Біржан сал "Лəйлім шырақ"



бет5/11
Дата05.04.2022
өлшемі33,99 Kb.
#137938
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Дәстүрлі ән мәтіндері
Ерзакович Б. Қазақтың музыкалық фольклоры.
Мәди «Қаракесек»
Сұрасаң руымды Қаракесек,
Досым аз, дұшпаным көп қылған өсек.
Үстінде құс мамықтың жататын ем,
Бұл күнде қу қарағай болып төсек,
Міндім де Қаракөкке жылыстадым,
Бардым да Қараөткелге пұл ұстадым.
Науқасым жанға батып жатқанымда,
Болмады жан ашитын туысқаным, -
Барады бұл түрмеде күнім өтіп,
Бір күні ажал шіркін келер жетіп.
Жасымнан аяғымды тарта баспай,
Кетті ғой Қақабайға тізем өтіп.
Ағамыз Қақабайдың арқасында,
Алдық қой бұл түрмеден жақсы қоныс,

Мәди Бәпиұлы (1880-1924) Қарқаралы



Атыңнан айналайын Қарқаралы,
Сенен бұлт, менен қайғы тарқамады.
Сайыңнан сайғақ құрлы сая таппай,
Мен бір жан қуғын көрген Арқадағы.

Басында Үшқараның балғын едім,
Көкорай сазға біткен шалғын едім.
Екінің бірі болсам арманым жоқ,
Мен туған бір атадан жалғыз едім.

Қонғаны ауылымның Талды-ау деймін.
Жағалай ел жайлауға барды-ау деймін.
Кір жуып, кіндік кескен туған жерлер,
Артына бір қарамай қалды-ау деймін.

Немене, көрген қызық көрмегендей,
Жас дәурен жауар бұлт өрлегендей.
Жастық шақ көк семсердің жүзі емес пе,
Қайрап ап қалың жауға сермегендей.

Сары Алтай
 
Домбырам екі ішекті қолға алайын,
Құбылтып неше алуан ән салайын-ей.
Сары Алтай жерім-ай,
Сағындым елім-ай.
Өлеңші атамыздан арылмаған,
Мен неғып бұл өнерден құр қалайын-ей.
Сары Алтай жерім-ай,
Сағындым елім-ай.


Елім -ай
Қаратаудың басынан көш келеді,
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді,
Елім-ай, Елім-ай.
Ел-жұртынан айрылған жаман екен,
Қара көзден мөлтілдеп жас келеді,
Елім-ай, Елім-ай.
Мына заман қай заман? Бағы заман,
Баяғыдай болсайшы тағы заман,
Елім-ай, Елім-ай.
Атадан ұл, енеден қыз айрылды,
Көздің жасын көл қылып ағызамын,
Елім-ай, Елім-ай.
Мына заман қай заман? Қысқан заман,
Бақыт құсы алаштан ұшқан заман,
Елім-ай, Елім-ай.
Көк аспаннан топырақ, шаң борады,
Күні суық қаңтардан, қыстан жаман,
Елім-ай, Елім-ай.
Қош аман бол, Қаратау, атам өлкем,
Төрт түлік пен ел екен жердің көркі,
Елім-ай, Елім-ай.
Бақ, байлықпен даңқты алаш ұлы,
Қайсы жұрттың болар-ау келекесі,
Елім-ай, Елім-ай.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет