Бөж тақырыбы: Буын және дыбыс үндестігі Қабылдаған: Абдуллина Гүлжан Орындаған: Қаратаева Айсана Тобы: ппм-312 Буын және дыбыс үндестігі Жоспар Кіріспе



бет1/4
Дата03.11.2023
өлшемі162,3 Kb.
#189168
  1   2   3   4
Байланысты:
тілдік 1
Shynar Aigerim (копия)

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
Әлеуметтік - гуманитарлық ғылымдар факультеті
Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасы


БӨЖ


Тақырыбы: Буын және дыбыс үндестігі


Қабылдаған: Абдуллина Гүлжан
Орындаған: Қаратаева Айсана
Тобы: ППМ-312
Буын және дыбыс үндестігі

Жоспар
Кіріспе: Үндестік заңы буын үндестігі дыбыс үндестігі деп бөлінеді.
Негізгі бөлім: Дыбыс, үндестігіне бағынбайтын қосымшалар, олардың түрлері.
Қорытынды: Дыбыс және буын үндестігі


Кіріспе: Қазақ тілінде дыбыстар сөз ішінде, сөз бен қосымша арасында, сөз бен сөздің арасында бір-бірімен үндесіп, үйлесіп айтылады. Түбір сөздің жуан не жіңішке болуына қарай қосымша да жуан не жіңішке болады және сөздің соңғы дыбысына қарай үйлесіп жалғанады. Сөздің бастан- аяқ үндесіп, үйлесіп, біркелкі әуезбен айтылуы үндестік заңы деп аталады.
Үндестік заңының екі түрі бар:

  1. Буын үндестігі;

  2. Дыбыс үндестігі.

Буын үндестігі – түбір сөздің соңғы буынының жуан не жіңішке болуына қарай қосымшаның да жуан не жіңішке түрде жалғануы. Мысалы, бала+лар, үйрек+ті, құдірет+ті, кітап+қа, т.б. Дауысты дыбыстар буын құрауға негіз болатын болғандықтан, буын үндестігі
дауысты дыбыстар арқылы орындалады. Буын үндестігі сингармонизм деп те аталады. Сингармонизм – грек тілінен енген термин. Sуn «бірге» және һаrmoni «байланысу», «үндесу» деген мағынаны білдіреді.
Қазақ тілінде буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар да кездеседі. Олар:
-мен, -бен, -пен – баламен, жұлдызбен, жолдаспен;
-қор, -паз, -қой – еңбекқор, өнерпаз, әуесқой;
-тал, -дар, -тай – өсімтал, кіріптар, шешетай;
-хана – емхана, дәріхана;
-нікі, -дікі, -тікі – Майранікі, атамдікі, Мақсаттікі;
-кер, -гер, -кеш – айтыскер, қаламгер, арбакеш;
-кес, -күнем – даукес, пайдакүнем;
-ов(а), -ев(а), -ин(а) – Әуезов(а), Серікбаев(а), Майлин(а);
бей – бейтарап, бейуақыт, бейтаныс.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет