Болатын теориялық және методологиялық мәселелер қарастырылды


3.Аннуитеттер, олардың турлері



Pdf көрінісі
бет26/169
Дата14.01.2022
өлшемі1,12 Mb.
#129321
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   169
Байланысты:
Karzhylyk-esep-2-Baiboltaeva

3.
3.Аннуитеттер, олардың турлері 
 
       
Бүгiнгi  таңдағы  коммерциялық  операциялардың  көпшiлiгi  бiр  жолға 
төлемдер  емес  белгiлi  бiр  кезең  iшiндегi  ақшаның  келiп  түсу  ретi  (немесе 
керiсiнше  төленуi)  болып  табылады.  Бұл  кейбiр  кәсiпорынның  табыстары 
мен шығыстарының сериясы болуы мүмкiн. Ондай реттiлiк төлемдер легi деп 
аталады. 
Аннуитет  –  белгiлi  бiр  жылдар  санының  iшiнде  реттiк 
төлемдердiң  арасында  бiрдей  интервалмен  жасалынатын  бiр  бағыттағы 
төлемдер легi.  
     
Аннуитеттiң  кеңiрек  тараған  мысалы:  зейнет  ақы  қорына  жарналардың 
төленуi;  ұзақ  мерзiмдi  несиелердiң  жабылуы  (төленуi);  бағалы  қағаздар 
бойынша сый ақылар (пайыздар) төлеу т.б. 
Аннуитеттер бiр-бiрiнен мынадай негiзгi сипаттары бойынша ажыратылады: 
-
 
әрбiр жеке төлемнiң шамасымен ; 
-
 
реттiк  (бiрiнен  кейiн  бiрi)  төлемдердiң  арасындағы  уақыт  интервалымен 
(аннуитет кезеңiмен); 
-
 
аннуитет  басталған  уақыттан  бастап  оның  соңғы  кезеңiне  дейiнгi 
мерзiммен (уақыты бойынша шектеусiз – мәңгiлiк аннуитеттер болады); 
-
 
төлемдi дисконттау кезiнде қолданылатын пайыздық  ставкаларымен. 
      
Аннуитет кезеңдiк төлемдердiң немесе түсiмдердiң   барлық уақытта тең 
болуын,  түсімдердің  (төлемдердің)  арасындағы  интервалдардың  бiр-бiрiне 
тең болуын, әрбiр интервалға пайыздың бiр рет есептелуiн талап етедi. 
     
Аннуитеттiң  болашақ  құны  -  барлық  төлемдердің  сомасы  мен  оларға 
есептелiнген күрделi пайыздардың қосындысы. 
Төлемдер  әрбiр  кезеңнiң  басында  немесе    аяғында  төленуi  мүмкiн.  Оларды 
бiр-бiрiнен  ажырату  үшiн  кезеңнiң  аяғында  төленетiн  төлем  - 
аннуитет
 
постнумерандо,
  
ал  кезеңнiң  басында  жасалынатын  төлем 
аннуитет 
пренумерандо 
деп аталады. 
32 
 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   169




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет