Біздің Ұранымыз әлем сізді күтуде … мектеп миссиясы


Мектеп жоспарына сәйкес алғашқы көмек көрсету бойынша мамандардың қатысуымен жыл бойы тренингтер өткізіледі



бет8/8
Дата28.01.2018
өлшемі3,06 Mb.
#34302
1   2   3   4   5   6   7   8

Мектеп жоспарына сәйкес алғашқы көмек көрсету бойынша мамандардың қатысуымен жыл бойы тренингтер өткізіледі.

Оқу қызметі барысында оқушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін санитарлық нормалар мен ережелерді сақтау үшін мұғалімдерге қойылатын талаптар:

- жарықтандыру талаптарын сақтау (жарық сол жақтан түсуі тиіс, жалюзиді ашу ұсынылады);

- сынып бөлмелерін міндетті түрде желдетіп отыру;

- сабақтарда көзге арналған гимнастика мен сергіту жаттығуларын өткізу;

- көру қабілеті бұзылған оқушыларды апта сайын орындарын ауыстыру арқылы үшінші қатардан әрі алысқа отырғызбау;

- оқушылардың дене мүсінін дұрыс ұстауын үнемі қадағалау.




қауіпсіздікке қойылатын талаптар

Назарбаев Зияткерлік мектептерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «Назарбаев Зияткерлік мектептері дербес білім беру ұйымы филиалдарындағы қауіпсіздік ережелері» әзірленген және бекітілген.



Өрт болған жағдайдағы эвакуациялану ережелері. Өрт болған жағдайда Зияткерлік мектеп қызметкерлері мен өртті сөндіруге қатысатын тұлғалардың әрекеті бірінші кезекте оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, оларды эвакуациялауға және құтқаруға бағытталуы қажет. Мектеп қауымдастығы оқу жылының басында эвакуациялану механизмімен таныстырылады.

«LOCKDOWN» қауіп дабылы. Мектепке қылмыскер(лер) шабуыл жасағанда Зияткерлік мектеп қызметкерлерінің бірінші кезектегі әрекеті оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс. Осы мақсатта «LOCKDOWN» қауіп дабылы рәсімі әзірленді және енгізілді. Мектеп қауымдастығы оқу жылының басында «LOCKDOWN» механизмімен таныстырылады.

А-1 (мектеп дәрігері), А-2 (күзет қызметі), А-3 (ҚТ бойынша инженер) шұғыл шақыруы. Мектеп қызметкерлері мен оқушыларынан түскен хабарламаларға тез және жедел жауап қайтару мақсатында шұғыл шақыру жүйесі әзірленді. Осы мақсатта барлық қызметкерлер мен оқушылар қолдана алатын шұғыл телефон нөмірлері енгізілді. Мектеп қауымдастығы оқу жылының басында шұғыл шақыру нөмірлерімен таныстырылады.

Мектепке кіру мүмкіндігін басқару және бақылау жүйесін қолдану. Мектеп қызметкерлері мен оқушыларының терроризмге қарсы қорғаныс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мектеп ғимаратына кіру және одан шығу үшін міндетті түрде электрондық өткізу жүйесіне енгізілген жеке кіру картасы қолданылады. Мектептің күзет қызметі бөгде тұлғалардың келуі жағдайында олардың құжаттарын тексеруі тиіс. Бөгде тұлғаларды мектепке кіргізу мектептің кезекші әкімшісінің рұқсатымен міндетті түрде келушілерді есепке алу журналына тіркеу арқылы жүзеге асырылады.

Санитарлық нормаларды сақтау. 2014 жылдың 29 желтоқсанындағы №179 «Білім беру нысандарындағы санитарлық-эпидемиялық талаптар» бойынша санитарлық ережелерді сақтау мақсатында қызметкерлер мен оқушыларға мектепке тамақ әкелуге тыйым салынады.

нормативтік-құқықтық құжаттар

(http://www.nis.edu.kz/ru/about/legal-fram/)


1. 2007 жылдың 27 шілдесіндегі «Білім беру туралы» Заң.

2. Бала құқықтары туралы конвенция.

3. 2011 жылдың 19 қаңтарындағы «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» Заң.

4. 2013 жылдың 18 сәуіріндегі НЗМ ДББҰ-ның Жоғары Қамқоршылық кеңесінің шешімімен бекітілген 2020 жылға дейінгі НЗМ ДББҰ-ның даму стратегиясы.

5. 2012 жылдың 13 шілдесіндегі «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның Этика кодексі.

6. 2016 жылдың 21 қыркүйегіндегі Ақтөбе қаласындағы «физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалының ішкі еңбек тәртібі ережесі.

7. 2015 жылдың 11 ақпанындағы Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушыларына арналған ішкі тәртіп ережесі.

8. 2015 жылдың 11 ақпанындағы Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушыларының академиялық адалдықты сақтау ережесі.



9. 2016 жылдың 18 мамырындағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы филиалдарының оқушыларын қорғау саясаты.


Каталог: Aktobe -> Portal -> wp-content -> uploads -> 2017
Aktobe -> Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендерінің, құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштегілерінің тізбесін бекіту туралы
Aktobe -> Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарды мемлекеттік аттестаттауды және өзіндік бағалауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі бағдарлама және әдістемелік ұсынымдар
Aktobe -> Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы
Aktobe -> 500 мыңға жуық адамды қамтитын, 2200-ге жуық шараны өткізу жоспарланып отыр. Оның ішінде
Aktobe -> Жекешелендірудің екінші ағымы аясында сауда-саттықты өткізу туралы ақпарат
Aktobe -> Сабақтың тақырыбы: Ақтөбе қаласы
2017 -> Біздің Ұранымыз әлем сізді күтуде … мектеп миссиясы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет