Біз үйге бисер туралы мәліметтер жинап келу тапсырмасын алғанбыз



бет5/10
Дата06.02.2022
өлшемі141,74 Kb.
#34459
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
«Жапырақ». Қарапайым жапырақ немесе гүлдің жапырағы келесі түрде орналасады. Ұзындығы 20-30 см болатын сым темір алынады, оған таңдалған үш бисер кигізіледі, кейін сымның келесі ұшымен екі бисерден бір-біріне тығыз орналасады, үш моншақтан тұратын үшбұрыш құралады. Осы жерде сымдардың екі ұшының ұзындығы тең болуына көңіл аудару қажет. Содан соң сымдардың кез-келген басына үш бисер өткізіп, екінші жақ ұшымен қарсы параллель жүргіземіз. Параллель тоқу схемасына сәйкес жалғасады. Жапырақ шашылып қалмау үшін соңғы қатар орындалған соң, сымның ұштарын мықтап бұраймыз. Осындай үлгіден 5-8 жапырақ тоқып, оны біріктіру арқылы гүл, не болмаса бұтақ құрауға болады.
«Гүлдер». Осы гүлдерден алқаны, сырғаны және салпаншақты тоқуға болады. Ең алғашқы тоқу кезеңінде түсі және көлемі бірдей болуы керек. Тоқу әдісі дөңгелек тоқу әдісіне ұқсас.
Тереміз:
жұмыс жіпке гүлдің ортасын тоқу үшін бес моншақ теріп, оны дөңгелек тәріздес бекітеміз 1-ші моншақтан өткіземіз;
5 моншақ басқа түспен (6,7,8,9 және 10-ші) гүлдің ортанғы бөлігі өткіземіз 1-ші және 2-ші моншақтардан;
4 моншақты (11,12,13,14-ші) өткіземіз 6,2 және 3-ші моншақтардан;
3 моншақты (23,24 және 25-ші) өткіземіз 19,5,10,9 және 8-ші моншақтардан.
Енді гүлімізге 5 моншақтан жапырақты қосамыз. Жұмыс жіпті 8-ші моншақтан шығарамыз. Жапыраққа дайындаған моншақты пайдаланамыз. Инеге 5 моншақты теріп, дөңгелекке бекітеміз де 8-ші моншаққа ілеміз.
Жұмыс жіпті 13-ші моншақты теріп дөңгелекке бекітеміз, өткіземіз 13-ші моншақтан. Жұмыс жіпті көшіреміз 17-ші моншақты іліп, өткіземіз 12,11,18 және 17-ші моншақтардан.
Үшінші жапыраққа қайтадан жұмыс жіпке 5 моншақтан теріп, өткіземіз 17,15,15,22 және 21 моншақтардан.
Тереміз 5 моншақты тоқимыз төртінші жапырақты, өткіземіз 21, 20,19,25 және 24 моншақтардан.
Бесінші жапырақты тоқу үшін 5 моншақты аламых дөңгелекке бекітеміз 24-ші моншақтан өткізіп жіпті бекітеміз, гүліміз дайын.
«Қуыршақтар» тоқу үшін бізге қажет қызыл, ақ, 2 көгілдір және 1 күлгін түсті моншақтар. Тоқу қуыршақтың бас киімінен басталады.
Тереміз:
1-ші қатар:сым темірдің ортасына 5 күлгін моншақ
2-3-ші қатар: сым темірдің бір ұшына 5 күлгін моншақты теріп береміз, екінші ұшын осы моншақтардың ішімен өткіземіз.
4-ші қатар: сым темірдің бір ұшына 2 күлгін, 4 ақ, 2 күлгін имоншақтар теріп, бекітеміз. Сым темірдің екі ұшын тартамыз, міне бас киіміміз дайын болды.
5-ші қатар: 1 ақ, 1 көгілдір, 1 ақ, 1 көгілдір, 1 ақ моншақтарды тереміз, екінші ұшымен моншақтардың ішімен өткізіп, бекітеміз.
6-шы қатар: 2 ақ, 1 қызыл, 2 ақ моншақтарды теріп, бекітеміз.
7-ші қатар: 4 ақ моншақты теріп бекітеміз, сым темірдің екі ұшынан тартамыз. Қуыршақтың басы дайын.
8-ші қатар: 2 ақ моншақты тереміз, қуыршақтың мойынын бекітеміз.
9-шы қатар: сым темірдің бір ұшына тереміз 3 ақ моншақ бекітеміз. 9-шы қатарда қуыршақтың иық пен қолдары орындалады. Ол үшін сым темірдің бір ұшына 2 қызыл, 9 ақ моншақ тереміз. Енді қайтадан кері моншақты бос қалдырып, 6 ақ моншақтардың ішінен шығарамыз, сым темірдің ұшын тартамыз.
10-шы қатар: 7 қызыл моншақ
11-ші қатар: 6 қызыл моншақ
12-ші қатар: 5 қызыл моншақ
13-ші қатар: 4 қызыл моншақты бекітеміз – бұл қуыршақтың белі.
Әр қарай берілген кесте бойынша қуыршақтың белдемшесін тоқимыз. Көйлектің түсін және белдемшесін тоқимыз. Көйлектің түсін және белдемшенің суретін немесе ою-өрнегін өзгертуге болады.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет