Реферат Өсімдік жамылғысы ретінде орманға түсінік беріңіз., Крафт жіктеуінің қандай артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Ағаш тамырларының пайдалы жақтары. Ормандардың құрамына және өсуіне қарай бөліну жолдары



Дата05.11.2023
өлшемі25,28 Kb.
#189902
түріРеферат
Байланысты:
1 апта ормантану


С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті КЕАҚ

Реферат

Өсімдік жамылғысы ретінде орманға түсінік беріңіз., Крафт жіктеуінің қандай артықшылықтары мен кемшіліктері бар.Ағаш тамырларының пайдалы жақтары. Ормандардың құрамына және өсуіне қарай бөліну жолдары.


Орындаған: Оспанова Каракат


Қабылдаған: Есмурзаева А.К

Астана 2023


Орман - өсімдіктердің көптеген пішіндерінен тұратын, жердегі өсімдік жамылғысының негізгі түрінің бірі, олардың ішінен ағаштар мен буталар, екінші кезекте, бұташықтар, шөптер, мүктер, кыналар және тағы басқалар басты рол атқарады.
Орман, кандай да болмасын, осімдік тәрізді, қоршаған ортамен тығыз байланыста және динамикалық бірлікте бола отырып, оны құрайтын өсімдіктердің бірге өсіп-өнетіндігі, бір-біріне әсер ететіндігі орманның өзіне тән сипаты болып табылады.
18486-73 МемСт-ында орманның мынадай анықтамасы енгізілген: «Орман - өзінің дамуы жолында биологиялық байланысты, бір-біріне және қоршаған ортаға әсер ететін ағаш, бұта, шөптесін тәрізді өсімдіктердің, жануарлар мен микроорганизмдердің қосындысынан тұратын жағрапиялык ландшафтың бөлігі».
Бұл ұғымның толық ғылыми айқындалуы орыстың көрнекті ғалымы Г.Ф. Морозовтың еңбегінде баяндалған. Онын анықтауы бойынша, «орман бір- біріне, топырағына және атмосфераға әсер ету салдарынан өзінің сырткы пішіні мен ішкі құрылымы өзгерген ағаш өсімдіктерінің жиынтығы».
Ол орман ерекшелігінің бірі, ағаштардың бір-біріне әсерін, орманның күрделі кешендігін, оның барлық бөліктерінің бірімен бірінің және қоршаған ортамен өзара әсерде, үздіксіз, біртіндеп және сатылап өзгеріп отыратынын көрсетіп берді. Орманға мұндай көзқарас "дүниежүзілік орман өсірушілік жөніндегі әдебиеттерде қолдау тапты.
Ағаштардың өсуі бойынша жіктеудің алғашкысы және ең сәттісі - 1884 жылы таза бірыңғай жастағы сүрекдіндер үшін орманды күтіп-баптау максатында ұсынылған неміс орманшысы Крафттың жіктеуі болып табылады.
Г.Крафт басымдылық және басыңқылық дәрежелері деген атау бойынша бес класын (сыныбын) бөліп шығарды.
I класс, желегі қуатты дамыған және биіктігі мен діндерінің диаметрі ірі аса басымдылар немесе өте басымды ағаштар; алка ағашта олар діндердін жалпы санының 10 пайызға жуығын, бірақ, олар алка ағаш қорынын 20 пайызға дейінін күрайды.
II класс, басымдылар, желегі біршама жаксы дамыған, 1-кластағы ағаштар сиякты діндер саны бойынша 20-40 пайызды және кор бойынша 40- 60 пайызға жуығын құрайды.
III класс, биіктігі бойынша 1 және II класс ағаштарынан төмен, олардың желегі нашарлау дамыған, жіңішкерген, басынқылықтың алғашқы белгілері байкалады. Ағаштар саны бойынша олар 20-30 пайызды құрайды және сүрек корынын 15-20 пайызын береді. 1. II және II кластарының ағаш желектері орманның негізгі шымылдығын курайды.

IѴ класс, басынкы ағаштар, барлык жағынан немесе бір жағынан желектері біркелкі қысылған, бірақ, олардың үшы орманның негізгі шымылдығының төменгі бөлігіне орналасады.


Ағаш саны бойынша олар 30 пайызға дейін болуы мүмкін, массасы бойынша қордын 10 пайызынан аспайды.
IѴ класс ағаштары өз ішінде 2 косымша класқа бөлінеді: IVa желегі тен жақты, жіңішке дамыған ағаштар: 1Ѵ6 — жалау тәрізді, желегі бір жағына Дамыған ағаштар:
Ѵ класс, өсу жөнінен қатты кешеуілдеген, желек ұшы жалпы орман шымылдығына жете алмаған, курай бастаған және өлі ағаштар.
Оларды екі косымша класқа жіктейді: Va желегі әлі тірі ағаштар; Ѵ6- Әлі де тамырында түрған, қурап бара жаткан немесе кураған кішкене ағаштар.
Ағаштарды Крафт кластары бойынша болу жеке дарактар (особьтар) ара катынасында бәсекелестік көрінетін шамалы биологиялық топтар шегінде ғана жүргізіледі. Ағаштардың өсу класынын кайсысына жатқызылатындығы туракты емес; жоғары кластан төменгілерге және керісінше өтуі мүмкін.
Крафт жіктеуін орманды күтіп-баптау кесулерінде, сондай-ақ зерттеу жұмыстары кезінде кеңінен пайдаланылады.
Бүл жіктеудің артықшылықтары:
біріншіден, таза бірыңғай жасты ағаштардын дифференциациялануының мәнін көрсетеді;
екіншіден, пайдалануы біршама карапайым және ыңғайлы;
үшіншіден, төменгі күтіп- баптау кесу әдісінде ағаштарды кесуге дұрыс тағайындауға көмектеседі.
Жіктеу кемшілігіне мыналарды жаткызуға болады:
1) бірыңғай сүрекдіндердің түрлі биотоптары үшін кластардын субъектілігі және бір мәнділігі;
2) колданылуының шектеулігі (тек таза және бірыңғай жастағылар. көбіне қылқанды ормандар үшін);
3) жоғары өнімді күрделі және қалын алқа ағаштарда қолданылауыны қиындығы.
Ормандардың құрамына және өсуіне қарай бөліну жолдары: Орман – жер бетіндегі табиғи қорлардың, оның ішінде өсімдіктер жамылғысының басты бір типі. Құрамында бір-біріне жақын өскен ағаштың бір немесе бірнеше түрлері бар табиғи кешен. Құрамы мен өсуіне қарай мәңгі жасыл, қылғанды, ақшыл қылқанды,күңгірт қылқанды, жапырақты, ұсақ жапырақты, жалпақ жапырақты, тропиктік, муссондық және т.б. ормандар болып бөлінеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет