Болат Бодаубай Күлжәміш Кілт



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата08.02.2023
өлшемі300,44 Kb.
#168001
1   2   3
Байланысты:
Қарт теугеушінің әңгімесі
Chapter 3, Blue, Brown And Pink Modern Minimalist Thesis Presentation, Слайд № 1. Неделя 2., English File 4th edition Elementary TG, “Орта білім беру ұйымдарындағы әдістемелік жұмыс мазмұны мен құрылысы» кестесін жасау, ЭЕМм программасын тіркеу туралы өтінішхат-1, Бауыр, Lecture 1. Introduction and history, Жүнісбеков
Күлжәміш 
1928 жылы Өміртай Павлодар облысының Қызылтаң 1 ауданындағы 
Үлкен Ақжар селосында тұрып Қызылтаң, Семьяр, Бесқарағай 
аудандарын қамтитын халық тергеушісі болып қызмет атқарып 
жүрген-ді. 
Мезгіл – маусым айының іші еді. 
Кеңседе қолдағы қылмысты іс бойынша айыптау қорытындысын 
жазып отырғанында, есік сықырлай ашылып, үстіне көнетоздау 
жеңіл тоқыма шекпен киген, орта бойлы қалың қабақты, қара сұр 
жігіт кірді. 
– Ассалаумағалайкум, – деп сәлем берген қалпында ілгері озуға 
батпағандай, есік көзінде бөгеліп тұрып қалды. 
Оның абыржыған өңіне, қолындағы бүктей ұстаған қамшысына 
қарап, әлдеқандай шұғыл шаруамен елден келген адам екенін сезе 
қойды. 
– Әліксалам, төрлетіңіз. 
Жігіт жазу үстеліне жақындап келді де: 
– Сіз тергеуші боласыз ба? – деп сұрады. 
– Иә. 
– Онда менің сізде жұмысым бар еді. 
– Мына орындыққа отырыңыз да, шаруаңызды айта беріңіз, – деді ол 
алдындағы қағаздарды жинаңқырап, жігітке енді анықтап, көз 
тоқтата қарап, әңгімесін тыңдауға ыңғайланып. 
– Мен өзім Кеңтүбекте тұрамын, – деді жігіт. – Жалғыз қолау 
құнаннан басқа жылқым жоқ. Қолымда кәрі көксау шешем бар. Сол 
кісі: «Қымыз ішкім келеді. Бие сатып ал», – деп мазалап, қоймаған 
соң, көршілес Бесқарағай ауданындағы нағашымнан қарызға ақша 
әкелмек болдым. Сөйтіп, кеше кіші бесінде жолға шықтым. 
Нағашыма барып, ақша алып, бүгін таңға жуық ауылға қайтып 
оралдым, – деп кеберсіген ернін жалап жұтынды да, үндемей отырып 
қалды. 


– Е, сонан соң? – деді Өміртай оған қадала қарап. 
– Үйге кіре бергеннен шешем аңырап қоя берді. «Сорлатты! 
Сорлатты!» – дейді. «Не болды?» – деп едім: «Қатының әбдіредегі 
жүз жиырма сом ақшаны, алпыс алты кез бұлды, он тақта шайды 
алып қашып кетті», – дейді. Жолдас тергеуші, менімен тұрғысы 
келмесе, байлап ұстайтын заман ба? Өзі кетсе бір сәрі. Ақ адал, 
маңдай терімді сыпырып, тапқан мүлкімді әкеткеніне күйемін. Сол 
дүниелерімді қайтарсаңыз екен, – деп қалтасынан мұқият бүктелген 
бір парақ қағаз алып ұсынды. 
– Бұл не? – деп сұрады. 
– Арыз. Осында түгел жазылған. 
Жігіттің бүгежектеп, қипақтаған түрі ұнамады. Арызына көз 
жүгіртіп еді, жаңағы айтқандары онда да қайталаныпты. Оларға 
қосымша білгені – өзінің аты – Алпысбай, әйелінің аты – Күлжәміш 
екен. Өміртайға оның үйінде 120 сом ақшасы бола тұрып, құлынды 
бие алу үшін нағашысынан қарызға ақша сұрай барғаны күдікті 
көрінді. Өйткені, базарда құлынды биенің құны мықтағанда отыз-
қырық сомнан аспайтын. 
– Әйеліңмен қосылғаныңа көп болып па еді? – деп сұрады. 
– Бір жыл да толған жоқ. 
– Екеуің жаман тұрушы ма едіңдер? 
– Жоқ... былай... енді... әр түрлі жағдай болатын, – деп күмілжіді 
жігіт. 
– Нағашың Бесқарағай ауданының қай аулында тұрады? 
– Орталығында. 
– Нағашыңның аулына не мініп бардың? 
– Қолау құнанды. 
– Қазір мұнда немен келдің? 
– Сол қолау құнанмен. 
Өміртайдың оған деген күдігі онан сайын қоюланып, күшейе түсті. 
Өйткені, Алпысбай тұратын Кеңтүбектен Бесқарағай ауданының 
орталығына дейінгі қашықтық – шамамен елу шақырым. Кешегі кіші 
бесінде қолау құнанмен жолға шыққан адамның бүгін таңға жуық 
қайтып орала қоюы, ол аз болғандай, салып ұрып, ауданға жетуі 
сенімсіз. 
– Әйеліңнің қайда кеткенін білмейсің бе? Кімнен күдігің бар? – деп 
сұрады жігіттен күмәнданғанын сездірмей. 
– Білсем, сізге келем бе? Өзім-ақ іздеп бармаймын ба? Көмектесіңіз, 
жолдас тергеуші, – деді ол тершіген маңдайын жеңімен сүртіп. 


Қалың қабағының астындағы шүңірек көзі тура қараудан тайсақтап, 
жанарын тайдыра береді. 
– Жарайды. Қайта беріңіз. Тексеріп анықтаймын, – деді Өміртай. 
Жігіт қайтып бір ауыз сөз айтпастан шыға жөнелді. Өміртай 
ойланып, отырып қалды. Сот, тергеу жұмыстарына араласқалы бері 
бірнеше жыл ішінде талай-талай қылмысты істермен айналысуына 
тура келген-ді. Әсіресе, қыздарды қалың малға сату, ретін тауып әр 
түрлі қызметтерге орналасып кеткен пиғылы теріс, оқыған бай 
балалары мен солардың құйыршықтарының кеңес заңын бұрмалауы, 
парақорлық, ұрлық, барымта сияқты жайлар ел ішінде әлі де жиі 
кездесетін. Кеңес өкіметінің «әйелдер өзінің көңілі қалап, сүйген 
адамына қосылуға ерікті» деген заңына арқа сүйеп, жергілікті 
әкімшілік, сот орындарына арыз беріп күйеулерінен ажырасып, бас 
бостандықтарын алып жатқан келіншектер де аз емес-ті. Олардың 
бәрі де бір кезде қалың малға сатылып қор болған, көңілдері мүлде 
қаламайтын адамдарға еріксіз барған мұңлықтар еді. Жаңағы келген 
жігіттің: «Менімен тұрғысы келмесе, байлап ұстайтын заман ба?» – 
деп отырғаны сондықтан. Әйтсе де Өміртай оның айтқан сөздері мен 
түр-түсінен секем алып, бұл істе әлдеқандай бір шикіліктің бар 
екендігін сезінгендіктен де қазбалап сұрақ қоймады. Мұндайда 
дұрысы – күмәнданғаныңды сездірмеу, оқиға болған жерге барып, 
істің мән-жайын біраз зерттеп, анықтап алғанша сабыр сақтап, сыр 
бермеу. Әрі ол Кеңтүбектегі қызыл отау қызметкерлерімен таныс-
ты. Ал олар ауыл жастарын жақсы біледі. Ең әуелі соларға жолығып, 
осы оқиға жөнінде не дейтіндерін білгенім жөн болар деп ойлаған. 
Ертесінде Кеңтүбекке жүрмекші болып отырғанда, «Құланның 
қасуына мылтықтың басуы» дегендей-ақ, қызыл отаудан хабаршы 
келді. Мұрты жаңа ғана тебіндеп келе жатқан жас жігіт 
сауатсыздықты жою мектебінің мұғалімі жазып, жолдаған хат 
әкеліпті. Онда: «Өмеке, біз жаққа келіп кетуіңізді өтінеміз. Саужой 
2 мектебінде оқитын, бай-молдаларды келемеждейтін спектаклімізге 
қатысатын, әдемі дауыспен ән салатын Күлжәміш атты келіншегіміз 
жоғалды. «Діннен безген кәпірлердің жынойнақ отауына барма» деп 
енем мен күйеуім ұрсады деуші еді. Күйеуі ұрып өлтірді ме деп 
күмәнданамыз. Тергеп, анықтасаңыз екен», – деп жазылыпты. Осы 
хатты алған соң аспан бұлттанып, күн райы бұзылайын деп 
тұрғанына қарамастан, асығыстау атқа мініп, хат әкелген жас жігітті 
қасына ертіп, отыз шақырымдай жердегі қызыл отауға бөгелместен 


жүріп кетті. Бұлар ауыл шетіне іліккенде, жаңбыр да себелеп жауа 
бастаған-ды. 
Қызыл отау орналасқан киіз үйге жақындай бергенде-ақ 
шаңқылдаған әйел даусы құлаққа келді. Аттан түсіп, тізгінді 
жанындағы серігіне ұстата салып, үйге кірді. Мұғалім мен бірнеше 
жігіт-желең, қыз-келіншектер – шамасы Саужой мектебінің 
оқушылары болса керек, – ақ араласқан бурыл шашын жайып 
жіберіп, ойбайлап киізді сабалап отырған қара кемпірге басу айтып, 
тоқтата алмай әуреленуде екен. Кемпір долданып, өзінің бетін өзі 
тырнап қанатып тастапты. Мұны көрген бойында айғайын тіптен 
күшейтті. 
– Тілімді алып күтетін жақсы келінімді азғырып, біреуге ертіп 
жібердіңдер. Табыңдар деймін, ойбай, табыңдар! Әйтпесе бұл үйден 
тірі шықпаймын. Қолдарыңда өлемін! – деп киізді тоқпақтауын 
үдете түсті. 
– Шешей, қойыңыз енді. Бағанадан бері әурелегеніңіз жетеді. 
Сабағымыз тоқтап қалды. Күлжәмішті өзіміз де таппай отырмыз. 
Мінеки, күткен тергеушіміз келді. Келініңізді табуға осы кісі 
көмектеседі, – деп мұғалім Өміртайды көріп қуанып қалды. 
– Мен сіздің балаңыздың арызы бойынша келдім. Келініңізді де, 
ұрланған ақшаңыз бен дүниеңізді де таптыртамын, – деп Өміртай 
кемпірді әрең дегенде үйіне қайтарды. Үйі 
қызыл отауға 
жақын екен. 
Сұрастырып байқап еді, сырттан ешкім келмепті. Жергілікті жігіттер 
де тегіс ауылда болып шықты. Күлжәміштің ең жақын деген үш 
құрбысын оңаша үйге шақыртып сөйлесіп, сыр тартты. 
– Сіздерді куә ретінде сотқа шақыртпаймын. Айтқандарыңызды 
жазбаймын. Бірақ маған Күлжәміштің тағдырын анықтауға 
көмектесіңіздер. 
Күлжәміш 
жайында 
өз 
білетіндеріңізді 
жасырмастан түгел айтыңыздар, – деп өтінді. 
Құрбылары бірі бастап, қалғандары қостап, кейде бірін-бірі 
толықтырып, жарыса сөйлеп, мынадай жайды баяндап берді. 
Күлжәміш кішкентай бала кезінен-ақ тағдыр тауқыметін аз 
көрмепті: оң мен солын танымай жатып шешесі өліпті. Өгей шешесі 
қатігез адам болып кездесіп, ұрып-соғып, күн көрсетпейді. Үйдің 
барлық жұмысын қаршадай баланың иығына артып қояды. 
Күлжәміш осындай қиындықтардың бәрін жеңе біліпті. Қайырымды, 
сымбатты, құрбы-құрдасқа сүйкімді қыз болып, бой жетіпті. Жастар 
бас қосатын ойын-сауықтарда, той-томалақ, шілдеханаларда әуезді 
дауыспен ән салып, көзге түсіпті. Сөйтіп жүріп, осы ауылдағы 


жалғыз атты, домбырашы жігіт Ақылбекпен көңіл қосады. Алайда 
қыздың әке-шешесі қалың малды көп сұрап, кедей жігітті маңына да 
жолатар болмапты. Ақырында Ақылбек Күлжәмішті алып қашуға 
бел байлайды. Бірақ қыздың әке-шешесі мұны сезіп қалады да, ол 
әрекеті іске аспайды. Сол оқиғадан кейін-ақ өгей шеше күйеуінің 
құлағының етін жейді. «Сен мәңгіріп, аузыңды ашып жүргеніңде 
мына қызың жалаң аяқ кедеймен қашып кетіп, жер соқтырады. Одан 
да кешегі келген Алпысбайдан 120 сом ақша мен он қой алып, соған 
берейік», – деп күйеуін үгіттеп көндіреді. Айтқанын жүзеге асырып, 
түн ішінде Күлжәмішті Алпысбайға өңгертіп жіберіпті. Ақылбек 
санын соғып, бармағын шайнап, өкініп қалады. 
Ауылға қызыл отау орнаған соң, Күлжәміш долы енесі мен томырық 
күйеуінің ұрып, ұрысқанына қарамастан, Саужой мектебінің 
сабақтарына қатыса бастайды. Қызыл отауда мұғалім ғана емес, 
сондай-ақ кедейлер мен жалшылар арасында кеңес өкіметінің 
саясатын түсіндіріп, дінге қарсы насихат жүргізетін үгітші, 
әйелдердің арызын қарап, бас бостандығын әперетін сот та бар еді. 
Солардың ықпалымен көп нәрсеге көзі ашыла бастайды. Мұғалімнің 
ұйымдастыруымен алғаш рет спектакль қойылғанда Күлжәміш 
кішкентай кезінде әке-шешесі өліп, көрінгеннің қолжаулығына 
айналған жетім қыздың рөлінде ойнапты. 
Ғазиз әке, жасымда еркелеттің,
Бірақ та өмірден тым ерте кеттің.
Қоңыр қозың зарланып қала берді,
Артыңнан анашымды ерте кеттің.
Осылай жетімдіктің зарын көрдім,
Дүниеде қорқаулардың барын көрдім,
Бай үйінің қорғансыз күңі болып,
Тірлікте тауқыметтің бәрін көрдім.
Бай енді мені малға сатпақ екен,
Күйеу келді, сақалы аппақ екен,
Жемтік көрген құзғындай молда жетті,
Неке қиып, нәпақа таппақ екен. 
Жас төгіп, жапа шегіп зарланамын,
Тағдырға лағнет айтып, қарғанамын. 
Әйелге бостандық таң атты деген
Хабарға құлақ түріп, алданамын,
Мұңымды қызыл отау естір ме деп,


Көңілге медеу етіп, малданамын,
– деп Күлжәміш желек астында жылап отырған жетім қызды 
бейнелеп, зарланып әнге салғанда, көзінен моншақтап жас ағып, 
өзгелерді де еріксіз жылатқан еді десті қүрбылары. Спектакльдегі 
оқиғаның даму барысында қызыл отаудағы сот келіп, жетім қызды 
арашалап алып қалады, қалың малға тыйым салатын кеңес 
өкіметінің заңымен санаспағаны үшін байды жазалап, жауапқа 
тартады. Осы спектакль Күлжәміштің өзіне де қуат беріп, ой 
түсіреді. Ақылбекпен қайта кездесіп, табысады. Осыдан бірнеше күн 
бұрын ол қызыл отаудағы сотқа арыз беріп, күйеуінен ажырасуға, 
сүйген жігітіне қосылуға бел байлағанын айтыпты құрбыларына. 
Сөйткен Күлжәміш, мінеки, аяқ астынан бір-ақ түнде із-түзсіз 
жоғалып кетіп отыр. 
Осы жайды естіп білген соң, Өміртай Ақылбекті тауып алып, 
оңашалап сөйлесіп еді, жоғарыдағы әңгімені ол да түгел айтып 
шықты. 
– Күлжәміш менен басқа ешкіммен кетуі мүмкін емес, – деді ол. – 
Соңғы рет кездескенімізде қызыл отау сотына арыз жаздырып 
алдым, енді аз күн шыда деп еді. Күйеуі ұрып өлтірді ме деп 
қорқамын. Егер ол жазым етсе, сүйегін жоқ қылып жібере алмас, 
маңайдағы бір жерге көмген шығар деп екі күннен бері қарай 
айналаны шарқ ұрып, қарап, түгел кездім. Ешқандай белгі таба 
алмадым, – деп жағы сопайып азып кеткен жас жігіт мұңайып, 
күрсінді. 
Өміртайдың көңілінде күмән қалмады: жауыздықтың Алпысбайдан 
келгені анық. Енді сөзбұйдаға салудың жөні жоқ. Сондықтан оны 
қызыл отауға шұғыл шақыртып, жауап алды. 
– Ал, жігітім, – деді түсін суытып, – жасырынбақ ойнағанымыз 
жетеді. Егер шындықты айтатын болсаң, жазаң жеңілдейді. Өтірік 
айтсаң – өз обалың өзіңе. Қалай келісеміз? 
Алпысбайдың өңі құп-қу болып, бозарып кетті. Бірақ тіс жарып, үн 
қатпады. 
– Сонымен, нағашыңа қолау құнанмен бардым дедің. Кіші бесінде 
жолға шығып, таңға жуық оралыпсың. Кеңтүбектен Бесқарағай 
ауданының орталығы елу шақырым. Арғы-бергі жолды есепте. 
Қанша болады? Жүз шақырым. Мінгенің – жарау ат емес, құнан. 
Мүмкін емес қой, жігітім. Кімді алдайсың? 
Ол сұрланып, бедірейген қалпында үндемей, сәл бөгеліп барып: 


– Нағашымның ауылына жетпей, орта жолдан қайтып едім, – деп 
жалтарды. 
– Неге өйттің? 
Қарыз алсам деген ойымнан айныдым. 
– Сен өткенде нағашыма барып келдім деп айтқансың. Енді 
бұлтақтама. 
– Бұлтақтап отырғаным жоқ. Өткенде: «Нағашым аулына барайын 
деп шықтым» дегем. 
– Айтқан сөздерің есімде. «Нағашыма барып ақша әкелдім» 
дегенсің. Мына арызыңда да «елу сом әкелдім» деп жазылған, – деді 
Өміртай оның өткен жолы өзі алып келген арызын алдына тосып. 
Алпысбай сәл үндемей қалды да: 
– «Елу сом әкелуге» деген сөз қате жазылып кеткен шығар, – деп 
тағы тайқып шықты. 
Ол мына сабындай жылпылдаған жігітті сөзінен ұстап, шынын 
айтқызудың оңай болмайтынын ұқты. Өткенде айтқан сөздерін 
қағазға түсіріп куәландырып алмаған екенмін деп ойлады Өміртай. 
Бірақ қағазға жазылған сөзден де айнып шыға келуі қиын емес. 
– Үйіңде жүз жиырма сом ақша бола тұра, нағашыңнан қарыз алмақ 
болғаның да сенімсіз. Құлынды бие құны – отыз-қырық сомнан 
аспайды. Сөзіңнің бірде-бірі қиыспай тұр. Одан да шыныңды айт! – 
деп, біраз тақымдап, қыстап көрді. Бедірейген безбүйрек екен. 
«Әкем былтыр өлген. Үйдегі ақшаны әкеме ас беріп, құран оқытуға 
сақтап жүргенмін», – деп, оған да сылтау тауып, міз бақпады. 
Ойлап-ойлап: «Күлжәміш ешқайда кеткен жоқ, не де болса 
Алпысбай жазым етіп, жасырып отыр. Бірақ менің қолымда оның 
айыбын мойнына қойып беретіндей дәлел жоқ. Сондықтан қайткен 
күнде де Күлжәміштің денесін іздеп таппай болмайды», – деген 
шешімге келді. Егер Алпысбай әйелінің денесін Ертіске тастаса 
толқынмен жиекке шығуы мүмкін екенін ескеріп, құс атуды сылтау 
етіп, мылтық асынып, күні бойы өзеннің жағасын кезді. Ешқандай 
белгі таба алмай, биік жардың басына шығып, дем алып, «әлде 
қорасының маңына, не ішіне көміп, көң-қимен жауып тастамады ма 
екен» деп ойланып отырғанда, Ертістен бөлінген қалың қамысты 
Қарасу үстінде ұшып-қонып жүрген сауысқандарға көзі түсті. Қарға 
тұқымдыларға жататын бұл құстың да жемтікке әуес екендігін есіне 
алып, шешініп, суға түсті. Терең екен. Алыстан қарайған бір нәрсені 
көзі шалғанмен, қасына маңайлап бара алмады. 


Ертісте екі бәкінші жүретін еді, көріп келуге соларды жұмсады. Олар 
екі кісілік кішкене қайықпен тез барып қайтты: 
– Өлген кісі екен. Ісініп кетіпті. Киімшең жатыр, – деп хабарлады. 
Өміртай қызыл отау адамдарына айтып, ат, арба, үлкен қайық 
таптырып, өзі де бірге барып, Күлжәміштің денесін алып қайтты. 
Семьяр селосында тұратын дәрігер қарап, келіншектің бас сүйегінің 
жарылғанын анықтады. 
– Кім де болса әуелі ұрып өлтірген, суға сонан соң ғана тастаған, – 
деді ол. 
Күлжәміштің қалтасынан су тиіп, былғанған, күйеуінен ажыратып, 
бас бостандығын әперуді өтініп, қызыл отаудың сотына жазған 
арызы қоса шықты. Оның өліміне қатысы бар деген күдікпен 
Алпысбайды уақытша тұтқындауға енді негіз бар. Өміртай қасына 
қызыл отау қызметкерлерінің бірін ертіп, үйіне келсе, ол саптыаяққа 
насыбай үгейін деп отыр екен. Жанында жатқан қол шоқпарына көзі 
түсіп еді, басын үлкен адамның жұдырығындай етіп қайыңның 
безінен жонып жасапты. Алпысбайды тұтқындап, жанындағы 
жігітке: «Шоқпарды да ала жүр», – деп тапсырды. Өйткені, 
шоқпардың домалақ, жұмыр басынан қоңырқай дақ пен шаш сияқты 
бірер тал қылды байқап қалған-ды. 
Күдігі шындыққа айнала бастады. Тексеріп, зерттеген кезде 
шоқпардың басындағы дақ – адам қаны, жабысқан қыл – 
Күлжәміштің бірер тал шашы екені анықталды. Осыдан кейін ол 
қамауда отырған Алпысбайды милиционер жіберіп алдырды. 
– Ал, жігітім, енді саған бұлтаруға жол қалған жоқ, – деді оған. – Ең 
бірінші куә – мына алдымыздағы жатқан шоқпар. Тексерудің 
қорытындысында шоқпардың басындағы дақ – адам қаны, ал мына 
жабысқан қыл – Күлжәміштің шашы екені анықталып отыр. 
Алпысбай шоқпарға жалт қарады да, түсі бұзылып, қап-қара болып 
түтігіп кетті. Ішкі жан дүниесінде арпалыс болып жатқандай. Азырақ 
ойланып отырды да: 
– Айтайын, жолдас тергеуші, – деп басын көтеріп, Өміртайдың 
бетіне қарады. Осы бірер минуттың ішінде ол бірнеше жасқа 
қартайып кеткендей болып көрінді. – Бәленің бәрі Күшікбай 
молданың сөздерінен басталды. Жұма күндері ол үйге келіп, әкеме 
құран оқитын. Келген сайын шешем екеумізді Күлжәмішті кәпір 
отауына жібермеңдер деп үгіттеуші еді. «Менің айтқанымды 
істемесеңдер күнәға батасыңдар, өлгенде тозақ отына күйесіңдер», – 
деп қорқытатын. Бірақ Күлжәміш біздің тілімізді бәрібір алған жоқ. 


Жігіт ауыр күрсінді де, үндемей отырып қалды. Өміртайдың есіне 
қызыл отау қызметкерлері айтқан басқа бір әңгіме түскен еді. Олар: 
«Қасқырбай деген байдың тоқалы қызыл отау сотының шешімімен 
бас бостандығын алып, жылқышысына тиіп кеткелі бері бай 
мырзалар мен молдалар қызыл отауды жамандап, әр түрлі өсек 
сөздер, қисынсыз әңгімелер таратып жүр деп естиміз», – деген еді. 
– Шешем ұрсып, мен ұрсам да Күлжәміш қызыл отауға баруын 
тоқтатқан жоқ, – деп Алпысбай әңгімесін қайта жалғады. – Содан 
соң «мейлі, өзі білсін» деп, үндемей-ақ қояйын деп едім, молданың 
тіліне ерген шешем: «Қатыныңды тыймасаң, төркініме кетемін... 
Ертіске құлап өлемін», – деп, күнде жылап, мазамды алды. Бір күні 
кешкілік қол шоқпармен насыбай уқалап отыр едім, Күлжәміш 
әдетінше тағы да қызыл отауға жиналды. «Барма», – деп едім, 
айтқаныма көнбеді. «Қызыл отау сотына арыз беріп, бұл үйден 
біржола кетемін», – деді. Сөйтіп, шыға бергенінде ашуланып, 
шоқпарымды лақтырып қалған едім, басына тиіп жығылды... Тіл 
тартпай кетіпті. Өлтірейін деген жоқ едім, ойым – тоқтату еді... – деп 
Алпысбай айыбын толық мойындады... – Содан, сасқанымнан, 
молдаға барып ақылдастым. «Жерге көмсең, топырағынан табады. 
Ертіске тастасаң толқын шығарады. Түн ішінде адам бармайтын 
Қарасуға апарып таста, сонда ешкім білмейді», – деп кеңес берді. 
Мен оның айтқанын істедім. Бірақ қара басып, тас немесе темір 
байлап тастау ойыма келмепті... 
– Арызыңды кім жазды? 
– Сол Күшікбай молда жазды. Шешеме: «Қызыл отауға барып, 
шаңын қақ. Келінімді азғырып, біреуге ертіп жібердіңдер деп бәле 
сал. Сөйтіп, мазаласаң қызыл отау бұл жерде көп отыра алмай, көшіп 
кетер», – деп ақыл үйретті. 
Өміртай Алпысбайдың шешесін шақыртып, жауап алып еді, ұлының 
айтқандарын ол да еріксіз мойындады. Күшікбай молда ғана: 
– Мен түк білмеймін. Өзі құтылып кету үшін өтірік айтып, маған 
жала жауып отыр, – деп азар да безер болды. 
Мына арызды сіз жазыпсыз ғой, – дегеніне: 
– Мен емеспін. Хат білетін адам көп қой. Біреуге жазғызған шығар, 
– деп, ант су ішіп, мойындамады. Сонан соң, Өміртай оның алдына 
бір парақ қағаз қойды да, арызды дауыстап оқып отырып, сондағы 
айтылған сөздерді барлығын қайталатқызып жазғызды. Қолын 
өзгертуге тырысып, тайқақтай жазса да, сарапшылар комиссиясы екі 


қағаздағы жазуды бір адамның жазғанын бұлтартпастан дәлелдеп 
берді. 
Осыдан соң ол Алпысбайдың, молданың, қызын қалың малға 
сатқаны үшін Күлжәміштің әкесінің үстінен іс қозғап, сотқа тартты. 
Барлығы тиісті жазасын алды... 
Оқырманға ескерту! 
 
Бұл толық романның бір бөлімі ғана. Әрі қарай бұдан да 
шиеленіскен оқиғалар мен тергеулер жайлы оқығыңыз келсе
Болат Бодаубайдың “Қарт тергеушінің әңгімелері” шығармасын 
оқыңыз! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет