Бөж тақырып: «Математиканы жаңартырылған бағдарлама бойынша оқыту мәселелері»



бет1/3
Дата08.02.2022
өлшемі20,56 Kb.
#124368
  1   2   3
Байланысты:
МЖББО бөж
1 лаб жумыс, 1 лаб жумыс

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университеті


БӨЖ
Тақырып: «Математиканы жаңартырылған бағдарлама бойынша оқыту мәселелері».
Орындаған :Набиева Ш.
Тобы:127-28а
Қабылдаған:Битемір А.
Математиканың бастапқы курсын оқып үйрене отырып, оқушылар талдау, синтездеу, жіктеу, салыстыру, себеп-салдарлық қатынастар мен заңдылықтарды анықтауды үйренеді, түрлі заттар мен қоршаған орта құбылыстарын сипаттау үшін математикалық тілдің негіздерін игереді, білім мен іс-әрекет тәсілдерін меңгереді, мұның барлығы жинақтала келе оқи білуге негіз болады.
Бастауыш математиканың кезең-кезеңге бөлініп, жүйелі түрде берілген, қоршаған ортадағы заттардың мөлшерлік қатынастары мен кеңістіктегі формаларын сипаттаудан тұратын оқу курсының негізгі мақсаты – оқушылардың математикалық таным негіздерін меңгеруіне және тиісті дағдыларын қалыптастыруына мүмкіндік жасау. Бұл оқу пәні математиканы қоршаған ортаны бейнелеу мен түсіну тәсілі ретінде қабылдауды дамытуға бағытталған және оқушылардың қабылдауы мен танымын кеңейтуді, математика ғылымына қызығушылығын талап етеді. .
Бастапқы математикалық білімнің негізгі мақсаттарына сәйкес, оқу пәні бірқатар мәселелерді қарастырады.
Атап айтқанда:

  • логикалық ойлауды, кеңістіктік елестетуді және математикалық терминдерді пайдалану біліктілігін дамыту;

  • оқу және тәжірибелік проблемаларды шешу, арифметикалық алгоритмдерді пайдалану, геометриялық салулар мен математикалық зерттеулер жүргізу қабілеттерін дамыту;

  • сын тұрғысынан ойлауды, шығармашылық қабілеттерді дамыту;

  • математиканы әлемді суреттеу, модельдеу және түсіну тәсілі ретінде қабылдау;

  • өзінің математикалық білімі мен біліктерін басқа пәндерді меңгеруде, күнделікті өмірде қалай пайдалану керектігін түсіну;

  • білуге құштарлық, мақсаттылық, жауапкершілік, сенімділік және тәуелсіздік сияқты тұлғалық қасиеттерді дамыту;

  • түсінудің, түсіндірудің, талдаудың, синтездің, жүйелеудің, қолданудың және суреттеудің когнитивтік дағдыларын дамыту;

  • коммуникативтік және әлеуметтік дағдыларын, топпен жұмыс істеу және өз көзқарасын білдіру, басқа адамдардың пікірін құрметтеу, көшбасшылық қасиеттерін көрсету, өз жұмысын жазбаша және ауызша түрде таныстыру дағдыларын дамыту;

  • ақпаратты іздестіру және таңдау, өз уақытын басқару, өзін-өзі реттеу дағдыларын дамытуға негізделген.

 Оқу үдерісін ұйымдастыруда қолданылатын педагогикалық тәсілдемелер
Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдары «білім алуды үйрету» ұстанымын негізге алады, ол ұстаным бойынша өз бетімен білім алуға ұмтылатын, ынталы, қызығушылығы жоғары, өзіне сенімді, жауапкершілігі мол және зияткерлік тұрғыдан дамыған тұлға қалыптастыру көзделеді. Оқушылардың бойында бұл қасиеттерді қалыптастыруда мұғалімдер түрлі технологиялар мен әдіс-тәсілдер қолданады деп күтіледі, олар:
— оқушылардың жеке пікірін тыңдай білу, бұған дейін алған білімдері мен қалыптасқан түсініктерін одан әрі дамыту үшін оларды қолданудың маңыздылығын құптау;
— жеке және саралай оқыту тәсілін қолдану;
— проблемаларды және оларды шешу стратегияларын құрастыру;
— оқушылардың жетістіктерін бағалау арқылы олардың оқуына қолдау жасау;
— оқушылардың зерттеу іс-әрекеттерінің негізінде белсенді оқуға ынталандыру;
— оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет