БөЖ-1 Жорғалаушылардың экологиялық топтары,жіктелуі Орындаған: Полатбек Аяжан Тексерген: Батаева Дариға


Өкiлдерi – дала тасбақасы, сауытының ұзындығы 25 сантиметрге дейiн жетедi. Орта Азияда және Қазақстанда кездеседi. Европада, Қырымда және Кавказда батпақ тасбақасы кездеседi



бет3/5
Дата29.12.2022
өлшемі6,07 Mb.
#164839
1   2   3   4   5
Байланысты:
БАУЫРЫМЕН ЖОРҒАЛАУШЫЛАР БӨЖ 1 ПОЛАТБЕК АЯЖАН (копия)
ДӨҢГЕЛЕКАУЫЗДЫЛАР, биологиясөж3

Өкiлдерi – дала тасбақасы, сауытының ұзындығы 25 сантиметрге дейiн жетедi. Орта Азияда және Қазақстанда кездеседi. Европада, Қырымда және Кавказда батпақ тасбақасы кездеседi.

Бүйiр мойын тасбақалар отряд тармағы

Бүйiр мойын тасбақалар отряд тармағына жататын тасбақалар мойнын сауытының iшiне жиырғанда, ол оң немесе сол бүйiрiне қарай қисайып, басы қолтығына барып енедi. Сондықтан мойын омыртқаларының көлденең өсiндiлерi және оған байланысты еттер жақсы дамыған. Жамбасы құрсақ және арқа сауытымен қозғалмайтын болып бiрiгiп кеткен. Өкiлдерi аррау, жылан мойын Африкада, Австралияда және Оңтүстiк Америкада суда тiршiлiк етедi.

2.Лепидозаврлар


Тұмсықбастылар отряды - Rhynchocephalia
Қабыршақтылар отряды – Sguamata
Ертеде тiршiлiк еткен өкiлi – Гаттерия, ол қазiргi кезде тек қана Жаңа Зеландия аралдарында сақталынып қалған. Гаттерия түнде тiршiлiк ететiн жануар. Ол сырт жағынан қарағанда үлкен кесiрткеге ұқсайды. Дене тұрқы 60 см. Денесi (басы мен кеуде бөлiмi) ұсақ дән тәрiздi қабыршақпен қапталған. Олар мұхит құстары альбатростардың iндерiн пайдаланады, бiрақ гаттерилер олардың балапандарына, жұмыртқаларына тимейдi. 
Кесiрткелер отряд тармағы
Жыландар отряд

Кесірткелер отряд тармағы

Кесiрткелер отряд тармағы. Олардың денесi сопақша, құйрығы ұзын, мойыны денесiнен айқын бөлiнген. Аяғы редукция ұшыраған, мүлдем болмайтын түрлерi де бар (веретеница). Көпшiлiк түрлерiнiң құйрықтарын үзiп, қалдыратын автотомия қабiлетi бар. Кесiрткелер тұқымдасына жатады. Тiршiлiк ортасы әралуан: ашық дала, шөлдi аймақ,орман iшi, таулы жерлер т.б. Ұсақ түрлерi насекомдармен және басқа омыртқасыздармен қоректенедi, ал iрiлеуi (кесел т.б.) iрi жануарларға шабуыл жасайды, кейбiреулерi өсiмдiктермен қоректенедi.

Табиғатта кесiрткелер ауыл шаруашылығында зиянды насекомдарды жеп пайда келтiредi. Улы кесiрткенiң бiр ғана түрi белгiлi – Солтүстiк Американың оңтүстiгiнде тiршiлiк ететiн улы тiстiлер (ядозуб). Геккондар (Jeckonidae) – Оңтүстiк Қазақстан жерiнде 6 түрi тiршiлiк етедi. Шу өзенiнiң алқабы, Оңтүстiк Балқаш маңында онша бекiмеген құмдарды мекендейдi. Күндiз құмға енiп тығылып жатады да, түнде тiршiлiк етедi.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет