Кәсіпорын қызметінің жобаның 7 жылына арналған тиімділік көрсеткіштері. 13% дисконттау ставкасы кезінде инвестицияланған капиталдың дисконтталған таза кірісі 7 жылда 127 989 5 мың теңгені құрады.
Өндірістер бағдарламасы
Өндірістің жылдар бойынша жоспарланған бағдарламасы Сату бағдарламасы өнімді көтерме сатушыларға тікелей жеткізу келісімшарттарын жасасу жолымен, сондай-ақ жарнамалық акциялар өткізу арқылы жүзеге асырылатын болады. Көкөніс өнімін өткізудің негізгі нарығы Шығыс Қазақстан өңірі (Семей қаласы мен Өскемен қаласы) болып табылады.
Семей қаласының көкөніс өнімдеріне деген күн сайынғы қажеттілігі 320 тоннадан астамды құрайды. Бұл ретте қалаға күн сайын көкөніс өнімі толық көлемде жеткізілмейді, бұл осы тауар бағасының өсуіне ықпал етеді. Тұрақты тапшылық жағдайларында сапалы өнімді өткізу қиындық тудырмайды.
Маркетингтік жоспар Маркетингтің мақсаты көкөніс шаруашылығы саласының жұмысы үшін жағдайлар жасау болып табылады. Компанияның нарыққа кіруіне бәсекелестер тарапынан болатын кедергілердің бірі сол фирмалардың өндірістік қуаттарының жеткілікті болуы есебінен бағаның күрт төмендеуі (бағалық прессинг) болуы мүмкін. Оған қарсы шара өнімді жарнамалау бола алады.
Базарларда тауарларды жылжыту мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кеңінен жарнама жұмысын жүргізу жоспарлануда. Жергілікті газеттерде, интернет-ресурстарда жарнамалық хабарландырулар берілетін болады. Сондай-ақ көтерме және бөлшек сауда өнімдерінің сатушылары үшін парақшалар дайындалатын болады. Сұранысты қалыптастыру мен өткізуге ынталандыру мынадай жағдайлар ескеріле отырып жоспарлануда:
- Жылыжай шаруашылықтарының қолайлы орналасуы;
- Басқалармен салыстырғанда бағаның барынша төмен деңгейі;
- Заманауи жабдықтар;
- Сұранысты ынталандыру бағдарламаларын іске асыру
Техникалық жоспарлау
Жылыжай үшін жер учаскесі «Қазақстан Респцубликасындағы Инвестициялар туралы» Заңғы сәйкес мемлекеттен өтеусіз негізде жалға алынуы тиіс.
Жер учаскесінде аралығы 8х4,5м, бағанының биіктігі 4,5 м жылыжайды орналастыру жоспарлануда.
Жиналған өнімді сатушы бірден көтерме саудада сатады, сондықтан да көкөніс қаймасының қажеті жоқ