Бизнес-жоспар. Бизнес-жоспарды қалай дайындау керек


Кіріспе бөлім ( жоба түйіндемесі )



бет2/6
Дата27.11.2023
өлшемі32,49 Kb.
#193709
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
f60a346bd2d5dd
ҚМЖ дүниетану қазан (1)
2. Кіріспе бөлім ( жоба түйіндемесі )
Жоба түйіндемесінде оның барлық басты аспектілерін қамтитын түйіндер мен кеңестерді қысқаша баяндау керек, түйіндеменің құрылымы бизнес-жоспардың құрылмына сәйкес келуі керек.
Жоба түйіндемесі – оның жарнамасы, сондықтан да ол жерде жоба тиімділігінің бар дәлелдері болуы керек. Осы бөлімнің мақсаты – жобаның мәнін, мақсаттарын, қанша қаражат салынуы керектігін, болжалды нәтижесін көрсету. Ұсынылған жобаның неге сәтті болатыны туралы негіздеме жеке беріледі.
Егер жобаны жүзеге асыру әлеуметтік мәселелерді ( мүгедек жандардың еңбегін пайдалану, жақсы жолдарды салу және т.б. ) шешуге мүмкіндік берсе, оларды көрсету қажет.
Түйіндемеде бизнес-жоспардың жеке бөлімдерімен белгіленбейтін, бірақ инвестор үшін аса маңызды келесі аспектілерді айқындап көрсету қажет:

  • жобаны іске асыру үшін сыртқы инвестордан не керек – жарғылық капиталға қатысу, несие (қалаулы шарттарды көрсетіңіз), құрал-жабдықтарды жеткізу және т.б.;

  • жобаны іске асырудағы жобаны ұсынушы кәсіпорын мен сыртқы серіктестің қатысу дәрежесін анықтау, яғни жобаның жалпы құны мен қажетті қарыз қаражатының арасалмағын анықтау;

  • несие қорларын қайтарудың тәсілдерін көрсету. Бұл жерде тек жоба дұрыс іске асырылған жағдайда несиені қайтару тәсімі мен үрдісі, несие бойынша пайыздық мөлшерлемелерді төлеу (сұрақтар «Қаржылық жоспра» бөлімінде мазмұндалған) ғана емес, жобаның кейбір кезеңдері орындалмаған жағдайда салымдарды қайтарып алу кепілдігін меңзеп тұрмыз.

3. Нарық пен сала жағдайына талдау
Бұл бөлімнің мақсаты – жоба ұсынатын тауарға (қызметке) қажеттілікті ашып, негіздеп көрсету. Нарықты, саланың ерекшелігін бағалаудың таңдалған түрі жан-жақты сипатталып, негізделуі тиіс.
Ұсынылатын тауардың Қазақстан бойынша соңғы бірнеше жылдарда сатылым серпінін, нарықта пайда болуын, ұқсас және бәсекелес өнімдерге сұранысты жеке қарастыру қажет.
Егер заңды тұлға-жобаның бастамашысы нарықтың осы саласында жұмыс істейтін болса, оның тәжірибесі бар екенін айрықша атап, оның осы саладағы жиынтық өнім өндірістегі үлесін көрсету керек.
Әлеуетті ішкі және сыртқы бәсекелестердің атаулары мен мекенжайларын атай отырып, ұсынылып отырған жобамен салыстырғанда олардың күшті және әлсіз жақтарына талдау жасау қажет.
Бөлімнің басты нәтижелері:

  • қарастырып отырған тауарға (қызметке) қазіргі нақты сұраныстың ауқымы мен құрылымы;

  • сұраныстың серпіні мен нарықтың дамуы бойынша негізделген болжамдар;

  • ұсынылған жлба аясында шығарылатын өнімнің сатылымы өсу серпінін болжау, компанияның нарықтағы мүмкіндіктері;

  • нарықтың болжалды реакциясы, компанияның өз тауарын нарықта жылжыту кезінде кездесетін басты кедергілер, оларды жеңу жолдары.

4. Жобаның мәні
Бұл бөлім алдыңғы « Нарық пен сала жағдайына талдау » бөлімінің жалғасы болып табылады. Бұл жерде жоба өндірісі бағытталған тауардың (қызметтің) жан-жақты сипаттамасын беру керек. Келесі сұрақтар нақты қарастырылуы керек:

  • пайдаланылатын патенттер туралы ақпаратты көрсетіп, тауар мен тауар белгілерін сипаттау;

  • осы тауарды (қызметті) шығарудағы тәжірибесінің барлығын көрсету;

  • сіздің тауарыңыздың бәсекелестеріңіздің (шетелдік бәсекелестерді қоса алғанда) тауарларынан айырмашылығы неде;

  • сіздің тауарыңыздың бірегей жаңа ерекшеліктері бар ма, жоқ болған жағдайда тұтынушыларды немен қызықтыра алады;

  • тауар қандай шарттармен экспортталады (бағасы, маркетинг, сату желісін құру және т.б.), лицензияның керектігі.

Осы жерде жобаның сәттілігін негіздейтін жан-жақты дәлелдерді келтіру керек. Заңды тұлға-жобаның бастамашысы туралы, егер жоба оның өндірістік құрылмын дамытуға бағытталып, онымен қарым-қатынаста болса, оның техникалық, технолгиялық, өндірістік әлеуеті жайлы толық ақпаратты беру..


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет