Бөж тақырыбы: Қытайдың әскери стратегиясы Орындаған: Алданазаров А. Қабылдаған: Cаурбаев А. Тобы: зхк-012 Түркістан 2022 Мазмұны Кіріспе Екінші дүниежүзілік соғыста ауыр жарақаттанған жапон генералы өлері алдында



бет4/5
Дата02.12.2022
өлшемі51,57 Kb.
#160946
1   2   3   4   5
Байланысты:
Азия мен Қытай 2-булок (1)
Махбал (1), Методика 30 сұрақ-жауабымен, Методика 30 сұрақ-жауабымен, Методика 8 30сұрақ-жауап, Методика 30 сұрақ-жауабымен, 1 k shablon 9, Азиза 10 апта бож.docx.pptx, molchanov, Вопрос 1, Antaev-Zh-T-Menedzhment-v-sisteme-obrazovaniya, слайд Абдумавленова Т 2 db9c01bf439d8958587b3cecd08322dc, Способы связи, пСИХ ТЕСТ, 4 лекция ККЗТ, 4 лекция ККЗТ
- Біріншісі. Мемлекет адами және заттық ресурстарды жұмылдыра отырып, төртті осы замандандыру құрылысы мен экономикалық реформаларды тереңдетуге мүмкіндік алды;
- Екінші. Армия үнемделген әскери шығындардың есебінен осы заман қару-жарақтарымен жабдықтануға мүмкіндік алды;
- Үшінші. Сұрыпталған әскери қосындарды осы заманғы соғыс қажеттілігіне қарай машықтандыру және оқытып тәрбиелеу арқылы сардарлар мен сарбаздардың жауынгерлік қуатын өсіріп, биік стратегиялық қорғаныс деңгейіне жеткізді.
Сол кезде батыстың кейбір әскери сарапшылары «Қытайдың миллионнан аса әскерін қысқартуы оның қорғаныс қабілетіне қылдай кесірін тигізген жоқ, қайта Қытай халық азаттық армиясының жауынгерлік қабілетін одан бетер өсіре түсті» - деп бағалаған болатын.
Тарихта Кеңес Одағы азамат соғысы аяқталғаннан кейін қызыл армия қосындарын қысқартып, армияның ең таңдаулы маршалдары мен генералдарын оққа байлап еді. Соның кесірінен Финляндиямен соғыста оңбай жеңілді. АҚШ та бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін өз армиясын қысқартудың кесірінен Перл-Харбор портына жапон армиясының тұтқиыл соққысы кезінде күйрей жеңілді. Осылармен салыстырғанда Дэн Сяопиннің 1 млн әскерді қысқарту шешімі іс жүзінде Қытай армиясының жауынгерлік қуатын еселеп арттырған ерекше оқиға болды.
Дэн Сяопиннің әскерді қысқартып, армияны сұрыптау стратегиясы жайдан-жай экономикалық қажеттіліктен ғана туындаған ора-шолақ жоспар емес еді. Ол Қытай армиясын қайта жасақтауды мынадай үш түрлі абзалдықты шебер жүзеге асырды:
- Біріншіден. Армияны қысқарту, әйтеуір, бір бөлім адамдарды армия қатарынан шығару үшін жасалған жоқ. Ол мұқият саралау мен сұрыптау арқылы соғыс қимылдарына ешқандай пайдасы жоқ басы артық адамдарды, кәрі құртандарды және осы заманғы соғыстың қажетіне жарамайтын сардарлар мен сарбаздарады армия қатарынан тазалауға мүмкіндік алды;
- Екіншіден. Әскер қысқарту тек қана сандық қана ұғым емес, ол сонымен бір уақытта құрылымдық реттеу болатын. Мысалға ірі әскери округтерді қысқарту және өзара қосу арқылы бас штабтың құзыретін айтарлықтай өсірді. Оған қоса, әскери округтердің аймақаралық стратегиялық қорғанысын бекемдеуге мүмкіндік алды. Әскери құрамаларға жасалған реформалардың нәтижесінде бір әскери құраманың құрамында зеңбірекшілер армиясы, бронотехникалар армиясы, құрылыс армиясы және химиялық соғыстардан сақтану армиясы қатарлы бұрынғы дербес әскери құрамаларды өзара біріктіру арқылы әскери құрамалардың дербес соғыс қабілетін өсіріп, осы заманғы соғыстың қажетіне бейімдей алды;
- Үшіншіден. Әскер қысқарту басы артық адамдардан құтылумен бір уақытта осы заманғы соғыс қажетіне үйлесетін жаңа жауынгерлік күштерді қатарға қосуға мүмкіндік берді. Бұл жерде армия қатарынан адамдар тек қана кетіп жатыр екен деген қате түсінік тумауға тиіс. Кеткендердің көп болғандығы дау тудырмайды. Бірақ олардың орнына бірі онға татитын жаңа күштерден армия қатарын толықтырып жатты. Мысалға, кәрі-құртаң қарт генералдардан тартып әскери қатарындағы мәдениет қызметкеріне дейін неше жүздеген мың адам армия қатарынан шығарылғанымен, ерекше екі шеп сұрыптаудан, таңдаудан өткен осы заманғы білімге ие, жүйелі әскери білім алған жас сарбаздар түрлі деңгейдегі қолбасшылық орындарына жайғасып, армияның жауынгерлік қуатын бұрын-соңды болмаған деңгейге көтеріп тастады. Орталықтағы қолбасшылық құрылымдарының төрттен бірі қысқарды. Ірі әскери округтердің қолбасшылық құрылымының қысқаруы 50% жетті. Ал олардың орташа жас мөлшері бұрынғы 64,9 жастан 56 жасқа дейін қысқарды.
Бұрында айтқанымыздай армияның әскери қуаты оның санында емес, сапасында екендігін, ұйымдық құрылым мен қару-жарағының сапасына байланысты болатындығын әскери өнерден әліппелік сауаты бар адамдардың бәрі біледі. Дэн Сяопиннің әскер қысқартуын қысқарту дегеннен гөрі, електен өткізу деп түсінген дұрыстау болады. Ол армия қатарын толықтырып, ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жан бағып жүргендердің бәрін басы артық, тіпті зиянды адамдарға балап, армия қатарынан түгелдей аластады. Және соған сәйкес соғыс қимылдары үшін ерекше зәру мамандар мен дарынды жас қолбасшыларды әскери қатарына сұрыптап қабылдады. Міне бұл, Дэн Сяопиннің әскер қысқартып, армияны сұрыптау арқылы Қытайдың қорғаныс қабілетін өсіруге бағытталған аса маңызды стратегиясы болатын. Дәл сол кезде АҚШ пен Кеңес Одағы әскери бәсекені қалай бәсеңдетеміз, қорғаныс күштерін қалай қысқартамыз деп саудаласып жатқанда Дэн Сяопин көріністе 1 млн әскер қысқартқан кейіп танытып, көрер көзге ғаламдық бейбітшілікке үлкен үлес қосқан тұлға болып көріне білді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет