Болмыс. Онтология, диалектика және метафизика Онтология гр



Pdf көрінісі
Дата14.10.2023
өлшемі85,83 Kb.
#185429
Байланысты:
Асылзат
2 БЖБ 8 кл, Док


Болмыс. Онтология, диалектика және метафизика 
Онтология (гр. 
ontos
– болмыс, logos – ілім) 
– философия ғылымының саласы; әлемдегі заттардың 
фундаменталды мәні (мысалы, саналылар бар ма) табиғатын 
айқындаумен айналысатын философияның (және 
метафизиканың) бөлімі. 
Жалпылық негізін, болмыс принциптерін, оның құрылымы мен 
заңдылықтарын қарастырады.
Философиялық онтологиялық теорияның мысалдары - 
Платонның «түрлер» теориясы немесе ғылыми теориялармен 
жалпы негіздердін қандай түрлері белгіленеді деген сұраққа 
жауап іздейтін жақында пайда болған ғылыми реализм теориясы.
Онтологиялық дәйектер сондай-ақ, социологиялық 
теорияның анық (немесе анық емес) ерекшелігі, мысалы, 
Дюркгеймнің «әлеуметтік фактілер» концепциясы, Вебердің 
(немесе символдық интеракционизмнің) индивидуалды 
факторларға көңіл бөлуі, Маркстың материализмі және оның 
өндіріс тәсілдері мен өндірістік қатынастарға басты назар 
аударуы. 
Онтология терминін алғаш енгізген (1613) неміс 
философтары Р.Гоклениус пен Х.Вольф. Бұл философтардың 
пікірінше Онтология адамның шынайы дүниемен байланысын 
түйсікпен емес материалды болмыстан бөлек тұратын ақыл-
парасат, абстракциялық рух арқылы таниды.
Олар Онтология бүкіл дүниенің (оның ішінде субстанция, 
кеңістік пен уақыт, т.б.) негізі мен мәнін болмыстағы алуан түрлі 
құбылыстардың себебін, дамуын түсіндіретін бірден-бір ғылым 
деп санады. 
Болмыс философиядағы ең көне, дәстүрі мол, тарихы бай 
ұғымдардық бірі болып саналады. Ол “бол”, “болу” сияқты 
түсініктердің баламасы. Бұл ұғым адамды қоршаған ортаны 
біртұтас бүтіндік деп тану қажеттігінен туындаған. Оның 
көмегімен өте мақызды дүниетанымдық “әлем деген не” 
сұрағына жауап беріледі. Болмыс туралы түсініктер көне 
философияда қалыптасты. Мысалы, Парменид болмыс дегеніміз 
- бұл тірлік, одан басқа еш нәрсе емес деп үйретті. Болмыс 


жақсы, жаман жақтары бар толтырылған, қозғалмайтын шар 
іспеттес. Діни дүниетаным үстемдік еткен орта ғасырлар 
дәуірінде болмыс құдай жаратқан әлем деп қарастырылған. 


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет