Бүйрек Бүйрек – жұп мүше, оның үлкен маңызы бар, өйткені зат алмасуының соңғы өнімдерін шығаруымен қатар, органикалық, бейорганикалық заттардың артығын және бөгде заттарды ағзадан шығарып, тазалау жұмысын атқарады



бет1/3
Дата30.11.2022
өлшемі46,43 Kb.
#160683
түріҚұрамы
  1   2   3
Байланысты:
Бүйрек Биохимиясы Ж.Н
СОӨЖ -12

Орындаған: Жолмұхамбетов Н


Тобы: 202 A
Тексерген: Тулеева Гулмира

Бүйрек биохимиясы


Бүйрек
Бүйрек – жұп мүше, оның үлкен маңызы бар, өйткені зат алмасуының соңғы өнімдерін шығаруымен қатар, органикалық, бейорганикалық заттардың артығын және бөгде заттарды ағзадан шығарып, тазалау жұмысын атқарады. Екі бүйректің салмағы дененің 0,45-0,7%-ын құрайды. Құрамындағы судың мөлшері 83%, құрғақ заттардың үлесіне 17% келеді. Олар өте маңызды экскреторлық мүше болып табылады.
Бүйректің негізгі қызметтері:
1. Тазалау (депурациялық) және экскреторлық (сыртқа шығару): бүйрек қандағы барлық керек емес заттарды (белок алмасуының соңғы өнімдерін, тұздарды, дәрілерді, бояуды, улы заттарды) ағзадан бөліп шығарады. Бүйректің бұл қызметі зәр түзуге және оны концентрлеуге немесе сұйылтуға қабілеттілігіне байланысты.
2. Реттеуші – гомеостатикалық қызметі: бүйрек су мен иондардың концентрациясының, қышқылдық-негіздік тепе-теңдіктің, осмостық қысымның, артериалдық қысымның реттелуіне қатысады.
3. Метаболикалық.
4. Антитоксикалық.
5. Эндокриндік.
Бүйректің қызметі нефронмен байланысты. Нефронның екі түрі бар: кортикалды-қыртысты қабатта орналасқан қысқа Гангле тұзағы бар. Юкстагломерулярлы-қыртысты және милы қабаттың шекарасында орналасқан, ұзын төмен түсетін және жоғары шығатын Гангле тұзағының тізелері бар. Нефрондардың айырмашылығы атқаратын қызметіне байланысты. Судың қалыпты мөлшерінде плазманың көлемін қыртысты бөлім, ал су жетпегенде юкстагломерулярлы нефрондар бақылайды. Себебі, судың реабсорбциясы күшейеді.
Несеп түзілуінің биохимиясы
Бүйректегі жұмыс істеу алаңы 50 м2 дейін жетеді. Тәулігіне 180л-ге жуық сұйықтықты сүзгіден өткізіді. Сонымен, тәулігіне бүйректің эпителий түтікшелерінен 179 л Н2О , 1кг NaCL,500г NaHCO3, 250г глюкоза, 100г бос амин қышқылдары өтеді. Бүйрек ультра-сүзгілеу принципімен жұмыс істейді. Клиренсі 125мл/мин.
1. Бірінші реттік несеп, құрамы жөнінен плазмаға жақын , ақуызы жоқ, өйткені ақуыздар коллоидты-дисперсті жүйе болғандықтан, мембраналары өткізбейді.
2. Соңғы несеп немесе екінші реттік несеп. Бұл судың глюкозаның, АҚ,Na,Ca және т.б заттардың қанға қайта оралуы нәтижесінде концентрлеу арқылы түзіледі. Бұл процесс физиологиялық , биохимияық және эндокриндік жүйелер арқылы реттеледі.
Бүйректің тазарту және бөлу қызметі – несеп түзуге байланысты. Несеп түзуде 3 кезең бар:
А) Ультрасүзгілеу – бүйректің шүйкелерінде жүреді. Ультрасүзгілеу жылдамдығы – жүректің жұмысы туғызатын гидростатикалық қысымның және шүйке капсуласындағы сұйықтықтар қысымның айырмашылықтарына тәуелді. Ақуыздар туғызатын онкотикалық қысым және шүйке капсуласындағы сұйықтықтар қысымы сүзгіге кедергі келтіреді. Шүйкелік сүзгінің көлемі шүйке сүзгісінің өткізгіштігіне тәуелді, олар ақуыздарды өткізбейді. Глюкозамингликандардан тұратын базальді мембрана (теріс зарядталған) ақуыздардың сүзілуін нашарлатады. Ультрафильтратта ақуыздардан басқа плазма құрамындағы барлық заттар болады.
Б) Каналдық реабсорбция. Каналдарда қайта сіңіру жүреді, бұл пассивті жолмен, белсенді тасымалдау жолдарымен өтеді. Қайта сіңіру талғамды жолмен жүреді (глюкоза, АҚ, витаминдер, гормондар) 80%, NaCl, Н2O, Ca, P, Mg, карбонаттар 85% проксималды бөлімінде жүрсе, 19%-і Генгле тұзағында, дистальді каналдарда жүреді. Реабсорбциясы алдымен, диффузия арқылы каналдар жасушаларына енсе, одан әрі белсенді тасымалдау нәтижесінде жасуша-аралық кеңістікке, одан әрі диффузия жолымен қанға түседі. Ультрафильтратқа түскен ақуыздар пиноцитоз жолымен бөлініп алынған, лизосомалық ферменттер көмегімен қорытылады. Нәтижесінде АҚ түзіледі, олар қайта сіңіріледі немесе жасушаның мұқтаждығына жұмсалады.
Na – белсенді тасымалдау жолымен, Na+, K+ – АТФ-азаның қатысуымен; бұл ферменттің синтезі минералокортикоидтардың қатысуымен жүреді. Na+/K+ - АТФ-азаның қатысуымен біріншілік несептен глюкоза және АҚ қайта сіңіріледі. Глюкозаны тасымалдау үшін арнайы тасымалдаушы ақуыздар болады. Олар глюкоза және натриймен жасушадан тыс комплекс түзеді. Натрий – градиентке сәйкес ішке ұмтылады, натриймен бірге ақуызбен байланысқан глюкоза ішке енеді. Натрий қайта жасуша сыртына Na+/K+ - АТФ-азаның көмегімен шығарылады. Глюкозаны әрі қарай жасуша-аралық кеңістікке, сонан кейін қанға өтеді.
В) Талғамды секреция. Дистальді каналдың жасушасында натрийдің орнына K+ және Н+ өтеді. Сонымен қатар, екінші реттік несепке N+ Н4+, фосфат, магний, гиппурат, несеп қышқылы, мочевина, сульфат, дәрілік заттар өтеді. Бұлардың барлығы градиентке қарсы АТФ-ты қолданып, белсенді тасымалдаудың көмегімен өтеді. 2. Реттеуші гомеостаздық қызметі. Иондар мен су реттеледі. Натрийдің қайта сіңірілуі альдостеронның көмегімен, ал су үшін жинау түтігінің жасушаларының өткізгіштігі вазопрессинмен реттеледі. Осмостық қысым күшейгенде (гипернатриемия, сусыздану) кезінде вазопрессиннің бөлінуі күшейіп, альдостеронның бөлінуі төмендейді. Судың қайта сіңірілуі қайта күшейіп, натрий қайта сіңірілуі төмендеп, диурез азаяды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет