Бір әріптеске тәлімгерлік ету үдерісі туралы сараптамалық есеп 1-бөлім: Тәлім алушының дамуындағы қажеттіліктерді анықтау


-бөлім Тәлімгерлік табыстылығын талдау



бет3/5
Дата10.10.2020
өлшемі30,86 Kb.
#64086
1   2   3   4   5
3-бөлім Тәлімгерлік табыстылығын талдау

Тәлім алушымен қарым-қатынас жасау барысында мен оның сабақтарына қатыса отырып, өткен сабағының жетістіктері мен кемшіліктерін жазып отырып, онымен керi бaйланыс жaсaу кезінде қaйтa ұсындым. Екеуіміздің әріптестік қарым-қатынасымыз өз сыйын жоғалтқан жоқ.Мен оның кәсіби өсуіне септігімді тигiзе отырып, өзім де өстім. Оның педагогикалық тәжірибесінің, жұмыс өтілінің аздығы екеуіміздің бірлесіп жұмыс істеуімізге кедергі келтірмеді, сыйластықта, ауызбiршілiкте жұмыс жасадық. Ол да маған тәлім алушы бола жүріп, мұғалімдік жұмысына қатысты көптеген нәрсені меңгерді: жасаған жұмыстарына есеп беруді үйренді, оқушылармен дұрыс қарым-қатынас жақсы нәтижеге қол жеткізетінін түсінді,оқушыларды мақтап отырса олардың оқуға деген ынтасы артатындығына көзі жетті.

Тәлімгерлік тәжірибе кезінде мына әрекеттер сәтті болды: тәлім алушы екеуіміздің арамызда тығыз кәсіби байланыс орнады, екеуіміздің ой-пікіріміз бір жерден шығып отырды. Менің мектептегі іс-әрекет кезіндегі тәлімгерлік жұмысымның табысты болуына тәлім алушымның көп көмегі тиді, оның алға қарай ұмтылысы қарқынды болды. Оның осындай құлшынысы мені де алға қарай жетеледі. Мен тәлім алушы ретінде M. Еciмді мұғалімді таңдағанда қателеспедім деп нық сеніммен айта аламын.

Менің тәлім алушымен бірлесіп жасаған жұмыс кезіндегі жеткен жетістігім-сыныпты ынтымақтастықта оқуды, сын тұрғысынан ойлай білуге үйретуім. Бұған дейінгі сабақтарда жеке-жеке жұмыс істеп, логикалық есептерді шешуде енжарлық танытып үйренген оқушылардың «топпен жұмыс жасап,мәтінмен берілген есептер шығарайықшы» деп айтуы, менің тәлімгерлік жұмысымның дұрыс бағытта жүргендігі деп ойлаймын. Себебі, оқушылар оқу кабинетіне жүгіре кіріп «апай, сабақты кешегідей өтеміз ба?»-деп жарыса сұрайтын болды. Тәлім алушымен қарым-қатынас жасау барысында мен оның сабақтарына қатыса отырып, өткен сабағының жетістіктері мен кемшіліктерін жазып отырып, онымен керi бaйланыс жaсaу кезінде қaйтa ұсындым.Уақыттың тығыздығы ,оқу жылының басы болғандықтан кейбір сәтсіз өткен тұстарын егер осы тәжірибені қайталауға мүмкіндік болса,тәлім алушыма әдіс-тәсілдерді керек жерінде дұрыс пайдалануға ,не үшін пайдаланатынын нақты мақсат етіп қоюын қалар едім.Теорияға көбірек көңіл бөлсем ,осы тәлім алушыма алдағы уақытта да үлкен көмегім тиеді деген ойдамын.




Каталог: download -> version
version -> БАҒдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
version -> Өмірбаяны Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Үлкен Қоскөлдің маңы 1913 жылы, сонда) ақын, әнші, композитор. Әкесінің есімі Қорамса, шешесі Жаңыл
version -> Абылай хан
version -> Бағдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
version -> Ғалымдардың ең ежелгі адамды атауы
version -> Өмірбаяны Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Үлкен Қоскөлдің маңы 913 жылы, сонда) ақын, әнші, композитор. Әкесінің есімі Қорамса, шешесі Жаңыл
version -> Mұхтар Омарханұлы Әуезов
version -> ТҮркістан қаласы
version -> Абай Құнанбайұлы
version -> Міржақып Дұлатұлы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет