«Бөбек» қоры Адамның үйлесімді дамуы институты



бет29/56
Дата05.02.2022
өлшемі6,67 Mb.
#6245
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   56

Қазақ халқының рухани бастауларында болған ғұламалар Қ–ның мағыналық аудармасынан гөрі мәнін ашуға, хикметін сезуге ұмтылған. Абайдың «Адамды сүй, Алланың хикметін сез!», «Адамның хикмет кеудесі», — деген сөздерінен Қ–ды да, адамды да, әлемді де хикмет кітаптары деп біліп, оларды ажырамас өзара бірлікте, тығыз үйлесімде танығаны аңғарылады. «Қ. рас Алланың сөзідүр ол, Тәуиліне жетерлік ғылымың шақ» — деген Абай Қ–ның сөздік мағынасынан гөрі ішкі мәніне ұмтылуға үндейді. Қ–ның рухани мәнін, адамзат қоғамындағы орнын түсінуде ондағы адам мәселесін зерделеудің маңызы зор. Қ. — адамзатты қараңғылыктан нұрға бастайтын Құдайлық рахмет — мейірім көзі, (һүд, 17 аят) адамға бақилық бақыт жолын көрсететін Алланың сөзі (Исра, 9). Қ. жеке адам және қоғам тіршілігі үшін қажетті құқықтық, әлеуметтік–экономикалық саяси–басқару, этикалық–моральдық жүйелердегі негізгі қағидалар мен ұстанымдарды негіздеді. Қ–да екі маңызды мәселе — Алланың жалғыздығына сенім (таухид–монизм) және Алланың құдіреті, сол құдіретімен жаратқан әлем, адам, олардың Алламен арасындағы байланыстары жүйеленген. Қ–да адамның көңілі (қалбы–жүрегі) — таным көзі немесе танымға жетудің құралы мағынасында қолданылған. Қ–да адам ақылын — «калб көзі» (көңілдің көзі), Алланың жеке мәндік аяны (ал–уаһи–ул–жузи) ретінде, ал Қ–ды — объективтік аян, әлемді — Алланың танымдық кітабы, универсалдық аян ретінде танытады. Қ–да имандылық адамгершіліктің тұтқасы, негізгі көзі ретінде түсіндірілген. Имандылықтан туатын құндылықтарды әділеттілік, турашылдық, ар–ұят, намыс, сабыр, төзімділік, жомарттық, шыншылдық, мейірімділік, ата–анаға құрмет, отансүйгіштік, қанағатшылдық, тазалық, махаббат, адамды сүю, жүректілік деп тізіп, жалпы парасат (фазилат) құндылықтарына, ал имансыздықтан туындаған зұлымдық, жалғандық, екі жүзділік, опасыздық, менмендік, қорқақтык, сияқты жаман қылықтарды масқаралық (разилат) сипатына жатқызып, бұлардан аулақ болуды ескертеді. Қ. адамның бағынышты болуы қиын әлем екендігін, оны тек табиғи жолмен, ерікті сұхбат арқылы тәрбиелеуді, оны дінге шақыруда да ешқандай зорлық немесе қысым жасауға болмайтындығын ескертеді. Қорыта айтқанда, Қ–да адамның қандай болмыс екендігі, өмір сүру ортасы мен тіршілігінің мәні, әлемдегі орны мен мақсаты туралы оның болмысын нақтылайтын тиянақты жауаптар айтылған. Бұл жауаптардың барлығы адамның рухы мен көңіліне қатысты психологиялық құбылыстар мен қуаттарды ескеріп түсінікті әрі қарапайым тілмен берген. Қ–ның үндеуі адам санасына, рухы мен ақылына арналған.





Каталог: upload -> Book
Book -> «Бөбек» қоры Адамның үйлесімді дамуы институты
Book -> Ә. Ш. Әлімжанова, Т. Х. Ғабитов, Өнер – өзін-өзі танудың қайнар көзі
Book -> Ә. Ш. Әлімжанова, Т. Х. Ғабитов, Өнер – өзін-өзі танудың қайнар көзі
Book -> Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»
Book -> Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»
Book -> Өмірді бағалап үйренейік балалар суицидін алдын-алу бойынша ата-аналарғА, педагогтерге арналған қҰрал алматы
Book -> Рухани-адамгершілік білімге байланысты әндер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   56




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет