БоөЖ тапсырмалары: 1 тапсырма. "Тұқым қуалау типтері" Mind map картасын құрастырыңыз



бет1/2
Дата11.09.2022
өлшемі29,84 Kb.
#149160
  1   2
Байланысты:
БОӨЖ 1 тақырып АД (1)
Тыныс сро, Антибиотиктер, 1.Еңбек жағдайл-WPS Office, 1212, 3-апта СӨЖ Беккали, көші қон, патан тест рк база, Документ Merey, философия, 1. Қазақстан Ре-WPS Office, 8апта социология, серозды туберкулез Шакен Э 13-2, Бақылау сұрақтары мен есептер, Фарма, Микро бөж 3сабақ Шакен Э

БОӨЖ тапсырмалары:
1 тапсырма. "Тұқым қуалау типтері" Mind map картасын құрастырыңыз.
Mind map карталары (интеллект-карталар, ой карталары, ассоциативті карта немесе байланыс диаграммалары) - диаграмма түріндегі графикалық жазбаны пайдалана отырып, тұжырымдамаларды, білімді құрылымдау әдісі. Mind map карталары көптеген ақпаратты сақтауға және құрылымдауға болады. Олар иерархия мен жеке тақырыптар арасындағы байланысты көрсетеді және жалпы суретті көруге мүмкіндік береді.
Картаны жасау ережесі:

  • Неғұрлым парақ көп болса - соғұрлым жақсы. Минимум-A4. Парақты көлденең орналастыру.

  • Ортасына барлық мәселе/міндеттер/білім саласы бейнесі орналасады

  • Орталықтан негізгі тармақтар шығады-олар картаның басты бөлімдерін білдіреді.

  • Негізгі тармақтар одан әрі жіңішке тармақшаларға тарайды.

  • Барлық тармақтарға қандай да бір ұғымды еске түсіретін кілтті сөздер жазылады.

  • Баспа әріптерін пайдалану қажет

  • Әр түрлі визуалды безендіруді пайдалану қажет — пішіні, түсі, көлемі, әріп, көрсеткі, белгішелер, суреттер және т. б

  • Карта сіздің карталарды салу стиліңізді көрсетуі керек.

Қалай сурет салу керек?

  • А4 немесе А3 форматты қағаз

  • Түрлі-түсті қарындаштар, қаламдар, фломастерлер, маркерлер мен борларды алыңыз.

  • Сіздің тапсырмаңызды немесе жай квадратты (тіктөртбұрыш, шеңбер және т.б.) сипаттайтын белгілі бір сурет салу арқылы парақтың ортасынан бастаңыз.

Орталық бейнеге назар аудару үшін түрлі пішіндерді, түстерді, суреттерді пайдаланыңыз
2 тапсырма. Тұрақты жаңартылып отыратын "Адамдағы Мендельдік тұқымқуалаушылық" электрондық дерекқоры бар (OMIM-Online Mendelian Inheritance in Man). OMIM-адам гендері мен генетикалық фенотиптердің жан-жақты, беделді жинағы. Бұл мәліметтер қол жетімді жәнее күн сайын жаңартылып отырады. OMIM-дегі толық мәтінді шолулар мендельдік тип бойынша тұқымқуалайтын аурулар және 15000 ген туралы ақпаратты қамтиды. OMIM фенотип пен генотип арасындағы өзара байланысты көрсетеді. Бұл деректер базасы 1960-шы жылдардан Джон Хопкинс университетінде Виктор Маккьюсиктің басшылығымен ғалымдар тобы мендельдік белгілер мен бұзылулардың каталогы ретінде бастау алған. OMIM-нің онлайн нұсқасы 1985 жылы құрылып, 1987 жылдан бастап Интернетте кеңінен қол жетімді болды. База Ұлттық биотехнологиялық ақпарат орталығында (АҚШ) орналасқан. Оның интернеттегі мекенжайы: https://www.omim.org/. Әрбір ауру үшін мұнда клиникалық және молекулалық-генетикалық деректер (генді карталау, сәйкестендіру, гендік диагностиканың практикалық мүмкіндіктері туралы) жинақталған.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет