9 -сыныпты бітірген соң оқуға түскен дұрыс па? Мамандық Адамның белгілі бір қызмет атқаруына мүмкіндік беретін материалдық не рухани өндірісте алған білімі мен өмірлік дағдысының жиынтығы Білім алу



бет1/4
Дата08.11.2023
өлшемі4,79 Mb.
#190470
  1   2   3   4
Байланысты:
9 -сыныпты бітірген соң оқуға түскен дұрыс - копия
6 сынып , 1

9 -сыныпты бітірген соң оқуға түскен дұрыс па?

Мамандық Адамның белгілі бір қызмет атқаруына мүмкіндік беретін материалдық не рухани өндірісте алған білімі мен өмірлік дағдысының жиынтығы Білім алу, үйрену Адамды материалдық жағынан қамтамасыз ететін іс-әрекет түрі Адамның сол мамандыққа қабілетінің сай келуі, белгілі бір іскерліктердің болуы

9 -сыныпты бітірген соң оқуға түскен дұрыс па?

9 -сыныпты бітірген соң оқуға түсудің басты себептері: *Оқу үлгерімінің төмен болуы; * өзіне деген сенімсіздік; * оқудың төлем ақысының арзан болуы; * кәсіптік білім алуға деген қызығушылық; * Өз қызығушылығы бойынша

9 -сыныпты бітірген соң оқуға түсудің артықшылықтары: Университетке қарағанда колледждерге грант көп бөлінеді. Кәсіптік білім алу үшін колледж таптырмас мүмкіндік. Екінші мамандық алуға болады. Жұмыс істеуге кедергі болмайды. Ерте есейеді,еңбекке ерте араласады.

9-сыныпты бітірген соң колледжге түсудің кемшіліктері: Оқу ұзаққа созылып кетеді. Сабақтың паралары екі сабаққа созылады. Алғашқы жылы мектеп программасы оқытылады. Болашақта жоғары оқу орнының дипломы талап етіледі.


Саусақтар арқылы мінез анықтау (тест)
Мұндай тестерді көбіне психологиялық тренингтерде оқушыларға жасатады. Кішкентай тесттен адамның болмысын суреттеп шығуға, әрине, болмас, алайда өзіңіз жайлы кішкентай мағлұмат алуға болады.

Қорытындысын сандардың орналасу тәртібі бойынша анықтаңыз: Қорытындысын сандардың орналасу тәртібі бойынша анықтаңыз: «2222» - (жүз пайыз оңақай) – мінезі тұрақты, консерватизм, біреулермен шиеленісуден, ұрсысудан қашады. «2221» - ең үлкен кемшілігі – батылсыздық, тартыншақтық. «2212» - өте ашық, кез келген адаммен тіл табысып кетеді. «2111» - тұрақсыздық, жалтақтағыш, біреудің қолдауы мен пікіріне тәуелді, өзіне сеніп үйрену керек. «2211» - мұндай үйлесім көп кездесе бермейді. Ашық адамдар, жақсы қарым-қатынас жасайды, әрі мінездері жұмсақ. «2122» - бұндай адамдарда аналитикалық ақыл-ой жүйесі қалыптасқан, мінезі жұмсақ. Бәріне сақтықпен қарайды, адамдармен өзін салқынқанды ұстайды. «2121» - бұл тіркес те сирек кездеседі, қорғансыздық, адамдардың ықпалына ұшырап тұрады. «1112» - өте әсершіл, қайратты әрі батыл адамдар. «1222» - жиі кездесетін мінез. Әсершіл, алайда өмірлік сұрақтарды шешуде жігерлік пен батылдық жетпей жатады, басқалардың ықпалына көніп кетеді. Өте ашық, адамдар өздері тартылады. «1221» - әсершіл, батылдық жетіспейді, мінезі жұмсақ, аңғал. «1122» - досжанды адамдар, бірақ сонымен қатар аңғал және қарапайым. Істерін саралап, өз-өзін қазбалауға құмар. Қызығушылығы көп, бірақ уақыты жете бермейді. «1121» - адамдарға қатты сенеді және мінезі өте жұмсақ. Көбіне шығармашылыққа бейім адамдар. «1111» - (жүз пайыз солақай) – кертартпа адамдар. Шығармашылыққа өте бейім. Көптеген заттарға ерекше көзқараспен қарайды. Өте әсершіл, дарашылдық, эгоизм басым. Қыңыр әрі өзімшіл, бірақ бұл оларға өмір сүруге кедергі емес. «1212» - рухы мықты адамдар. Бірбеткей десе де болады, қойған мақсаттарына жетеді. «1211» - өз-өзін қазбалауға құмар, тұйық адамдар, көпке ашылмайды, бірақ рухы мықты, алдына мақсат қойса ештеңеден тайсалмайды. «2112» - жайдары, еркін мінезді, достарды тез табады, танысуы да оңай және қызығушылықтарын да жиі ауыстырады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет