Бүйрек үсті безінің қыртысты қабаты



бет2/4
Дата20.11.2023
өлшемі1,27 Mb.
#192367
түріПрезентация
1   2   3   4
Байланысты:
диас фарм9
эссе философия, Мақала, 22090958393, Сапалық және сандық әдістерге түсінік, Абай эссе, 10 А,Ә,Б, патан 11 алия

Гипофиздің артқы бөлігі

  • Окситоцин
  • Вазопрессин( антидиуретикалық гормон)

Фолликула ынталандырушы гормон

(гликопротеин болып табылады) аналық безде фолликулалардың дамуын және эстрогендер синтезін ынталандырады, ал аталық безде – ұрық түтікшелерінің дамуын және сперматогенезді.

Лактотропты гормон

Сүт бездерінің дамуын және лактацияны ынталандырады. Белокты құрылым болып табылады. 198 аминқышқылдарынан тұрады. Оның өндірілуі гипоталамуспен реттеледі. Сонымен қатар, лактотропты гормонның босап шығуын тежейтін гормон бар.

Ол дофамин болып табылады, оның антогонистері ( мысалы, психозға қарсы заттар, метоклопрамид) лактотропты гормонның секрециясын күшейтеді, ал агонисттері ( бромокроиптин) тежейді деген пікір бар.

Окситоциннің негізгі әсері

Жатырға ынталандырғыш әсер; әсіресе, миометрия окситоцинге жүктіліктің соңғы кезеңінде және босанғаннан соң бірнеше күн өте сезімтал.

Вазопрессин

Антидиуретикалық гормон) арнайы V – рецепторлпрмен әсерлеседі. Олар екі негізгі топшаға бөлінеді: V1 және V2. V2 – рецепторлар аденилатциклазамен, ал V1 – рецепторлар фосфадитилинозитолді циклмен (екіншілік таратқыштар – инозитолүшфосфат және диацилглицерол) байланысады.

Эпифиз

Эпифизде (домалақ немесе пинеалды, без) әр түрлі биологиялық белсенді заттар, соның ішінде көртеген пептидтер бар.

Эпифиздің негізгі гормоны мелатонин болып табылады. Ол эпифиз жасушаларында ( пинеалоциттерде) серотониннен түзіледі, сондықтан оны аминқышқылдарының ( триптофан) туындыларына жатқызады.

Қалқанша безі

Олардың синтезіне тағаммен түсетін йод қатысады. Қанда айналып жүрген йодидтер қалқанша безімен сіңіріледі, сол жерде аминқышқылы тирозинмен әсерлесетін йодқа дейін тотығады. Бұл кезде тиреоидты гормондардың ізашары болатын монотирозин және дийодтирозин түзіледі. Олардан түзілген тироксин және трийодтиронин қалқанша безінің фолликуласында тиреоглобулин белогының құрамында қорға жиналады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет