Бірінші тарау


Себепті байланыс және қылмыс құрамы



бет7/7
Дата27.12.2023
өлшемі182,5 Kb.
#199634
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Кылм құқық КР
isahanov elektr исаханов лекция Элек машины, аға куратор есебінің құрылымы, Мазм ны. Кіріспе. I. Tapay. А ылшын сленгтеріні ерекшеліктері, English Grammar in Use, 1лаб ДМ, GPS приемник - современное спутниковое оборудование - системы GPS и Глонасс Технокауф в Москве, 5 урок Осеева, Философияның Адам рөліндегі орны, презентация, Готовность ДП 28..04 спец Приборостроение, Негізгі комбинаториканың объектілері, Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика. ІІ оқулық (Аканбай Н.) (z-lib.org) (1), Айнымалы ток тізбегі активтік, индуктивтік ж не сыйымдылы ты ке, Жылу берілу түрлері, В ней сопротивления R1 и R2 заменены сопротивлением R
Себепті байланыс және қылмыс құрамы

Материалдық қылмыс деп аталатын қылмысты жасағанда адамның іс-әрекеті (әрекетсіздігі) мен болған зиянды зардаптар арасында себептік байланыстың бар-жоктығы жайында сұрақ туады. Қазіргі қылмыстық заң, егер зиянды зардап адамның іс-әрекетімен (әрекетсіздігімен) себептік байланыста болса ғана сол зиянды зардапты адамға тануға болады деген пікірді қатаң ұстап отыр.


Себептік байланыс мөселесі қылмыстық  заң  теориясындағы ең күрделі және даулы мәселелердің бірі.
Себептік  байланыстың нақты мәселелерін қылмыстық заңда кейбір ғалымдар философиялық санатқа жатқызып, табиғат құбылыстары мен қоғамдық өмір арасындағы бізден тысқарғы байланыс деп шешуде.
Субъектінің іс-әрекеті (әрекетсіздігі) мен одан келген зиянды зардап арасында себептік байланыстың бар екендігі көбіне күдік тудырмайды. Бірақ субъект қызметімен тікелей байланысты емес белгілі бір мәнжайлардан субъектінің мінез-құлқы мен келген зардап арасындағы себептілікті анықтау қиынға түссе, әрине, көптеген күдік туындайды. Мұндай жағдайларда нақты себептік-зардаптық қатынастарға мұқият талдау жасау қажет, көптеген объективтік байланыстардың ішінен біреуін — себептік байланысты бөліп алу керек.
Себептілік кұбылыстар арасындағы объективтік байланыстардың бір бөлігі ғана екендігін ескерсек, себептік байланыстың барлық затын зерттеудегі мақсат — себептік байланысты басқа объективтік тәуелділіктен ажырататын межені анықтау. Мәселенің басын ашқанда объективтік шындықтың құбылыстары арасындағы себептік-қажетті және себептік-кездейсоқ байланыстарды ажырату қажет.
Себептік  байланыстың  бар екендігі адамның сол әрекетінің қажетті зардаптарына қатысты ғана мойындалуға тиісті, бұл жерде әңгіме сол нақты жағдайда сол әрекетті жасағанда болуы тіптен мүмкін жөне туындауы заңды да зардаптар жайында. Адамның осы іс-әрекетінен туындайтын барлық кездейсоқ зардаптардың қылмыстық заң үшін құндылығы жоқ.
Себептік байланыс объективтік шындықта қаңдай болса, сол күйінде зерттеліп анықталады.
Адамның іс-әрекеті сыртқы дүниеге келген зардаппен байланыста болады, егер бүл зардап сол іс-әрекеттің нәтижесінде туындаса, мысалы, ауыр дене жарақатын салғандықтан жөбірленуші қаза тапса, сонымен қатар адамның іс-өрекеті ауыр зардаппен ерекше жағдайларда да, не жәбірленушінің немесе озбырлық жасалатын заттың ерекше қасиеттері немесе өрекеттің ерекше дамуы немесе қылмыс жасау жағдайының ерекшеліктері нәтижесінде де байланыста болады. Соттың ісі бұған мысал бола алады. Бес жасар қызының артынан таяқ алып қуып келе жатқан он үш жасар К-ні көріп, С. оны бірнеше рет басынан ұрып жібереді. Содан кейін К. кешке дейін сиыр бағады, табан асты халі нашарлап, төрт күннен кейін қайтыс болады. Бас сүйекті ашқанда анықталғаны — ұрғанның нөтижесінде бас сүйектің тігісі ажырап құлақ тұсындағы бұрынғы ісік қайта қозып ми қабаттарына тараған, өліміне сол себеп болған. Жәбірленушінің денсаулығының ерекшелігін ескеріп басқа тиген соққының өлімге себеп болғанын мойындау керек. К-нің өлімі С.-нің әрекетімен себептік байланыста. Бірақ, С. қылмыстық жауапқа тартыла алмайды, себебі қылмыстың субъективтік жағы жоқ — оның өлтіру ниеті болмаған және абайламай іс-әрекет жасаған. Іс-әрекет пен зиянды нәтиже арасындағы себептік байланыс тек нәтиже әрекеттен кейін болған жағдайда ғана мүмкін.
Егер зиянды нәтиже сол іс-әрекеттің заңды жалғасы болып келмесе, онда қылмыстың нәтижесі адам іс-әрекетінің кездейсоқ зардабы болып табылады. Мысалы, адамға жеңіл дене жарақаты салынады, ал ол жарақатты емдеу кезінде қанына тараған инфекциядан қайтыс болады. Бұл жағдайда адамның іс-әрекеті мен ауыр зардаптың арасында ішкі қажетті байланыс жоқ, тек таза сыртқы байланыс, жағдайдың кездейсоқ өрбуі бар.
Қылмыстың нақты құрамдарында объективтік жақтың нышаны ретінде қылмысты жасау тәсілін де жиі атайды. Мысалы, жасалу тәсілі бойынша заң шығарушы меншікке қолсұғуды өзара бөледі (ұрлық, тонау, қарақшылық, т.б.). Кейде, қылмысты жасаудың белгілі бір тәсілі, белгілі бір құралды немесе қаруды пайдалану жасалған қылмыстың ауырлығының дөлелі. ҚК-тің 187 бабының екінші бөлігінде қылмыстың сараланған құрамы ретінде өртеп немесе басқа қауіпті әдіспен бөтеннің мүлкін қасақана жою не бүлдіру қарастырылған. Қаруды немесе қару ретінде қолданылатын затты пайдаланып қарақшылық жасау сараланған құрам болып табылады, бұл іс-әрекет үшін ҚК-тің 179 бабының екінші бөлігінде жаза қарастырылған.
Қорытынды

Қылмыстық іс жүргізу құқығында қылмыстық істі қысқарту күрделі институттың бірі болып табылады.


Қылмыстық істі қысқарту – қылмыстық процесуалдық құқықтың институты. Аталған институттың ең басты кемшілігі, оның нормалары бүкіл Қылмыстық іс жүргізушілік кодексте шашырап жатыр. Бұл нормалардың кодексте шашыранды болуы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жұмысы барысында қиындықтар туғызады. Қылмыстық іс жүргізу кодексінде аталған институтты жеке бөліп, тарау ретінде қараса тиімді болар еді.
Қылмыстық істі ақтайтын және ақтамайтын негіздер бойынша қысқарту өндіріс бойынша соңғы саты болып табылады. Іс бойынша жиналған дәлелдемелерді бағалау мен анализдеу барысында мән-жайлар анықталып, тиісті орган қылмыстық істі қысқартуға байланысты шешім қабылдайды. Шешім заңда бекітілген тәртіпте және нысанда шығарылады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37 және 38 баптарында қылмыстық ізге түсуді болдырмайтын жағдайлар туралы айтылады. Осы ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 269 бабының 1 бөлігінде осы Кодекстің 37 және 38 баптарында көзделген негіздер мен тәртіп бойынша қысқартылады.

Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі:


1. Д.В. Синёв Прекращение уголовных дел по нереабилитирующим основаниям на предварительном следствии. Алматы. 2003 г. (диссертация)
2. Б.Қ. Төлеубекова Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу құқығы. Алматы 2000,
3. А.Д.Донценко Прекращение уголовного дела. М.2000г.
4. Уголовно – процессуальный кодекс РК.(Общая часть) Комментарий / Под ред. И.И.Рогова, С.Ф. Бычковой; К.А. Мами, Алматы: Жеті жарғы, 2002г,
5. А.Н. Ағыбаев Қылмыстық құқық, Жалпы бөлім, Алматы 2000.
6. Д.Б. Бұғыбай Қылмыстық құқық, Жалпы бөлім, Алматы2003.
7. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне түсінік. Жауапты авторлар:з.ғ.к. проф. С.М.Рахметов, Т.Ә.Бапанов
8. А.С. Нуралиева Обстоятельства, позволяющие не осуществлять уголовное преследование, как основание прекращения уголовного дела // материалы международной научно – практической конференции\\ Алматы: КазГЮУ, 2002.
9. С . Мусабеков Амнистия – акт гуманизма уголовной политики в РК Фемида 2001,
10. Д.С. Темирова Соотношение вменяемости, невменяемости и психических расстройств не исключающих вменяемости. Караганда 2001,
11. Н.А.Власова Досудебное производство в уголовном процессе, М.; 2000г.144с



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет