«Бөбек» қоры Адамның үйлесімді дамуы институты


Мырзалы Серік. Философия. Алматы: Бастау, 2008; Мәдени–философиялық энциклопедия / Құраст. Т. Ғабитов, А. Құлсариева, Ә. Әлімжанова. Алматы: Раритет, 2007



бет2/56
Дата05.02.2022
өлшемі6,67 Mb.
#6245
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
Әдебиет: Мырзалы Серік. Философия. Алматы: Бастау, 2008; Мәдени–философиялық энциклопедия / Құраст. Т. Ғабитов, А. Құлсариева, Ә. Әлімжанова. Алматы: Раритет, 2007


АДАМ АТА Адамзаттың атасы. Алла тағала өз құдіретімен оны топырақтан жаратты да жан салып, жақсы мүсінге келтірді. Бұл туралы Құран Кәрімде: «сыңғырлап тұрған кепкен балшықтан тиісті мүсінге келтіріліп, адамды Біз топырақтан жараттық» (Құран кәрім «хижір» сүресі 15:26), «Адамды Ол ұйыған қаннан жаратты» («Алақ» сүресі 96:12) «Біз сендерді (А.А–ны) әуелі топырақтан жараттық. Оның нәсілін (рухтан) жыныстық тамшыдан, кесек еттен (құрап) жараттық. Біз мұны тектеріңді білу үшін айтып отырмыз («Хаж» сүресі 25:5).Діни аңызда А.а Жер бетінің иесі болады, онда Кұдіреттің күшін, Алланың бірлігін насихаттайды, құлшылық еттіреді деп ұйғарды. Он сегіз мың ғаламның атын үйретіп, бірден артықшылық берді. А. А–ның мәртебесін көтеру үшіи періштелерді оған сәжде (тағзым) еттірді. Бар періште тағзым еткенде, тек Ібіліс (шайтандардың атасы) қасарысып қарсы болды. Сонысы үшін оны ұжмақтан қуды. А. А–ға жұбай етіп, Хауа Ананы жаратты. Екеуі ұжмақта еркін жүріп, оның «игіліктерін көрді. Алла тағала сынақ ретінде оларға «анау ағашқа тиіспеңдер!» деп тапсырды. Өзінің қарғысқа ұшырағанын адамнан көретін Ібіліс оларды азғырып, жолдан тайғызуға кірісті. «Шіркін, мына жемісті жеген адам мәңгі өлмейді ғой!» деуге азғыруға кірісті. Ақыры, екеуі әлгі ағаштың жемісім жеді де Тәңірге жазып қалды. Хақ тағала азғыруға ерген аңқау Адам мен Хауаны да, оны азғырған Ібілісті де «Сендер бір–біріңе жау күйде жерге түсіңдер!» деп жаннаттан шығарып тастады.
А. А. мен Хауа Ана жасаған күналарына қатты өкінді. Бір Тәңірге құлшылық, тәубе үйірді. Рахымы мол Раббылары олардың тәубелерін қабылдады. «Әулеттен әулетке дейін әзәзілдің азғыруынан сақ болыңдар!» деп насихат берді. «Өмір кешіретін кеңістіктерің – жер беті, пайдаланатындарың пәни дүниенің игіліктері болады. Жалғанның жақсылығын да, жамандығын да көресіңдер. Тек, тәубеден жаңылмаңдар!» – деді. А. А–ның есімі Құранда 25 жерде кезігеді.


Әдебиет: Ислам. Энциклопедиялық сөздік. / құр. Б. Аяған. – Алматы: Аруна, 2009; Құран Кәрім аудармасы, Алматы. – Дәуір – 2003; Ә. Сарай (ҚҰЭ – 93–бет)



Каталог: upload -> Book
Book -> «Бөбек» қоры Адамның үйлесімді дамуы институты
Book -> Ә. Ш. Әлімжанова, Т. Х. Ғабитов, Өнер – өзін-өзі танудың қайнар көзі
Book -> Ә. Ш. Әлімжанова, Т. Х. Ғабитов, Өнер – өзін-өзі танудың қайнар көзі
Book -> Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»
Book -> Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»
Book -> Өмірді бағалап үйренейік балалар суицидін алдын-алу бойынша ата-аналарғА, педагогтерге арналған қҰрал алматы
Book -> Рухани-адамгершілік білімге байланысты әндер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет