнологияда пайдаланылатын қоректік орталар

Орындаған: Мамбетбаева С

Тобы: ХБ-308

Тексерген: Калиева А

Кіріспе

  • Іргелі және қолданбалы микробиологияның дамуы микроорганизмдерді бөліп алу және оларды өсірумен байланысты. Бұл зерттеулер Р.Кохтың бактериялардың таза дақылдарын алу әдісін ұсынған соң мүмкін болды. Таза дақылдар деп бір туысқа және бір түрге жататын клетка шоғырын атайды. Таза дақылдарды алу микроорганизмдерді анықтау, оларды өсіруге қолайлы жағдай жасауға және жан-жақты зерттеуге жол ашты. 

Қоректік орта дегеніміз- микроорганизмдерді лабораториялық және өнеркәсіптік

жағдайларда өсіруге арналған белгілі бір заттектердің сұйық немесе қатты қоспасы.


Пайдалану мақсатына қарай қоректік орталар 3  негізгі топқа бөлінеді:

А) Әмбебап қоректік орта.

  • Бұл орталарда хемогетеротрофты, арнайы органикалық заттарды қажет етпейтін микроорганизмдердің көптеген түрлері өседі.Бұл орталарға бактериялар жақсы өсетін ет-пептонды сорпасы және ашытқы саңырауқұлақтарға лайықты сусло жатады.

Б) Арнайы орта.

  • Ерекше органикалық заттарды қажет ететін және әмбебап ортада өспейтін хемоорганотрофты микроорганизмдерді өсіретін орта. Мысалы, спирохеталарға көмірсутегі мен аминқышқылдардан басқа, ұзын тізбекті майлы қышқылдар қажет. Олар қан сарысуы құрамына кіреді. Сондықтан спирохеталарға арналған қоректік ортаға қан не қан сарысуын қосады. Ал кейбір теңіздерде тіршілік ететін бактериялар, мысалы, Marinomonas туысына жататындар, теңіз суына қажетті болады. 

С) Элективті немесе таңдамалы орта. 

  • Бұл орта табиғи субстраттардан (топырақ, су, тағамдардан, өсімдік пен жануарлардан) микроорганизмдердің жеке топтарын бөліп алуға арналған. Оларды микробиологияға С.И.Виноградский енгізді. Элективті деп микроорганизмдердің белгілі бір тобының немесе түрінің өсуіне қажетті құрамы ерекше қоректік орталарды атайды. Элективті ортаны жасау барысында микроорганизмдердің физиологиясын және зат алмасуын, олардың қоректік зат көзіне талғамын, ортаның қышқылдылығын, оттектік мөлшерін, температураны және т.б жағдайларды ескеру қажет. 

Қоректік орталарды жасау принциптері

  • Микроағзаларды лабораториялық және өндірістік жағдайда өсіру үшін жасанды қоректік орталар дайындалады. Микроағзаларды зерттеу барысында ,көбінесе, синтетикалық (құрамы жағынан қарапайым) орталар пайдаланылады. Синтетикалық орта деп – белгілі бір химиялық қоспалардан тұратын орталарды атайды. Бұл орталардың негізін минералды заттар құрайды. Минералдардың негіздеріне энергия, көміртегі, азот көздерін қосып, күрделілігі әр түрлі қоректік орталарды дайындауға болады. Құрамында күрделі заттар, ашытқы экстрактісі, ашытқы автолизаты, пептон немесе ет экстрактісі қосылған орталарды күрделі орта деп атайды.

Назарларыңызға рахмет!!!



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет