Болашақ маман өзінің ой еңбегін ұйымдастыру барысында оның гигиеналық негіздерін, ол еңбекті жоспаралау, өздігімен білім алу, кітаппен жұмыс істей алу, мұғалімдер беретін дәрісті дұрыс тыңдау, өздік жұмыстарды орындау, семинарларға, конференцияларға



бет2/3
Дата08.02.2022
өлшемі29,04 Kb.
#117799
1   2   3
Байланысты:
Microsoft Office Word Document (3)
000696e0-a327cd42 (2), ТЖБ№1 Қазақ т.
12.
12

13.
Кез келген мемлекеттің өркендеуі оның білім беру
саласының жағдайына негізделеді, ал білім беру процесіндегі
маңызды фигура-ұстаз тұлғасы. Мұғалімнің негізгі міндеттерінің
бірі - өскелең ұрпақты қазіргі ғылыми білімдермен
қаруландыру, дамыған шығармашыл тұлға ретінде
қалыптастыру. Осындай жауапты міндеттерді сапалы деңгейде
атқару үшін әр мұғалім өзінің білімін жетілдіріп отыруы қажет.
Мұғалімнің кәсіби дайындығы кезінде жинақтаған білімдері бір
қалыпта сақталып тұрмайды. Қоғамның дамуына байланысты
мұғалімнің білімдері де жаңарып, толықтырылып отыруы керек,
себебі қоғамның экономикалық дамуына байланысты жас
ұрпақты әлеуметтендірудің жаңа талаптары туындап отырады.
Осыған орай қазіргі оқушылардың сұраныстары да жоғарлай
түсуде
13

14.
Сондықтан әр мұғалімнің кәсіби жетілуінің
негізгі факторларының бірі болып оның өздігінен
білім алуы қарастырылады. Өздігінен білім алу мұғалімнің тұлғалық өсуінің негізі. Қазіргі кездегі
үздіксіз білім беру мәселесі де адамның бір алған
білімімен қанағаттанбай, оны заманына сай
толықтырып, жаңартып отыруын көздейді. Адам
біліммен тек бір оқу мекемесінде ғана
қаруланбайды, білім - үлкен құндылык, оны өмір
бойы толықтырып отыру қажет. Егер адам білімін
үнемі толықтырып, жаңартып отырмаса, ол кәсіби
іс-әрекетке де жарамсыз болып қалады.
14

15.
- адамның білім беру мекемелеріндегі жүйелі оқытудан тыс
өздік жұмысы арқылы білім алу процесі. Мұғалімдердің өздігінен
білім алулары олардың кәсіби біліктіліктерін жоғарлатудың
негізгі формасы. Бұл бағытта мұғалімдер озық педагогикалық
тәжірибелерді зерттеп, мектептегі немесе тұрғылықты жердегі
басқа кітапханалардағы әдістемелік әдебиеттермен танысып, өз
жоспарлары бойынша жұмыс істейді. Өздігінен білімді
жетілдірудің ұжымдық түрлері ретінде мүғалімдердің
біліктіліктерін жетілдіру институттарын, әдістемелік
бірлестіктердің жұмыстарын атауға болады. Өздігінен білім алу
барысында жас мұғалімдер қазіргі жаңа педагогикалық
технологияларды, білім берудің негізгі бағыттарын зерттеп
олардың практикальқ маңыздылығымен танысады.
15

16.
Өздігінен білім алудың атқаратын негізгі қызметтері
ретінде М.Князеваның мынандай топтамасын келтіруге
болады:
1. Экстенсивтік - жаңа білімдерді іздестіру, жинактау.
2.Бағдарлық – мәдениет және қоғам ішінде өз орнын анықтау.
3.Компенсаторлық - мектептік білімнің олқылықтарын толықтыру, өз біліміндегі
кемшіліктерді жою.
4. Дамытушылық - өзіндік сананы, есте сақтау қабілетін, ойлау қабілетін,
шығармашылық сапаларын дамыту
5. Әдіснамалық - кәсіби біліктілігін, білімдерін жетілдіру, дүниенің тұтастығын түсіне алу.
6. Коммуникативтік - түрлі кәсіптер, ғылымдар, адамдар
арасындағы байланыстарды орната алу
7. Шығармашылық — шығармашылық жұмысқа үйрену.
8.Жаңашылдық — қалыптасып қалған пікірлерге жаңаша көзқарастардың
туындауы, ескілікті жою, стереотиптерден арылу.
9.Психологиялық - зиялы адамдар қатарынан екенін сезіну, өзін зиялылар қауымының
бір бөлігі ретінде сезіну.
10.Геронтологиялық - жасы ұлғайған адамдардың өздігінен білімдерін жетілдірулері
арқылы заманауи жаңалықтардан хабардар болып отыруы.
16

17.
Өздігінен білім алудың тағы бір маңызды
ерекшелігі ретінде адамның білімді
ізденудегі құлшынысының, ынтаықыласының барлығы адамның өз еркінен
туындайтынын, сырттан келетін ешқандай
ықпалдардың болмайтындығын атап өтуге
болады.
Өздігінен білім алудың негіздері әуелі
мектеп жасынан басталып, кейіннен орта
және жоғарғы кәсіби білім алу барысында
жалғасын табады.
17

18.
Ал жоғары оқу орнындағы болашақ мұғалімдер үшін
өздігінен білім алудың негізгі көздері ретінде
А.С.Роботова, Т.В.Леонтьева т.б. ұсынған мынандай
жағдайларды қарастыруға болады:
1.Кітапханадагы электрондық және кітап қоры, интернет
жүйесін пайдалану.
2.Білімді, іскерліктерді жан-жақты жетілдіру курстарына
қатысу
3.Кәсіби іс-әрекет бағытында жұмыс істеп көру.
4.Қоршаган ортадан алынған ақпараттарды білім алу көзіне
айналдыру.
5.Өздігінен білім алудың құзіретінде әр адамның
әуестенушілігін, хоббиін қарастыруға болады.
Өздігінен білім алу негіздерін жақсы меңгерген маман кәсіби ісәрекетте үнемі әріптестерінің алды, ұжымның абыройлы тұлғасы,
өзінің құзіреттілігімен, бәсекеге қабілеттілігімен гуманистік
бағыттылығы негізінде басқаларға үлгі-өнеге болып оларға
қолдау көрсете алады.
18



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет