Болат Бодаубай Күлжәміш Кілт



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата08.02.2023
өлшемі300,44 Kb.
#168001
  1   2   3
Байланысты:
Қарт теугеушінің әңгімесі
Chapter 3, Blue, Brown And Pink Modern Minimalist Thesis Presentation, Слайд № 1. Неделя 2., English File 4th edition Elementary TG, “Орта білім беру ұйымдарындағы әдістемелік жұмыс мазмұны мен құрылысы» кестесін жасау, ЭЕМм программасын тіркеу туралы өтінішхат-1, Бауыр, Lecture 1. Introduction and history, Жүнісбеков


Болат Бодаубай 
Күлжәміш 
Кілт 
Редакцияға хат келді. Мазмұны мынаған саяды: «Қадірлі балаларым! 
Ертеректе бір ғұлама: «Көрген-білгенін айтпаса кәрі кінәлі, ал оның 
айтқанын ынта қойып тыңдамаса, ақыл-ойдың безбеніне салып, 
елеп-екшеп, пайдалы дегендерін өз керегіне жарата білмесе жас 
кінәлі» деген екен. Ғалым бабамыз әл-Фараби: «Тарихты білмей 
тұрып, қазіргінің қадіріне жету, болашақты болжау қиын», – деп 
ескертіпті. Сол сөздер маған тыныштық бермей, жасым тоқсаннан 
асқан шағымда калтыраған қолыма қалам алғызды. Өткендегі 
өмірімді, осы уақытқа дейінгі көрген-білгенімді ой елегінен өткізіп 
қарасам, көкірегімде күмбірлеп сайрап тұрған, шіркін-ай, желкілдеп 
өскен құрақтай бүгінгі жастарға әңгімелеп айтып берсем-ау 
дейтіндей жайлар аз емес екен. Бірақ, бұл – арман ғана. Өйткені, 
өзімнің ақын да, жазушы да емес екенімді жақсы білемін. «Көңілдегі 
көрікті ойдың ауыздан шыққанда өңі кететініне» іс жүзінде 
әлдеқашан-ақ көзім жеткен. Осыдан біраз жылдар бұрын, қызметті 
қойып, зейнетке шыққаннан кейін, өткендегі бастан кешкен әр түрлі 
жайларды, килы-қилы шытырман оқиғаларды көңіл экранынан 
қайтадан өткере отырып, ақ қағазға түсіріп байқағаным бар. 
Өкінішке орай, менің жазғандарым, қаншама тер төгіп еңбектенсем 
де, баспа жүзін көруге жарайтындай әдеби шығарма дәрежесіне 
көтеріле алған жоқ. Бір-екі рет газет журналға әдейілеп алып 
барғанымда, оқып көрген редакция қызметкерлері солай деп пікір 


айтып, дәптерлерімді өзіме қайтарып берген еді. Жазбаларым содан 
бері сарғайған қалпында сандықтың түбінде сақтаулы жатыр. 
Таяуда бір оқиға болды. Совхозымыздың орталығындағы он 
жылдық мектептің пионерлері мені «революция ардагері» деп 
құрметтеп, кездесуге шақырған екен. Бардым. Кілең ғана сүйкімді, 
өзімнің немере, шөберелеріммен жасты балақандар... балапандар... 
көздері жәудіреп, маған таңданыса қарайды. Менің тоқсан жастан 
асқан ғұмырым оларға бейне бір тоғыз ғасырдай болып көрінетін 
сияқты. Мойындарына оттай жанған қып-қызыл галстук таққан кіп-
кішкентай бүлдіршіндердің сонау тым-тым алыстағы өткен күндер 
шежіресін, оқиғаларын білуге деген құмарлықтары, құштарлықтары 
көңілімді елжіретіп, көзімді еріксіз жасауратып жіберді. 
Өткен күндердің көп суретін көкірегімде қайтадан тірілте отырып, 
балаларға шама-шарқым келгенше, тілім жеткенше әңгімелеп 
бердім. Олардың соншалықты ықылас қоя, қызыға тыңдағаны маған 
да қуат беріп, демеу болып, бір сергітіп тастады. Алайда, балаларға 
айтқандарымнан айтпағандарым көп еді, әрине... Сол кездесуден 
келген соң, тыныштықтан мүлде айрылып, қатты мазасыз күйге 
түстім. Жүректе жалын, бойда күш көп кезінде, қайратымыздың мол 
шағында, уақытпен де, қиындықпен де, қауіп-қатермен де санаспай, 
жаңа өмір орнату жолында жан аямай күрескен жылдардың көп 
оқиғалары, суреттері көз алдымнан елестеп, кетпей қойды. Адам 
дегеніңіз – ертегі, аңыздарда айтылатын, мың жасайтын дию, пері, 
шайтан емес қой. Оның үстіне, жас болса талай жерге келіп қалды 
дегендей... Алайда, менің қорқатыным – өлім емес, шүкіршілік, 
асарымызды асадық, жасарымызды жасадық; менің қорқатыным – 
өзім жақсы білетін жайларды, өткен күндер шежіресін шынымен-ақ, 
өзіммен бірге әлгі молдалар айта беретін «о дүниеге» ала кетемін бе 
деген күдік. Расын айтқанда, бұған ешқандай көнгім келмейді және 
арлы-берлі бажайлап, ойлап қарасам, қолдан келетін қайраным да 
жоқ сияқты. Дүниедегі қиынның қиыны, қорлықтың ең үлкені – өзің 
білгенді өзгелерге айтып жеткізе алмау екен. «Көкіректе сайрап тұр, 
Құдай тілді байлап тұр» деген мәтелді шекесі қызған адамның 
шығармағаны анық. 
Сонымен, ойлана келе, өздеріңе арнайы хат жазып, хабарласуды жөн 
көрдім, шырақтарым. Ондағы мақсатым – өзімнің өмір жолымды 
қалайда газетке немесе кітапқа шығартып, тарихта қалдырсам деген 
пендешілік тілек емес. Мені қинайтыны – басқа жайт. Күні кешегі 
ұлы төңкеріс, күрес жылдарында қазақ даласында бақытты жаңа 


өмір орнату жолында құрбан болып, қаза тапқан еңіреген ерлер бар. 
Олардың көпшілігінің есімі жұртқа белгілі, кітаптарға кірген, ел 
есінде жаттаулы, сақтаулы. Сонымен бірге әлі күнге дейін тарихшы, 
журналист, ақын-жазушылардың назарына ілікпей келе жатқан, 
тасада, кағаберісте қалып, орынсыз ұмытылуға айналған есімдер де 
жоқ емес, әрине. Жаңылмасам, Иса Байзақовтың «Ақбөпе» 
дастанында ғой деймін, «мезгілсіз, мерекесіз өткендердің жандары 
бізді де айт деп сыбырлайды» деген өлең жолдары бар еді. Сондай 
хал маған да жатсам-тұрсам тыныштық бермейді. Мені мазалайтыны 
– аяқ астынан ажал жетіп, алай-бұлай бола қалсам, өз халқының 
келешегі, бүгінгі жастарымыздың бақыты үшін қасықтай қанын
өмірін қиған сол бір ғазиз жандардың есімдері де біржола ұмытылып 
қалмас па екен деген күдік. Расын айтқанда, осыдан көп жылдар 
бұрын байыз таптырмай, қолыма қалам алғызып, естелік жазуға 
итермелеген негізгі себептің бірі сол еді. 
Осы күні кәрілік бойды жеңе бастады. Өткен ғасырда өмір сүрген, 
айтқандары ел аузында сақталып, бізге жеткен әйгілі ақын Сегізсері 
Бахрамұлы: 
Тоқсанда тұра алмайсың кәрі атандай
Көрінер кең дүние алақандай. 
Белден қуат, тізеден дәрмен кетіп, 
Боларсың жаңа туған балапандай, 
– деген екен. Сол жағдай біздің де басымызға келді: қол мен тізе 
қалтырайды, құлақ жөнді естімейді, көз бұлдырайды, ұмытшақтық 
пен ұйқышылдық деген кеселдер келіп жармасты. Сондықтан 
жазғандарымды өзім апарып көрсететін шамам жоқ. Ал оларды 
редакциялардың немесе баспалардың біріне поштамен салып 
жіберсем, ары-бері көз жүгіртіп, шолып қарап, бұл күйінде 
жариялауға келмейді екен деп, қоқыс салатын жәшікке тастай сала 
ма деп қорқамын. 
Егер араларыңнан естеліктерімді оқып шығып, пайдаға жаратамын, 
шығарма жазамын дейтіндей талапкер табыла қалса, іздеп келсе, 
қолымдағы бар материалды куана-қуана берер едім. Жетпеген жері 
болса, білгенімше ауызша айтып, толықтырар едім, қалай 
пайдаланамын десе де қолынан қақпас едім. 
Сәлеммен, 1887 жылы желтоқсан айында дүниеге келген Өміртай 
Мустин аталарың». 
Осы хатты алған соң 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет