Тақырыбы: Әдептілік әдемілік. Мақсаты: Білімділік



бет1/2
Дата14.12.2016
өлшемі0,77 Mb.
#3838
  1   2
Тақырыбы: Әдептілік - әдемілік.
Мақсаты:
Білімділік:
оқушыларды кішіпейілдікке, үлкендерді сыйлауға, адам бойындағы ұнамды қасиеттерді сіңіріп, ұнамсыз қылықтардан жирену сезімін тудыру арқылы әдеп әліппесін бойларына дарыту.
Оқушыларға бала құқықтары жайлы декларацияның кейбір баптары туралы түсінік беру. Ол баптардың мазмұнын көрініс арқылы ұғындыру.
Оқушыларды өз құқықтарын қорғай білуге, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Тіл байлықтарын, таным белсенділіктерін арттыру.
Тәрбиелік: Адамгершілікке, кішіпейілділікке, әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу. Өз - өздерін басқаруға, еркіндікке машықтандыру.
Сабақтың түрі: тәрбие сағаты.
Сабақтың әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, ой бөлісу.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, шарлар.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Мейірімді жүрекпен
Ақ пейілді тілекпен
Амандасып алайық
Бір жадырап қалайық!

(Балалар бір – бірімізге жақсы лебіздер білдірейік).

Қайырлы күн, әрқашан күн сөнбесін, бәріміз дос болайық, деніміз сау, тату болайық, еліміз тыныш болсын, аспанымыз ашық болсын, соғыс болмасын.

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Бір аптада неше күн бар?

Бүгін бүгін аптаның қай күні? (жұма).

Жұма қасиетті күн, бұл күні барлығымыз үйімізде жеті шелпек пісіріледі құран оқылады. Бұл күні бір – бірімізді ренжетпей, жаман сөз айтпай, әдепті болып жақсы істер жасаумыз керек.

Олай болса балалар, әдептілік жайында не біледі екенбіз, қане кім айтады?


Мұғалім:

- Құрметті, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы: Әдептілік - әдемілік! Қош келдіңіздер!

- Олай болса, әдептілік деген не?
- Әдепті бала қандай болу керек?
Оқушылар: әдепті бала - мәдениетті, кішіпейіл, үлкенді сыйлайтын, қамқоршы. Үлкенді - құрмет тұтады, көшеде, мектепте, асханада, көлікте, қонақта амандасып жүру керек. Кішіні - ізет, қамқоршы болу.

Оқушылар:

Әдептіліктің белгісі - иіліп сәлем бергені.


Әдепті бала - арлы бала, әдепсіз бала - сорлы бала.
Әдепті бала ата - анасын мақтатар, әдепсіз бала ата - анасын қақсатар.


Балалардың  жауаптары:

-Үлкендерді  сыйлау  керек,  айтқан  тілін  алу  керек.

-Үйде  анаңа  көмектес; Кішкене  баланы  жылатуға  болмайды.

-Оқу  құралдарынды  таза, ұқыпты  етіп  ұста. Сабақта  шулама. Құстарды  атуға  болмайды. Тәртіпті  үлгілі  оқушы  болу  керек

-Жақсы,  дұрыс  айтасыңдар. Білер  қазақ  баласы  «Сәлем –сөздің  анасы» дегендей, қалай  амандасамыз?

(Сәлеметсіз бе, Есенсіз бе, Амансыз ба, Сәлем, қалайсың?)



1 - бала:  Жасы  кішілер  үлкендерге  сәлем  береді  

2 –бала:  Егер   бір  нәрсе  сұрағын  келсе «Өтінемін»  деп  айту  керек.

-Дұрыс айтасыңдар.

 - Балалар,  « Алмақтың  да  салмағы  бар»  дейді  халық. Кейде  біз  өте  асығып  жүріп, ізгі  сөздерді  айтуға  үлгермей  қаламыз. Содан  да   достарымыз  ренжіп  кетеді
Мұғалім:
- Әдептілік неден басталады? ( сәлемдесуден)
«Жалғастыр» ойыны

- Үлкендердің алдынан...... (кесіп өтуге болмайды).

- Кішкене баланы................(жылатуға болмайды).

- Құстарды...........................(атуға болмайды).

- Қыз баланы........................(ренжітуге болмайды).

- Сабақтан.............................(кешігуге болмайды.)

- Сыныпта.............................(айғайлауға болмайды).

«Не істеу керек?»

- Үлкен кісіні.......................(сыйлау керек)

- Үлкеннің тілін...................(алу керек..)

- Үлкендерге..........................(сәлем беру керек.)

- Кішілерге..............................(қамқор болу керек.)

- Оқу құралдарын.................. (күтіп ұстау керек.)

- Тәртіпті -----------------(болу керек).

Сұрақтар:


  • Айдос пен Марат сыныпта қатар отырады. Мараттың қаламы үйде қалып қойған. Ал Айдостың алдында екі қалам тұр. Марат үндеместен Айдостың бір қаламың алды да жаза бастады. Мараттың не істегені дұрыс еді? (рұқсат па? Алуға бола ма?).

  • Айнұрдың кітабы қолынан жерге түсіп кетті. Оны көріп тұрған Бекжан жүгіріп келіп кітапты көтеріп, Айнұрдың қолына ұстатты. Айнұр не деп айтуды ұмытты. (рақмет)

  • Қанат жүгіріп келе жатып, партада тұрған Қайраттың кітабын жерге түсірді. Ол үндемей жүгіре жөнелді. Қанаттың орнында болсаңдар, не істер едіңдер? (кешіріңіз).

Ән: «Балдырған».

-Ал ,енді мен сендерге ізгілік, адамгершілік, әдептілік жөнінде сұрақтар қоямын, ал сендер жауап бересіңдер.

-Сыйлап үлкен ағаны

Сәлем, берген баланы,

Кім дейміз?



(Әдепті екен бұл дейміз)

-Кітап, дәптер қаламы,

Кір шалмаған баланы,

Кім дейміз?



(Ұқыпты екен бұл дейміз)

-Таудай биік талабы

Жақсы оқитын баланы

Кім дейміз?



(Үлгілі екен бұл дейміз)

Келесі сұрақ: «Қандай бала?»

-Кітап түбі қырқылған,

Күнделігі жыртылған

Сабаққа да самарқау

Қандай бала бұл тұрған?



(салақ)

-Бұрылатын қызға да

Ұрынатын ұлға да

Төбелеспей жүрмейтін

Қандай бала бұл тұрған?

(бұзық)

-Сабақ айта білмеген,

Шақырмасаң жүрмеген,

Кітап бетін ашпайтын

Баланы сен кім дер ең?

(жалқау)

1-бала: Ерасыл

Кім үлкенді сыйласа,

Кім үлкенді тыңдаса

Үлкен болған кезінде

Сыйлы болмақ өзі де.

2 –бала: Жанесен

Тәртіпті бала сүйеніш,

Төбең бір көкке жетеді.

Тәртіпсіз бала күйініш

Төмендеп басың кетеді

3-бала: Нұрсен

Сыйлап сәлем беремін

Көршілерді көргенде

Ізетпен бас иемін,

Үйге қонақ келгенде

Әдепсіз деп сөкпесін,

Анама айтып өкпесін.

Әлішер'>4- оқушы: Әлішер

Әдептілік дегенің

Әрқашанда керегің

Әсемпаздық дегенің ,

Әуре сарсаң әлегің.

5- оқушы: Жансұлтан

Ұрыншақ бала жанында

Ұрыс пен керіс айқай – шу .

Ұстамды бала маңынан ,

Ұнамды қылық байқайсың .

6- оқушы: Нұрлы

Беті қолды жуамыз.

Кір-қоңдарды қуамыз

Біз ұқыпты боламыз.

Кесте тоқып, сурет салып

Біз шебер де боламыз.



Нұрсен:

Айтқан тілді аламыз.

Үлкендерді сыйлаймыз,

Тентек бала болмаймыз.

Таңда ерте тұрамыз,

Әлішер

Тақпақ жаттап, ән айтып,

Біз өнерпаз боламыз.

Біз осындай боламыз!

Біз бақытты баламыз!
            «Жалғастыр» ойынын   ойнату.

«Не   істеуге  болмайды?»

Мұғалім  бастапқы  сөзін   айтып ,оқушы   ойланып  жалғастыруы  керек.

* Үлкендердің  алдынан кесіп  өтуге  болмайды.

*  Кішкене   баланы   жылатуға  болмайды.

* Құстарды   атуға болмайды .

* Сабақтан  кешігуге  болмайды .

* Сыныпта   айқайлауға  болмайды .

   «Не   істеу  керек ?»

* Үлкен  кісіні сыйлау керек .

* Үлкеннің  тілін алу керек .

* Үлкендерге  сәлем беру  керек.

*Оқу құралдарын  күтіп ұстау керек.



Мұғалімнің сөзі:
- Қымбатты оқушылар!
Бүгінгі тәрбие сағатының үлкен тәрбиелік мәні мен мазмұны бар. Барлықтарың «әдепті бала» қандай болу керек екенін жақсы ұқтыңдар.
Алдағы уақытта тәртіпті де, тәрбиелі ұл - қыз болып, адамгершілік қасиеттерді биік ұстап, мектеп ішінде, үйде, қоғамдық жерлерде өздеріңді де, өзгені де сыйлайды деп сенеміз!

Айтқан тілді аламыз.

Үлкендерді сыйлаймыз,

Тентек бала болмаймыз.

Таңда ерте тұрамыз,

Әлішер


Тақпақ жаттап, ән айтып,

Біз өнерпаз боламыз.

Біз осындай боламыз!

Біз бақытты баламыз!





Каталог: uploads -> doc -> 0c2e
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0c2e -> Тақырыбы: «Наурыз» Құзыреттілікке жеткізетін ұйымдастырылатын оқу іс-әрекет мақсат-міндеттері


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет