Боранбаева бақтылы сансызбайқызы ғұмар Қараштың өмірі мен қоғамдық саяси қызметі



бет13/27
Дата05.02.2022
өлшемі0,49 Mb.
#2217
түріДиссертация
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27
Қорытындыда диссертацияның мазмұнынан туындайтын ойлар жүйеленіп, тұжырымдары нақтыланды.
Біріншіден, Ғұмар еркіндік пен теңдікті жоғары бағалаған ортада өсті. Оның қоғамдық көзқарастарының қалыптасуына халықтың бай ауыз әдебиетінің, Асан қайғы, Қазтуған, Доспанбет, Шалгез, Махамбет, Мұрат, Шәңгерей сияқты ақын-жыраулардың, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, Абай Құнанбаев тәрізді ұлы ағартушылардың терең ойлы шығармаларының ықпалы болғандығы сөзсіз.
Екіншіден, Ғұмар Қараш азамат болып қалыптасқан кезең Қазақстанның Ресей империясының отарына түгелдей айналып болған уақытқа тұспа-тұс келді. Патша үкіметінің 1867-1868, 1886, 1891 жылдары Қазақстанда жүзеге асырған көпсалалық реформалары (әкімшілік сот, салық, т.б. мәселелерге байланысты) өлкеміздің империяның отарлы аймағы, ал халқымыздың отаршылдардың боданына айналғандығын заңдастырды. Осыған орай патшаның жергілікті әкімшіліктері тарапынан халықты әлеуметтік-саяси тұрғыдан езу, оның жекелеген намысқой өкілдерін жәбірлеу мен қорлау жаппай орын алды. Қазақ даласында орын алған осындай озбырлық Ғұмар Қарашты тез есейтіп, оның қоғамдық-саяси күреске ертерек араласуына түрткі болған.
Үшіншіден, оқу-білімді, ең алдымен азаттыққа, бостандыққа қол жеткізудің негізі деп түсінген Ғұмар Қараш – халықты, оқу, өнер үйрену арқылы оянуға үндеген ағартушы, әлемге ойлы көзбен қарауды ұсынған философ, жас ұрпақ тәрбиесі үшін ұлт тілінде «Педагогика» еңбегін жазған және тұңғыш педагогикалық «Мұғалім» журналын ұйымдастырып, шығарған ұстаз ғалым.
Төртіншіден, ол қоғамдық күрес жолына түскен жас қазақ интеллигенциясы өкілдерімен бірге қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық және саяси мәселелерін шешуге белсене араласты. Ұлттық мәні бар саяси-әлеуметтік және мәдени мәселелерді көтеріп, шешуде мерзімді баспасөздің атқарар қызметінің маңыздылығын Ғұмар Қараш жақсы түсінді. Сондықтан да ол Шәңгерейдің басшылығымен, Елеусін Бұйрин, Бақытжан Қаратаев сияқты қазақ қайраткерлерінің қосшылығымен «Қазақстан» газетін шығару ісіне көп күш жұмсап, баспасөз бетінде жалпыұлттық мәселелерді көтеруге ұмтылды.
Бесіншіден, Ғұмар Қараштың шығармаларында, қазақ ұлтының әлеуметтік прогресс жолына түсуі туралы көтерген ой-пікірлері өзінің өміршеңдігімен құнды. Ғұмар қазақ халқының өркениеттік жолға түсуі үшін міндетті түрде ғылым мен білім ең өзекті проблема екендігін алға тартады.
Алтыншыдан, Ғұмар Қараш – ХХ ғасырдың басында Қазақстандағы философиялық, қоғамдық-саяси, әлеуметтік және тарихи ой-пікірлердің жаңа сапаға көтеріліп, дамуына өзінің зор үлесін қосып, айтулы еңбектерінде қолтаңбасын қалдырған ірі ойшыл-философ, қоғам қайраткері, ағартушы демократ.
Жетіншіден, Ғұмардың өмірі мен қоғамдық қызметін зерттеу барысында көз жеткізетін бір шындық оның өз заманында-ақ «тіл болмаса, ұлт та болмайды», – деп қазақ ұлтының тілін, дінін сақтау, әйел теңдігі, отырықшылық сияқты сан-салалы әлеуметтік келелі мәселелер төңірегінде айтылған құнды пікірлерінің болуы және бұл идеялардың бүгінгі тәуелсіз Қазақстан үшін де мәнділігін жоймауы оның өміршеңдігін көрсетеді.
Жалпы қоғамдық-саяси өмірде болып жатқан түрлі құбылыстарға белсене араласқан Ғұмар Қараш ХХ ғасырдың басындағы қалыптасқан социал-демократиялық идеяларға толы ұлт-азаттық күрестерді қолдаушы, ұлттық ояну мен жаңғыру идеяларына бой ұрған, ұлт мүддесін ойлап, өзінің еңбектері арқылы халқын ағартушылыққа шақырған қайраткер ретінде таныла білді. Ғұмардың ар-ождан, моральдық қасиеттерді санаға сіңіріп, жеке адамды қалыптастыру арқылы мемлекетті нығайту, өркениетті деңгейге көтеру идеяларының мазмұны мен мағынасы бүгінгі күні де өзінің мәнін жойған емес.

Каталог: images -> stories -> downloads -> avtoreferaty
avtoreferaty -> Қайрғалиева гулфайруз батырлар институты және оның дәстүрлі қазақ қоғамындағы орны
avtoreferaty -> Боранбаева бақтылы сансызбайқызы ғұмар Қараштың өмірі мен қоғамдық саяси қызметі
downloads -> Бірінші тарау
downloads -> Құрастырғандар: тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Шынтемірова Баян Ғаббасқызы
avtoreferaty -> Қайрғалиева гулфайруз батырлар институты және оның дәстүрлі қазақ қоғамындағы орны
avtoreferaty -> Ахметова ұлжан төлегенқызы орынбор ғылыми мұрағаттық комиссиясының құрылуы және қызметі
avtoreferaty -> Сарсенов Алдар Сарсенович Қазақстан ауыл-селосындағы интеллектуалдық әлеуеттің қалыптасуы мен этномәдени дамуының тарихи тәжірибесі
avtoreferaty -> Боевой путь и военно-теоретическое наследие баурджана момыш-улы: исторический анализ
avtoreferaty -> Социально-экономическое и культурное развитие малых городов Казахстана
avtoreferaty -> Государственная и общественно-политическая деятельность нуртаса дандыбаевича ондасынова


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет