Бұл эссені сатып алғаннан кейін, оны Әлеуметтік желіде тарату заңмен қудаланады


№11 М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Абайға берілген әке тәрбиесінің



Pdf көрінісі
бет11/50
Дата08.02.2022
өлшемі0,55 Mb.
#124836
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   50
Байланысты:
Gumanitarly 1179 ba 1171 yt Esse 50
Gumanitarly 1179 ba 1171 yt Esse 50, Gumanitarly 1179 ba 1171 yt Esse 50, Gumanitarly 1179 ba 1171 yt Esse 50, Gumanitarly 1179 ba 1171 yt Esse 50, Gumanitarly 1179 ba 1171 yt Esse 50, Gumanitarly 1179 ba 1171 yt Esse 50, Gumanitarly 1179 ba 1171 yt Esse 50, Gumanitarly 1179 ba 1171 yt Esse 50, 50115 34447b408a48d8e8f391d57742858f77 (1)
№11 М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Абайға берілген әке тәрбиесінің 
негізінде жатқан тұлғалық қасиеттерді дәлелдеп жазыңыз.
Ұлы ақын әрі ағартушы Абай Құнанбайұлының қилы тағдырының мыңмен жалғыз 
алысқан ғибратты ғұмырын сипаттайтын, бізге ұлы ақынның өмірімен таныстыратын «Абай 
жолы» романы екені анық. Төрт томнан тұратын шығармада ұлы Абайдың керуен жолындай 
шұбырған өмірінің барлық кезеңдері бір арнаға тоғыстырылған. Абайдың отбасына, халқы 
мен жауыз болыстарға деген әр түрлі көзқарасы мен ел арасындағы шиеленісті оқиғалар 
көрініс тапқан бұл романда әкенің балаға деген ықпалы өз алдына бөлек әңгіме. 
Абайдың әкесі Құнанбай өз ортасынан биік, жоғары тұрған жоталы, атын естігенде денең 
түршігетін азулы тұлға болған деседі. Құнанбайдың Абайдай ардақты азаматтың білім қуып, 
халыққа пайдасын тигізгенін емес, өз жолын қуып, билік тізгінін оның қолына ұстатқысы 
келеді. Алайда өмірде бәрі өз дегенің бола бермейтіні анық. Сол себептенде Абай өзінің 
жаңашылдық бағытын таңдады, елге еңбек етіп, адал нан тауып жегісі келген еді. Алайда 
бұған қарсы болған Құнанбайдың бейнесі, әдеттегі түсінікпен алып қарағанда, жағымсыз 
кейіпкер. Бұл расында да солай ма? әлде кері кеткен кер заманның жанкешті жақтаушысы 
болған Құнанбай тәріздестер жаңаның жолына тосқауыл қойып, жолатпай баққан жоқ па? 
Бұл түйткілді мәселені де шешіп көрелік. 
Негізінен, менің ойымша, Құнанбайдың осындай қатал да әрі салқынқанды, жауыз болып 
кетуінің бірден бір себебі қолындағы билігі болса, екіншіден өз дегенін баласына да істету 
деп түсінемін. Өз тұқымы болғандықтан Абайды Құнанбай өзі жаққан болыстықтың 
алауына тартқысы келді. Бірақта әкенің дегенімен келісіп, айтқанына жүрмейтін жаңашыл 
Абайдың ұшқыр ойы қазақ даласын надандықтың бұғауынан босатуға деген жұмсалған күш 
деп есептеймін. Алайда Абайдың осындай дәрежеге жетіп, өркендеуінің себебі әке 
тәрбиесінде жатқандай. 
Әдетте шығармада жағымсыз кейіпкерлердің дөрекі, дөкір тұстары беріліп, оның 
залымдық әрекеттері әшкереленіп суреттелсе, бұнда керісінше Құнанбайдың алыстағыны 
болжай білетін көрегендігі, сөздің түбін түсіреті шешендігі, ашуы мен қайратын қатар 
ұстайтын, қысырма сұғын қадағанды сілетпей тынбайтын, абдыратпай қалмайтын ақылды 
әрі сырты суық болғанмен іші жылы кісі екені байқалады. Тек билік қамытын киген қатал 
әке ұстанымы өзгермеген ғой, шіркін! «Әке көрген оқ жанар» демекші, Абайдың да 
Құнанбайдай нардың тәрбиесін көргендігі оның бар болмысы, тұлғалық қасиеттерінен
шығармаларымен қатар айтқан ақылы мен жазған насихатынан анық аңғаруға болады. оның 


атаның ұлы емес, адамның баласы болуы да, елге танылып, артынан мәңгі өшпес із 
қалдыруы да осының айқын дәлелі болып табылады. 
Сайып келгенде, қазақ үшін әкенің балаға деген тәрбиесі – адамзат болып қалыптасу 
жолындағы алтын діңгек іспеттес. Ата дәстүрінен аттамаған Құнанбай да баласының адам 
болып, жалындаған жас болғанын қалағандықтан тәрбиесіне ерекше назар аудара білген. 
Бұны неде болса тұлғалық даралық деп атағанымыз жөн. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   50




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет