Сабақтың тақырыбы: Коэффициент. Ұқсас қосылғыштарды біріктіру. Сабақтың мақсаты



Дата20.02.2020
өлшемі19,06 Kb.
#58501
түріСабақ
Байланысты:
ашық сабақ 6а

Сыныбы:6а

Сабақтың тақырыбы: Коэффициент. Ұқсас қосылғыштар. Ұқсас қосылғыштарды біріктіру.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қосындыдағы ұқсас қосылғыштарды табуды, ұқсас қосылғыштардың коэффициенттерін және олардың әріп бөліктерін ажырата отырып ұқсас қосылғыштарды біріктіру;

Дамытушылық: Есептеуде ұқсас қосылғыштарды біріктіруді қолдану, теорияны практикамен ұштастыру;

Тәрбиелілік:тапқырлыққа, жылдам ойлауға, нақты жауап беруге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: кеспе қағаздар, смайликтер,

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, есепетер шығару

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың барысы:



1.Ұйымдастыру 2 мин

Балалар бүгінгі сабаққа қандай мақсатпен келдіңдер? Сендер үшін ең маңызды не нәрсе? Әрине білім алу.

Ендеше бүгінгі сабағымызда білімімізді көрсетуіміз керек.

Сабағымыздың ұраны: «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады»



2.Үй жұмысын тексеру «Қайталау-оқу анасы»

-Теріс рационал сандарды қосу үшін...

-Таңбалары әр-түрлі екі рационал санды қосу үшін...

-Айнымалы дегеніміз не?

-Жақшаны ашу кезінде рационал сандарды көбейтудің қандай қасиеті қолдананылады?

-Жақшаның алдында «-» таңбасы болса қосылғыштардың таңбалары қалай өзгереді

-Жақшаның алдында «+» таңбасы болса ше?

Сәйкестендіру

- (a + d - c) d + b + a

- (- d - b) + a -10a + 5k -15

5*(-2a + k - 3) a - d - c

2*(5a -2,5k +7,5) - a - d + c

d - (- b + a) d + b - a

a - (d + c) 10a - 5k +15

Оқушылар бір-бірінің жұмысын тексереді

Бағалау критериі

«5» -6 дұрыс жауап

«4» - 5 дұрыс жауап

«3» - 4 дұрыс жауап



«2» - 3 және одан кем жауаптар

3. Жаңа сабақты түсіндіру

3 әріпті өрнек және санды көбейткіштерден тұрады. Мұндай өрнекті ықшамдауға болады.Әріпті өрнектің орнына сан қойылатыны белгілі. Демек рационал сандарды көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері сандарды және әріптерді бөлек көбейтуге мүмкіндік береді.

Коэффициент әріпті көбейткіштің алдына жазылады. -1 коэффициентінің орнына «минус» таңбасы жазылады. Әріпті өрнектері бірдей, ал коэффициенттері бірдей немесе әр-түрлі болатын қосылғыштар ұқсас қосылғыштар деп аталады. Ұқсас қосылғыштарды қосу ұқсас қосылғыштарды біріктіру деп аталады. Ұқсас қосылғыштарды біріктіру үшін олардың коэффициенттерін қосып, шыққан нәтижені ортақ әріпті көбейткішке көбейту керек.

Мысалдар келітіріп түсіндіру.

4.Оқулықпен жұмыс.

№738, №739 ауызша орындалады

№740, 741 тақтада орындалады.

5.Математикалық диктант

Өзіңді тексер!

-7х ∙ 3у -21 ху

-8х ∙ (-5а) 40 ха

-b ∙ 3а ∙ 6,2k -18,6 bak

-1,6b ∙ (-3a) 4,8 ba

2,5 ∙ (-4х) ∙ 7у - 70 xy

-6b ∙ (-0,5) ∙ (-a) ∙ 2 - 6 ba


6. Ойлан. Жұптас. Бөліс. Жұптық жұмыс

4,5х+2х=6,5х 5,6у-9у=3,4у 6m-3,9m=2,1m

3,1х-4х=-0,9х -0,8у-1,2у=-2у -2m-0.7m=-3m

7. Шағын тест

1. Ұқсас қосылғыштарлы біріктіру - ...

А) ұқсас қосылғыштарды қосу В) ұқсас мүшелерді азайту

С) ұқсас мүшелерді көбейту

2) х-(х+у) = жауабы неге тең?

А) х-х-у В) х+х+у С) -у

3) Өрнекті ышқамда: (5а-9а)+(4а-11а)

А) 10а В) -11а С) 11а

4) 4mn-8mn+2mn ортақ көбейткішті тап

А) mn B) n C) 2mn

5) Әріп бөліктері бірдей қосылғыштарды …. деп атайды

А) қосылғыштарды біріктіру В) ұқсас қосылғыштар

С) қосылғыштарды ықшамдау

6) Коэффицинет дегеніміз

А) әріпті көбейткіштің алдына жазылатын сан В) әріптері бірдей сандар

С) әріпті көбейткіштердің дәрежелері



8. Қорытынды.

Оқушыларды бағалау

Үйге тапсырма беру



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет