Бөж тақырыбы: Ахмет Яссауи кесенесі және Ыстамбул тарихы Қабылдаған : Phd кошенова Г. Орындаған : Тасқұл Ұ. Тобы : Өдз – 212


Сайрам қаласы жайындағы жазба деректер



бет4/7
Дата28.02.2023
өлшемі97,42 Kb.
#170555
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
БӨЖ Ұлжан-1

Сайрам қаласы жайындағы жазба деректер
Орта Азия мен Анадолы /Түркия/ туріктерінің діні мен сопылық өмірінде ерекше орын тепкен, "Пір-і Түркістан" деген атакқа ие болған Ахмет Яссауи, XI-ші ғасырдың соңында Батыс Түркістанның Сайрам қалашығында дүниеге келді. Сайрам түрік тарихында есімі танымал Шахиар өзеніне құятын Қарасудын жағасындағы шағын қалашық болатын. Бұл қала ислам өлкесінің құрамындағы Шымкент каласына 15 км.Түркістан каласын 157 км.қашықтықта орналасқан.
Махмуд Қашғаридің айтуы бойынша "Сайрам" түрікше сөз. Диуани Лұғат ат-Турікте Сайрам сөзі, "Сайрамда болу". "жақын жерде болу", "судың таралуы", "судың азаюы" деген мағыналарға келеді деп жазылған. Тағы бір жерде осы сөз "Сайрам суы" делінген.
Сайрам қаласы туралы әл-Мақсиди кеңінен мәлімет беріп, өз заманындағы осы қаланы былай суреттейді: "Исфиджаб үлкен сауда орталығы /мамур/, ол әсіресе киім саудасымен танымал. Бұл қалада төрт есікті мешіт орналасқан және мешіттің әр есігінің алдында қонақ жай шатырлары бар. Сонымен қатар есіктерге Нүжакент, Фаррухан, Шакирхана және Бұхара деген жазулар жазылған. Ал сол есік алдында орнатылған шатырларды нахашабтықтар, бухаралыктар, самарқандықтар және қара текінділер деп атайды. Осы шатырларды әр күн жарлы-жықыбайларға айран мен нан және 7 000 теңгелік базар түсімі таратылады. /Тағы бір ескі жазбада 1 700-дей қонақ жай шатырлары бар делінген/.
Сайрам каласы өзінің жеміс ағаштарымен танымал, мұнда мәуе ағаштарының түрлі-түрлісі өсіріледі. Ал халқы көп ұлттан құралып, аралас орналасқан. Сайрам халқының жүректері /көңілдері/ қатты, мәзһабтарына берік болып, оларда жамандық, жақсылық бірдей кездесіп отырады".
Ежелгі Ғұндар заманында Сайрам қаласы туралы мәліметтер кездеспейлі. Ал Көктүріктер заманында атақты қалалардың арасынан Сайрам каласының аты кездеседі. Мәселен Тунг Янгу /610-620 аралығында билік құрған/ билік жүргізген кезеңде Түріктердің бас қаласы Талас /Әулие ата/ пен Сайрам қаласы арасындағы Мың бұлақ делінген.
Ислам дінінің Мәуреннәһрге таралып, жоғарылай Сайрам қаласына дейін таралып жатқан кезеңде халифалық һарұн ар-Рашид халифаның қолында еді. Һарун ар-Рашид халифаның билік құрған тұсында жазылған "Низаму-л-Мүлкте" Сайрам қаласы туралы :"Сайрамда /Исфиджаб/ бір конақжай салынып, олқаланың сауда саттығының дамуына алып келді" делінген.
Нұх бин Әсәд уақытында Сайрам қаласында егіншілік жақсы дамыды және бұл қала Нұхтың бұйрығымен дуалдармен қоршала бастады. ХІ-ші ғасырдың алғашқы жартысында Сайрам қаласы қарахандықтардың қол астында болып. Иыған Тегін Сүлеймен Бұғра хан Талас немесс Сайрамда туылған. Сайрам қаласы алдымен қарахандыктардың кол астында болып, кейін Хорезмшах, одан кейін Шыңғысханның қарамағына өтті.
Кейбір әдебиетгерде Ахмет Яссауидің туылған жерін Яссы /казіргі Түркістан/ қаласы деп жазған. Бұған Диуани Хикметтен мына өлең шумағын дәлел ретінде келтіреді:
Нелер келсе көрмек керек ол Құдайдан Юсуфын айырдылар ол Кенандан
Туған жерім ол мүбарак Түркістаннан Бағырыға ташлар ұрып келдим мене
(хик. ХҮІ. II. 31 бет Анкара-1995)
Бұл өлең шумағында баяндалған Түркістан, бүгін Түркістан қаласы емес. Яссауи өмір сүрген заманда "Түркістан" деп Яссыны да Сайрамды да қамтитын кең өлкенің атауы болып, Түріктердің көп шоғырланған жердің аты болған. Түркістан түрік тарихы мен әдебиеттерінде Орға Азияның оңтүстігі, Гурган өзені, Хорасан таулары мен Хинд таулары, ал шығысы Орал тауларымен шектесетін кең алқаптың аты болған. Міне осы кең байтақ алқапта түрік халқы мекендейтін. Бірақ осы аталмыш өңірді заман өте келе Түркістан деп атамай, бұл тек Яссы қаласының жаңа атына айналды. Бұл қаланың "Түркістан" деп аталуына Ахмет Яссауидің рөлі орасан зор.
Түркістан қаласы Казақ хандығының астанасы болған қала. Мұнда хандар А.Яссауидің ғимаратындағы "Ақсарайда" мәжілістер өткізетін болған және Әзірет Сұлтанның қабірінің алдында әділетпен үкім жүргізуге тырысқан.
Бұл қала Х-шы ғасырда "Шәуғар" деп аталса, А. Яссауидің өмір сүрген тұсында "Яссы" деп атала бастады. Міне, Ахмет те осы қаланың тұрғыны екендігін білдіру үшін, "Яссауи" деген есімді қосып алды. Осы заманнан бастап Яссауидің жеке тұлғасымен бірге Яссы қаласының атағы да шар тарапқа кеңінен мәлім болды.
Түрік аңызында Оғыз хананың ордасы болған Яссы қаласында Арыстан баб есімді мәшһүр түрік шейхы құрған сопылық жол бар болатын. Ал жас Ахмет, Яссы қаласында Арыстан бабқа қол беріп, заһири /сыртқы/, батыни /ішкі/ ілімді одан уйрене отырып, Хорасан ерлерінің ашқан рухани бұлағымен сусындайды.
Диуани Хикметте Ахмет Яссауи, Арыіганбабка 7 жасынан бастап, сабақ ала бастағанын былай баяндайды:
Жеті жаста Арыстанбабқа бердім сәлем
Хақ Мұстафа аманатын қылып ын'ам.
Сол уақытта мың бір зікір қылдым тамам
Нәпсім өлім лә меканға аштым міне.
Яссы қаласында сауатын ашқан Ахмет Яссауи, өзінің жас болғанына қарамастан, ерекше парасаттылығымен, өмір сүрген ортасында, дәруіштер мәжілісінде бірден назарға ілікті. Өйткені Ахмет Яссауи кішкентай күнінен-ақ ішкі әлемнің тұнғиығында, соңсыз ақиқаттың сырларына жетудің жолдарын қарастыратын. Сонымен ол ішкі әлемнің құндылықтарынан хабардар болуы үшін бір мүршид іздеп жүрген болатын. Мевлана Жалаладдин Румидің /ол 1207/1273/ дегеніндей. "Адам үлкен бір болмыс. Оның ішінде көптеген нәрселер жазулы. Бірақ, караңғылық пен перделерді ашпасаң, адам ішіндегі сол жазуды оқи алмайды. Қарзір қара! Адам сол қараңғылықпен- перделерді ашса нені үйренбейді, нені білмейді дейсің".
Ақыл мен даналыққа суйенген білім жақсылықты, абзалдықты, әдепті, қорқынышты, сабырды, шүкірді, инабаттылықты, ұятты, жомарттықты, біреуді айптамауды, сұхбатты, суйіспеншілікті сүйеді. Сыр сақтауды, ықылас мақамына жетуді Ахмет Яссауи Арыстанбабтың Иршад мақамынан үйренді. Ал, бұл мақам ислами бір ақыл, білім жолы болып табылады, ал тасаввуф адамның мендігін таптап, тасжүрек, кек және жамандықпен безенген мінезден суйіспеншілікке, рахымдылыққа өсем-мінезге алып барады.
Көңілін білім, ирфан және ақиқатпен безендіргісі қелген Ахмет Яссауи білім мен хикмет жолында сатылап жоғарылау үшін Яссыдан шығып Мәуреннәһрдің атақты түрік ислам орталығы болған Бұхара қаласына жолға шығады. Бұл білім орталығына Түркістанның түпкір- түпкірінен мыңдаған шәкірттер ағылатын. Ахмет Яссауи Бұхараға шамамен 27 жасында ол сол заманның ең мәшһүр яғни танымал ғалым, мутасаввуфтарының бірі Шайх Юсуф Хамаданиге (1048/1049 - 1140) шәкірт болды. Атақты шейх, шәкірт назарын дінге аударып, онымен бірге көптеген білім орталыктарын аралап, одан білім мен тәрбие алды. Юсуф Хамадани 1140 жылы қайтыс болғаннан кейін, оның орнына Абдуллаһ Берки (ө. 555/ 1160-1161) ол өлгеннен соң, орнына Шейх Хасан Андаки, онын қайтыс болуына байланысты иршад мақамына Қожа Ахмет Яссауи тағайындалады. Біршама уақыт өткеннен кейін Ахмет Яссауи Юсуф Хамаданидің білдірген нұсқауымен иршад мақамына (жол көрсету) Абдуллаһ Ғиждуаниді қойып, өзі Яссыға оралады. Сонымен ол Яссыда өмірінің соңына дейін иршадтық (жол керсетуші) міндетін атқарды. Ол көрген, оқыған білімдерін тек Түркістанға ғана емес, бүкіл туркі дүниесіне таза түркі тілінде үйретті.
Қ.А.Яссауидің Яссы қаласында қанша жыл өмір сүріп, кашан қайтыс болғаны белгісіз. Аңыздарда 126 жыл өмір сүрді дегенімен түрлі аударма кітаптарында оның өлген жылын 562/1166-1167 жылдары деп көрсеткен. Ахмет Яссауидің Гауһар Шахназ және Гауһар Хошназ атты екі қызы дүниеге келіп, оның ұрпағы қызы Гауһар Шахназдан тарайтындығы айтылуда.
Ахмет Яссауидің Яссыға оралысымен-ақ атақ абыройы тез арада таралды. Маңайына мыңдаған мүрид-шәкірттер топтанды. Енді Яссы қаласы Ахмет Яссауидің ашқан рухани дүниенің орталығына айналды. Бұл қала ислам дуниесінде Пір-і Түркістан яғни Түркістанның жол көрсетушісі деп еске алатын жағдайға келді. Кейін Яссы қаласы "Пір-і Түркістан" қаласы деп аталып, осыған байланысты Түркістан есімі Яссының қосымша атына айналды. Бүгінде тарихтағы ұлы Түркістан есімі ұмытылып бара жатқанымен Яссы қаласы "Түркістан" деп аталды.
Ахмет Яссауи негізін қалаған түрік тасаввуф әдебиеті және бұған сүйеніп құрылған "Яссауилік тариқаты" пайда болысымен-ақ үлкен бір муридтер шынжырына айналды. Аңыздарда Ахмет Яссауидің маңайына 99 мың мүрид жиналғанын хабарлайды. Ахмет Яссауи өзі өмір сүрген дәуірде мыңдаған шәкірттерді жетілдіріп, түрік әлемінің түпкір-түпкіріне шәкірттерін жөнелтіп, Каспий теңізінен Қытай, Моңғол шегарасына дейін, сонан кейін Анадолыға дейін созылған түрік тайпаларына түрік ислам пікірін таратты. Осындай орасан зор жұмыстарды атқарғанда ол ешкімнен садақа алмай, ешкімге жүк болмады. Дүниеуи қажеттіліктерін өз қол еңбегімен тапты. Ол тақтайдан қасық, ожау істеп, өзінің кем-кетігін түзеді. Тіпті ол шәкірттерінің тарту сыйлықтарын да алмай, сыйлық алған шейхтардың қарындарын отпен толтырғанын суреттеді.
Түріктер Ахмет Яссауиге ерекше назар аударып, сондай қатты құрметтейді. Бұл құрмет белгісі ретінде, түрік дүииесінде "Мединеде Мұхаммед, Туркістанда Кожа Ахмет" сөзі халық арасында ауқымды түрде айтылып жүр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет