«Бизнестегі коммуникациялар» ПӘні бойынша оқУ-Әдістемелік кешен


-кесте. Еңбекақы төлеуге арналған бірынғаи тарифтік кесте



бет6/8
Дата14.10.2019
өлшемі1,47 Mb.
#49905
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Бизнестегі коммуникациялар
ҚР бәсекеге қабілеттілігі және экономикалық саясат, ҚР бәсекеге қабілеттілігі және экономикалық саясат, талант шоу (1), грэ руп (1), Практическое занятие (1), 26. Социология

1-кесте. Еңбекақы төлеуге арналған бірынғаи тарифтік кесте


Еңбекақы төлеудің разрядтары

Тарифтік коэффициенттер

Еңбекакы

төлеудің


разрядтары

Тарифтік коэффипиенттер

1

2

3

4

1

1,0

-

2,20

2

1,07

13

2,37

3

1,15

14

2,55

4

1,24

15

2,74

5

1,33

16

2,95

6

1,43

17

3,17

7

1,54

18

3,43

8

1,66

19

3,67

9

1,78

20

3,94

10

1,91

21

4,24

11

2,05






Кәсіпорында еңбекақыны ұйымдастыру мынадай қағидаларға негізделеді:

- еңбек ұжымының нәтижелері мен жұмсалған еңбектің саны мен сапасын объективті көрсететін мөлшерде жұмыс-керлерге сыйақы белгілеу;

- кәсіпорынның еңбекақы төлеуді ұйымдастырудағы жұмыс-керлерге жалақы көлемін белгілеу, еңбекақы жүйесі мен нысандарын таңдаудағы дербестігі;

- мемлекеттің ең төменгі жалақы көлемін белгілеуі;

- жалақыны еңбек жағдайы және түрғылықты аудандар бойынша дифференциациялау.

Қазіргі кезде еңбекақы төлеудің үлымды нысаны мен жүйесін таңдау әрбір кәсіпорын үшін маңызды. Жұмыскерлерге еңбекақы төлеу жүйесі мен нысандары шаруашылық жүргізудің барлық деңгейлерінде өндірісті тиімді басқару мен жұмыс күшін ұтымды пайдалануға, адам капиталының дамуына материалдық негіз жасайды. Шаруашылық жүргізуші субъектілерде персоналдарға еңбек ақыны есептеу және төлеу үшін оның мерзімді және келісімді нысандары қолданылады.

Мерзімді еңбекақы жағдайында жұмыскерлерге төленетін сыйақы (төлемақы) нақты орындалған жұмыс уақытына байланысты болса, келісімді еңбекақы өндірілген өнімнің, орындалған жұмыстың, көрсетілген қызметтің көлеміне қарай төленеді.

Мерзімді еңбекақы өнім өндіру (жұмыс орындау, қызмет көрсету) көлеміне қарамастан жұмыс істеген уақытта сағаттық немесе күндік еңбекақы мөлшері бойынша жұмыста болған уақытына төленеді. Өндірген өнімін немесе орындалған жұмысын мөлшерлеуге болмайтын, яғни атқарған жұмыс көлемі мен санын анықтау мүмкін емес жұмысшылар мен қызметкерлерге мерзімдік еңбекақы төленеді. Мысалы, кәсіпорын басшыларына, қаржы және есеп бөлімінің қызметкерлеріне және т.б.

Мерзімдік еңбекақының мынадай екі негізгі жүйесін бөліп көрсетуге болады. Олар: жай мерзімді және мерзімді сыйақылы.

Жай мерзімді еңбекақы жүйесінде жұмыскердің жалақысы, оған берілген разрядтің тарифтік мөлшерлемесі немесе штатта көрсетілген лауазымдық оклад бойынша нақты орындалған уақыт көлеміне байланысты анықталады.

Мерзімді сыйақылы еңбекакы жүйесінде жұмыскерлердің тарифте немесе штатта көрсетілген жалақысына қосымша сыйақы төлеу мүмкіндігі қарастырылады. Мұндай сыйақы белгілі бір сандық және сапалық нәтижелерге қол жеткізгені үшін белгіленеді.

Мерзімді еңбекақы келесі формула бойынша есептеледі:

ЕАМ = ТМ*ПУ, (1)

мұндағы: ЕАМ - мерзімді еңбекақы төлеу;

ТМ - біліктілік разрядына сәйкес белгіленген тарифтік мөлшерлеме;

ПУ - нақты пайдаланылған (орындалған) уақыт.

Келісімді еңбекақы жұмыскердің нақты еңбек нәтижесіне байланысты анықталады. Яғни, мұнда еңбекақы жұмыскердің өндірген өнім (орындаған жұмыс, көрсеткен қызмет) көлемін бел-гіленген келісімді бағаға көбейту арқылы есептеледі. Ал, келісімді баға белгіленген жұмыс уақытында өндірілуге тиісті өнім көлемі мен сапасына негізделіп белгіленеді. Келісімді еңбекақы келесі формула бойынша есептеледі:

ЕАК = КБ*ӨК, (2)

мұндағы: ЕАК - келісімді еңбекақы төлеу; КБ - өнім бірлігі үшін белгіленген келісімді баға; ӨК - өндірілген өнім (орындалған жұмыс, көрсетілген қызмет) көлемі.

Келісімді еңбекақы жүйесінің мынадай түрлері бар: тікелей, жанама, прогрессивті (үдемелі), сыйақылы, аккордты.

Тікелей келісімді еңбекщы. Бұл жүйеде жалақы нақты өндірген өнім (орындаған жұмыс, көрсеткен қызмет) көлеміне тікелей байланысты болады. Мұнда жалақы өндірілген өнім көлемін белгіленген келісімді бағаға көбейту арқылы есептеледі.

Жанама келісімді ецбекацы. Бұл жүйе көмекші жұмысшылардың еңбек ақысын төлеуде пайдаланылады. Яғни, мұнда көмекші жұмысшылардың еңбекақысы негізгі өндірістегі жұмысшылардың еңбек нәтижесіне тікелей байланысты болады және оған айтарлықтай ықпал етеді. Мұндай еңбекақы кәсіпорындағы станоктардың, күрал-жабдықтардың, сондай-ақ басқа да қүралдардың тоқтамай жұмыс жасағаны, өндірістік үрдістің үздіксіздігі үшін слесарларға, операторларға, қүрал-жабдықтарды жөндейтін және өндіріске дайындайтын басқа да жұмысшыларға төленеді.

Прогрессивтпі (үдемелі) келісімді еңбекақы. Бұл жүйеде еңбекақы төлеу алдын ала белгіленген мөлшерді келісімді баға бойынша, ал мөлшерден артық өндіріс көлемі үшін жоғары баға бойынша жүзеге асады. Яғни, белгіленген нормадан артық орындағаны үшін қосымша сыйақы түрінде жоғары бағамен төленеді.

Сыйақылы келісімді еңбекақы. Бұл жүйе еңбек нәтижелерін сандық және сапалық түрғыда жақсарту үшін жұмыскерлерді ынталандыру мақсатында қолданылады. Мұндай еңбекақы өндірісте өнім өндіруді саны мен сапалық жағынан артығымен орындағаны, шикізаттар мен материалдарды, отындар мен энергияны үнемді де үтымды пайдаланғаны, еңбек өнімділігін өсіргені үшін сыйақы ретінде төленеді.

Аккордты келісімді еңбекақы. Бұл жүйе жұмыскерлердің жекелеген топтары үшін олардың еңбек өнімділігін өсіру, орындалатын жұмыс мерзімін қысқарту мақсатында қолданылады. Мұнда еңбекақы мөлшері орындалатын жұмыстың барлық көлемі үшін белгіленеді. Яғни, жоғары сапалы өндірген өнімнің және орындаған жұмыстың көлеміне қарай алдын ала келісімді баға қоюды қа жет етеді. Сонымен бірге бұл жүйе бойынша еңбекақы төлеу үшін алдын ала атқарылатын жұмыстың көлемі мен сапасы анықталуы тиіс. Мұндай жүйе көбінесе құрылыс кәсіпорындарында жөндеу жұмысымен, тиеп түсірумен айналысатын шаруашылық субъектілерге қолданылады.

Еңбекақы төлеудің аралас жүйесі мерзімдік және келісімді еңбекақы төлеудің негізгі артықшылықтарын қамтиды және еңбекақы мөлшерінің жеке қызметкерлер және кәсіпорын қызметінің нәтижесімен икемді байланысын қамтамасыз етеді. Мұндай жүйелерге қазіргі кезде тарифсіз жүйе жатады.

Еңбекақы төлеудің тарифсіз жүйесінде қызметкерлердің табыстары ұжым жұмысының соңғы нәтижелеріне толықтай тәуелді. Тарифсіз жүйе еңбекақы қорындағы барлық ұжымның тапқан табысындағы өзінің үлесін көрсетеді. Мұндай жүйеде тарифтік ставка немесе тұрақты жалақы белгіленбейді. Ол жұмыскердің біліктілік деңгейіне, еңбегімен қатысу коэффициентіне, нақты орындалған жұмыс уақытына байланысты анықталады. Мұнда жұмыскердің еңбегімен қатысу деңгейінің маңызы жоғары, оны әрбір жұмыскерге белгіленген тұрақты коэффициент арқылы анықталады.
Бақылау сұрақтары:

1. Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру мен жүзеге асыруда персоналды басқарудың рөлі қандай?

2. Персоналды басқару әдістерінің әрқайсысына кысқаша тоқталып, артықшылықтары мен кемшілік-теріне сараптама жасаңыз.

3. Еңбекакы төлеу нысандарының әркайсысы бойынша мысалдар келтіріңіз.

4. Кәсіпорында еңбекті ынталандырудың қажеттілігі мен маңыздылыгын түсіндіріңіз.

5. Мотивацияның негізгі теорияларына тоқталып, сараптама жасаңыз.


Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары.

Өнеркәсіптік-өндірістік персонал атқаратын қызметінің сипаты.

Реферат түрінде дайындау.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:



  1. Қаңтарбаева А.К. Предпринимательство Алматы-2006

  2. Бусыгин А.В. Предпринимательство М.,Дело.2003.

  3. Предпринимательство. Учебник/ Под ред. М.Г.Лазы.-М.: ИНФРА-М:2002.

  4. Горфинкель В.Я. Предпринимательство. М. ЮБИ.-2004.

  5. Предпринимательство в Республике Казахстан. Окаев К.О. Алматы. Экономика, 2000.


Тақырып 5. Кәсіпкердің шаруашылық серіктестіктермен келісімдік қатынастары

Жоспар:

    1. Кәсіпкерлік келісімдер және оның түрлері.

    2. Келісімшарттардың негізгі нысандары және оның мазмұны.

Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде іскерлік және әріптестік байланыстарды қалыптастыру, дамыту және нығайту мәселесіне назар аудару қажет. Ол өнім өндіруге қажетті шикізаттар мен материалдарды, қүрал-жабдықтарды сатып алу, сондай-ақ өндірілген дайын өнімдерді сату кезінде маңызды рөл атқарады. Яғни, кәсіпкер немесе кәсіпорын иесі мен жабдықтаушылар (жеткізушілер), тұтынушылар арасында өнімді (жұмысты, қызметті) сату мен сатып алу жөнінде жасалатын өзара келісімнің немесе коммерциялық мәміленің маңыздылығы жоғары.

Коммерциялық мәміле жөнінде қарастырмас бұрын алдымен мәміле түсінігіне тоқталайық. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде (147-бап) мәміле деп азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгіле-уге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттерін айтады. Мәмілелер бір жақты және екі немесе көп жақты болуы мүмкін. Мәмілелер ауызша немесе жазбаша нысанда (жай немесе нотариалдық) жасалады.

Коммерциялық мәміле деп келісімде белгіленген шарттарға сәйкес тауарды (жұмыс орындауды, қызмет көрсетуді) жеткізу бойынша екі немесе одан да көп тараптардың арасында жасалатын келісімді айтамыз. Мұндай мәмілелерді әр түрлі белгілері бойынша жіктеуге болады.

Мәмілеге қатысушыларға байланысты ішкі және халықаралық болып бөлінсе, маңыздылық дәрежесі бойынша негізгі және көмекші болып бөлінеді.

Халықаралық мәмілеге әр түрлі елдердің өкілдері қатысса, ішкі мәмілеге бір тараптың ғана өкілдері қатысады.

Тәжірибеде коммерциялық мәмілелерді іске асырудың негізгі үш әдісі қолданылады. Олар төмендегілер:

1) тікелей өндірушімен жасалатын мәміле;

2) делдалдар арқылы жасалатын мәміле;

3) жоғарыда аталған екі әдістің үйлесуі арқылы жасалатын мәміле.

Тікелей саудалық (өндірушілермен жасалатын) мәмілелер деп тауарды (жұмысты, қызметті) өндіруші мен тікелей тұтынушы арасындағы операцияны айтамыз. Мұндай мәмілелер мынадай бірқатар артықшылықтарға ие болады:

- тұтынушының өзіне қажетті көлемде және сапада тауарды сатып алуға мүмкіндігінің болуы;

- сатушы мен сатып алушы арасында тығыз байланыстың болуы;

- тікелей әрі тығыз байланыстың ұзақ мерзімді әріптестік қарым-қатынасқа үлғаюы.

Саудалық делдалдар – сатып алу және сату бағасының арасындағы айырмашылықтан пайда табатын жеке немесе заңды түлғалар. Мұндай делдалдар сатушы немесе сатып алушы төлейтін комиссиялық сыйақы есебінен де табыс табуы мүмкін.

Қазіргі сауда делдалдары сатушылар мен сатып алушыларға коммерциялық мәмілелер жасасу және оны жүзеге асырумен бай-ланысты толық қызметтер кешенін ұсынады. Яғни, әріптестерді іздеуден бастап сатып алудан кейінгі кепілдікті қызмет көрсетуге дейінгі барлық жүмыстарды қамтиды.

Сауда-делдалдық мәмілелер – бұл тауарларды (жүмыстарды, қызметтерді) сату-сатып алумен байланысты операциялар. Мүндай операцияларды сатушының немесе сатып алушының тапсырысы бойынша орындалатынына қарамастан олардың арасында жасалатын өзара келісім негізінде сауда делдалдары жүзеге асырады.

Кәсіпорын мен делдалдың арасындағы өзара қарым-қатынас сипатына байланысты сауда-делдалдық операциялардың келесі-дей түрлерін бөліп көрсетуге болады:

1) қайта сату бойынша операциялар. Мүнда делдал тауар өндірушіден тауарды сатып алады, яғни меншік иесі бола отырып қайта сатуды көздейді.

2) комиссиялық операциялар. Мұндай операциялар кәсіпорын мен делдалдың арасындағы комиссиялық келісім негізінде жүзеге асады. Яғни, делдал тауар өндірушіден тауарды сатып алмайды, тек соның (тауар өндірушінің) есебінен белгілі бір сыйақы үшін сату-сатып алу мәмілесін жасайды.

3) агенттік операциялар. Мүлдай операциялар кәсіпорынның атынан және есебінен сату-сатып алу операциясын жүзеге асыру үшін кәсіпорын мен делдалдың арасындағы жасалған агенттік келісім негізінде іске асады.

4) брокерлік операциялар. Мұнда делдалдар сатушы мен сатып алушының арасында байланыс орнатады. Осындай қызметтер үшін белгілі бір көлемде сыйақы алатын болады.

Коммерциялық мәмілелерді дайындау мен жүзеге асыру мынадай кезеңдерден тұрады:

- контрагенттерді іздеу және таңдау;

- сату-сатып алу шартын жасасуға дайындау;

- сату-сатып алу шартын жасасу (бекіту);

- сату-сатып алу шартының шарттарын орындау. Коммерциялық мәмілелерді жүргізу кезіндегі негізгі құжаттардың бірі шарт болып табылады. Шарт дегеніміз – екі немесе одан да көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі. Шартты тек жеке түлғалар ғана емес азаматтар мен заңды тұлғалар, сондай-ақ заңды түлғалар өзара бір-бірімен жасаса алады. Шарт оны жасасқан кезден бастап күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болып табылады.

Шарт – коммерциялық мәмілелерді жүзеге асыру үшін қажетті шарттарды заңдық түрғыда нығайтатын құқықтық құжат. Шарттың әр түрлі түрлері кездеседі. Мысалы: сату-сатып алу шарты, мердігерлік шарт, жалға алу немесе беру шарты, сақтандыру шарты, тасымалдау шарты, жеткізу шарты, сақтау шарты т.б.

Сатып алу-сату шарты бойынша бір тарап (сатушы) мүлікті (тауарды) екінші тараптың (сатып алушының) меншігіне, шаруашылық жүргізуіне немесе жедел басқаруына беруге міндеттенеді, ал сатып алушы бүл мүлікті (тауарды) қабылдауға және ол үшін белгілі бір ақша сомасын (бағасын) төлеуге міндеттенеді.

Шарт мәмілені іске асыру шарттарын, оны орындау тәртібі мен тараптардың жауапкершілігін анықтайды. Мәселен, тауарды сату-сатып алу шартында мынадай жағдайлар қарастырылуы тиіс:

- жеткізу заты мен көлемі, түрлері;

- тауардың саны мен сапасын анықтау тәсілдері;

- жеткізу мерзімі, орны және шарттары;

- шарттың бағасы;

- төлем шарттары мен төлем валютасының атауы;

- тауарды өткізу және қабылдау тәртібі;

- тауарды сақтандыру;

- жеткізу кепілдіктері, айыппүлдық және марапаттау санкциялары;

- тараптардың түсініспеушілігі жағдайындағы арбитраж;

- күтпеген жағдайлардан болатын міндеттемелер, яғни форс-мажорлық міндеттемелер;

- тараптардың заңдық мекен-жайлары мен басқа да реквизиттері;

- уәкілетті тұлғалардың қолы.

Шарт жалпы түрде мынадай тармақтарды қамтуы тиіс:

- шартта қолданылатын терминдер (егер мүндай терминдер болған жағдайда);

- шарттың мэні;

- тараптардың қүқықтары мен міндеттері;

- тараптардың мәмілені орындау тәртібі мен іске асыру шарттары;

- тараптардың жауапкершілігі;

- шартты өзгерту және бүзу тәртібі мен талаптары;

- шарттың әрекет ету (күшінде болу) мерзімі;

- дауларды шешу тәртібі;

- тараптардың заңдық мекен-жайлары, деректемелері (реквизиттері) мен қолдары.

Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде коммерциялық мәмілелер немесе қандай да бір шарт жасасу нэтижесінде белгілі бір міндеттемелер туындауы мүмкін. Міндеттемеге сәйкес бір адам (борышқор) басқа адамның (несие берушінің) пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгілі бір әрекеттер жасауға, не белгілі бір әрекет жасаудан тартынуға міндетті, ал несие беруші борышқордан өз міндеттерін орындау-ын талап етуге құқылы. Міндеттеме - міндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиісінше орындалуға тиіс. Міндеттеменің ақшалай, балама, ортақтасқан, субсидиялық және т.б. түрлері кездеседі.

Тақырыпты пысықтауға арналған сүрактар

1. Мәміле мен шарттыц өзара байланысы мен айыр-машылыгын аныктаңыз.

2. Коммерциялъщмәмілелердің әрбір кезеңіне сипатта-ма беріңіз.

3. Коммерциялыц мәмілелердің өзге де түрлеріне ток-талып кыскаша сипаттама беріңіз және мысалдар келтіріңіз.

4. Міндеттеме түрлерінің әрқайсысына кыскаша ток-талып, түсініктеме беріңіз.

5. Әр түрлі жагдайлар бойынша жеке-жеке шарт дайындаңыз және оны талкылаңыз.

ҚР-ның несие беру жүйесі екі деңгейден тұрады. Бірінші деңгейі- Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі (ҚРҰБ), екінші деңгейі – бұл коммерциялық банктер, арнайы несие беретін банктер, ипотекалық банктер, несие серіктестіктері және ломбардтар. Несие беру жүйесінің құрылымы төмендегі несие түрлеріне бөлінеді: банктік, коммерциялық, тұтыну, мемлекеттік, жалықаралық және т.б.

Нарықтық жағдайда шаруашылықты несиелеудің негізгі формасы банктен берілетін несие болып табылады. Несиенің маңыздылығы,бұл несие беруші мен несие алушының арасындағы қатынас, яғни қайтарылымдығын, төлемділік жағдайын қарастыра отырып, біріншісі екіншісіне белгілі бір сомада ақша қорын беруі. Несие берудің негізгі жағдайлары:


  1. Несиенің негізгі элементтеріне қойылатын талаптарды сақтау;

  2. Келісім жасайтын екі жақтың қызығушылығының сәйкес келуі;

  3. Несие банкі мен несие алушының өз міндеттерін орындай алатын мүмкіншілігінің болуы;

  4. Несиелеу принціпін сақтау;

  5. Кепілге қойылған мүліктің сатылуы және гарнтияның болуы;

  6. Банктің коммерциялық жағдайын қамтамасыз ету;

  7. Несие келісімінің қарымқатынасын жоспарлау.

Несие беру процессі ссуданы берген күннен басталады. Бірақ оған дейін несие алушы клиент пен банк –кредитордың арасында бірнеше этаптан тұратын белсенді жұмыс жүргізіледі: несие туралы сөлесу, белгілі бір жобаны қарастыру, несие құжаттарын дайындау, несиені пайдалану және несие операцияларын бақылау.

Заңды тұлғаларға несие алу үшін банкке төмендегі құжаттарды өткізу қажет: несие алуға арыз, уставтың нотариуспрен бекітілген көшірмесі, құрылтайшының келісім шарты, мелекеттік тіркеудун өткенін туралы куәлік, бірінші басшылардың қолының образецтерінің карточкасы, СТН, бинес-жоспар, алдыңғы екі жылдың бухгалтерлік және қаржылық есептері , және т.б.Барлық құжат тапсырылғаннан кейін екі жақты келісім-шарт жасалынып,қол қойылады. Келісім-шарт төмендегі бөліктен тұрады:



  1. Кіріспе

  2. Жалпы жағдайының сипаттамасы

  3. Келісім-шарттың сомасы және не үшін алынатыны;

  4. Несиені беру және төлеу жағдайы;

  5. Несиенің қайтарылымдығын қамтамасыз ету жағдайы;

  6. Екі жақтың құқығы және міндеттері;

  7. Екі жақтың жауапкершілігі;

  8. Дау туған жағдайда шешу мәселесі;

  9. Келісім-шарттың уақтысы;

  10. Екі жақтың реквизиттері, қолдары және құқықытық адрестері.

Бақылау сұрақтары:

1. Мәміле мен шарттыц өзара байланысы мен айыр-машылығын аныктаңыз.

2. Коммерциялық мәмілелердің әрбір кезеңіне сипаттама беріңіз.

3. Коммерциялық мәмілелердің өзге де түрлеріне тоқталып кыскаша сипаттама беріңіз және мысалдар келтіріңіз.

4. Міндеттеме түрлерінің әрқайсысына кыскаша тоқталып, түсініктеме беріңіз.

5. Әр түрлі жағдайлар бойынша жеке-жеке шарт дайындаңыз және оны талкылаңыз.

Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары.

1.Кәсіпорын мен делдалдық операциялар.

2.Коммерциялық мәмілерді жүргізу кезіндегі негізгі құжаттар.

Реферат түрінде дайындау.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:


  1. Қаңтарбаева А.К. Предпринимательство Алматы-2006

  2. Бусыгин А.В. Предпринимательство М.,Дело.2003.

  3. Предпринимательство. Учебник/ Под ред. М.Г.Лазы.-М.: ИНФРА-М:2002.

  4. Горфинкель В.Я. Предпринимательство. М. ЮБИ.-2004.

  5. Предпринимательство в Республике Казахстан. Окаев К.О. Алматы. Экономика, 2000.


Тақырып 6: Кәсіпкерлік мәдениет.

Жоспар

1. Кәсіпкерлік мәдениеттің мәні мен мағынасы.

2. Бизнесменнің негізгі ерешеліктері.
Кәсіпорынның қалыптасуында негізгі роль атқаратын кәсіпкердің мәдениеті, себебі ол тек қана кәсіпорынның жоғары деңгейін ғана емес, сонымен қатар оның өнімінің, қызметінің сапасын арттыруға, өндіріс тиімділігін арттыруға, табысының молаюна әсер етеді.

Кәсіпкерлік мәдениет туралы әртүрлі анықтамалар бар. Оның ішіндегі ең тиімді анықтамасы – «Кәсіпкерлік мәдениет» ол нақты негізделген және құндылықты сақтайтын жүйе.

Кәсіпкерлік мәдениет кез келген кәсіпорынынң, ұйымның қалыптасуында үлкен роль атқарады. Кез келген кәсіпорында оның маңыздылығы, қызмет ету кезінде қабылдаған әр түрлі түсініктемесіне, церемониясына және ритуалына байланысты. Кәсіпкерлік мәдениетті сақтау, негізгі екі мәселені шешумен байланысты: алға қойған мақсатты шешу үшін әлеуметтік - экономикалық ортада өмір сүру және ішкі интеграцияны сақтау.

2. Кәсіпорынынң шаруашылық қызметінде мәдениеттің төмендегі түрлерін ажыратуға болады: сату мәдениеті, тиімді келісім-шарт жасау мәдениеті, инвестициялық және әкімшілік мәдениеті.

Сату мәдениеті салыстырмалы төменгі тәуекелділікпен және тез болатын қайта байланыспен сипатталады. Әдетте сауда өрісінде жас, белсенді адамдар істейді. Сауда мәдениетінде төмендегі кемшіліктерді кездестіруге болады: сапасынан саны көп, қысқа мерзімдегі жетістіктер басым болуы, қызметкерлер кәсіпорынынан бұрын коллективпен тығыз байланыста болуы.

Тиімді келісім-шарт жасау мәдениеті кері байланыстың ойдағыдай (ойдағыдай емес) орта және жоғары деңгейдегі қаржы тәуекелділігімен сипатталады.

Инвестициалық мәдениет негізінен өнеркәсіпте болады да, оның келешектегі даму бағытын сипаттайды

Әкімшілік мәдениет қызмет көрсету және қоғамдық қызмет көрсететін мекемелерде, банктерде, сақтандыру компанияларында кездеседі. Кәсіпкерлік мәдениетінің қалыптасуы алдымен кәсіпкерлікті ұйымдастыру мәдениетінен, іскерлік этикасының деңгейінен, іскерлік қарым-қатынас мәдениетінен басталады. Кәсіпкерлік мәдениетінің негізгі элементі барлық іс-жүзіндегі заңнамаларын сақтау, бизнесті таза жүргізу, кәсіпкерлердің жалпы этиканы сақтауы, негізгі клиенттерімен әр кезеңде кездесуі, компаниның қызметкерлермен формальсіз қарым-қатынаста болуы, қызметкерлерге қатысты кері әрекеттерді болдырмау ж.т. б.

Жылдам дамитын және өркендейтін фирмалардың әлемдік нарықта алдыңғы қатарда болуын сақтау үшін, оларда жоғарғы деңгейдегі мәдениет, ерекше стиль болуы қажет.

Әлемде кейінгі кезде іскерлік пен кәсіби этикаға – адамдардың өнегелі нормадаға мінезіне, олардың бір-біріне және қоғамға деген қарым- қатынасына көбірек көңіл бөлуде.

Экономикалық және әлеуметтік өзгерістерге байланысты төмендегі мәселелр маңызды бола бастады:

-адамның жетістікке жету құқығы, жеке басының тәуелсіздігі, білім алу мүмкіншілігі, әділдік, қоршаған ортаның жағдайы және т.б. Жоғарыда аталған құндылықтарды іске асыру үшін жоғарғы деңгейдегі өндіргіш күші және мәдениет қажет. Әр кәсіпкер сыпайы кәсіби мінез бен іскерлік қатынастың этикасын жақсы меңгеру қажет. Кәсіпкердің негізгі бағыты төмендегі көрсеткіштермен сипатталады: ынталылық,тәуекел ету қабілеттілігі, мақсатқа жету, білімін жоғарылату, мақсатты қою және сендіру қабілеттілігінің болуы. Қазақстан кәсіпкерлері дұрыс жақтармен қатар, мәдениеттілігі - этикалық жағы әлсіздігімен сипатталады. Себебі ол кәсіпкердің шыққан тегіне, менталитетіне байланысты. Сондықтан аталған кемшіліктерді жою үшін, кәсіпкерге ылғи қажымай өз-өзін тәрбиелеуде жұмыс істеу қажет.

Іскерлік қатынас барысында келесі кезеңдер белгіленеді : контакті құру , жағдайда хабардар болу , сұрақты талқылау ,мәселерді шешу ; шешім қабылдау , контактіден шығу . Іскерлік қатынаста әрбір кәсіпкерге ең алдымен әдептіліктің Джеком Ядгердің қалыптастырған алты принципін ұстау қажет: бірінші принцип – барлық жұмысты уақтысында істеу ; екінші – артық сөйлемеу ; үшінші - сыпайы , тілектес және жайдары болу; төртінші - тек қана өзі туралы емес, басқалар туралы да ойлау, ; бесінші –қызметіңе сай киіну, ; алтыншы - жақсы тілмен сөйлеңіздер және жазыңыздар .
Бақылау сұрақтары:

1 Кәсіпкерлік мәдениет туралы анықтамалар

2. Кәсіпкерлік мәдениетті сақтау негіздері

3. Іскерлік қатынас


Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары.

Әкімшілік мәдениет қызмет көрсету және қоғамдық қызмет көрсететін мекеме

Реферат түрінде дайындау.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:


  1. 1. Қаңтарбаева А.К. Предпринимательство Алматы-2006

  2. Бусыгин А.В. Предпринимательство М.,Дело.2003.

  3. Предпринимательство. Учебник/ Под ред. М.Г.Лазы.-М.: ИНФРА-М:2002.

  4. Горфинкель В.Я. Предпринимательство. М. ЮБИ.-2004.

  5. Предпринимательство в Республике Казахстан. Окаев К.О. Алматы. Экономика, 2000.


Тақырып 7. Кәсіпкерліктің құпиясы және бәсекелестігі.

Жоспар:

      1. Кәсіпкерлік құпияның мәні.

      2. Кәсіпкерлік құпияның шекаралары.

      3. Құпияның жариялануына әсер ету шаралары.

Нарықтық экономиканың негізгі принціптерінің бірі тауар өндірушілердің нарықтағы еркін бәсекелестігі. Бәсекелестік - өзінің кәсіпкерлік қызметінің нәтижесіінің тиімділігін арттыру мақсатында өнімді өндіруші мен жеткізушілердің, кәсіпорындардың, фирмалардың арасындағы жүретін бақталастық немесе тартыс. Нарық жүйесінде бәсекелестіктің негізгі маңыздылығы, тұтынушылардың сұранысын сапалы, арзан тауармен толық қанағаттандыру арқылы, оларды өздеріне қарату. Бәсекелестік тұтынушыларды кәсіпкерлік қызметтің индикаторына айналдырады. ХІХ ғасырдың орта кезіндегі капитализмде мелекеттік реттеусіз еркін бәсекелестіктегі нарық кеңінен дамыды, Осы кезеңде бәсекелестіктің екі формасы нақты анықталды: салаарасындағы және салаішіндегі. Сонымен қатар бәсекелестік жетілген (еркін) және жетілмеген болып жіктелді. Еркін бәсекелестіктің негізгі белгісі:



  • бұл бәсекелестікке қатысушылардың санында шек болмауы;

  • нарыққа кіруі және одан шығуы еркін болуы;

  • материалдық, қаржылық, еңбек және басқа да ресурстарының абсолютті мол болуы;

  • еркін нарыққа қатысушылардың бір-бірінің шешімдеріне әсер ете алмауы.

Сондықтан жетілген еркін бәсекелестіктің салдарынан анархия, кризис, өндіргіш күштердің бөлінуі, қоғамның әр түрлі таптарға бөлінуіне әсер етті.

Ал жетілмеген нарық таза монополияның, монополистік бәсекелестіктің, олигополияның дамуына әсер етті. Таза (абсолютті) монополия ол нарықта өнімді бір өзі ғана шығаратын, тек бір фирманың болуы. Мысалы: қоғам пайдаланатын өнім өндіру, яғни электр энергиясын, газ өндіретін, байланыс, көлік қызметін көрсететін кәсіпорындар. Монополиялық бәсекелестік бұл көптеген өнім өндірушілердің нарыққа бір-біріне ұқсас, бірақ бірдей емес өзгешілігі бар өнімді ұсынуы.

Олигополияның ерекшелігі нарыққа қатысушылардың біркелкі және дифференциалды өнім өндірушілердің қатысуы. Олигополиялық нарықтың жетілген еркін нарықтан ерекшелігі, бағаның динамикасына байланысты бағалы және бағасыз бәсекелестік әдістердің пайдалануы. Бағалы бәсекелестікте басқаларға қарағанда арзан бағамен сатуы. Бағасыз бәсекелестікте сапасы жоғары, пайдалану уақтысы ұзақ және басқа да көрсеткіштері жоғары тауарларды ұсыну. Сонымен қатар қазіргі кезеңде, бәсекелестіктің әр түрлі ережелерін және нормасын сақтамайтын, тауардың сапасын сақтамайтын бәсекелестік кездеседі. Олар нарықта залал келтіретін басшылықты жүргізе отырып, өнімді өткізудің жағдайына шектеу, жалған ақпарат және жарнама беруі мүмкін.

Қазіргі кезеңде бәсекелестік халықаралық деңгейде дамуда, яғни жаңа тауарды халықаралық нарыққа ұсынудың жаңа әдісі және формасы, жарнаманың кең жаңа инновациялық түрін пайдалану арқылы.

Мемлекет деңгейінде монополияға қарсы реттеу жүргізу жүйесі барлық нарықтық экономикадаға елдерде қалыптасу кезеңінде. Монополияға қарсы реттеу жүргізу бұл мемлекет деңгейінде, нарықтық бәсекелестікте өндірушілердің нарықты монополиялық қызметтермен жаулап алмау үшін және нарықтағы бәсекелестік жағдайды сақтау мақсатында экономикалық, әкімшілік және заңнамалық актілерді бірге реттеу .1991ж. ҚР Президентінің жарлығымен бекітілген «Монополиялық қызметке шектеу қою және бәсекелестіктің дамуы» сәйкес, ҚР-ның монополиялық қызметке қарсы және жаңа экономикалық құрылымды қолдау туралы мемлекеттік комитет құрылды. Қазіргі кезеңде бұл комитеттің құқықтық мурагері 1999ж. құрылған нақты монополияны реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қорғау Агенттігі. Оның қызметі кәсіпкерлік қызметтің дамуын бәсекелестігін қорғау, монополиялық қызмет көрсететін субьктілердің қызметін реттеу және шектеу, тұтынушылардың құқығын қорғау. Оларға қойылған функцияның тиімділігін арттыру мақсатында, республика аймақтарында монополияға қарсы территориялық департаменттер ашылды. Қазақстанның монополияға қарсы Агенттігі төмендегі шаруашылық субьектілердің қызметіне реттеу жүргізеді:


  • Магистральді құбыры арқылы мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу;

  • Газ және газды конденсатты магистральды және бөлу құбырлары арқылы жеткзу;

  • Отын және электрлі энергесиясын жіберу және бөлу;

  • Теміржол магистральдарының эксплуатациялау;

  • Аэропорт, порттың, аэронавигация қызмет көрсету;

  • Шу шаруашылық және канализация жүйесінің қызметін көрсету;

  • Байланыс қызметін көрсету:

2. Кәсіпкерлік құпия- бұл фирманың қызметін тиімді жүргізуге қажетті өндірістік немесе коммерциялық туралы ақпараттар жиынтығын құпия ұстау. Оның мақсаты фирманың нәтижесін өзіне бәсекелес басқа фирмалардың пайдалануынан сақтау, яғни өзінің нарығын бәсекелестерден қорғау, тауарды тиімді өткізу нарығын, өндіріс шығынының құрамын, технологиялық құпиялылығын сақтау, білікті мамандарын бәсекелес фирмалардың үгіттеуінен және өзінің жеке жағдайының құпиялялғын сақтау.

Кәсіпкерлік құпияның объектісі негізінен ғылыми-техникалық жетістіктер, коммерциялық ақпараттар, творчествалық нәтижелер, фирма қызметкерлері, мамандар болып табылады

Кәсіпкерлік құпиялықты сақтау үшін төмендегі іс-шараларды қарастыру қажет:


  • Ұйымдастыру жұмысы, яғни адамдармен жұмыс жасау, құжаттарды қорғау режимін бақылау, құжаттарды жіктеу және гриф қою;

  • Техникалық, яғни сигнализация құру және оның жұмысын бақылау, құжаттар сақтауға арнайы құлып, контейнер пайдалану;

  • Арнайы, яғни құжаттардың көшірмесін алуға құқықтық қорғау, құжаттарға жақындаған немесе көшірген кезеңдерід жасырын қадағалайтын құралдарды, өндірістік шпионаждан сақтау, құжаттар жоғалған кезде қызметтік тергеу жүргізу ж.т.б.

Нарыктық экономиканың негізін құрайтын қағидалардың бірі бәсеке болып табылады. Ол экономикалық өсімнің, өнім сапасын жақсартудың, ғылыми-техникалық прогресті жеделдетудің, өндіріс шығындары мен бағаны төмендетудің басты стимулы ретінде әрекет етеді. Қазіргі жаьандану және әлемдік экономикаға кірігу жағдайында бәсекені дамыту және бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету маңызды міндеттердің бірі болып отыр.

Бәсеке түсінігі латынның concurrentia - қақтығысу деген сөзінен шыққан. Бәсеке - бұл қандай да бір құндылықтарды иелену үшін индивидтер, топтар немесе қоғам арасындағы күрес (ақша, билік, статус, махаббат және т.б құлдылықтар). Бәсеке теориясы классикалық мектеп өкілдерінің еңбектерінде де кеңінен қарастырылды. Мәселен, А. Смит бәсеке пайда нормасын теңестіретіңін, капитал мен еңбекті ұтымды бөлуге алып келетінін алғаш рет көрсетті. Бәсеке түсінігіне зерттеушілер әр түрлі анықтамалар берген. К.Р. Макконел және С.Л. Брю «Бәсеке - бұл нарықта көптеген тәуелсіз сатушылар мен сатып алушылардың болуы, нарыққа еркін ену және нарықтан еркін шығу мүмкіндігі» десе, А.Ю. Юданов «нарықтық бәсеке - тұтынушылардың төлем қабілетті сұранысының шектеулі көлемі үшін фирмалардың күресі» деп сипаттайды. Р.А. Фатхутдиновтың пікірінше, «Бәсеке сирек игіліктерге қол жеткізуді барынша жақсы қанағаттандыруға ұмтылуы». Ал, Г.Л. Азоев бәсеке сол бір мақсатқа жетуге мүдделі жекелеген заңды және жеке тұлғалар (бәсекелестер) арасындағы бақталастық (бәсекелестік) деп түсінеді. Бәсеке түсінігін Н.Г. Миронов едәуір толық сипаттайды. Яғни, бәсеке - ол объективті және субъективті қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін бәсекелестермен күресте жеңіске жету мақсатында субъектінің өзінің бәсекелік артықшылықтарын басқару үрдісі.

Бәсекенің мәні оның негізгі функцияларында көрініс табады. Олар:

- өндірушінің тұтынушылар сұранысына бағытталуын қамтамасыз етуі;

- өндірістің тиімділігінің өсімін ынталандыру;

- тауар өндірушілерді дифференциялау;

- бәсекеге қабілетсіз кәсіпорындарды жою (тарату);

- тауарлар сапасын арттыру және бағасын төмендетуді ынталандыру.

Экономикалық сферада барлық түрлі бәсекелік қатынастар 3 деңгейде жүзеге асырылады. Олар:

- микродеңгей - жекелеген өнім түрлері, өндіріс, кәсіпорындар деңгейіндегі бәсекелік қатынастар;

- мезодеңгей - кәсіпорындардың корпоративті салалық бірлестіктері, салалар арасындағы бәсекелік қатынастар;

- макродеңгей - халық шаруашылық кешендері арасында бәсекелік қатынастар;

Бәсекені бірнеше белгілері бойынша жіктеуге болады:

- жекедара (индивидуальный) - нарықтық қатынастардың қатысушылары тауарлар мен қызметтерді сату-сатып алудың ең жақсы жағдайын таңдауға ұмтылады;

- жергілікті - шектеулі территорияда нарықтық қатынастардың қатысушыларының арасындағы бәсекелік күрес;

- салалық - нарық салаларының біріндегі бәсекелік күрес ;

- салааралық - нарықтың түрлі салалары өкілдерінің сатып алушыларды өз жақтарына тартуы үшін бәсекелесуі;

- улттық - белгілі бір елдің ішіндегі отандық сатушылар мен сатып алушылардың бәсекелесуі;

- халықаралық - элемдік нарықта түрлі елдер мемлекеттері мен шаруашылық бірлестіктері, кәсіпорындарының бәсекелік күресі.

Бәсеке тікелей және жанама болуы мүмкін. Тікелей бәсеке - бір өнім категориясы немесе сауда маркасы ішіңде болатын бәсекелік күрес. Ал жанама бәсеке - бәсекелік күрес әр түрлі категориядағы өнімдер арасында орын алады, бірақ сатып алушылық таңдау кезінде баламалар ретінде әрекет етеді.

Даму сипаты бойынша бәсеке еркін және реттелетін болуы мүмкін.

Еркін бәсеке нарықта қандай да бір тауарды өндірушілер мен тұтынушылар (сатушылар мен сатып алушылар) көп болғанда әрекет етеді. Оның негізгі белгілері: нарықта тәуелсіз тауар өндірушілердің көп болуы; нарыққа енуді қалайтындарға шектеудің болмауы; нарықтық бағаларға бақылаудың жоқтығы; жеткілікті нарықтық ақпаратқа ие болу; еркін бәсеке жағдайында қатысушылар тауар сүранымына, нарыққа жеткізілуіне немесе бағасына айтарлықтай әсер ете алмайды.

Реттелетін бәсеке - нарықтық субъектілерді дамыту мен олардың қызметін реттеу үшін жағдай жасау мақсатында эко-номикалық үрдістерге мемлекеттің араласуы. Мемлекеттің экономикаға бұлайша араласуы барлық деңгейлерде оның экономикалық құқықтар мен міндеттер гаранты ретінде қатысу қажеттілігімен байланысты қарастырылады.

Бәсеке жүргізу әдісі бойынша бағалық және бағадан тыс болып бөлінеді.

Бағалық бәсеке - баға арқылы, яғни бағаны көтеру немесе төмендету көмегімен жүргізілетін бәсекелік күрес. Бағалық бәсекені табысты әрі жақсы жүргізу үшін өндіріс шығындарын төмендетудің нақты мүмкіндіктеріне ие болу керек. Бағалық бәсекені жүргізу технологиясы қарапайым - фирма өнімге (тауарға, қызметке) едәуір төмен баға белгілейді, өндіріс шығындары жоғары болғандықтан бағаны төмендетуге мүмкіндігі жоқ бәсекелестер зиян шегеді және өздігінен нарықтан немесе саладан шығып қалады. Фирма біршама уақыттан кейін бағаны қайта көтереді. Кейде тіпті бастапқы деңгейінен де жоғары баға белгілейді. Сол арқылы нарық үшін күресте келтірілген зиянның орнын толтыруға тырысады.

Экономиканың монополизациясы жағдайында бағалық бәсеке айтарлықтай шектеулі. Осыған байланысты бәсекелік күресте бағадан тыс факторларға назар аудару қажет болады. Ондай факторларға сапа, жаңашылдық, дизайн, прогрессивтілік, халықаралық стандарттарға сәйкестілік, техникалық қызмет көрсетудің жеделдігі (сервис) жатқызылады. Яғни, өнімнің сапасы, оның жаңашылдығы, дизайны, сервисі шешуші рөл атқаратын, тұлынушыға нарықтан тыс әсер ету әдістерін қамтитын бәсеке бағадан тыс бәсеке деп аталады. Бағадан тыс бәсеке кезінде баға саясатын қалыптастыру мен талдау өткізу сферасына ауысады. Мұндай жағдайда өнімді нарықта бүрынғы баға бойынша ғана емес, сондай-ақ одан да жоғары бағаға сату мүмкіндігі туындайды. Сондықтан бәсекенің мұндай түрінде баға өнімді нарыққа жылжытудың басты құралы болып табылмайды, бірақ бәрібір өткізу және алынатын пайда көлемі соған байланысты болады. Бағадан тыс бәсекені жүргізуші фирманың басты міндеті - оның бәсекелік артықшылығы немен сипатталатынын білу кажет. Ең алдымен нарық жағдайын, ондағы бәсекенің интенсивтілігін, өнімнің патенттік қорғалуын, халықтың сатып алушылық қабілетін білу қажет.

Бәсекенің нарықтағы иеленетін үлесіне байланысты олигополиялық бәсеке және таза монополия болып бөлінеді. Олигополиялық бәсеке - нарықтың едәуір бөлігін бақылайтын бірнеше ірі кәсіпорындардың (бірлестіктердің) бәсекелік күресі. Мұнда кәсіпорындар саны көп болмайды, бағаны бақылау диа-пазоны олардың іс-әрекетінің келісім деңгейіне байланысты болады.

Таза монополия қандай да бір (уникалды) өнімді өндіретін (жұмыс орындайтын қызмет көрсететін) тек бір ғана жеке фирманың болуын және ол өнімді алмастыратын басқа өнімдердің болмауын айтамыз.

Бәсекенің жоғарыда аталған түрлерінен басқа да көптеген түрлері бар.

Сонымен жалпы алғанда бәсеке өндіріс тиімділігінің тұрақты өсіміне алып келеді. Ол өндірушілерге басқалармен салыстырғанда едәуір төмен бағада сату үшін шығындарды қысқартуға және болуы мүмкін жоғалтулардан қашуға мәжбүрлейді. Ол нарықта шығындары төмен өндірушілерді ғана қалдырып, қалғандарын ығыстырып шығарады.

Белгілі ағылшын ғалымы М.Е. Портердің зерттеулеріне сәйкес белгілі бір нарықтағы бәсекенің жағдайын 5 бәсекелік күшпен сипаттауға болады:

1. Бәсекелесуші жүйелер арасындағы бақталастық.

2. Баға бойынша бәсекеге қабілетті және ауыстырушы - тауарлар жағынан бәсеке.

3. Жаңа бәсекелестердің пайда болу қауіп-қатері.

4. Жеткізушілердің саудалық қабілеттері мен экономикалық мүмкіндіктері.

5. Сатып алушылардың саудалық қабілеттері мен экономикалық мүмкіндіктері.

Бәсекеге қабілеттілік - бұл объектінің белгілі бір нарыққа ұсынылған ұқсас объектімен салыстырғанда нақты қажеттілікті шынайы немесе әлеуетті (потенциалды) қанағаттандырудың дәрежесін сипаттайтын қасиеті. Бәсекеге қабілеттілік осы нарықтағы үқсас объектілермен салыстырғанда бәсекеге төтеп беру қабілетін айқындайды.

Бәсекеге қабілеттілік термині әр түрлі деңгейлерде қарастырылады. Яғни, өнімнің, фирманың немесе кәсіпорынның, саланың, экономиканың және мемлекеттің бәсекеге кабілеттілігі. Осыған байланысты бәсекеге қабілеттілік пирамидасын келесі сурет (3-сурет) түрінде көрсетуге болады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет