Бірінші бөлім зертханалық ЖҰмыстардың орындалу техникасы жұмыс орны және зертханадағы жұмысты орындау ережелері


Тығындарды тесу және түтіктерді біріктіру



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата20.09.2023
өлшемі472,02 Kb.
#181736
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1-зертханалық жұмыс

Тығындарды тесу және түтіктерді біріктіру
Зертханалық аппаратураны жинағанда диаметрі әртүрлі түтіктерді 
кіргізетін, тесілген тығындар қолданылады. Тығындардағы тесікгер диаметрі 
түтіктердің диаметріне дәл болатындай етіп арнайы бүрғылардын көмегімен 
жасалынады. Конусты тығынды табанымен столдың бетіне койып, бүрғының 
үшына глицеринді жағып, бұрғыны айналдыра отырып тығынды теседі. 
Шыны түтікті абайлап тесікке қондырады. Қондырылатын түтіктің үшы 
міндетті түрде балқытылып, глицерин жағылуы тиіс.
Шыны түтіктерді өзара біріктіру үшін, жоғарыдағы әдіспен (глицерин 
немесе вазелин майын 
қодданып) қажетті үзындықта кесілген резина 
шлангілерімен біріктіреді. Кейде шыны бөлшектерді біріктіру үшін 
полиэтилен түтіктерді колданады.
Химиялык ыдыстарды таза үстау үшін “ерш” деп аталатын әртүрлі 
іцеткалар пайдаланады. Ыдыстарды кептіру үшін шкафтар немесе кептіргіш 
тақта пайдаланылады.
Зертханада ыдыстарды тығынмен жабу керек. Әдетте үш түрлі 
тығындар пайдаланылады: ағаш қабығынан жасалі'ан, резина және шыны 
тығындар. Әр ыдысқа тығын дайындау керек. Қабық (ағаш) тығынның сәл 
үлкендеуін алып, арнайы преске салып, қысып кішірейтіп, нығыздап алады. 
Тығындарды жуып, таза үстау керек. Резина тығындар тығыз, ыдысты жақсы 
жауып түрады. Бірақ резинаға бензин, бензол, ацетон, күкіртті көміртек,
16


күшті қышкылдар (әсіресе күкірт және азот қышқылдары) әсер етеді. 
Аталған заттары бар ыдыстарды жабу үшін резина тығындарды қолдануға 
болмайды. Шыны тығындар сирек пайдаланады.
5-сурет.
а) 
шыны түтікті кесу; б) түтікті жалында қыздыру; в) түтікті ию; ғ) 
пипетканы жасау; д) тығынға арналған бүрғыларды колдану және оларды
кайрау.
17


1.2. 
Зертханалы қ қы зды ру аспаптары .
Қыздыру үшін зертханада әртүрлі аспаптар қолданылады: спирт шамы, 
газ жанаргы, электрпештері, кепгіргіш шкафтар, моншалар, муфельді, 
трубалы және тигель пештері.
Аз уақыт қыздыруға қүрғақ спиртті қолдануға болады. Ол - парафин 
қосылған 
гексаметилентетрааминнен 
(СН2)бМ4 
жасалған 
престелген 
таблеткалар. Мүндай заттар жанғанда күйе бөлінбейді, себебі (С 0 2, N2, су 
буы) газ тәрізді заттар бөлінеді.
С пирт ш амы әдетте шыныдан жасалған қақпағы бар ыдыс. Оларға 
денатурат-спирт қүйылады және білтесі болады. Шамның жалыны онша 
ыстық емес, спирт үшпас үшін жүмыс біткен соң спирт шамын кақпағымен 
жабу керек.
Бунзен немесе Теклю ж ан аргы л ары . Газ зертханаларға күбырлар 
арқылы келеді, столда шүмегі бар түтікшемен бітеді. Сол шүмекпен 
жанарғыны резина түтік арқылы жалғайды. Табиғи газ улы, сондықтан ол 
ауаға шықпау керек, ол үшін газ шүмегін пайдаланбағанда берік жабу керек. 
Табиғи газдын кейбір түрлерінің иісі бар, оның шыққанын иісінен білуге 
болады.
Зертханада өте жоғары температурада қыздыру үшін кейде дәнекерлеу 
ж ан аргы лары колданылады.
Нгер үзак кыздыру керек болса, шамамен 100-300°С аралығында
«монша» деп аталатын жылытқыш қүралдар қолданады: су және кұм 
ж ы л ы тк ы ш ы т.б. Су жылытқышы металдан жасалған ыдыс (темірден 
немесе мыстан) бірнеше дөңгелек қақпақтары бар, оларды бірінің үстіне 
бірін жабады. Су жылытқышын пайдаланғанда оны 2/3 бөлігіне дейін сумен 
толтырады да қыздырып, қайнатады (судың тбарлығын қадағалау керек). 
Жоғары температурада қыздыруға су орнына кейде силикон майын (май 
моншасы) немесе түз балкымасын қолданады. Қүм жылыткышында табақ 
тәрізді ыдысқа тазартылған қүм салынып, кыздырылады.
600-1000°С температураға дейін қыздыру үшін муфель пештерін 
қодданады. Муфель пешін электр тоғымен қыздырады, ол отқа төзімді заттан 
жасалған.
Қ ұбырлы пештер газды ортада (газ ығыньшда) реакңияны жүргізуге 
арналған. Қиын балқитын қүбырлар кварц, фарфор немесе металдан 
жасалады да, пештщ ішінде табақшаға салынған зат кыздырылады.
Зергханада кыздыру үшін электр пештерін қолданады. Электр 
пештерінің спиралі ашық немесе жабық болуы мүмкін. Жабық пештердің 
ішінде асбест қабатымен қапталғандарын қүм жылытқышы ретінде 
пайдалануға болады. Қүты кыздыратын пештерде ойык болғандықтан, түбі 
домалақ қүтыларды қыздыруға болады. Электр тоғымен қыздырылатын 
аспаптарда реостат арқылы температураны реттейді. Тигель және муфель 
пештерінде заттарды тигельдерде қыздырады.
18


6-сурет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет