Бұл эссені сатып алғаннан кейін, оны Әлеуметтік желіде тарату заңмен қудаланады



Pdf көрінісі
бет50/50
Дата08.02.2022
өлшемі0,55 Mb.
#124836
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50
Байланысты:
Gumanitarly 1179 ba 1171 yt Esse 50
Gumanitarly 1179 ba 1171 yt Esse 50, Gumanitarly 1179 ba 1171 yt Esse 50, Gumanitarly 1179 ba 1171 yt Esse 50, Gumanitarly 1179 ba 1171 yt Esse 50, Gumanitarly 1179 ba 1171 yt Esse 50, Gumanitarly 1179 ba 1171 yt Esse 50, Gumanitarly 1179 ba 1171 yt Esse 50, Gumanitarly 1179 ba 1171 yt Esse 50, 50115 34447b408a48d8e8f391d57742858f77 (1)
 
№50
Ұлттық болмысты сақтау - рухани жаңғырудың ең басты шарты. 
2017 жылы 12 сәуірде Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» 
деп аталатын мақаласында Қазақстанның болашақ дамуына байланысты бірқатар басым 
бағыттарды атады. Соның ішіндегі басым бір бағыт – «ұлттық бірегейлікті сақтау» мәселесі. 
Ол аса маңызды бағыттардың бірі екендігі анық. 
Әлемдегі әрбір халықтың өзіндік ұлттық ерекшелігі бар. Мәселен, қазақ халқының көне 
замандардан бүгінгі күнге дейінгі тарихы, қалыптасу жолдары, материалдық және рухани 
мәдениеті, салт-дәстүрлері қалыптасқан. Ұлттық ерекшелік: тілі, салт-дәстүрі, діні және 
ұлттық құндылықтарына байланысты өзге елдерден бөлек ажыратылатыны айтпаса да 
түсінікті. Осы ұлттық өзгешелікті санау атам замандардан бері сақтап келген біздің ата-
бабаларымыз Алтайдан Атырауға дейінгі аралықта ұлттық бірегейлікті қалыптастыра білді. 
Бірақ, қазіргі уақытта жаһандану үдерісіне байланысты қауіп-қатерлер де бар. Оған төтеп 
беретін әр ұлттың өзіндік болмысы (менталитет) мықты болуы қажет. 
Қазақ елі ежелден текті халық. Себебі, ата-бабаларымыз жеті атаға дейін қыз алыспаған. 
Оның мәні ұрпақты таза сақтау үшін 25 жас бір ата деп саналса, 7 атаға дейін 176 жылды 
қамтыған уақыт өтуін аса қатаң тәртіп ретінде ескерген. Одан кейін Оңтүстік Қазақстанның 
қызы Солтүстікке, ал Батыстың қызы Шығысқа тұрмысқа ұзатылып отырған. Сол арқылы 
ана тілі дамып, ортақ бірегейлік сақталып, текті халықтың ажарлы және дені сау халық 
дүниеге келіп отырған.
Ұлттық код – деген күрделі ұғым. Оған қазақ халқының ғасырлар бойы жинақтаған 
рухани-мәдени дамуы, тілі, өзіндік құндылықтары дәлел. Салт-дәстүр мәселесімен негізінен 
этнограф мамандар айналысады. Олардың елімізде бірқатар ғалымдар бастаған мектептері 
қалыптасқан. Бұл өте маңызды саланың бірі. Өйткені, тұтастай бір ұлт ретінде оның 
мәдениетін зерттеу және зерделеу, оны насихаттау жұмыстарын жүзеге асырады. 
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы әлемде өзге елдермен қатар, терезесі тең тәуелсіз 
мемлекет. Еліміз өзіндік «Қазақстан жолымен» қарыштап дамуда. Алда талай асулар мен 
белестер тұр. Оны бағындыру тек рухы күшті, тарихи зердесі нық, жасампаз елдің ғана 
қолынан келеді. 
Жалпы, қорытындылай айтқанда ұлттық бірегейлікті сақтау арқылы қазақ халқы өзге 
өркениеттер тегеурініне төтеп береді және біртұтас ұлт ретінде сақталады. Ол үшін қазақ 
тіліне, ұлттық салт-дәстүріне, материалдық және рухани мұраларға дұрыс мән беріп, оларға 


құрметпен қарау қажет. Елдің болашағы жастар, оларға дұрыс ұлттық тәрбие беру керек. 
Жас ұрпақтың тарихи танымы күшті болса, ұлттық рухы да жоғары болады. Сонда ғана 
ұлттық «Мен» деген ұғым толық қалыптасады. 
Ал, ондай ұлттың жастары кез келген жаһандық сын-қатерлерге бой алдырмай, өзінің 
ұлттық мүддесін қорғап шығатындығы анық. (350) 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет