Бұл эссені сатып алғаннан кейін, оны Әлеуметтік желіде тарату заңмен қудаланады


№46. Әркім «Бақыт» дегенді әр түрлі түсінеді. «Бақыт» деген не? Ойыңызды



Pdf көрінісі
бет46/50
Дата08.02.2022
өлшемі0,55 Mb.
#124836
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50
Байланысты:
Gumanitarly 1179 ba 1171 yt Esse 50
Gumanitarly 1179 ba 1171 yt Esse 50, Gumanitarly 1179 ba 1171 yt Esse 50, Gumanitarly 1179 ba 1171 yt Esse 50, Gumanitarly 1179 ba 1171 yt Esse 50, Gumanitarly 1179 ba 1171 yt Esse 50, Gumanitarly 1179 ba 1171 yt Esse 50, Gumanitarly 1179 ba 1171 yt Esse 50, Gumanitarly 1179 ba 1171 yt Esse 50, 50115 34447b408a48d8e8f391d57742858f77 (1)
 
№46. Әркім «Бақыт» дегенді әр түрлі түсінеді. «Бақыт» деген не? Ойыңызды 
дәлелдермен негіздеп жазыңыз. 
Кез келген адамнан оның өмірдегі ең қалаулы нәрсесі не екенін сұраңызшы. Ең көп 
таралатын жауап: « Мен тек бақытты болғым келеді ». Менің ойымша, біз бәріміз сол үшін 
бұл дүниеге келгендейміз. Бірақ бақыт деген не? Оны қалай сезе аламыз? 
Меніңше, ең бастысы шынайы бақыт – біздің өмірімізде жабырқау мен қайғы қасіреттің 
болмауында емес, қуаныш пен қанағатты сезіне біліп, өмірге шаттануда.
Жүрегімде махаббат ән тербейтін, 
Бағалайық бақытты, жан тербейтін. 
Мұңға батып қалмасын, көңіл бекер 
Оралмайды жан құрбым, өмір өтер, -
деген Қ.Жүнісовтің «Бағалайық бақытты» өлеңінің жолдары мені күн сайын жаңа белестерді 
бағындыруға жетелейтін күш іспеттес. Өмірдің қайталанбас сәттерінен ләззат алып
қиындықтармен кездескенде мойымай, онымен күресі бақыттың бір қыры.
Осы өмірде мен үшін әрқашан бақытты жабырқап жүрген сәттеде сыйлайтын адам бар. Ол 
– менің қадірлі анашым. Дүние де ана махаббатынан қасиетті де құдыретті нәрсе жоқ. 
В.Гюго айтқандай: « Нәзіктік атаулының жиынтығы ананың алақаны, сондықтанда ол сәби 
үшін ең жылы ұя». Расында да, менің анам мені құшақтап, құшағына алған кезде мен 
әлемдегі ең бақытты адам екеніме күмәнсіз сенемін. Сондай-ақ, біз үшін барын салып 
жүрген асқар тау – әкем. Сонымен қатар, бауырларым, олардың менің көңілімді аулауы, 
көмектесуге тырысқандары, мені бақытқа бөлейді. Яғни, бірінші бақытым – бұл менің 
отбасым.
Бақыт деген - адамдар үшін өмір сүру және оларды өзінің жылы шуағымен бақытқа бөлеу. 
Сөзімнің дәлеліндей, қарапайым мысал алып көрелік: ауыр шелектермен келе жатқан қарт 
әжеге көмектесу, сонымен қатар қарттар үйіне келіп қарт адамдардың бір сәт болса да, 
көңілін аулаудың өзі бақыт емес пе? Барлық игі істер сенің жүрегіңдегі тыныштық, нағыз 
адамгершілік сезімдерін оятады. Сонда сенің жан дүниең тазарып, бақытқа бөленесің. 
Қорыта келе, адам өмірде бақытты болуға лайық. Болуы да керек, тек оны қатты аңсауы
қол жеткізуі әр адамның өз қолында. Менің бақытты немесе бақытсыз болуым сыртқы 
жағдайларға емес, өз ойыма, көңіл күйіммен қатар жүрегімнің тазалығына байланысты. 
Ендеше, мен өз ойымды, яғни өз бақытымды басқара аламын. Шынымен, мен бақыттымын, 
өйткені мен өзімді, өз мүмкіндіктерімді бағыттап, бақытқа жетудің қадамдарын өзім қалай 
аламын. Мен өзіме, жақындарым мен достарыма, болашағыма сенемін.
Сөзімнің соңында М.Мақатаев өлеңімен аяқтасам деймін:


Бақыт деген әркімдерге бір арман 
Сол арманның шыққан жері құмардан 
Ал сен үшін бақыт деген дәл қазір, 
Бақыт жайлы жаза білген шығармаң.(300) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет