Біздің Ұранымыз әлем сізді күтуде … мектеп миссиясы



бет4/8
Дата28.01.2018
өлшемі3,06 Mb.
#34302
1   2   3   4   5   6   7   8

МЕКТЕП КҮНТІЗБЕСІ







Өткізілетін іс- шаралардың тақырыптары

Жауаптылар




Қыркүйек, 2017

1

Білім күні, салтанатты жиын

Кабулова М.Б.

Бигалиева С.О.



2

Шаңырақ сағаты «Мен - елімнің патриотымын!»




Үйірмелердің тұсаукесері

Султангалиева Т.В., Кабулова М.Б.

3

Денсаулық күні

Срымова Б.Ж.

4

Отбасы күні аясында мерекелік шара

Кабулова М.Б., Мустафин А.Т.

Бигалиева С.О.



5

Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының мәжілісі

Альбилекова С.Т.

6

Қазақстан ұлттарының тілдер апталығы

Кабулова М.Б., Бигалиева С.О.

Байганиева З.Ш.



7

Ата-аналар комитетінің отырысы

Кабулова М.Б., Бигалиева С.О.




Қазан, 2017

8

«Үлкенге қойылатын 100 сұрақ» жобасы

Кабулова М.Б., Бигалиева С.О.

9

Мұғалімдер күнін мерекелеу аясында өзін-өзі басқару күні

Уркимбаева З.З., Жумабаева Г.С.

Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымы



10

Қарттар күні

Бигалиева С.О.

Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымы



11

7-сынып оқушыларын салтанатты түрде қабылдау

Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымы

12

Ата-аналар жиналысы

Кужакова С.Ж., Кабулова М.Б.

Бигалиева С.О.






Қараша, 2017

13

«Book crossing» науқаны

Уриспаева Г.И., Бигалиева С.О.

14

«Үлкенге қойылатын 100 сұрақ» жобасы

Кабулова М.Б., Бигалиева С.О.

15

Мектеп ата-аналар комитетіне арналған ашық есік апталығы

Кужакова С.Ж., Кабулова М.Б.

Бигалиева С.О.



16

Гуманитарлық пәндер апталығы

Асанова А.Ж.

17

Тұңғыш Президент күнін мерекелеу аясында өткізілетін мектепішілік іс-шара

Кабулова М.Б., Бигалиева С.О.




Желтоқсан, 2017

18

«100 кітап» жобасы шеңберінде театрландырылған қойылым

Койшигарина А.Т., Бигалиева С.О.


19

Тұңғыш Президент күніне арналған «Үш жақсы іс» акциясы

Кабулова М.Б., Бигалиева С.О.

20

Тәуелсіздік күніне арналған «Ұлы дала ұландары» домбырашылар флешмобы

Кабулова М.Б., Мухамбет С.

21

Ата-аналар жиналысы

Кужакова С.Ж., Кабулова М.Б.

Бигалиева С.О.



22

Мектепішілік сауалнама

Маденов А.Ж.




Қаңтар, 2018

23

Ата-аналардың, кураторлардың және құқық қорғау органдарының өкілдерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстел: «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу»

Бигалиева С.О.

24

7-сыныптар арасында өткізілетін «Әкем, шешем және мен» спорттық шарасы

Срымова Б.Ж., Бигалиева С.О.

25

Мектеп түлектерімен кездесу

Казмагамбетова С.Б.




Ақпан, 2018

26

«Үлкенге қойылатын 100 сұрақ» жобасы

Кабулова М.Б., Бигалиева С.О.

27

NIS Aktobe-нің туған күні

Кабулова М.Б., Бигалиева С.О.

28

Оқушылар, мұғалімдер және ата-аналардың қатысуымен өтетін интеллектуалды ойын «Что? Где? Когда?»

Альбилекова С.




Наурыз, 2018

29

Алғыс айту күні

Кабулова М.Б., Бигалиева С.О.

30

«Мама миа» байқауы, 8 кластар

Кабулова М.Б.

31

Халықаралық әйелдер күні


Кабулова М.Б., Бигалиева С.О.

32

«Қош келдің, Наурыз!» мерекелік шарасы

33

Ата-аналар жиналысы

Кужакова С.Ж., Кабулова М.Б.

Бигалиева С.О.






Сәуір, 2018

34

«Саған сенемін» мектепішілік шарасы

Кабулова М.Б., Бигалиева С.О.

35

«Қазақтың 100 әні» жобасы шеңберінде ән байқауы

Кабулова М.Б., Бигалиева С.О.

36

«Кітап әлемді бағындырады» акциясы

Бигалиева С.О.

Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымы



37

Халықаралық хореография күні

Уркимбаева З.З., Жумабаева Г.С.

38

Эксперименттік ғылымдар апталығы

Асанова А.Ж.

39

Үйірмелер жұмысы нәтижелері

Султангалиева Т.В.

40

Ата-аналар комитетінің отырысы

Кабулова М.Б., Бигалиева С.О.

41

«1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күніне» арналған мектепішілік шара

Кабулова М.Б., Бигалиева С.О.




Мамыр, 2018

42

11-сыныпқа арналған IELTS халықаралық емтиханы

Мустафин А.Т.

43

«Таза life» сенбілік

Кабулова М.Б.

Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымы



44

Ата-аналардың қатысуымен өтетін кәсіптер жәрмеңкесі

«Мамандығым - мақтанышым»



Маушева А.Н., Кабулова М.Б.

Бигалиева С.О., ата-аналар комитеті



45

11- кластар арасында саптық ән байқауы

Кусалинов Е.Р., Бигалиева С.О.

46

Отан қорғаушылар күнін тойлау

Бигалиева С.О.

47

Жеңіс күніне арналған «Бір фото тарихы» стенд дизайны

Кабулова М.Б., Бигалиева С.О.

48

Ата-аналар жиналысы

Кужакова С.Ж., Кабулова М.Б.

Бигалиева С.О.



49

Мектепішілік сауалнама

Маденов А.Ж.

50

«Соңғы қоңырау» салтанатты шарасы

Кабулова М.Б.




Маусым, 2018

51

«Балалар күні», балалар үйлеріндегі қайырымдылық шарасы

Бигалиева С.О.

52

«2 апта ауылда», «Туған елге тағзым», «Возьми ребенка на работу», «10 күн ата-ана жұмысында» атты әлеуметтік жобалар

Кабулова М.Б., Бигалиева С.О.

53

Жазғы мектеп

Имжарова Ж.Н.

оқу үдерісін ұйымдастыру


КҮН ТӘРТІБІ


8:00 – 8:10

Таңғы Activity

8.10 – 8.25

Таңғы ас / Breakfast (І ауысым/change)

15 мин

8.25 – 9.05

1-сабақ / lesson

40 мин

9.05 – 9.20

Таңғы ас / Breakfast (ІІ ауысым/change)

15 мин

9.20 - 10.00

2-сабақ / lesson

40 мин

10.00 – 10.05

Үзіліс/Break

5 мин

10.05-10.45

3-сабақ / lesson

40 мин

10.45 – 10.50

Үзіліс/ Break

5 мин

10.50 – 11.30

4-сабақ / lesson

40 мин

11.30 – 11.55

Түскі ас / Lunch (І ауысым/change)

25 мин

11.55 – 12.35

5-сабақ / lesson

40 мин

12.35 – 12.40

Үзіліс/ Break

5 мин

12.40– 13.20

6-сабақ / lesson

40 мин

13.20 – 13.45

Түскі ас / Lunch (ІІ ауысым/change)

25 мин

13.45 – 14.25

7-сабақ / lesson

40 мин

14.25 – 14.35

Үзіліс/ Break

10 мин

14.35 – 15.15

8-сабақ / lesson

40 мин

15.15 – 15.30

Бесін ас / Dinner

15 мин

15.30 – 16.10

9-сабақ / lesson

40 мин

16.10 – 16.20

Үзіліс/ Break

10 мин

16.20 – 17.00

10-сабақ / lesson

40 мин

17.10

Жұмыстың соңы / End of work




Таңғы Activity 8:00 – 8:10

Дүйсенбі / Monday

Сейсенбі / Tuesday

Сәрсенбі / Wednesday

Бейсенбі / Thursday

Жұма / Friday

Сенбі / Saturday

08:00-08:03 - Әнұран / Anthem

08:03-08:10 - Таңғы жаттығу / Morning exercise



08:00-08:10 -

Кітап оқу / Reading time



08:00-08:10 -

Flash mob



08:00-08:10 -

I’m a singer

(“100 ән” жобасы / project “100 song”)


08:00-08:10 -

Battle time

- - - - -

Оқушылар жиыны / Student meeting



Күні бойы/all day –

Спорт күні / Sport day






апта сайын 15.30-17.00

Дүйсенбі / Monday

Сейсенбі / Tuesday

Сәрсенбі / Wednesday

Бейсенбі / Thursday

Жұма / Friday

Сенбі / Saturday

Жеке кеңес беру / Consultation hour

Кәсіби даму отырысы / PD session

Үйірме жұмыстары / Clubs

Электив-7кл / Electives -7 grade



Кеңес беру / Consultation hour

Электив-8 кл / Electives -8 grade



Үйірме жұмыстары / Clubs

Электив-9 кл / Electives -9 grade



Үйірме жұмыстары/

Clubs


Электив

10-11 кл / Electives -10-11 grade



ОҚУ АПТАЛАРЫ ЖӘНЕ ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ


2017-2018 оқу жылының ұзақтығы:

7-9, 11-сыныптарда – 34 апта;

10-сыныпта – 32 апта;

12-сыныпта – 31 апта.


1–тоқсан: күзгі демалыс күндері: 23-28 қазан 2017 жыл;

2–тоқсан: қысқы демалыс күндері: 22 желтоқсан 2017 жыл - 8 қаңтар 2018 жыл;

3–тоқсан: көктемгі демалыс күндері: 19-24 наурыз 2018 жыл;

4–тоқсан: жазғы демалыс: 26 мамыр 2018 жыл.

КІРІКТІРІЛГЕН БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ (кббб)

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің Кіріктірілген білім беру бағдарламасы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-мен стратегиялық серіктестіктегі Кембридж университетінің Халықаралық емтихандық кеңесімен бірлестікте әзірленіп, жаратылыстану-математикалық бағытындағы оқу үдерісін жүзеге асыруға бағдарланған. Аталмыш бағдарлама білім берудің ұзақ мерзімді құндылықтары мен мақсаттарын, оқытудың күтілетін нәтижелерін, білім беру деңгейлері бойынша орта білім беру мазмұнының құрамы мен құрылымын, оқу жетістіктерін бағалау моделін, Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі оқу үдерісін ұйымдастырудың талаптарын белгілейді.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның Білім беру бағдарламалары орталығы оқу жылының басында кіріктірілген білім беру бағдарламаларын http://cep-forum.nis.edu.kz ресми сайтының форумына жүктейді.
Аталмыш бағдарламаның ерекшеліктері:

- функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталуы.

- шиыршық принципі бойынша құрылуы: білім мен дағдылардың бірізді ұлғайтылуы.

- пәндер арасында тығыз пәнаралық байланыстың орын алуы.

- мұғалімдерге арналған ресурстардың кең таңдауы.

- қарым-қатынас дағдыларын белсенді түрде дамыту мүмкіндігінің болуы.


Білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұнын айқындайтын принциптер:

- жалпыға бірдей мүмкіндікті қамтамасыз ету принципі (мұғалімдер мен оқушылар үшін);

- сабақтастық принципі (мұғалімдер мен оқушылардың мол тәжірибесін есепке алу);

- кіріктірілген тәсілдеме принципі (әртүрлі пәндердің әдеби-көркем, сонымен қатар заманауи БАҚ тілі материалдарындағы мәтіндері негізінде тілді меңгеру);

- таңдалатын тәжірибелік бірліктердің функционалдық шарттылығы мен аяқталушылығы принципі (барлық қатысушылардың оқу үдерісіне саналы қарым-қатынасы);

- дифференциация принципі (жеке бейімділікті, зият түрлерін есепке алу, әрбір оқушының жеке даму траекториясын құру).


Кіріктірілген білім беру бағдарламасы негізінде қажетті дағдылар

1

7-8-сыныптар

Стандартты

Білу. Түсіну. Қолдану. Анализ. Синтез. Бағалау. Рефлексия. Айтылым. Жазылым. Оқылым. Тыңдалым. Коммуникация. АКТ-ны қолдану. Тайм-менеджмент. Салыстыру. Дәлелдеу. Функционалдық сауаттылық.

2

9-10-сыныптар

Кеңейтілген

Зерттеу. Идеялар ұсыну. Сыни тұрғыда ойлау. Мультимедиалық ресурстарды қолдана алу. Ақпаратты сұрыптау. Азаматтық сауаттылық. Өзін-өзі басқару.

Өз көзқарасын дәлелді қорғай алу. Стандартты емес тапсырмаларды креативті шешу. Мәселелерді шешу.



Жетекшілік.

3

11-12-сыныптар

Жоғары

Стандартты емес ойлау. Көзқарастың әртүрлілігі. Іскерлік сауаттылық.


Оқу жоспарлары бойынша жұмыстың ерекшеліктері:



Ұзақ мерзімді жоспарлау: оқу үдерісі құрылымының негізгі заңдылықтарын анықтайды.

Орта мерзімді жоспарлау: жоспарлаудың негізгі компоненттерін, тақырыптар бойынша жұмыс ерекшеліктерін, ресурстар таңдауды қарастырады.

Қысқа мерзімді жоспарлау: мұғалімге іс-шаралардың түрлерін, грамматикалық, лексикалық материалдарды және т.б. таңдауға мүмкіндік береді (бекітілген бірыңғай үлгісі бар).
Сабаққа қойылатын талаптар Кіріктірілген білім беру бағдарламасына және критериалды бағалау жүйесіне сүйеніп анықталады. Сабақты жоспарлау бекітілген кесте бойынша мұғалімдер тобының көлденең жоспарлауы арқылы жүзеге асырылады. Көлденең жоспарлау негізінде күтілетін нәтижелер:

- КБББ бойынша бекітілген оқыту мақсаттарына сай сабақ мақсаттарын бірлесе отырып анықтау;

- оқыту ресурстарын бірге іздеу және анықтау;

- сабақтағы бағалау формасы мен техникасын анықтау;

- өткізілген сабақты бірігіп талдау.
Пән бойынша мұғалімдердің көлденең жоспарлауының жадынамасы

1. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар бойынша апталық сабақ тақырыптарын анықтау.

2. Оқу мақсатын (ОМ) – КБ бойынша бағалау критерийлері, КБКМ бойынша жетістік критерийлері арқылы іріктеу (КБББ-на сәйкес қалыптастырылатын дағдыларды есепке ала отырып).

3. Ресурстарды таңдау (бейне және аудио материалдар, оқу әдебиеттері, электронды оқулықтар және т.б.).

4. ОМ-ға қол жеткізу формаларын келісу (жобалар, зертханалық және демонстрациялық тәжірибе, ауызша немесе жазбаша бағалаулар, тәжірибелік тапсырмалар, эссе және т.б.).

5.Оқушылардың сабақтағы іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру мақсатында тапсырмаларды/стратегияларды таңдау.

6.Үй тапсырмасына өзара ортақ тақырыптарды анықтау (www.akb.nis.edu.kz, «Ата-аналарға» бөлімі және Кіріктірілген білім беру бағдарламасы).
Командалық оқыту («Team teaching») – оқушылардың оқуын жетілдіру мақсатына ортақ қол жеткізу үшін бірлесе жұмыс жасайтын екі пән мұғалімінің ынтымақтастығы.
Оқу үдерісіндегі бағалау

Критериалды бағалау – оқушының нені білуі және орындай алуы керектігін көрсететін, анық, белгілі критерийлер бойынша тексерілген әлемдік деңгейдегі үлгі.

Бағалаудың екі түрі қолданылады:

Қалыптастырушы бағалау әр сабақта үздіксіз өткізіледі, бірақ оқушыларға баға қойылмайды, оқуын жақсарту бойынша нұсқаулықтар мен комментарийлер түрінде сындарлы кері байланыс ұсынылады.

Жиынтық бағалау оқу бағдарламасындағы бөлімді/ортақ тақырыптарды және белгілі бір оқу кезеңін аяқтағаннан кейін (тоқсан, оқу деңгейі) ұпай және баға қою арқылы өткізіледі. Жиынтық бағалау сыртқы және ішкі жиынтық бағалау болып бөлінеді. Ішкі жиынтық бағалау оқу тоқсаны және оқу жылының қорытындысы бойынша өткізіледі. Сыртқы жиынтық бағалау – 10-12-сыныптар үшін. Сыртқы жиынтық бағалау Кембридж Халықаралық Емтихан Кеңесі (МЭСК) сарапшыларымен бірлесе құрастырылады және тексеріледі.

Бағалау нәтижелері мынадай құжаттар түрінде ұсынылады:



  1. Бөлім, тоқсан бойынша жиынтық бағалау жұмыстары, ұсыныстар, пікірлер, мұғалімнің кері байланысы, оқушының рефлексиясы енгізілетін портфолио.

  2. Оқушылардың сабаққа қатысымын, сабақ тақырыптарын, тоқсандық және жылдық бағаларын белгілейтін сынып журналы.

  3. Ішкі жиынтық бағалау жұмысы ұпайларын (бөлім, тоқсан бойынша), тоқсандық және жылдық бағаларын есептейтін АББЖ (ақпараттық білім беру жүйесі) жүйесіндегі электронды журнал.

  4. Оқушының тоқсандық және жылдық бағалары қойылатын оқушы табелі.

Үй тапсырмасы – оқытуда қолдау көрсететін және оқушының өзін-өзі реттеу дағдысын дамытатын әдістердің бірі. Үй тапсырмасын оқушылар ата-аналарының қолдауымен үйде орындайды.
Үй тапсырмасын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстар

Үй тапсырмасын ұйымдастыру барысында ескеріледі:

  • сабақ кестесіне сәйкес басқа да пәндер бойынша үй тапсырмасының берілуі және көлемі;

  • күнделікті үй тапсырмасынан бірнеше пәндер бойынша кіріктірілген тапсырмалар жүйесіне (ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді жобалар) көшу мүмкіндігі;

  • үй тапсырмасын жекелеген пәндер бойынша бірнеше оқу мақсаттарына негіздей отырып, оқу жобалары үлгісінде ұйымдастыру.

Үй тапсырмасының берілмеуі ұсынылады:

  • мейрам және демалыс күндерінде (жалпы дамуы және жобалық жұмыстар үшін оқуға ұсынылатын көркем, қосымша әдебиеттерден басқа).

  • бақылау жұмыстары алынғаннан кейін.

Үй тапсырмасының көлемін (бір ғана оқу жылында) 7-9-сыныптарда – 110 минуттан, 10-12-сыныптарда – 130 минуттан асырмау ұсынылады.
МҰҒАЛІМНІҢ ОҚУ ЖҮКТЕМЕСІ

Оқу жүктемесі – мұғалімнің апта бойы өткізетін негізгі және қосымша сағаттарының саны.

Мұғалімнің оқу жүктемесі ағымдағы жылдың мамыр айында әдістемелік бірлестік отырысында қаралады және маусым айында оқу бөлімімен келісіледі.

Педагогикалық жүктемені бөлуде 7-12-сыныптар арасындағы сабақтастық принципіне басымдық беріледі.

Мұғалім үшін тиімді педагогикалық жүктеме – аптасына 18 сағаттан артық болмауы. Сабақ беретін параллель сыныптарының саны екеуден артық болмағаны тиімді. Мұғалімнің педагогикалық жүктемесін бөлу критерийлері:


  • қызметтік нұсқаулығына сәйкес педагогикалық және кәсіби шеберлігінің жоғары деңгейі, оның ішінде – тілдерді білуі (жарамды сертификаттарының болуы);

  • оқушыларының Кембридж Халықаралық Емтихан Кеңесі (МЭСК) қорытындысы және басқа да сыртқы мониторингтерінің нәтижесі.

Үйірме жұмысы – қызығушылығы бойынша қатысатын сабақтар жүйесі. Оқушылардың шығармашылық қабілетін, өз бетінше зерттеу жасау дағдысын қалыптастыратын, техникалық ойлауын дамытатын бұл жұмыс түрі сабақтан тыс уақытта ұйымдастырылады.

Үйірмелерді жүргізуде оқушылардың жеке қызығушылықтары мен қабілеттеріне басымдық беріледі.



Үйірме жұмысы бойынша педагогикалық жүктемені бөлу критерийлері:

1. Үміткердің біліктілігін растайтын құжатының болуы немесе аталған салада нәтижелі жұмыс тәжірибесінің болуы;

2. Танымдық және дамытушылық міндеттерді шешуге бағыттайтын ерекше курс бағдарламасының болуы;

3. Шеберлік сыныптары, көрмелер, жобалар таныстырылымы және басқа да белсенді формалар арқылы курсты насихаттауы;

4. Үйірме мүшелерінің саны 7-12 оқушыдан аспауы.
Элективті курстар – 7-11-сынып оқушылары үшін таңдау бойынша, пәндік білімін тереңдету және кәсіби бағдар беру мақсатында жүргізілетін міндетті курстар. Элективті курстарды ұйымдастыруда онлайн-тіркелудің нәтижесі бойынша анықталған оқушылардың жеке қызығушылықтары мен қабілеттеріне басымдық беріледі.

Элективті курстар бойынша педагогикалық жүктемені бөлу критерийлері:


  • мұғалімнің Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі жұмыс тәжірибесінің 1 жылдан кем болмауы;

  • өткен жылғы жұмысының нәтижелігі: пәндік олимпиада, ғылыми байқаулар мен жарыстар жеңімпаздарын дайындау тәжірибесінің болуы;

  • STEАM бағыттарына негізделген айрықша курс бағдарламасының болуы;

  • тілдерді меңгерудің қажетті деңгейі:







7-8-сыныптар

9-10-сыныптар

11-12-сыныптар

Ағылшын тілі

IELTS

3,5 - 4,5

4,5 - 5,5

5,5 және жоғары

Қазақ тілі

ҚазТЕСТ

ортадан жоғары

жоғары

жоғары



ТӘЛІМГЕРЛІК

Тәлімгерлік – белгілі бір уақыт аралығында тәжірибелі қызметкер өзінің білімімен, білік-дағдысымен жас және жаңадан келген әріптесімен бөлісуі арқылы қызметкерді оқытудың бір жолы. Тәлімгерлік мұғалім-модератор, мұғалім-эксперттің кәсіби қызметінің міндетті шарты болып табылады.



Тәлімгерді тағайындаудың негізгі критерийлері:

  • өз тәжірибесімен, білік-дағдысымен бөлісуге дайын болуы;

  • НЗМ жүйесінде жұмыс тәжірибесінің 2 жылдан кем болмауы;

  • тілдік сертификаттарының болуы: IELTS - 4.0-ден кем болмауы (ағылшын тілі мұғалімдері үшін 7.0-ден кем болмауы), ҚазТЕСТ - «ортадан жоғары» деңгейінен төмен болмауы (орыс тілінде сабақ беретін мұғалімдер үшін «орта» деңгейден төмен болмауы);

  • мектепішілік және одан тыс жерлерде (желілік қауымдастық) көшбасшылық пен сындарлы кері байланысты қамтамасыз етуі;

  • деңгейлік курсы (2 немесе 1 деңгей) немесе мұғалімдердің кәсіби біліктілігін жаңартылған бағдарлама бойынша жетілдіру курсы сертификаттарының болуы;

  • «мұғалім-модератор» және одан жоғары аттестаттау деңгейінің болуы;

  • басқалардың пікірімен және бастамасымен есептесуі;

  • республикалық және халықаралық деңгейде жеңімпаз оқушыларының болуы;

  • өзгелерге үлгі бола отырып, оларды ынталандыра алуы;

  • ғылыми конференцияларда жарияланған мақалалары бар және әдістемелік құралдардың авторы.


мұғалімдердің әдістемелік бірлестігі

Мектепте оқу, ғылыми және әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізу, әдістемелік көмек көрсету және сабақ беруде туындайтын мәселелер бойынша бірігіп жұмыс жасау, біліктілікті арттыру мақсатында пән мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі (ӘБ) жұмыс жасайды. ӘБ мектептің Педагогикалық кеңесінің шешіміне сәйкес директордың бұйрығы бойынша құрылады және таратылады.

ӘБ меңгерушісін тағайындау критерийлері:

- Меңгеруші ӘБ-дегі пән мұғалімдерінің арасынан сайланады.

- ӘБ меңгерушісі қызметіне сайланатын үміткер ұжыммен бірге жұмыс жасай алуы, зиялылық, адамгершілік, креативтілік, жауапкершілік, жоғары құрылымдар алдында бірлестік ой-пікірін жеткізе алатын қасиеттері болуы қажет.

- НЗМ жүйесінде 2 жылдан кем емес еңбек өтілі бар.

- ӘБ меңгерушісінің біліктілігі «мұғалім» біліктілігінен кем болмауы тиіс.

- Тілдер білуі: IELTS - 3.5-тен кем емес, ҚазТест - «орта» деңгейден төмен емес.


МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚЫЗМЕТІ

Action research (AR) - педагог өзінің шешімі мен әрекетін басқару, түзету және бағалау мақсатында қалыптасқан мәселелерді ғылыми әдіс арқылы шешуге тырысатын үдеріс. Мектептегі зерттеушілік мәдениетті дамыту үшін әрбір мұғалімге кішігірім зерттеулер жүргізу ұсынылады.

Lesson Study ретінде мұғалімдер тобының жоспарлау, сабақ беру, бақылау, оқыту және сабақ берудің талдауын, сондай-ақ шешімдерді құжаттандыруды бірігіп жүзеге асыру түсініледі. Өткізілген зерттеулердің қорытындысы НЗМ ДББҰ-ның желілік және мектепішілік журналында жарияланады.



КӘСІБИ ДАМУ

Мектепте педагогтың кәсіби, коммуникативтік және жеке құзыреттілігін дамыту мақсатында мұғалімдердің кәсіби даму жүйесі қалыптасқан. Мектеп миссиясы мен құндылықтарына сәйкес аптаның әр сейсенбісі мұғалімнің кәсіби даму күні ретінде белгіленген.





«Равный-равному» мектепішілік курсы мектептің қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында қатысушылардың біліктілігін заманауи талаптарға сәйкес жаңарту, қолдау көрсету және дамытуға септігін тигізеді. Қатысушыларды оқыту бекітілген оқу бағдарламалары негізінде келесідей модульдер бойынша жүргізіледі: қазақ тілі, ағылшын тілі, орыс тілі, АКТ, педагогикалық білімдер.

«ҮЗДІК МҰҒАЛІМ» НОМИНАЦИЯСЫНА ҮМІТКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН КРИТЕРИЙЛЕР

«Үздік мұғалім» номинациясы оқу жылының қорытындысы бойынша соңғы қоңырау салтанатты жиынында табысталады. Әрбір педагог аталған номинацияны алуға талпынуы тиіс. Мектепте педагогтарға қойылатын талаптардың бірі – барлығына: әріптестерге, оқушыларға және ата-аналарға жеке үлгі болу. Мұғалімнің жан-жақты тұлғасы академиялық білімді, әлбетте азаматтық ұстаным мен мектептегі белсенді өмір салтын айқын көрсетеді.



Критерийлер:

1. Оқушылардың пәндер бойынша оқу нәтижелері: мониторинг, СЖБ, КХЕК (білім сапасы 80%-дан кем болмауы тиіс).

2. Оқушылардың оқу жетістіктері: олимпиадалар, ғылыми жобалар, шығармашылық байқаулар (халықаралық, республикалық, желілік).

3. Авторлық және ISBN алу.

4. Ғылыми-әдістемелік жарияланымдар (халықаралық, республикалық).

5. Ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен өзге кәсіби форумдарға қатысу және сөз сөйлеу (халықаралық, республикалық, желілік).

6. Шығармашылық және жұмыс топтарына, мектеп жобаларына қатысым жасау ( іс-шараларға қатысу).

7. Біліктілік талаптарына сай тілдік құзыреттілігінің болуы.

8. НЗМ тәжірибесін ҚР жалпы білім беретін мектептерінің мұғалімдеріне тарату (халықаралық, республикалық, облыстық).

9. Мектепте үйірме жұмыстарын жүргізуге бастамашылық жасау.



10. Педагогикалық шеберлік деңгейі.


ҮШ ТІЛДЕ БІЛІМ БЕРУ

Мектепте үш тілде білім беруді қолдау мақсатында ұсынылады:

  • мектепішілік іс-шараларды өткізу барысында тілдерді қолданудың келесідей арақатынасын сақтау: 50% - мемлекеттік тіл, 30% - ағылшын тілі, 20% - орыс тілі;

  • үйірме жұмыстарын үш тілде жүргізу;

  • 8-12-сыныптарда элективті курстарды қазақ және ағылшын тілдерінде өткізу;

  • мектепке безендіру жүргізуде үш тілді қолдану;

  • мектептің веб-сайты мен әлеуметтік желілердегі парақшаларын үш тілде жүргізу.



ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ АТТЕСТАТТАЛУЫ

Педагогтардың педагогикалық шеберлігінің деңгейлері



МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КОНФЕРЕНЦИЯЛАРҒА, СЕМИНАРЛАРҒА ЖӘНЕ Т.Б. ҚАТЫСЫМЫ

НЗМ қызметкерінің ұстанымы мемлекет ішінде және одан тыс әртүрлі іс-шараларға қатысу арқылы жинақталған тәжірибемен бөлісу болып табылады.



Конференциялар, семинарлар және т.б. қатысуға мұғалімдерді іріктеу критерийлері:

- зерттеу тақырыбының сапасын анықтау (теориялық жинақталған әдістерді, есептерді, сызбаларды, модельдерді тәжірибе жүзінде тексеру; жаңа педагогикалық технологиялардың сапасын анықтау анализі және т.б.);

- зерттеу нәтижелерін жинақтау және тарату (шеберлік сағаттары, дөңгелек үстел және т.б.).

Ұсынылатын жұмысты бағалау критерийлері:


    1. Зерттеу тақырыбының өзектілігі.

    2. Өткізілетін іс-шаралардың тақырып мазмұнымен сәйкестігі.

    3. Тәжірибелік тұрғыда маңыздылығы.

    4. Қолданылу келешегі.

    5. Мазмұнының сонылығы (75%-дан кем емес).

    6. Оқушылардың оқу жетістіктері мен мұғалімнің кәсіби өсімінің оң динамикасы.



«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ келесідей іс-шаралардың ұйымдастырушысы болып табылады:

- Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция;

- Назарбаев Зияткерлік мектептері педагогикалық қызметкерлерінің тамыз конференциясы;

- Наурыз кездесулері;



- «Назарбаев Зияткерлік мектебінің жыл мұғалімі» байқауы.


дарынды балалармен жұмыс




7-8-сыныптар



Каталог: Aktobe -> Portal -> wp-content -> uploads -> 2017
Aktobe -> Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендерінің, құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштегілерінің тізбесін бекіту туралы
Aktobe -> Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарды мемлекеттік аттестаттауды және өзіндік бағалауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі бағдарлама және әдістемелік ұсынымдар
Aktobe -> Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы
Aktobe -> 500 мыңға жуық адамды қамтитын, 2200-ге жуық шараны өткізу жоспарланып отыр. Оның ішінде
Aktobe -> Жекешелендірудің екінші ағымы аясында сауда-саттықты өткізу туралы ақпарат
Aktobe -> Сабақтың тақырыбы: Ақтөбе қаласы
2017 -> Біздің Ұранымыз әлем сізді күтуде … мектеп миссиясы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет